Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Эрудиттер сайысы
2015-01-15, 10:21 AM
Эрудиттер сайысы.

Мақсаты: Мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген қүрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.

Жүргізуші:

Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,-

демекші Тіл - өте маңызды құрал.Тіл болмаса ,адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді.Өткен тарихымыз,халқымыздың әдет- ғұрпытары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі өте бай ,әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-дың мемкеттік тілі қазақ тілі.Мемлекеттік тілді меңгеру-ҚР-ның азаматының парызы.

Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдыңызға «Эрудиттер сайысы» атты интелектуалдық шоудың қатысушыларың шақырамыз.
(Топтар өздерің таныстырады да, өз топтың атын айтады.)
Әділқазылармен танысу.....

Жүргізуші:

-Эрудит деп аталу құқығын жеңіп алу үшін қатысушылар 5 кезеңнен тұратын сайыстан өтуі қажет.2 топ оқушы қатысады.

Әр топтың аты болуы керек. Қай топ бірінші жауап береді, сол топқа 1 ұпай қосылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

(Тақтаға 5 жұлдыз ілінеді, іші жағынан кезеңнің аты жазылып, сыртқы жағында сан жазылады. Әр кезеңді (жұлдызды) топтар кезекпен өздері таңдап алады. Мысалы)

1-кезең.

Жүргізуші: «Құрастыру» сайысы.

«Қазақстандықтар » сөзі беріледі.Осы сөзге кіретін әріптерден қазақша жаңа сөздер құрастыру қажет.Сөздердің саны сәйкес келген жағдайда жеңімпаз, құрастырылған сөздердің саны арқылы анықталады.

Музыка 3 минут ойнайды.

2-кезең

Жүргізуші: «Мақал –мәтел» сайысы.
Бұл турда ойыншылар кезекпен мақал-мәтел айтып жарысады. Кім-кім тоқтап қалса, келесі ойыншыға кезек келеді.Кім қанша мақал айтса, сонша ұпай алады.Әр жауап үшін 1 ұпайдан беріледі. Мақалдар қайталанбау керек. Мақалдың аудармасын айтса, тағы 1 ұпай қосылады.

3-кезең

Жүргізуші: «Өзара сөйлесу» сайысы.

Осы турда топтарға таңдауға 4 тақырып беріледі. Әр топ берілген тақырып бойынша, диалог құрастырып, өзара сөйлесуі керек.
Тақырыптар: «Мектепте», «Дүкенде», «Қонақта», «Аялдамада».

4 кезең

Жүргізуші: «Грамматикалық тапсырма» сайысы.

Бұл турда бірнеше сөз бен сөз туркестері ұсынады. Сол сөздер мен сөз тіркестерін қатысушылар: жіктейді, тәуелдейді және септейді. Жалғауларын дұрыс белгілеу.

Жіктеу Тәуелдеу Септеу

1 топқа: ойыншы әдемі ойыншық Тәуелсіз Қазақстан

2 топқа: жеңімпаз қызықты шығарма Қазақстанның Туы

5 кезең

Жүргізуші: «Сен маған- Мен саған» сайысы.

Бұл сайыста екі топ бір-біріне қазақ тілі пәнінен ереже бойынша 5 сұрақ қояды. Ережелердің мағынасы толық болуға тиіс. Мысалы: қай сөз табы, қандай сұрақтарға жауап береді, қандай анықтамалары бар, сөйлемде қандай тұрлаусыз сөйлем болады.

Қорытынды

Жүргізуші:

«Бес жолды өлең жазу» және «Сиқырлы сандық» - релаксация.

Бүгінгі сайыстың қорытындысында екі топ бір-бірі туралы және де, әділқазылар туралы бес жолды өлең жазады, оқып орысшаға аударады. Мысалы:

Әділқазылар.

Екі етістік.

Үш сын есім.

Сөйлем.

Синоним.

-Енді әр топқа «Сиқырлы сандық» беріледі. Сандықты ашу үшін топтағы әр адам қарсы топқа тілек тілейді, содан соң Сандық ашылады. Сандықтың ішінде барлық қатысушыларға кішкентай сыйлық жатыр.

Жүргізуші:

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші, бүгінгі сайысымыз да аяқталып келеді. Сіздер бүгін эрудиттеріміздің білімді екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз берейік.

Марапаттау.

Жеңімпаз топтың әр қатысушыға «Қазақ тілі Эрудиті» марапаттау қағазы беріледі.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: САМ9390
Просмотров: 1422 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru