Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақтың ұлттық бас киімдері мен аяқ киімдері.
[ Скачать с сервера (16.8 Kb) ] 2015-01-14, 12:47 PM
С.Қ.О. Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайыржанова Бибігүл Хакімқызы. 7 сынып Сабақтың тақырыбы : Қазақтың ұлттық бас киімдері мен аяқ киімдері.
Сабақтың мақсаттары : Білімділік: оқушыларға қазақ халқының ұлттық бас киімдері мен аяқ киімдері туралы, олардың түрлері және пайдалану ерекшеліктері туралы түсінік беру; Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бас киімі мен аяқ киімдері тарихын зерттеуге қызығушылығын, ойын, қиялын дамыту. Алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге, өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: қазақ халқының тарихына, рухани мәдени ескерткіштеріне, ұлттық киімдеріне, салт - дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын арттыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, ұлттық киім үлгілері, слайд - суреттер, тапсырмалар;
Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау - түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Психологиялық тренинг Топқа бөлу. Сабақтың мақсатын жеткізіп, жоспарымен таныстыру. Бағалау парақшалары үлестіріледі. ІІ.Үй жұмысын тексеру Презентацияны қорғау.
Топ басшылары «Ұлттық ер бас киімі», «Ұлттық әйел бас киімі», «Ұлттық аяқ киімі» тақырыптарындағы дайындаған мәліметтерін слайд арқылы айтып шығады.
І топ. Бас киім. Бөрік Тымақ Тақия Мұрақ
ІІ топ.Әйел киім Сәукеле Бөрік Тақия Жаулық Кимешек
ІІІ топ. Аяқ киім Мәсі Кебіс Әйелдер етігі Ерлер етігі

ІІІ Негізгі бөлімі: Топтық жұмыс 3 топ өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындайды.
Ерлердің бас киімдері: тақия, бөрік, тымақ, мұрақ, қалпақ. Оларды мал терілерінен, аң терілерінен тігеді әрі маталармен тыстайды.
Әйел бас киімдері: кимешек, жаулық, сәукеле, тақия,бөрік, шәлі т. б. Бұлар көбінесе жеңіл матадан, аң терілерінен тігіледі.
Бөрік - қазақтың ұлттық бас киімі. Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Оны ерлер де, қыздар да киеді.
Тақия - жеңіл бас киімі.Ерлер киетін тақияда теңге,моншақ болмайды. Қыздар бас киімдері үкілі, моншақты. Сәукелені қалындықтар киген. Сәукеленің биіктігі 25-50 см болады. Оны алтын, күміс, асыл тастармен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді. Кимешек — қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Әйелдің аяқ киімдері биік өкшелі,сүйір тұмсықты, жеңіл және ою салынған.Саптама етік - қонышы ұзын, түзу болып тігілетін аяқ киім.Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.
Топтық жұмыс
I топ. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

II топ. Мәтінді оқып, «Ерлердің бас киімі – Әйелдердің бас киімі» Венн диаграмма жасаңдар.

III топ. Сөзжұмбақты шешіңдер
Сергіту сәті
Деңгейлік тапсырмалар
III деңгей. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді аяқтау.
Ерлер... бас киімдерін мал терілері..., аң терілері... тігеді әрі маталар... ...... Әйел... бас киімдері жеңіл мата..., аң терілері... .... Сәукеле... қалындықтар ....
II деңгей.Бөрік сөзін тәуелдеу. Бес жолды өлең жазу.

I деңгей. «Ұлттық киім дүкенінде» сұхбат құру.
«Егер мен тігінші болсам , ....» эссе жазу.
«Қазіргі уақыт және ұлттық киім» Интервью алу
1. «Ұлттық киімді қазір киюге бола ма?»
2. Қазіргі уақытта ұлттық киім киіп жүруге қалай қарайсың?
3. Ұлттық киім тек үлкен адамдарға ғана үйлесе ме?
4. Өзің қазіргі заманға лайықталған киім үлгілерін киер ме едің?
5. Ұлттық киімімізді тек мерекеде киіп шығу дұрыс па?

Рефлексия. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Бағалау.Оқушылар бағалау парақшаларын толтырады.
Үй жұмысы 3 – жаттығу 116 бет;
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Хаиржанова
Просмотров: 2573 | Загрузок: 38 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 10:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru