Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сын есім. Астана
[ Скачать с сервера (470.6 Kb) ] 2015-02-01, 8:22 PM
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз табынан зат есім тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау, зат есімнің жалғауларын қайталау, турлі тапсырмалар арқылы білімдері мен біліктерін толықтыру. Сын eciм туралы түciнiк беру, баска сөз таптарынан ажырата білу, сын есімнің өзіне тән ерекшелітері мен сұрақтарын меңгеру, Астана мәтінімен танысып, жаңа сөздерді меңгеру.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, туған жерінe, еліне деген сүйіспеншілігін білдіруге, еліміздің мемлекеттік тілін, рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту, мәтіндер арқылы сын eciм туралы оқушылардың өздepiнe ой қорытындысын жасату, сұрақ-жауап, әңгіме, монолог арқылы өз ойын, түсінгенін айта білу, ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын молайтып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сұрақтар арқылы белсенділігін арттырып, өздігінен білім алуға баулу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ, білім тексеру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, баяндау, оқу, тыңдау.

Сабақтың көрнекілігі:
«Менің Астанам» - модульді электронды оқулығы, слайд материалдары, «Астана - XXI ғасыр қаласы» - слайд шоу, буклет, үлестірмелі карточкалар.

Сабактын барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, топты сабаққа бейімдеу, қазақ тілінің әнұранын айту. Оқушылармен ауызекі сөйлесу:
1. Бүгін сабақта кім кезекші?
2. Бүгін сабақта кім жоқ?
3. Бүгін нешесі?
4. Бүгін аптаның қай күні?
5. Қазір қандай жыл мезгілі?
6. Қыс жыл мезгілінің айларын кім атайды?
7 Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

ІІ. Білімді тексеру кезеңі:
Студенттер екі топқа бөлінеді. Әр топ өзінін атын, ұранын айтады Өткен тақырып «Зат есім» сөз табы бойынша. Әр топқа жеке-жеке сұрақтар және тапсымалар беріледі.

1 слайд
Зат eciм деген қандай сөз табы?
Зат eciмнін жалғауларын атаңдар?


2 слайд
Зат есімнің көптік жалғауларын атаңыздар


3 слайд
Жіктік жалғау туралы кім айтады?
Жекеше Көпше
(единственное число) (множественное число)

4 Слайд
Ал тәуелдік жалғау туралы не деуге болады?
Дауыстыдан кейін (после гласных) Дауыссыздан кейін (после согласных)


5 Слайд
Септік жалғаулар қандай қызмет атқарады?

Септік жалғау (Падежное окончание)
Атау (И) кім?
Ілік (Р) кімнің? ненің? - ның /- нің, - дың / - дің, - тың / - тің
Барыс (Д) кімге? неге? -ға /- ге, - қа / - ке
Табыс (В) кімді? нені? - ны /- ні, - ды /- дi, - ты / - тi
Жатыс (Местный) кімде? неде? - да / - де, - та/ - те
Шығыс (Исходный) кімнен? неден? қайдан? қашан? -дан / -ден, -тан /-тен
Көмектес (Т) кіммен? немен? қалай? -мен, -бен, -пен

Үлгі: адам, адамның, адамға, адамды, адамда, адамнан, адаммен.

6 слайд
Қандай зат есім тудырушы жұрнақтар білесіңдер?
Жұрнақ (суфиксы) Туынды зат есімдер (производные существительные)
- шы/ - ші жазу-шы (писатель), етік-ші (сапожник),балық-щы (рыбак)
-қар/- кер,
-гар/- гер заң-гер (юрист), іс-кер (бизнесмен), дәрі-гер (врач)
-лық/- лік,
-дық/- дік,
-тық/- тік оқу-лық (учебник), дос-тық (дружба), батыр-лық (геройство)
-лас/- лес,
-дас/- дес,
-тас/- тес жер-лес (земляк), курс-тас (однокурсник), ат-тас (тезка)
-қыш/- ғыш,
-кіш/- гіш тап-қыш (находчивый человек), ұш-қыш (летчик)
өшір-гіш (резина)
- хана ас-хана (столовая), дәрі-хана (аптека)
- ым/- ім өн-ім (продукция), біл-ім (знание)
-па/- пе,
-ба/- бе
-ма/- ме кес-пе (лапша), ескерт-пе (памятка)
- ыс/- іс тіг-іс (шов), өндір-іс (производство)
- қы/- кі күл-кі (смех), түрт-кі (толчок)
- ың/- ін тіг-ін (шитье), ег-ін (посев)
- паз білім-паз (знаток), өнер-паз (искусник)
Слайд материалдары көрсетіледі.
Мұғалім: Ал енді әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі.
1 тапсырма 1 минутта әр топ зат есімдерді тақтаға жазады (әр топтан 1 адамнан шығады)

8 слайд
1 топ 2 топ
Түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін қосып, туынды түбір жаса, сөйлем құр.
Бала, ойын, кен, жазу, тап.
Керекті жұрнақтар: - шы, - қыр, - лық, - шық, - ші. Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз. Сөйлемдер құр.
...... - кезекші ........ - іскер
...... - сыйлық ........ - сөздік
....... - көлшік ........ - достық
Сөйлемдерді аударып септік жалғауларын табыңдар.
1. Мама в магазине купила 2 кг риса.
2. Вчера мы ходили в лес на прогулку.
3. Сания сделала вкусный салат.
4. Меруерт помогла сестренке сделать домашнее задание.
5. Аксакалы дали нам свое благословение.
6. Асқар и Әсет ездили в Астану на соревнование.
7. Летом я отдыхала у дедушки с бабушкой.
Сегодня Алина получила пять. Сөздерден сөйлемдер құрып септік жалғаулрын табыңдар.
Отырмын, бірінші, мен, қатарда.
Дүкенге, кірді, жұмыстан кейін, Гүлнар.
Бесінші, Азаматтың отбасы, тұрады, қабатта.
Маған, әперді, күрте, анам, әдемі.
Сабаққа, дайындалды, Арман.
Оқыдық, біз, хандар туралы, сабақта.
Абайдың өлеңін жаттады, Әсия.
Көп қырыққабат, біз, жинадық, бақшамызда.

9 слайд
Жұмбақтар
1 топ 2 топ
Бірінші жұмбақтың шешімін тәуелде Бірінші жұмбақтың шешімін жікте
Қыста қызып денесі,
Бүлкілдейді өңеші.
Демалады содан соң,
Күзге дейін келесі.

Аралап қалың орманды,
Қалайды сұлу болғанды. Ақ сақалды атамнан,
Барлық бала бата алған.
Жаңа жылда келеді,
Сағындырып сапардан.

Құйсаң шығар гүл өсіп,
Қатады қыста сіресіп.

III. Мақсат қою кезeнi: - Өткен сабақта зат есім сөз табын өттік, зат есімнің заттың атын білдіретінін біліп, дәлелдедік. Енді сол кез келген заттын түpi, түci, дәмі, көлемі, сыны, сипаты болады екен.
Мысалы, даладан кіргенде «Күн суық екен» дейміз, кәмпит жегенде, «Тәтті екен» дейміз. Сонымен жаңа сабағымыздың тақырыбы – Сын eciм.

10 слайд
Заттың сындық қасиеттеpi.

ҚАНДАЙ?
ҚАЙ?

С
Ы
Н

Е
С
І
М

ЗАТТЫҢ
СЫНЫН
БІЛДІРЕДІ
түсі
(цвет) көлемі,
мөлшері, ауданы
(объем, величина, размер) мінез-құлқы, сапасы,
сипаты
(характер, свойство, качество) дәмі
(вкус) тұлғасы
(форма) түсі
(цвет)
ақ,
сұр,
қара, қоңыр қең,
қысқа,
ұзын,
үлкен мықты, жуас, тентек, сұлу, жалқау, қатты тәтті, ащы, қышқыл, тұщы, тұзды түзу,
қисық, домалақ, сопақ, томпақ ақ,
сұр,
қара, қоңыр
ДАРА - НЕГІЗГІ ыстық, терен, сыры
- ТУЫНДЫ таулы, қыздай, күзгі
КҮРДЕЛІ - ҚОС СӨЗ қап-қара, биік-биік
- ТІРКЕС СӨЗ көк ала, кең иықты
САПАЛЫҚ
Түбір күйінде заттың сынын білдіреді көк, жуан, жіңішке

ҚАТЫСТЫҚ
Басқа сөз табына жұрнақ жалғану арқылы шаңды, күшті, күзгі

ІV. Жаңа тақырыпты түciндіру кезеңі:
Сын eciм - сөз табы қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Заттардың, құбылыстардың әртүрлі белгілерін, сынын білдіреді. Сын eciм сөйлемде зат есімнің алдында тұрып, анықтауыш болады. Қазақ тілінде сын есім жекеше, көпше турінде болмайды, септелмейді.

Заттың сындық қасиеттері:
1. Түс (цвет): көк ала ат (серо-пегий конь), көк ту (голубое знамя), күрең ат (лошадь темно-рыжей масти), сұр көйлек (серое платье), қара-көк (темно- синий), ашық сары (оранжевый).
2. Көлемі ауданы, мөлшері (объем, величину, размер): биік ғимараттар (высокие здания), ұзын көше (длинная улица), үлкен қала (большой город)
3. Сапасы, мінез-құлқы, қасиеті, сипаты (характер, свойство, качество): арық мал (худой скот), қатты зат (твердый предмет), еңбекқор адам (трудолюбивый человек)
4. Дәмі (вкус) : тәтті балмүздақ (сладкое мороженое), ащы бұрыш (горький перец), дәмсіз тағам (невкусная пища), тұзды салма (соленая лапша)
5. Тұлғасы (форма): түзу жол (ровная дорога), дөңгелек шар (круглый шар)

Сын eciм мағынасына қарай: сапалық, қатыстық болады.
Сапалык сын ecім (качественные прилагательные) Tүбip күйінде заттың сынын сапасын білдіреді: қызыл алма, жақсы жігіт, сұлу қыз.
Қатыстық сын eciм (относительные прилагательные) Tүбірге жұрнақ жалғану арқылы заттың сапасын білдіреді қысқы пальто, таулы жер, жазғы кеш.
Сын eciм тұлғасына қарай негізгі, туынды болады.

11 слайд
Сын есім тудырушы жұрнақтар
Сын eciм құрамына қарай дара күрделі болады.
а) - ты/- ті, - ды/- ді, - лы/- лі
тау, тас, су, жаңбыр, қар, жел, боран, тоғай, ай, жұлдыз, сәт, бақыт, қарағай, ақыл, білім, бедел, өнеге.
ә) - қы/- кі, - ғы/- гі
түс, қыс, жаз, кеш, таңертен, көктем, күз, түн, сырт, соң, іш, бүгін, кеше, ертең;
б) – дай/- дей, - тай/- тей
ана, бал, әке, күн, қар, су, тау, сым, ай;
в) – сыз/- сіз
су, күн, жел, бұлт, тәртіп, ұят, дәм, бақыт, сәт, жай, ақыл, тәрбие.
г) – лық/- лік, - тық/- тік, - дық/- дік
қала, аудан, ауыл, ұлт, республика, жер, жүзі, қоғам.

Сын есімнің үш шырайы бар:
1. жай шырай (положительная степень): ақ қар, терең көл, ыстық шай
2. салыстырмалы шырай (сравнительная степень): -ырақ / -ірек (дауыссыздан), -рақ / -рек (дауыстыдан) - тереңipeк, үлкенірек, арзанырақ, тәттірек, қымбаттырақ. – лау / -леу, -дау / -деу, -тау / -теу - ыстықтау, биіктеу, аласалау, дәмділеу
3. күшейтпелі шырай (превосходная степень): қап-қара, ұп-ұзын, жап-жаман, сұп-суық, өте биік, тым ащы, ең әдемі.

12 слайд
Зат есімнің шырайлары
ШЫРАЙ – бір сынды әр түрлі дәрежеде көрсету арқылы заттардың бір-бірінен не артық, не кем екендігін білдіретін сапалық көрсеткіш
ЖАЙ
түбір күйінде келеді
Қызыл алма САЛЫСТЫРМАЛЫ
Жай шырайға
-ырақ / - ірек (дауыссыздан)
- рақ / - рек (дауыстыдан)
-лау / - леу
-дау / - деу
-тау / - теу
Жұрнақтарды жалғағанда заттардың сыны бір-бірімен салыстырыла көрсетіледі
Қызылдау алма КҮШЕЙТПЕЛІ
1 күшейтпелі буын арқылы жасалады

Қып – қызыл алма

2 күшейтпелі сөздер арқылы жасалады

Тым қызыл алма

13 слайд
Мен Отанның азаматымын.
Менің Отаным – Қазақстан. Әр адам өз Отанының азаматы болуы тиіс. Отанның азаматы - бұл Отанды сүю, Отанның тарихын білу, ата-бабалардың мұрасың сақтауы тиіс.
Қазақстан - көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазастан мемлекетінің рәміздері: елтаңба, әнұран, ту. Рәміздер бірлікті, еркіндікті білдіреді. Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақстанда 126 астам ұлт өкілдері тұрады. Олар бір-бірімен тату тұрады. Қазақстанның бас қаласы - Астана. Біз Қазақстанның болашағымыз.

Мұғалім: қазір алдымыздағы мәтінмен оқып, аударып танысайық. Әр сөйлемге сұрақ қоямыз. Танымайтын сөздерді жазып алайық. Ал еңді сұраққа кім жауап береді? Біздің Қазақстан тағы қандай мемлекет? Осы сын есімдерді сөздікке жазып алыңдар.
14 слайд


Балалар біздің Қазақстанның бас қаласы қандай қала?
15 слайд
Астана
Қазақ Республикасының ең алғашқы астанасы Орынбор (1920 - 1925), одан кейін Қызылорда (1925 – 1929), 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қалалары болды.
1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласы Астана қаласы болып аталды. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасынан ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы батпақ, қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, министерліктердің үйлері, көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Парламент үйінің алдында Толе би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Аспанға атылған ақ барыс мүсіні Қазақстанның 21 ғасырдағы бақытты болашағын білдіріп тұр.
Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа Астананың сұлүлығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.
Астананың болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлү, әйгілі қала болмақ. Астана – Қазақстан Ресубликасының саяси, әкімшілік, экономиялық, мәдени орталығы, бас қала. Астана – Қазақстанның жүрегі.

17 слайд
Сын есімдерді пайдаланып сұхбат құру
1 топ 2 топ
“Дүкенде” “Базарда”
қымбат - дорогой
арзан - дешевый
жасыл - зеленый
тәтті - сладкий
жаңа піскен – свежий
қызыл – красный
тұзды - соленный әдемі - красивый
қысқа - короткий
ұзын - длинный
сұр - серый
жылтыр - блестящий
жылы - теплый
жүнді - шерстяной

19 слайд
Сын есімдер арқылы өздеріңнің тобынан бір оқушының келбетін сипаттау. Бұл тапсырма топ капитандарына беріледі.
1 топ 2 топ
Беделді – авторитетный
Мейірімсіз - безжалостный
Жауапсыз - безответственный
Ұстамды - выдержанный
Көңілді - веселый
Ұзын бойлы - высокого роста
Ақмақ - глупый
Екі жүзді - двуликий
Адал - честный
Мейірімдді - добрый Парасатты - порядочный
Аласа - низкий
Орта бойлы - среднего роста
Кеңпейіл - широкая натура
Арықша - худощавый
Жауапты - ответственный
Білімді - образованный
Сенгіш - доверчивый
Еңбекқор - трудолюбивый
Ашушаң - вспыльчивый

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:
1. «Астана» мәтінін мазмұндау.
2. Өлен жаттау
3. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Астана туралы сөздерін аудару (20 слайд):
“...Ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік ландшафты бар, бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, өзгені сыйлап, өзінің жаңа астанасы мен өз елін шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және көп дінді халқы бар әсем де мейірлі елордамыз – Астана!”. Н.Ә. Назарбаев
4. Сын есім туралы түсінік беру, ереже жаттау.
5. Салыстырмалы шыраймен күшейтпелі шыраймен үш сөйлемден құру.

V. Сабақты қорыту, бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айсулу1827
Просмотров: 1620 | Загрузок: 27 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 6:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru