Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Мұқағали-мәңгілік ғұмыр.
[ · Скачать удаленно () ] 2015-01-13, 3:29 PM
Ғалия Искакова «Георгиевка орта мектебі»КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасына насихаттау,ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.
Тәрбиелік мәні:Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға,оқушыларды шығармашылыққа ,өлеңді тыңдай ,түсіне білуге,әндерін сүйспеншілікпен орындауға тәрбиелеу.

Кіріспе сөз. Мұқағали... Бүгінде бұл есім әркімнің көңілінде күллі қазақ даласының образын оятып, оның ұланғайыр кеңдігін, көкмұнар таулары мен жан баспаған жапандағы қара орманының, түпсіз терең тұңғиық көлдерінің көрінісін көз алдыңа әкеледі. Ол -туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті, Жаратушы иесі тумысынан бөлекше дарынымен даралаған ақиық ақын. Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке, жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынашқа толы Мұқағали жырларына үңілген әркімнің жансарайы кеңіп сала беретіні анық.

Өзімнің есебімше...

Өзімнің есебімде,
Мен биыл дәл қырықтың бесеуінде.
Кім біледі..
Ендігі қалған өмір,
Неше жылға жетерін,
Неше күнге
Ұмыт болып есебің де, өсегің де,
Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,
Қырықтың бесеуінде.

Адал едім,
Артынан «арам» болдым,
Адам едім,
Ақыры «надан»болдым,
Жиылып бұл жалғанның жамандығы,
Ақыры маған қонды.
Жаман болды...
Айтыңдар,
Қайсысың бар ардақтаған?
Тарызыға тең қойып, салмақтаған.
Басылған маңдайыма қарғыс таңба,
Қарауға жан батпаған.
Жапалақ емеспін мен жалбақтаған,
Қыранмын екі көзін қан қаптаған!

М.Мақатаевтың жан сырын бүкпесіз жайып салған күнделігін парақтай отырып,оның нәзік жүректі ұлы ақын ғана емес, тағдырынан теперіш көрген,жаны жалғызілікті қарапайым пенде екенін сезінесің.
«Қаласа да қаламаса да жұрт мені ақын ретінде түсінеді, ал адам ретінде кім түсіне қояр дейсің?»
-деп күрсінеді. Күнделік терінде, кейбір өлең-жырларында мұңға бой алдырған сыңай танытқанымен ,бәрбір М. Мақатаевтың атар таңға , жарық күнге деген ынтазарлығы, сенімі басым. Сол себепті ол:
Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен бәрбір өзіңменен бір болам,
Өзегіне тепсең –дағы ұлыңды...-деп еліне наз айтады.Сонымен бірге:
...Не істемекпін алтын,гауһар,
жақұтты,
Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,
Мен бақытсыз бола қойман сірә да,
Туған елім болса екен бақытты.
Дәнеңе де сыйламасын келер күн.
Сый көрмей-ақ суалармын,сөнермін.
Туған елім тұғырында тұрса екен,
Әрі қарай көрермін...-деп келешекке үмітпен көз тігеді.

1-жүргізуші.Құрметті қонақтар,ұстаздар және оқушылар.Бүгінгі ән-жыр кешіміз ақын,поэзияның хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналмақ. Мұқағали-сөз құдіретінің мән-мағынасын терең түсініп,сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеген ақын.
Иә, бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М. Мақатаев ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырып кетті.
Сіздер мен біздер осынау кеште өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп,Мұқағали әлеміндегі өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шекпек ниетте бас қосып отырмыз.
Бүгінгі таңда ,егер ақын ортамызда жүрсе ,ақынның өзі айтқандай, «өмірді жырлап», бізге өлең өлкесінде тағы бір жаңа қырынан таңылары анық еді.
Енді ақынның туған күніне арналған «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»атты ән-жыр кешін бастауға рұқсат етіңіздер!
«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім ,
Қырға шығып ырысқа кенелмеспін.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!»-деп ақынның өзі жырлағандай, өмірден өзі кетсе де өлеңі өшпей, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.Оларды толқи ,тебірене оқи отырып, өмір шындығы, уақыт тынысы, жүрек ырғағы, сезім сырлары қабаттаса өрілген өлең жолдарындағы ақындық рухқа бас ием

1-жүргізуші: Армысыздар ,қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарұырай, қркедей қсіп, айшықтала түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты халық.

2-жүргізуші: Ия, Мұқағали-ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Ақиық ақынның шығармашылығына арналған "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты әдеби- сазды кешімізді бастаймыз.
2-жүргізуші: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені, сезесің бе, неге іздедім,
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,-деп өзі жырлаған тәңіртаудың биік шоқтығындай болған Мұқағали аға!
1-жүргізуші: Иә, ақын мұңы бізге жетті. Оның тілегін орындау-біздің парызымыз. Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда шамасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның қмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Олай болса, қыран тағдырлы ақын Мұқағали ақынның өмір жолынан дерек тыңдап көрейік.
/Интерактивті тақтадан Мұқағали мақатаевтың өмір жолы баяндалады.
2-жүргізуші: Осы орайда ақынның "Менің анкетам" атты өлеңіне көрініс айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймыз.
/" Менің анкетам" өлеңі бойынша шағын көрініс көрсетіледі. Дәрігер және Мұқағали/
1-жүргізуші: Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме?
2-жүргізуші. Ақ ұлпа жерді жапқанда,
Ағаш сырға таққанда.
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың,-деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.
Ән: "Есіңе мені алғайсың"
1-жүргізуші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтейді.
2-жүргізуші: Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан тамызбаймын,-деп өзі жырлағандай, кезекті ақын өлеңдеріне берейік.
/Ақын өлеңдерінен құралған әдеби монтаж/
/"Туған жерге", "Отан","Үш бақытым",

1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиевтің ақынның ауылы Қарасазға Мұқағали мен бірге демалуға барады. Екеуі жайлау төрінде отырады, Неге мына жасыл жайлау туралы ән шырқамасқа. Нағыз Саржайлау дегеніміз мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе?-деп таңқалған. Содан ағамыз лезде «Саржайлауға» арнап, егілдіріп, тқгілдіріп, құлпыртып өлең жазды. Сөйтіп «Саржайлау»әні өміге келді.
Ән: «Саржайлау»/Хор/
2-жүргізуші: Кір жуып, кіндік қаны тамған туған жері, ғажайып өлкесі туралы толғанысы ерекше болатын. Қарасазға деген ақын махаббатын сөзбен жеткізу мүмкін емес еді.
/ «Қарасаз» өлеңі оқылады/ Баденов Ержан.
1-жүргізуші. Ән салып бер,
Әніңмен ан сал маған.
Жаңғырып жасыл тау жөнесін бір
Жатсын ұлып жапанда дел-сал далам.
Ән: «Күрең күз» орындайтын: Нұрлан Ербол, Өмірзақов Өміржан.

2-жүргізуші: Мұқағали-адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
... Махаббат бүгін және қарамады,
Қарамады..
Жанымды жаралады.
Шәміл-ау,
Білесің бе?
Шын махаббат-
Осылай қарамаудан жаралады! Иә, нәзік жанды ақынның жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады.
«Мен ғашықпын»орындайтын :Камизинов Роллан.
«Мен сені сағынғанда» орындайтын. Раханов Ермек.
«Сағындым ғой дедің-сен»орындайтын:Мукатаева Динара.
«Мен сені сағынғанда» Заманбекова Еркежан.

/ «Махаббат диалогы»,орындайтындар: Хасенов Берикбол, Шарипова Меруерт.

1-жүргізуші: Ән сал жаным,
Әніңмен тербет мені.
Бір сәтке
Тынсын тірлік жер көктегі-деп ақын жырлағандай кезекті әнге берейік.
Ән: «Мен деп ойла» орындайтын: Шарипова Меруерт.

2-жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы-оның поэмалары. Ең асылы, ең биігі- «Аққулар ұйықтағанда». Бұл поэма 1973 жылы «Жалын » жинағында жарияланды. Енді поэмаға кезек берейік.
Орындайтын: Аимханова Мергүл.
«Райымбек» поэмасыныа үзінді, орындайтын: Елдар

1-жүргізуші: Ана-өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару-асыл жырлау, ер-азаман тағдырының иегерлері, тәрбиешісі. Ал, бала ата-анасының өмірінің жалғасы. Оларға деген махаббат сүйіспеншілік сезімі-жырдың алтын арқауы.

Ән: «Өмір сүрейік алмасып» орындайтын: Жиленко Ира.
Ән: «Сен көріктісің»
2-жүргізуші:Ақынды ақын оятпаса, болмайды,
Ақын таяқтаса, ол қайғы.
Ақынға ақын басынан-ақ жуықты,
Барлық ақын бір анадан туыпты. Мұқағали туралы Шәмшінің естелігінен. «Мұқағали екеуміз мұңдас едік.Армандас едік».
-Шәмші сен бақыттысың. Сенің әндерің жұртшылыққа тарап кетті. Сен өлсең де, халқың сені ұмытпайды,-дейтін ол.
-Мен емес, қайта сен бақыттсың.
-Неге?
-Ақын-еркін құс.Ойындағасын бүкпелмей айта алады. Айтылған сөз-атылған оқпен тең, қайтып орнына келмейді, қорамсағында неше оғы болса, қалаған кезінде атып жібереді. Ақынның ақындығы осында,-деп Шәмші ағамыз сағына еске алады екен.
1-жүргізуші:
Бір жыл ішінде туып, ән-жыр көгінде қатар жарқыраған қос жұлдыз бірінен –бірі сәт ажырасса сағынытын, алыстап кеткен сәттерінде бірін-бірі іздеумен өтті, бірін-бірі аңсаумен болды.
(«Шәмілге жазған хаттардан» өлеңі оқылады) орындайтын : Ақантаев Мұстафа.
"Тоқта ботам" Нұрлан Ербол
Мұғалім: Өз халқының күйініші мен сүйінішін жырына арқау еткен ақын үшін бүгінгі таңда шартарапты шарлап кетуде. Оның есімі, оның жыры бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы- мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.
Олай болса, жас ұрпақтың "Мұқағали" есіміне арнаған лебізіне берейік.
М- Мұқағалидың
Ұ- ұрпаққа
Қ-қалдырған
А-аманатын
Ғ-ғасырлар
А-арнасына
Л-лайық деп
И-иіліп, бас иеміз.- барлығы бірге.
Ән: орындайтын:хор
"Наурыз"
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Меткуль
Просмотров: 1818 | Загрузок: 209 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 7:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru