Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ОТКРЫТЫЙ УРОК ПО КАЗАХСКОМУ ЯЗЫКУ "Шешендік өнер"
[ Скачать с сервера (403.1 Kb) ] 2015-01-27, 1:07 PM
Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың шешендік өнер туралы білімдерін толықтыру, сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету.
2.Балалардың ой-өрісін кеңейту , өз ойларын еркін, дұрыс жеткізуге баулу, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын жетілдіру
3.Шешендік өнер , шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу
Ресурстар: Слайдтар, карточкалар, бейнефильмдер, оқулықтар, жұмыс дәптерлері
Сабақ түрі- жаңа білім беру
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер:СТО, ИКТ, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
А)Сәлемдесу
Ә)Балаларды жаңа сабаққа бейімдеу
2.Үй тапсырмасын тексеру
А)«Жуан және жіңішке сұрақтар» арқылы балалардың білімдерін жаңғырту
-Тілдер мерекесі 22 қыркүйек күні тойлана ма?
-ҚР Тіл туралы заңы қашан қабылданды?
-Қазақ тіліне қандай мәртебе берілді?
-Мемлекеттік тілді меңгеру әрбір азаматтың парызы ма?
-Әлемдік деңгейде қолданылатын тілдерді атай аласыңдар ма?
-Қазақ тілі сондай дәрежеге жетуі мүмкін бе?
-Ол үшін не істеу керек?
Ә)Семантикалық кестені ауызша толтырыңдар
Сөйлем жай салалас сабақтас
Үшеуі үйге кірген соң, шам жағылды.
Айдала.Күзгі күн
Қар әлі борап тұр.
Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер.
Әкені шеше жеңді де,бала Сарыбайдың үйіне барды.
Егер Ыстықкөлге барсаң, менімен хабарлас.

Жиналыстан кейін үйіне жетуге асықты
Ой қозғау
Өнер салалары үлгілерінің суреттерін көрсету



-Мына суреттерге қараңдар
-Суреттерді біріктіретін қандай сөз?
-Өнер салаларын атаңдар
-Бүкіл өнер атаулыларынан адамдар қандай өнерді жоғары қояды?
-Айтқандарыңа дәлел болатын мысал келтіріңдер
-Сөз өнерін жетік меңгерген, аз сөзге көп мағына сыйғыза білген адамдарды қазақтар қалай атайды?
-Ал, сөз өнерін біз басқаша қалай атай аламыз?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-шешендік өнер. Бүгінгі сабақта осы тақырып бойынша білгенімізді жаңғыртып, білмегендерімізді толықтырып , өз ойларымызды жеткізуге тырысамыз.Сабақтың эпиграфаны назар аударыңдар:
Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешкім мұғалім.
Ж.Баласағұн
Осы сұраққа жауап іздеп, қазақ халқының асыл мұраларының бірі-шешендік өнер-кез келген ғылыммен , іліммен терезесі тең дүние екеніне бүгінгі сабақта көз жеткізуге тырысамыз.
Мағынаны тану
1.Сөздік жұмысы
2.Мәтінмен жұмыс:
«Түртіп алу » стратегиясын қолдану
«V»-білемін
«-»-мен үшін түсініксіз
«+»-мен үшін жаңалық
«?»-мені таңғалдырды
«жаңалық »деген мәліметті дәптерлеріне жазып алу.
-Сонымен осы мәтінге сүйене отырып шешендер,шешендік өнер туралы қандай ой түюге болады?(Олар халықты ерлікке, елдікке, бірлікке шақырып, маңызды қорытындылар жасап отырған)
-Осы ойды әрі қарай дамыту мақсатында бірнеше бейнефильмдерді көруге ұсынамын.
Оқушылардың назарларына «Өткеннен қалған өнеге» фильмдердің топтамасынан «Ұрлық»және «Қарғыстың жаманы»атты бейнефильмдер ұсынылады.

1-топ.
-Бөлтірік шешеннің сөзін қалай түсінуге болады?
-Қазіргі кезде бұл сөздер өзектілігін жоғалтты ма?
-Бөлтіріктің сөзінің мәнін ашатын мақал-мәтел білесіңдер ме?
2-топ
-Әңгімедегі Абылай кім?
-Абылай жасаған түйін дұрыс па?
-Жауаптарыңды дәлелдеңдер
Бұдан қандай өнеге алуға болады?
4.Грамматикалық тапсырмалар
Берілген мәтіндерден 1 құрмалас, 1 жай сөйлем теріп жазып, синтаксистік талдау жасаңдар
1-топ
Бір ұры Бөлтірікке : «Іргелес ауылдың малын ұрлаудай-ақ ұрлап едім,бірақ иелері із қуалап келіп, бәрін айдап әкетті»,-деп сырын ашыпты.
«Сенде әлі де талай-талай нәрсе қалған екен»,-дейді оны тыңдап болған Бөлтірік.
Ұры ақтала сөйлеп: «Түк те қалған жоқ»,-дейді.Сонда Бөлтірік : «Ұры-қары деген екі ат қалыпты»,-деп жауап беріпті.
2-топ
Абылай қалмақтың қарғысшысынан қарғыстың жаманы қандай деп сұрағанда ,ол, бірінші : «Шөбің жапырылмасын»,-депті. «Мені кедей бол дегенің ғой, бұл қарғыс емес.Халқым бай болса,бір менің кедейшілігім кемшілік емес»,-депті Абылай.Екінші : «Күлің шашылмасын»,-депті. «Бұ да қарғыс емес,балаң болмасын дегенің ғой. Өзім жақсы болсам , халықтың бәрі де менің балам»,-депті.Үшінші : «Өзің білме, білгеннің тілін алма»,-депті. «Міне, жаман қарғыс осы»,-депті Абылай.
Ой толғаныс
«Кез келген адам шешен бола бере ме?» тақырыпты эссе жазу
Тірек сөздер
«Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас», шешендік өнер-күрделі өнер.Ең алдымен,шешен болып қалыптасуына , өзіндік тұжырым жасау,көркем сөзбен жеткізген адам,адамның жеке басындағы қабілет, қанмен берілетін,табиғи дарын болу керек
«Талаптыға нұр жауар »,алдына мақсат қойып, соған жету үшін еңбектенсе ,талаптанса, кез келген адам шешен бола алады,көп оқып, көп оқыған адам, талабы жоқ адам –қанаты жоқ құс, тынымсыз еңбек
Эпиграфқа оралу:
-Шешендік сөздрден қандай тәлім-тәрбие ала аламыз?
-Бұл өнердің қазіргі кезде қажеттілігі бар ма?
-Шешендік сөздерді мәңгілік жасайтын рухани мұра деп айтуға бола ма?
-Әрине, кез келген адам шешен бола бермейді , бірақ әрқайсысымыз аталарымыздан мирас болып қалған тілімізді , дінімізді, дәстүрлерімізді, өнерімізді сақтап, келесі ұрпаққа тапсыру міндеттіміз
Рефлексия
-Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып , тақтаға жапсырады.
Бағалау
Үй жұмысы
4,5 –тапсырма, 50-бет ,жаңа сөздерді жаттау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: AZIZA
Просмотров: 947 | Загрузок: 30 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru