Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Урок по профессиональному казахскому языку
[ Скачать с сервера (526.5 Kb) ] 2015-02-05, 1:33 PM
«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары. Өтініш, жеке арыз.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға құжат түрлерін дұрыс, сауатты толтыруды үйрету.
Білімділік: Оқушыларға ресми іс қағаздар стилі, оның ішінде жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның тілдік , құрылымдық ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, өмірбаян мен өтініш, арыз құрылымдары туралы, қоғамдағы алатын орны туралы мәлімет беру;
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой – өрісін дамыту, жаңа сөздік қорды игерту , ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілеттерін жетілдіру;
Тәрбиелік: құжат үлгілерін толтыруда ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу, оқушыларды сыйластыққа, бір – бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі: құжат үлгілері, үлестірмелі қағаздар
Тех. құрал-жабдық: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: іс жүргізу, қазақ тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең:
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
IV.Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Жаңа сабақты бекітіп қрытындылау.
VI. Үйге тапсырма беру
VІІ. Оқушылардың білімін бағалау.
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең:
• Оқушылармен амандасу;
• Келмеген оқушыларды белгілеу;
• Оқушылар зейінін өтілетін тақырыпқа аударту.
Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеймін. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеремін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сөздер, слайдтар арқылы “Миға шабуыл» стратегиясы.
ІІІ. Жаңа білімді игеру.
1. Білу
Жеке адамның өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның тілдік
құрылымдық ерекшеліктері
Ісқағаздар, оның түрлері.
2. Түсіну
Слайдтар / видео/ арқылы жаңа материалды түсіндіру.
Жеке адамның өміріне қатысты іс қағаздарының түрлері, оның тілдік, құрылымдық ерекшеліктері.
Іс қағаздары дегеніміз - жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым - қатынас құралы.
Іс - қағаздарының түрлері: арыз, түсінікхат, бұйрық, хаттама, анықтама, өмірбаян, өтініш, қолхат, мінездеме, келісім шарт, ұсыныс, сенімхат, куәлік.
5) Деректеме — құжаттың түпнұсқалығын білдіретін белгілер. Барлық мемлекеттік құжаттардың қағазында болады. Сол жеке құжаттардың ішінде біз сіздермен бүгін «Өтініш және жеке арызбен» танысамыз.
Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.
Заявление – документ, содержащий просьбу или предложение лица (лиц), адресованный должностному лицу или организации. Составляется в произвольной форме с соблюдением основных правил делопроизводства.
Өтініш, жазылу стилі.
- Құжат адресациясы ;
- Құжаттың аты;
- Мәтін;
- өтініш жазылған күні, айы, жылы.
- Өтініш иесінің қолы, аты-жөні.(үлгі көрсетіледі)



Заявление должно иметь следующие реквизиты: название вида документа, дату, адрес (кому), текст, подпись.
Грамматикалық минимум
Барыс септік:
-ға/-ге, -қа/-ке.
Шығыс септік:
-дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен.
Жіктеу есімдіктері:
мен, сен, сіз, ол.
Жіктік жалғау:
-мын/-мін, -бын/-бін, -пын/-пін.
Коммуникативтік минимум
Қарату формалары (формы обращения):
Директор, ханым, мырза, төраға, төрайым.
Етістік минимумы:
өтінемін /сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, босату, ауысу, пайдалану, бөлу.

Тұрақты клише үлгілері:
басқа жұмысқа ауысуыма байланысты; отбасы жағдайыма байланысты; кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс, материалдық көмек.
Өтініштің түрлері:
1)Жұмысқа қабылдау туралы;
2)Жұмыстан босату туралы;
3)Басқа қызметке ауысу;
4)Демалыс алу туралы;
Ш.Құдайбердиев атындағы
Семей мемлекеттік
университетінің
ректоры проф. А.С.Қаппаровқа
филология факультетінің 2-курс
студенті А.М. Оспановадан

Өтініш
Мені денсаулығыма байланысты филология факультетінің күндізгі оқу бөлімінен сырттай оқу бөліміне ауыстыруыңызды өтінемін.

27.06.2013 ж. қолы
Жаңа сөздермен жұмыс: сөздерді талдау :
Өтініш, өтінемін, сұраймын, Сізден, жұмысқа

Арыз, оның түрлері, арыз құрылымы туралы.
Арыз құрылымы:
1) Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
2) Құжат аты;
3) Негізгі мәтін;
4) Қосымша болса оған сілтеме;
5) Жазылу мерзімі;
6) Қолы;
7) арыз мазмұнымен келісушілер қолы.
Көкшетау қаласындағы
Сүт зауытының директоры
А.Н.Нұрышовқа
Көкшетау қаласының
СЭС меңгерушісі
Ж.Е.Ержаннан
Арыз
Сізге арыз жазу себебім, зауыттағы санитарлық жағдайдың нашарлығы. Соның нәтижесінде шығарылған өнім сапасының төмендігі. Айтылғандарды ескеріп, шара қолдануыңызды сұраймын.

27.06.2013 ж. қолы

ІV. Тапсырма: Жағдаяттар бойынша өтініш жазыңыздар

1 қатар.
Материалдық көмек сұрау туралы.
2 қатар.
Отбасы жағдайыңызға байланысты ақысыз демалыс сұрау туралы

а) Үш күн сабақтан босатуын сұрап,колледж директорына өтініш жазыңыздар.
б) Бір мекеме басшысына өзіңізді жұмысқа алуын сұрап өтініш жазыңыз.
в) Басқа топқа ауыстыруды сұрап, колледж директорының атына өтініш жазыңыз.
Сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, өтініш мәтінін жазыңыз.
1. Өтінемін, өз еркіммен, мені, босатуыңызды, қызметінен, бастап, лаборант, 2009 жылдың 5 ақпанынан.
2. 12 наурызынан, осы жылдың, бастап, пайдалануға, сұраймын, рұқсат етуіңізді, кезекті еңбек демалысымды, маған.
3. Қабылдауыңызды, мені, осы жылғы, сұраймын, мал фельдшері, жетекші маман, 15 сәуірден, қызметіне, бастап, ретінде.
Сұраймын, 2009 жылғы, 1 мамырға дейін, менің, ұзартуыңызды, мерзімін, еңбек келісімімнің.


«Полиглот» ойыны.
Берілген ресми іс қағаздар стиліне тән сөздерді үш тілде интербелсенді тақтаға жазу.
Берілген сөздер: Орыс тілі ағылшын тілі
Арыз --------------заявление -----------statement
Куәлік ------------удостоверение -----certificate
Анықтама ------справка---------------- reference
Түсінікхат -------объяснительное письмо ---------explanation letter
Сенімхат ---------довереность power --------of attorney
Мінездеме------ характеристика -------------сharacteristic
Хаттама ----------протокол ----------------------protocol

4) Өтінішті оқып, қателерді табыңыз.

Алматы қаласындағы № 135 қазақ орта
мектебінің директорына А.Асылбеков
ағайға
Физика пәнінің мұғалімі
Қадырова Самалға
Өтініш
Мені 2004 жылғы 12 наурыздан бастап өз еркіммен физика пәнінің оқытушысы қызметінен босатуыңызды сұраймын.

Қолы 12.03.2004 ж.


Ү. Жаңа сабақты қорытындылау: Бекіту сұрақтары:
• Өтініштің/арыздың/ құрылымын атаңыздар?
• Өтініш/арыз/ бойынша не шығарылады?
• Өтініштің/арыздың/ түрлерін атаңыз?
6.Салыстырмалы қолдану. Венн диаграммасын құру.
Арыз бен өтініштің ерекшелігі.
VІ. Үйге тапсырма:
Академиялық демалыс алу туралы өтініш жазып келу.
VIІ.Рефлексиялық - бағалау кезеңі: Білім алушыларды белсенділігі мен тапқырлығы және де сұрақтарға жауап берулеріне қарай бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ramazanova_sandy
Просмотров: 2159 | Загрузок: 66 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 12:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru