Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ: Астана - болашақтың қаласы. 8 сынып
2015-01-24, 12:33 PM
Сабақтың тақырыбы: Астана – Болашақтың қаласы.

Сабақтың мақсаты: Елордасы туралы мәлімет беру, бас қаланың маңыздылығын көрсету.
Міндеттері:
1. Білімділік: тақырып бойынша білімдерін жинақтап, жаңа мәлімет алу, оқушылардың сөздік қорын байыту, білім сапасын арттыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу, жазу дағдыларын дамыту. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім сапасын арттырып, дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың отаншылдық сезімдерін тәрбиелей отырып, өз отанын, мемлекетін, елордасын сүюге, құрметтеуге шақыру.

Әдістеме: сөз одақ, бес жол өлең, Венн диаграммасы, эссе.
Көрнекіліктер: слайдтар, сызбалар, суреттер, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
I.Қызығушылықты ояту

Өз Астанам – өз Ордам
Жаса, жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Асқақтай бер, Астанам,
Берекеге бастақан
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
(Н. Айтұлы)

- Балалар, бұл өлең қай қалымызға арналған?
- Астана қаласына – елордасына арналған.
- Ойларыңа қандай ассоциациялар келеді? (тақтаға бір оқушы жазады)

Сөз одағын сабақ аяғында толықтырамыз.

II. Мағынаны ажырату.

Мәтінмен жұмыс
1. Сөздік жұмысы.
2. Оқу, мазмұнын айту.
3. Сұрақтарға жауап беру.
4. Астана слайдтарын көрсету.
5. Бес жол өлең.

1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университеті, Жастар сарайы, министрліктердің үйлері, көп қабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, әйгілі қала болмақ. Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы.

Бес жол өлең құрастырайық.
1. Астана
2. әдемі, дамыған
3. құрылады, дамиды, ұлғаяды
4. Астана – мәдениет пен бизнес орталығы
5. Елорда

III. Ой толғаныс.
Балалар, біздің елімізде Астана – солтүстік астанамыз болып саналады, ал оңтүстік астанамыз қай қала? (Алматы)

- Балалар, екі астанамызды салыстырып көреміз. Венн диаграммасын толтырамыз (оқушыларға Венн диаграммасы сызбасын таратамын).

Оқушылар өз Венн диаграммаларын оқиды (2-3 оқушы).

Енді бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып, Астанамыз туралы эссе жазайық.
(Менің сүйікті Астанам!)

1-2 оқушы оқиды.

- Балалар, сонымен, біздің сабағымыз аяқталды.
- Бүгінгі сабақта біз Астана туралы не білдік?
- Сендер осындай Астана бар болғанына мақтан етесіңдер ме?
- Жазда Астанаға барамыз ба?

IV. Бағалау.

Үйге тапсырма:» Сүйікті Астанам» атты эссе жазу
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айка0259
Просмотров: 1456 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 10:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru