Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ж. Жабаев "Аттандыру" өлеңі
2015-01-10, 11:12 PM
Сабақтың тақырыбы: Ж.Жабаев «Аттандыру» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін
пысықтай отырып, Жамбыл бабамыздың
Алатаудан асқан тұлғалы алып екенін,
ақындық өнердің дүлділі екенін таныта отырып,
шығармашылығына талдау жасау.
Халық ауыз әдебиетінің тұрмыс- салт жырлары бойынша
білімдерін ақын шығармашылығымен
салыстыру.
2. Оқушылардың ойлау,есте сақтау,шығармашылық
қабілеттерін, тіл байлығы мен сөйлеу мәдениетін
дамыту.
3.Жамбыл атамыздың тапқырлығы, данышпандығы.
Өз халқын, жерін дүниежүзіне таныта білген ақын
екенін айта отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке,
елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер,интерактивті тақта, суреттер, таратпа материалдар, плакаттар.
Сабақ типі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақ түрі:жаңа сабақты игерту мақсатындағы саяхат сабақ.
Әдіс – тәсілдер:халықтық педагогика,АКТ,СТО технологиялары,
сұрақ – жауап,әңгімелеу.
Сабақ жоспары:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ Жаңа сабақ
1. «Аталар ауылы»
2. «Әкелер ауылы»
3. «Балалар ауылы»
4. «Немерелер ауылы»
5. «Шөберелер ауылы»
6. «Шөпшек ауылы»
7. «Немене ауылы»
ІІІІ Қорытындылау
1. Үйге тапсырма беру
2. Бағалау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Балалардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Ұтыс билеті» ойыны. Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы билет ұтып алып баға алады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Жеті атасын білген ер –
Жеті жұрттың қамын жер.» - демекші бүгінгі сабағымызда жеті ата ауылына саяхат жасамақпыз. Саяхат жасаудағы мақсатымыз Алатаудан асқан Жамбыл бабамыздың өмір жолымен таныса отырып,шығармаларына талдау жасау.
Бірінші мынадай сұрақ қойғым келіп тұр жеті атаға нежатады.
АТА,ӘКЕ,БАЛА,НЕМЕРЕ, ШӨБЕРЕ, ШӨПШЕК,НЕМЕНЕ.
- Ендеше, жеті ата ауылына саяхатымызды бастайық. Жол болсын, балалар!
- Ең бірінші ауылымыз «Аталар ауылына» келдік.
Екі ғасырды бастан өткеріп, «Қазақ халық поэзиясының алыбы», «ХХІ ғасыр – гомері » атанған ұлы ақын осы күнгі Жамбыл облысының Жамбыл тауының етегінде , ақпан айының қатты боранды күнінде 1846 жылы дүниеге келіпті. Атамызға осы Жамбыл тауының есімімен Жамбыл деп ат қойған екен. 57 – беттегі ақынның «Менің өмірім» атты естелігін оқиық.
- Жамбыл ақын туралы не білдік?
- Ақын өзінің өмірі туралы не айтады?
- Ұстаздары кімдер екен?
- Жамбыл қандай жерлерді аралап шыққан?
- Кіммен айтысады?
-Жақсы, ақын кім екенін қорытындылап мына кластерді топтастырып жіберейік.
- Осы ауылдан алған білімімізді жинақтасақ Жамбылатамыздың алған тәлім – тәрбие кешені мынадай болмақ . ( слаид «тәлім – тәрбие кешені»)
«Зер қадірін – зергер біледі» демекші, бала Жамбылдың талантын мұзбалақ ақын Сүйінбай бірден таниды. Бірде анасы Жамбылдың кекілінен иіскеп отырып: «Нағағшы атамның қобызының қылы етегіме оралып еді. Осы қисығымнан бірдеңе шығады. Мына әкең ақындығыңа қарсы болды ғой. Батасын берсе жарар еді.» дейді.
Әкесі рұқсатын бермейді: «Жоқ, баламның ел кезіп, ақын боп қанғығанын қаламаймын.» дейді.
Сонда Жамбыл : «Шеше, мен Сүйінбайға барып, бата сұрасам қайтеді» дейді.
- Иә, балам әкеңе көрінбей кетіп қал. Жолың болсын, құдай жар болсын.-дейді
Жамбыл Сүйінбайға келеді:
- Өлеңім келді жол шегіп
Осынау елге алыстан
Түн болды, ен дейтін
Табылмай тұр таныс жан.
Ардақты үйдің иесі,
Рұқсат ет кіруге,
Бата бер менің жырыма
Қуат бітіп үніме
Көңілін тапсын елімнің,
Жар бол да, жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп. – дейді
- Хош келдің,бозторғайдай әнші құсым, құшақ жайып қарсы аламын. Келе ғой,қарағым. Көзің отты,түлеп ұшар мұзбалақ болармысың, әлде... сенің өлеңіңде от бар, жырыңа лайық тартуымды ал, қарағым.
Ақындық жолға түскен адам алақанына су толтырып алып, жапан түзде шөлден қаталап өлгелі жатқан сорлыны құтқару үшін ұзақ сапарға аттанған көзсіз ерге ұқсайды. Айналайын, сен осы қиын сапарға шығуға бел буғанда кімнен бата алып едің? – дейді.
- Әкем өлеңді жек көреді, сол үшін талай таяқ та жедім. Ол менің ақын болуыма қарсы, сондықтан маған батасын берген адам тарту – таралғысыз қалары хақ. Сол себепті өз шапаныңызды өз иығыңызға жапсам деп тұрмын. Батаңызды беріңіз маған.
- Ұлым , мұндайда өз үйіңнен бір нәрсе әкелгенің абзал. Бірақ мен мұныңа ренжімеймін. Өйткені сенің әкеңді білем, сен туралы да естігем. Сен маған өзіңнің жырыңды сыйладың бүгін, маған соның өзі де жетіп жатыр. Қолымды жайып, ақ батамды берейін, ұлым. Бірақ есіңде болсын домбыра – садақ та, өлең – жебе. Соны ақылмен пайдалана білгейсің.
- О, Жамбыл, бата дедің – бердім саған
Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман.
Батасын ат орнына берді ғой деп,
Қоймағын былай шығып, кінә маған.
Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,
Тіліңнен балың тамсын сорғалаған,
Жапаға риза болсын айта барғын,
Осымен өкпелемей жүрсін маған. – деп батасын берген .
Бата алып, елді жерді шарлаған ақын үйлі – баранды болады. Келесі ауылымыз «Әкелер ауылы»
- 1941 жылы 22 маусымда неміс фашистері бейбіт өмір сүріп жатқан біздің елге соғыс жариялады. Осы сұрапыл соғыс жылдарында Қазақстанда атқыштар, атты әскер дивизиялары және запастағы бригадалар, дербес батальондар құрылды.
Басқа қазақстандықтармен қоса ақын да өзінің бауыр еті баласы Алғадайды соғысқа аттандырады. Сұрапыл соғысқа деген ашу – ыза кернеген Жамбыл атамыз бірнеше өлеңдер жазған.
-Қандай өлеңдер жазғанын келесі «Балалар ауылынан» білеміз.(слаид)
Бұлардың ішінен танысатынымыз, «Аттандыру» өлеңі. Кітабымыздың 58 – бетін ашайық.(мұғалім оқиды.)
- Немере өз балаңнан да ыстық болады» дейді халық. Келесі «Немерелер ауылына» да келіп жеттік. (слаид)
- Келесі ауылымыз «Шөберелер ауылына» да келіп жеттік.
Жаңа өздерің айтып өткендей,бұл халық ауыз әдебиетіндегі «қоштасу» өлеңімен ұқсас келеді. Өздерің өткен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро – эпостық жырындағы Ай мен Таңсықтың елімен, жерімен қоштасқанын естеріңе түсіріп, екі қоштасу өлеңін салыстырып көрейік.
(слаид)
Екі өлеңді салыстырып Венн диаграммасын толтырып жіберіңдер.
- Жақсы, енді келесі ауылымызға сапар шегейік, «Шөпшек ауылы». Бұл ауылда біз өлеңді құрылысына қарай талдаймыз. Есімізге түсіріп алайық. (слаид)
Атаңнан бата ал,\ балам,
Арғымақ атқа мін\,балам.
Ақ сақалым\ желбіреп,
Артыңнан қарап\ мен қалам.
1шумақ,4тармақты, 2бунақты 7-8 буынды қара өлең ұйқасты өлең.
1- Қатарға төрт тармақ
2- Қатарға төрт тармақ
3- Қатарға төрт тармақ
Келесі «Немене ауылына» жол жүрелік. Сапарларың оң болсын!
Естеріңде болса,сапарға шығар алдында мен сендерге сапарларыңның сәттілігін тілеп отырдым. Мен сендерге өзімнің ішкі ниетімді, лебізімді білдіріп отырдым. Ал біздің ата – бабамыз сапарға шығарда ақ тілектерін білдіріп отырған екен. Алысқа кетпей – ақ өздерің ауылға браып, қайтарда ата, апаларың «Жолың болсын»деп сендерге бата беріп жатады. Сол туралы біраз ой толғап жіберейік
ІІІІ Қорытындылау
1.Үйге тапсырма «Аттандыру» өлеңін жаттау,1-қатар дастарқанға 2-қатар жолға шыққанда , 3-қатар адамға берілетін баталар жинап ,реферат жазу.
2.бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: miko2073 | Теги: Аскарбаева, Меруерт
Просмотров: 2012 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru