Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Баяндаманың тақырыбы : Қазақ тілі сабағында сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланудың тиімді
[ Скачать с сервера (68.9 Kb) ] 2015-02-05, 9:16 AM
С.Қ.О. Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қайыржанова Бибігүл Хакімқызы
Баяндаманың тақырыбы : Қазақ тілі сабағында сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланудың тиімділігі.

Қазіргі кезде әрбір жаңашыл мұғалім үшін сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегиялары құнды әрі бағалы. Өзімнің сабақтарымда диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ерекше назар аударамын. Сыни тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар балалардың түсінігін, көзқарасын дамыта түсіп, ойлауды дамытады және жан дуниесін өзгертеді.
Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Бұл модульдің ерекшелігі – барлық сынып оқушыларының бірдей дамуына жағдай жасап, баланың ізденісін, қызығушылығын дамытады және балалардың арасындағы қарым-қатынасында жүйелілік пайда болады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарында оқушылар арасында бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойын ашық айтуға, пікір алмасуға, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, сыйлауға, ынтымақты қарым-катынастың негізі қаланады. Дәстүрлі сабақпен салыстыра алсақ, сыни тұрғыдан ойлау кезінде білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының алдына мақсат қойып, білімді игеруге жол көрсетеді. Сын тұрғысынан ойлауда оқушы болжайды, талқылайды, пікірін дәлелдейді, ойлауды дамытады, мақсатқа жетеді.
Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде.
Біз баламалы мүмкіндіктер заңдылығына және адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі білім жиынтықтары мен ойлау нормаларын үйрету арасындағы шиеленіскен қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек.
Қолданылуы мүмкін әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме» немесе «дәйектеу» және «диалогтік оқыту» мен «қолдау» көрсетілген. Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің бес үлгісін анықтады:
• механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
• декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру);
• нұсқаулық/мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
• талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
• диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (Александер, 2001, 2008). [1. 51 б]
Дәстүрлі сабақпен салыстырса болсақ,сыни тұрғыдан ойлау кезінде білім дайын күйінде беріле салмау керек. Алған білімдерін бір-біріне айтып, жаңа тақырыпты оқушылар өзідігінен игереді. Әрине, оқушылардың білу және де ойлау қасиеттері бірдей емес, осыған орай сабақ үстінде тақырыпқа сай шығармашылық тапсырмалар және жаңа тақырыпты игерген кезде балалардың білім деңгейін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру керек. Менің сабақ барысында байқағаным, тапсырма күрделенген сайын балалардың қызығушылығы арта түсті, себебі тапсырма жеңілден қиынға қарай өскен сайын оқушылардың сөйлеу, ойлау қарқыны өсе түсті. Мерсер сипаттағандай, оқушылардың берілген тапсырманы талқылауы зерттеушілік әңгіме туғызып, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады. Мерсердің бұл тұжырымымен мен толығымен келісемін.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерін мен сабағымның әр кезеңінде қолданамын. Сын тұрғасынан ойлау әдістерінің әр қайсысының өзіндік мәні бар. Джиксо әдісі арқылы оқушылар өздері оқып, бір-біріне түсіндіріп, арасынан көшбасшы шығып,басқа топтарға барып түсіндірді.Одан кейін оқушылар диалог әдісін пайдаланып,бір-біріне сұрақтар қойып,жауап берді.Әр топ өз ой түйгендерін ватманға салып, қорғады. Оқушыдардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегияларының бірі – INSERT әдісі. Ресурста берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаналықтармен таныса отырып, өзіне дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды. (V – «білемін», «–» мен үшін түсініксіз, «+» – «мен үшін жаңа ақпарат», «?» – «мені таңғалдырады».) Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып, талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады. Әр топтан дарынды балалар суырылып шығып, топ атынан басқа топқа барып, таныстырып шығады. Мен бұл сабақта дараланған оқушыларды өз топтарындағы басқа достарына көмектестіре отырып, сабақтың мақсатына жетуді көздедім. Нәтижесінде балалардың бір-біріне деген ықыласы артып, достығы нығая түсті. Сабақтарымда балалардың біраз да болса, оқуға деген ептілігін таныта бастады. Ал келесі, менің балаларыма үлкен қызмет ететін, әрі қызықтыратын – «Ой толғаныс» кезеңі. Мұнда әр оқушы өз білімін көрсетуге, қаншалықты меңгергенін дәлелдеуге тырысады. Өзгенің пікірін тыңдау мен өзіңді тыңдату, сыни тұрғыдан талқылау, ой бөлісу сияқты пайдалы қажеттіліктерді үйренеді. Балалар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алды. Осы тапсырма кезінде балалардың, барлығы да өзінің пікірін айтуға тырысады. Менінше, мұндай стратегиялар оқушы білімінің тиянақты болуына септігін тигізеді. Бұл стратегияларды мен топпен де, жұппен де, жеке балаға беруіме өте пайдалы. Мен үшін сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамытқан дұрыс. Бұл әдістердің қай-кайсысы болмасын оқушыларды белсенді шығармашылықты ойлауға, өзін-өзі басқаруға және пікірін дәлелдеуге үйретеді.
Тәжірибе өту барысында түсінгенім – оқыту үрдісіне жаңа әдістерді енгізу арқыла сабақтарымыз мәнді және қызықты болады. Сыныптағы оқушылар арасында ынтымақтастық, мәдениеттілік нығая түседі.Сабақ барысында үй жұмысын тексерген соң, балалардың өздері сабақтың тақырыбын ашуына байланысты тапсырмалар беріп отырдым. Слайдтар, ресурстар, суреттерді пайдалана отырып, шағын шығарма, эссе, жазу әңгімелер құрастыру оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамитынын байқадым және олардың әрқайсынан әртүрлі идеялар шыға бастады. Сабақтар кезінде кездескен кедергілер де бар. Олар: жұптық әңгіме өткізген кезде оқушылар өз ойын толық жеткізе алмады және уақыт үнемделмей қалды. Сол қиындықтардан өту үшін уақыт регламентін жоспарлау және көмек ретінде көмекші құралдар мен нұсқаулықтар беру керек. Сабақ барысында кездескен кедергілерді қалай жою керектігін балалардың өздерімен пікірлесу арқылы сұрадым.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:
• білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны;
• қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек.
Сонымен «Сыни тұрғыдан ойлау» модулі бойынша мынадай жетістіктерге жеттім:оқушылар өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренді; өзгенің пікірімен санасуға үйренді; өз пікірін қорғай, дәлелдей алады; топпен жұмыс істеуге, өз бетімен дайындалуға үйренді
Курста үйренген әдіс-тәсілдерді қолданып, алған білімімді тиімді пайдаланып, әр сабағымды түрлендіріп, оқушылар қызығушылықты арттыру үшін әліде көп шығармашылықты, ізденісті жетілдіргім келеді. Сыни тұрғыдан ойлау әдісін сабақта пайдалану жақсы жетістіктерге жеткізеді деген ойдамын. Мен өз іс-тәжірибемде байқағанымдай оқушылардың пәнге деген, оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында келешекте осы әдісті көбірек қолдансам деген ниеттемін. Өйткені оқушылардың ойлау деңгейі әртүрлілігіне байланысты, әрқайсынан әртүрлі идеялар шығады. Олар идеяларға күмәнмен қарай отырып, ақпараттың дұрыс немесе бұрыс екендігіне қол жеткізеді.пікір алмасады, өз пікірін дәлелдей алады. Қарама-қарсы айтылған пікірлерді сыни тұрғыдан ойлай отырып, шеше алады. Дұрыс және нанымды жауаптарды қайтаруды үйренеді. Дәстүрлі оқытуда біз көбінесе оқушылардың ойларын тыңдай бермейміз. Олардың қалай ойлайтыны бізді ойлантқан емес. Ал, осы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда біз олардың пікірлерін тыңдап, өзгелердің де пікірін тыңдай білуіне жағдай жасаймыз . Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін өте аз мөлшерде пайдаланамыз, ендігі ойым келешекте осы әдісті қолға алу. Әр сабағымда пайдаланамын деген ойдамын. Сыни тұрғыдан ойлау баланың оқуға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, кез келген нәрсені бақылап, талдай алатын, озық ойлы, білімді, өзін-өзі реттей алатын тұлғаны тәрбиелеуде көп көмегін тигізеді. Мен оған сенімдімін, өйткені өткізген іс-тәжірибемнің арқасында осыны байқадым.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Хаиржанова
Просмотров: 2309 | Загрузок: 102 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru