Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайына саяхат. 9Б сынып. Умурзакова Л.А., ШГ №17,
[ Скачать с сервера (297.0 Kb) ] 2015-01-09, 7:34 AM
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайына саяхат.
Грамматика: Етістік.
Сыныбы: 9 «Б» сынып

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Елбасының қазақ халқына сіңірген еңбегін оқушыларға таныту, оқушы санасына сіңіру.
2. Дамытушылық:оқушылардың сабақта өз ойларын анық, толық жеткізе білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасауға төселдіру, тақырыпқа байланысты сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: отансүйгіштікке тәрбиелеу, мәдени мұралардың қадір-қасиетін түсінуге, бағалай білуге баулу.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Оқыту формасы: жеке, топтық, ұжымдық
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тұжырымдау, жобалау
Сабақтың көрнекілігі: кітап көрмесі (Елбасының еңбектері),слайд, суреттер
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Кезекшінің мәліметі
3. Сабаққа дайындықтары

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырманы сұрақ-жауап әдісі арқылы тексеру.
1. Абай Құнанбайұлы кім?
2. Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер?
3. Абайдың мұражай үйі туралы не білеміз?/Слайд арқылы балалар сөйлейді./

ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Ой шақыру. Қазіргі өтіп жатқан аямыздың тақырыбы мұражайға арналған.
Балалар, қандай мұражайлар бар?
2. Елімізге, халқымызға қызмет етіп жүрген ірі тұлғалар көп. Соларға арналған мұражайлар да бар.Бүгінгі біздің саяхатқа баратын мәдени ошақтың бірі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы».
Тарихы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы-Қазақстанның жаңарған тарихының мұражайы. Ол Елбасының 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылды. Алғашқы келушілерді мұражай Мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясының ғимаратында 2005 жылдың наурызында қабылдады.
Мұражай экспозицияларында айтылатын негізгі идея республиканың мемлекеттік егемендікке қол жеткізуі мен оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы рөлі болып табылады.
Қазіргі уақытта ҚР Тұңғыш Президент Мұражайының коллекциясында - 116 785 сақтам бірлігі бар, соның ішінде кітапханалық қор - 14 526 дана кітап пен баспа басылымдарынан, мұрағаттық қор – 95 055 сақтам бірлігінен тұрады. Мұражай қорын - 7 204 сақтам бірлігі мен материалдар құрайды. Мұражайда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келушілердің кез келген санатына арналған шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізіліп тұрады.
2.Мұражай экспозициялары егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдеріне арналған, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы әңгімелейді.
«Тәуелсіз Қазақстан» (1985-1991жж.), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Атамекен», «Президенттік институттың қазақстандық моделі», «Қазақстан Республикасы: мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясының айқындалуы», «Қазақстан және әлемдік қоғамдастық», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Н.Ә.Назарбаев еңбегінің қоғамға танылуы», «Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі», «Қарулар коллекциясы», «Қазақстан Республикасы Президентіне тарту етілген сыйлықтар» тақырыптық экспозицияларына мұрағат материалдары, кино- және фотоқұжаттар, кітаптар, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, Мемлекет басшысына берілген наградалардың бірегей коллекциялары, қарулар, Н.Ә.Назарбаевтың жеке бұйымдары мен құжаттары қойылған.

Алаң



Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Резиденциясының алдындағы алаң – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бірнеше жыл бойы Астанаға ресми сапармен келген республиканың жоғары дәрежелі қонақтарын қарсы алған алаң.
Келушілердің назарына ұсынылған алаңға көрік беріп тұрған композиция - ол қазақтардың ұғымындағы әлемдік үлгіні қайталайтын қазақ киіз үйінің шаңырағын бейнелейді. Бұл дүниетанымдық жүйенің өзегі - күмбез астында жерді, адамдарды, бүкіл адамзатты айналысқа түсіретін ұршық дүние қозғалысының бастамасы болып табылады. Бұл ұршық Аспан мен Жердің, өткен мен бүгіннің және болашақтың байланысын білдіреді. Композицияда дүниенің төрт бұрышын байланыстыратын «төртқұлақ» элементінің пайдаланылуы мемлекетіміздің әлемнің әр алуан елдерімен достық қарым-қатынасын аша түседі.

3. Балалар, енді мұражайға саяхат жасайық.
1. Алаң
2. Атриум
3. Рәміздері
4. Атамекен
5. Алтын зал
6. Күміс зал
7. Күмбезді зал

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайымен таныса отырып,біз Елбасымыздың халқына, еліне жасап жатқан ерен еңбектері орасан зор. Қазақстан Республикасын қысқа уақыт ішінде бүкіл әлем таныды десек артық айтқанымыз болмас.
Оған айғақ 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Астанада өткен «Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы» саммитіне төрағалық етуі. Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
30 қаңтарда басталған 7 қысқы Азияда ойындары. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жыл сайын қазақстан халқына арнап өз жолдауын жолдайды.2011 жылы 28 қаңтарда жариялаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында, мемлекет басшысы мерейлі белестегі атқарған істерді қортындылап, болашаққа нақты бағдар жасады. Соның ішінде Білім беруді, денсаулық сақтауды, және тілдерді дамытудың маңызды мемлекеттік бағдарламалары қатарына түбегейлі инновациялық бағдарламалар қосылды. Балалар, біз енді сендермен мәтінмен жұмыс жасаймыз.

1. Мәтінмен жұмыс
Тіл – асыл қазына.
Мемлекет басшысы өсіп-өркендеген, тәуелсіз, азат Қазақстанды құру мақсатына қол жеткізудің сөзсіз жаңа кезеңі болып табылатын, негізгі мәселелердің барлығын қамтыған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын 2011 жылы 28 қаңтарда жариялады. Осы жолдаудың тіл саясаты бағытындағы міндеттері қоғамдағы терең өзгерістерді, бейбітшілік пен келісімнің көптілді және көпконфессиялы қоғамдағы сенім, мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқуға деген шынайы талпыныс пен сол тілмен аталатын жерге деген сыйластық туғызғанын көрсетеді.
Жолдауында Елбасы: « Көп тілді және көп конфессиялық қоғамдағы бейбітшілікпен келісім – бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстандықтар. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды.
Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.
Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес
табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін», - деді.

_____________________________________________________________________________

Өсіп-өркендеген – дамыған
Тәуелсіз – азат, егеменді
Сөзсіз – ешбір шүбәсіз
Талпыныс – талап, ілгері ұмтылу
Еркін меңгеру – толық білу, сөйлеу, түсіну
Ересек – үлкендер
Әрдайым – әрқашан
Дербес табыстылығы – жеке табысқа қол жеткізуі

1. Оқу
2. Сөздік жұмыс. Синоноимдерін табу.
3. Сұрақ-жауап
1) Елбасы Жолдауы жарияланған күн?
2) Биылғы Жолдаудың тақырыбы?
3) Мәтін неге «Тіл- асыл қазына» деп аталады?

4. Мазмұндау
Мәтінді қортындылау /Елбасы елдің мақтанышы. Сондықтан мұражайдың ашылуы өмірмен байланысты Білім туралы, жолдауы туралы/

4.Грамматика. Етістік.

Ережені еске түсіру.
1) Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіреді. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
2) Етістіктің шақтары.

5. Дәптермен жұмыс.
Деңгейлік тапсырманы орындау.

6.Жұптық жұмыс «Мұражайға барғанда....». (Оқушылар диалог құрастырады)

7. Шығармашылық жұмыс. Берілген мақал-мәтелдің мағынасын тақырыппен байланыстырып ашуы керек.
«Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді»

IV. Сабақты қортындылау
Сонымен балалар, біз бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайы туралы әңгімелестік, алған әсерлерің туралы айттыңдар.
Осы мұражайды біз барып көрдік. Сендер, қандай әсер алдыңдар?/Оқушылар алған әсерлерін әңгімелейді/
1) Елбасының өмірі мен еңбек жолының басталуы
2) Сыйлықтары
3) Еңбектері
4) Астананың құрылысы

V. Үйге тапсырма:

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбына шағын шығарма жазу.

VI. Бағалау.

Тест сұрақтары
І нұсқа

1.Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.
А) көзілдірік
В) саудагер
С) Отан
Д) мемлекет
Е) достар

2. Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.
А) и,э,ә,а......
В) ө,о,е,і.......
С) а,о,ұ,ы.....
Д) а,е,ү,у.......
Е) ү,ө,ы,і......

3.Тек бітеу буыннан тұрған сөздерді көрсетіңіз.
А) тіл, кең, сөз
В) қызық, жарық, қалың
С) жаңа, ескі, оқу
Д) өмір, кітап, ұстаз
Е) жарыс, көрме, жалаң

4.Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
А) толымды сөйлем
В) сабақтас құрмалас сөйлем
С) жай сөйлем
Д) аралас құрмалас сөйлем
Е) салалас құрмалас сөйлем

5.Елтаңбаның жоғарғы жағында не бейнеленгенін көрсетіңіз.
А) екі пырақ
В) ту
С) жұлдыз
Д) «Қазақстан» деген жазу
Е) шаңырақ

6.1991 жылы ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақты белгілеңіз.
А) С.Қонақбаев
В) Т.Мұсабаев
С) Ю.Гагарин
Д) Т.Бигельдинов
Е) Т.Әубәкіров

7.Қай сөйлемде жалқы есім бар екенін табыңыз.
А) Жазда ауылда болдық.
В) Арманыңа жет.
С) Әжем жұмысқа кетті.
Д) Армансыз адам болмайды.
Е) Арман мен Сәуле мектепке келді.

8.Есімдіктің түрлерін табыңыз.
А) жанды, жансыз, өмір
В) жіктеу, сілтеу,жалпылау
С) қатаң, ұяң, үнді
Д) түбір, жұрнақ, жалғау
Е) бірлік, ондық, қатыстық

9.Синонимдерді табыңыз.
А) жауапты, қабілетті
В) мәдениетті, өнерлі
С)сабырлы, салмақты
Д) ақылды, мейірімді
Е) қасиет, өнер

10.Қожа Ахмет Йассауи кесенесі орналасқан қаланы белгілеңіз.
А) Алматы
В) Түркістан
С) Отырар
Д) Шымкент
Е) Астана

Тест сұрақтары
ІІ нұсқа

1.Антоним сөздерді көрсетіңіз.
А) жақсы,жаман
В) өте, тым
С) мектеп, қала
Д) оқушы, бала
Е) көктем, жаз

2.Белгілерді көрсетіңіз.
А) і,ы
В) с,ц
С) у,й
Д) х,һ
Е) ь,ъ

3.Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) бесік
В) қала
С) таңғажайып
Д) ғимарат
Е) ұлт

4.Тек үнді дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді көрсетіңіз.
А) шеңбер
В) шәкірт
С) пайда
Д) сенім
Е) әнұран

5.Тиісті жалғауды таңдаңыз.
Дәптер парта..... жатыр.
А) –ның
В) –сыз
С) –мен
Д) –да
Е) –де

5. Септеулік шылау қай септіктен кейін жазылғанын анықтаңыз.
Олар үйге дейін автобуспен барды.
А) атау септіктен кейін
В) шығыс септіктен кейін
С) ілік септіктен кейін
Д) барыс септіктен кейін
Е) көмектес септіктен кейін

6. «Табиғат» тақырыбына сәйкес сөзді табыңыз.
А) бала
В) сабақ
С) оқушы
Д) мектеп
Е) бұтақ

7.Ежелгі Отырар қай облыста екенін табыңыз.
А) Солтүстік Қазақстан
В) Оңтүстік Қазақстан
С) Жамбыл
Д) Қызылорда
Е) Алматы

8.Ауыспалы мағыналы сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ұлттық намысты жоғары ұстайық.
В) Адамгершілік туралы айту.
С) Туды жоғары ұстау.
Д) Әдеби кітаптарды оқу.
Е) Атасы баласын иіскеді.

9. «к»- әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) са...тау
В) сия...ты
С) көрсет...іш
Д) қона....жай
Е) мұ....ият

10.Сөйлемнен туынды зат есімді белгілеңіз.
Мен мектеп кітапханасына жиі барамын.
А) жиі
В) барамын
С) кітапханасына
Д) мен
Е) мектеп

Тіл – асыл қазына.

Мемлекет басшысы өсіп-өркендеген, тәуелсіз, азат Қазақстанды құру мақсатына қол жеткізудің сөзсіз жаңа кезеңі болып табылатын, негізгі мәселелердің барлығын қамтыған мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытын айқындаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауын 2011 жылы 28 қаңтарда жариялады. Осы жолдаудың тіл саясаты бағытындағы міндеттері қоғамдағы терең өзгерістерді, бейбітшілік пен келісімнің көптілді және көпконфессиялы қоғамдағы сенім, мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқуға деген шынайы талпыныс пен сол тілмен аталатын жерге деген сыйластық туғызғанын көрсетеді.
Жолдауында Елбасы: « Көп тілді және көпконфессиялық қоғамдағы бейбітшілікпен келісім – бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстандықтар. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды.
Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.
Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу - әркімнің дербес
табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін», -деді.

_____________________________________________________________________________

Өсіп-өркендеген – дамыған
Тәуелсіз – азат, егеменді
Сөзсіз – ешбір шүбәсіз
Талпыныс – талап, ілгері ұмтылу
Еркін меңгеру – толық білу, сөйлеу, түсіну
Ересек – үлкендер
Әрдайым – әрқашан
Дербес табыстылығы – жеке табысқа қол жеткізуі
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Samal
Просмотров: 3198 | Загрузок: 161 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru