Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Разработки уроков
2015-01-11, 3:11 PM
Оңалбекова Айгүл Әлиасқарқызы
Ақмола облысы.Шортанды ауданы.
Шортанды №2 орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Еңбек өтілі: 20 жыл
Білімі: жоғары
Санаты: жоғары

Қазақ әдебиеті пәнінен жүргізген сабақ үлгісі ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев.
Сабақтың мақсаты:Оқушылар М.Мақатаевтың өмірбаяны мен шығармашылық еңбектерімен танысады,ақын өлеңдерінің мағынасын түсіне біледі.Ақынды дарынды тұлға ретінде қабылдау.Оқушылардың өлеңге деген қызығушылықтарын арттыру,ізденпаздық қасиеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.
Құрал-жабдықтар: интерактивтік тақта,компьютер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,орыс әдебиеті

Сабақтың ұраны: « Мұқағали мөлдірліктен ,тазалықтан,биік адамгершіліктен тұратын». ( Л.Әзімжанова)

( 1931 -1976) 1 –слайд
1.Кіріспе бөлімі.
2.Қызығушылығын ояту.

1.Кластер құру. ( интерактивтік тақтада)

« Ғасыр ақыны»
2.Сөйлемді аяқтау. ( Сәби болғым келеді)
3.Мағынаны ажырату.
1.Инсерт стратегиясы ( и.тақта арқылы)
Не білемін? Білгім келеді. Не білдім?

2.Ақынның өмірбаяны ( 2-слайд)
Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») 1963-1965, «Жұлдыз» (1965-1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973) қызмет атқарады.



Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп, мазмұнын байытты. Мұқағали поэзиясы тек өнер үшін туындаған өнер деңгейіндегі ғана құбылыс емес. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы қазақ халқының сезімін байытып, кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.

Мұқағали аударма саласында да өзіндік шеберлік шалымымен толымды еңбектер тындыра алды. Ол Дантенің «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімін, Шекспирдің «Сонеттерін», Уолт Уитменнің өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

Біртуар дара дарын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай бермек.
3.Мұқағалидің өлеңдері мен әндері. (3-слайд)
4.Әнің тыңдау ( компьютер арқылы)
5.Оқушылар дайындаған материалдары бойынша ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы әңгімелейді.
6.Венн диаграммасы ( интерактивті тақтамен жұмыс)

Сергей Есенин Мұқағали Мақатаев
(1895-1925) ( 1931-1976) 4-слайд
7.Ой-толғаныс №Қорытынды 5 жол өлең.
Сабақты қорытындылау.
Мұқағали
Сын есім
Етістік
Сөйлем
Синоним
8. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасы: Эссе дайындау.

Оңалбекова Айгүл Әлиасқарқызы
Ақмола облысы.Шортанды ауданы.
Шортанды №2 орта мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Еңбек өтілі: 20 жыл
Білімі: жоғары
Санаты: жоғары
Қазақ тілінен сабақ үлгісі.

Сабақтың тақырыбы:Шоқан Уәлиханов « Киіз үй» еңбегі.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың Ш.Уәлиханов туралы білімдерін толықтыру.» Киіз үй» атты еңбегіндегі халықтың салт-дәстүрінен көрініс беру.Оқушылардың қазақтың киіз үйі туралы түсініктерінің қалыптасуына ықпал ету.Оқушылардың дүниетанымын ,ойын,тілін дамыту.Қазақ халқының тілін,әдет-ғұрпын қастерлеуге тәрбиелеу.Этномәдени мағлұмат беру. Лексикалық қорын молайту,сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жарыс-ойын сабағы.
Сабақтың әдісі: СТО стратегияларын қолдану.
Сабақтың көрнекілігі:портрет,киіз үйдің сұлбасы,қосымша материалдар.
Техникалық құралдар:Компьютер,интерактивті тақта,видео.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сұхбаттасу.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Көктемде қандай мерекелер бар?
Наурыз мерекесінде алаңда не тұрғызады?
Дұрыс,киіз үй,демек ,бүгінгі біздің сабағымыз « Киіз үй» туралы болмақ.
Мұғалімнің сөзі:- Балалар,бүгінгі біздің сабақ ойын түрінде өтеді.Ол үшін сынып екі топқа бөлінеді.Бірінші топ- « Бәйшешек»,екінші топ-«Қызғалдақ».Әр топ өзінің жетекшісін сайлайды.Қай топ берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріп,көп ұпай жинаса,сол топ жеңімпаз атанады.
Балалар,биыл Ш.Уәлихановқа неше жыл толмақ?
Дұрыс,Ш,Уәлихановқа 175 жыл толады,бұл сабағымыз осы ғалымның мерей тойына арналады.Ойынымызды бастаймыз,барлықтарыңызға сәттілік тілеймін.
1-тапсырма « Шоқан әлемі» .Сандарды сөйлету арқылы мәлімет жинау.( Интерактивті тақта)

Ш.Уәлиханов
10
20
30
40
50
60

«10» -Шоқан Уәлиханов кім?Шоқан қандай тілдерді меңгерген?
«20» -Шоқанның тегі
«30» -Ш.Уәлиханов қай жерде туған?
«40» -Шоқанның шын аты?
«50» -Шоқанның қандай орыс достары болған?
«60» -Шоқанның қандай еңбектері бар?

2-тапсырма « Хронологиялық карта» ( интерактивті тақтада жұмыс)

Жылдар
Болған мағлұматтар
1
1835 жылы
Шоқан Уәлиханов дүниеге келді.
2
1853 жылы
-----------------------------------------------------
3
1856 жылы
-------------------------------------------------------
4
1857 жылы
------------------------------------------------------
5
1861 жылы
--------------------------------------------------------
6
1865 жылы
-----------------------------------------------------
3-тапсырма « Сергіту сәті»,жұмбақ шешу.
Жасырайын бір жұмбақ,
Бұрышы жоқ бар жұмбақ.
Осы адам тұрағы
Айдалада тұрады.(Киіз үй)
4-тапсырма « Киіз үй» туралы .Сандарды сөйлету.
Киіз үй 1 0 20 30 40 50 60

«10» -Киіз үйдің сүйектерін ата.
«20» -Киіз үйдің киіздерін ата.
«30»- Кереге дегеніміз не?
«40» -Уық дегеніміз не?
«50» -Шаңырақ дегеніміз не?
«60» Сықырлауық дегеніміз не?
5-тапсырма. «Киіз үйді тігу» .Суретті сөйлету

6-тапсырма. «Киіз үйдің іші» Суретті сөйлету.


7-тапсырма. «Киіз үйдің жасауы» Атауларын атаңыз.Әңгімелеу.
8-тапсырма. « Лексикалық жұмыс»
1.Берілген сөздердің антонимін жазыңыз.
Тігу-
Оңай-
Алдымен-
Бар-
Сәулетті-
Ұзын-
Жабады-
Жылы-
2.Берілген сөздердің синонимін жазыңыз.
Ғалым-
Азамат-
Дүниеге келу-
Дүниеден кету-
Тіршілік –Мағлұмат-
3.Берілген сөздердің омонимдерін жазу.
Жасау-
Сайман-
Асу-
9-тапсырма. « Грамматикалық қоржын» ( қоржын ішінен тапсырма алу).
1. « Шаңырақ» сөзіне фонетикалық талдау жасау.
2. « Киіз үй» сөзін септеу
3. «Қазақ ауылына көптеген саяхатшылар келіп түстенеді.»
Синтаксистік талдау.
4. « Ғалым» сөзін тәуелдеу.
10-тапсырма. «Киіз үй туралы қанатты сөздер мен баталар»
11-тапсырма. Венн диаграммасы.


Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы: « Киіз үй» туралы шығарма жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айгуль6
Просмотров: 808 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru