Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Олимпиада по казахскому языку
2015-02-05, 1:37 PM
ТӘРБИЕ БАСЫ – ТІЛ

Тіл – тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Тіл - екі адамның, халық пен халықтың қатынас құралы. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті.Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қалатын, келер ұрпағымыз үшін тәрбиенің қайнар көзі болатын баға жетпес мұра.
Тілді үйренген кезде адамның дүниетанымы кеңейеді, басқа тілді оқып, үйрену арқылы өзге халықтың мәдениетін, салт – дәстүрін біледі. Тілді үйренуші сол ортада өзін еркін сезіне алатын дәрежеге жетеді. Тіл – тұнып тұрған мәдениет, мөлдіреген рухани бастау. Елімізде тұрып жатқан көп ұлтты халқымыз, өз тілімен қатар мемлекеттік тілді де меңгеріп жатыр. Ана тілдің Қазақстан Мемлекетіндегі рөлі туралы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемлекеттік тілін одан әрі дамытуға күш – жігерін жұмсауымыз керек »- деген сөзі айғақ. Қең байтақ Қазақстанда тұратын халықтарды біріктіруші күш қазақ тілін бүгінгі таңда балабақшадан бастап, қызмет орындарында да үйретіп келеміз. Қазіргі заманың қоғамдық - әлеуметтік басты мәселелерінің бірі – басқа ұлт өкілдерінің Мемлекекеттік тілде сөйлей білуі. Мемлекетіміз тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында тұрған шақта бізге, қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне, жауапты іс - келешек ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету ісі тапсырылып отыр.
Бүгінгі күні қазақ тілінің өзінің мемлекеттік биік мәртебесіне лайық деңгейде қызмет атқару қажеттілігі – заман талабынан туындап отыр. Елбасы осы жолда өз үлгісін тек өз елімізде ғана емес, шет елдерде болып жүрген сапарларында да тіліміздің мәртебесін асырып жүр. Оның дәлелі Елбасымыз Бұлғар елінде болған сапарында тұңғыш рет халықаралық ресми сөзін де Мемлекеттік тілде сөйлеген болатын. Ешкім бұған таң қалған да, тосырқаған да жоқ, Бұлғарлар болса, бұны қалыптасқан дәстүрдей көрсе, біз болсақ, сүйіндік, қай елде болса Қазақ тілі ресми жағдайда осылай қолданылса дестік. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі осылай арта берсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Оқушыларды қазақстандық патриотизмге, туып өскен елін құрметтеуге баулитын патриоттық тәрбие беру бағытында мемлекеттік тілде мерекелік кештер, сахналық қойылымдар, түрлі тақырыптағы пікірталастар, оқушылар арасында өткізілетін жоба қорғау сайыстары мемлекеттік тілде өткізіліп тұрады. Осы сияқты тағылымы мол кештер арқылы өскелең ұрпақ санасын жасампаздыққа жігерлендіріп, бейбітшілік сүйгіштік, түрлі халықтардың тарихи мәдениетін түсініп, қабылдау жағдайларындағы ұлттық келісім сезімдерін қалыптастырады. Осы мақсатта колледж ішінде көптеген шаралар да өткізілуде. Атап айтқанда: «Тіл байлығы – ел байлығы», «Өзге тілдің бәрін біл...», «Қазақстан – тірегіміз, Астана – жүрегіміз!», «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Мамандығым – мақтанышым!», «Тіл – достық тірегі», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», т.б. шаралар мен сайыстар, оқушылар арасында өткен: «Экономика – байлық көзі», «Мемлекеттік тілге үйретуде сапалы жүйенің жаңа түрлерінің қызметі» тақырыбындағы жобалар, пікірталастар, конференциялар, оқушылардың білім деңгейін жетілдіру, қазақ халқының тарихына, тіліне сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, құрметтеуге тәрбиелеуге көп үлесін тигізіп келеді. Оқушыларымыз, оқытушыларымыз қала, облыс, республика көлемінде өткізіліп жатқан түрлі шараларға қатысып, осы шаралардың жүлдегерлері аталып жүр.
Тіл – адамның рухани айнасы. Қандай да болсын мемлекеттің – ұлттық тілі бай болса, оның рухани дүниесі де соғұрлым жоғары болмақ. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Халықтың рухани кәусар бұлағы – көркем сөздің қуатты күші арқылы оқушыларды үлгілі, өнегелі қасиеттерге тәрбиелеу ісі де колледжде жүргізіліп жатыр. Соның мысалы ретінде «Шабыт» үйірмесін айтуға болады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамытуда жас ақындармен жұмыс жүргізіліп отырылады. Ұлттық байлықты адамзат ұрпағының адам тәрбиелеу, білім беру ісіндегі озық үлгілерімен, тұғырлы ұстанымдарымен тығыз байланыстыра отырып дамыту жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, осы арқылы өз - өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өз жолын өзі таңдауға түрткі болу – бүгінгі таңның басты мәселесі.
Мемлекеттік тілді оқыту тек сабақ барсында ғана емес, сонымен қатар Мемлекеттік тіл сағаттарында да жалғасын тауып, біздің тыңдаушыларымыз колледжішілік, қалалық, облыстық шараларға да белсенді ат салысып келеді
Оқу жылының қорытындысы бойынша тыңдаушылардан емтихандар алынып, колледж әкімшілігі тарапынан сыйлықтар тапсырылады.
Бүгінгі таңда тіліміз тек қатынас құралы ғана емес, экономиканың, ғылымның, саясаттың тілі болып отыр. Әлем өркениетінің деңгейіне құлаш ұрған, ғылым мен мәдениеті тұспалдаса, дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі – ұрпақ тәрбиесі. Халқының көңілінен шығып, қауымның үмітін ақтап өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ете алған перзенттен Отанын сүйетін азаматтар шығады. Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры.


ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫЛЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

Тіл – тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Тіл - екі адамның, халық пен халықтың қатынас құралы. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті.Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып қалатын, келер ұрпағымыз үшін тәрбиенің қайнар көзі болатын баға жетпес мұра.
Ұлттық байлықты адамзат ұрпағының адам тәрбиелеу, білім беру ісіндегі озық үлгілерімен, тұғырлы ұстанымдарымен тығыз байланыстыра отырып дамыту жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, осы арқылы өз - өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өз жолын өзі таңдауға түрткі болу – бүгінгі таңның басты мәселесі.
Сондықтан да біздің колледжде жыл сайын 18 қыркүйек пен 25 қыркүйек арасында тілдер апталығы өтеді. Бүгін сіздер қазақ топтарындағы қазақ тілінің олимпиадасына келіп отырсыздар. Олимпиадамыз 3 турдан өтеді.
1 тур – жазбаша жұмыс. /мазмұндама/
2 тур – ауызша жұмыс. /мақалдың мағынасын түсіндіру және өзіңе ұнайтын бір ақынның өлеңін мәнерлеп айту/
3 тур – тест жұмысы.

Бүгінгі таңда тіліміз тек қатынас құралы ғана емес, экономиканың, ғылымның, саясаттың тілі болып отыр. Әлем өркениетінің деңгейіне құлаш ұрған, ғылым мен мәдениеті тұспалдаса, дамып келе жатқан еліміздің асқақ мұратының бірі – ұрпақ тәрбиесі. Халқының көңілінен шығып, қауымның үмітін ақтап өткен ұрпақтың есесін түгендеп, келешек ұрпақтың мерейін үстем ете алған перзенттен Отанын сүйетін азаматтар шығады. Ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тағдыры.
Бүгінгі күні қазақ тілінің өзінің мемлекеттік биік мәртебесіне лайық деңгейде қызмет атқару қажеттілігі – заман талабынан туындап отыр. Елбасы осы жолда өз үлгісін тек өз елімізде ғана емес, шет елдерде болып жүрген сапарларында да тіліміздің мәртебесін асырып жүр. Оның дәлелі Елбасымыз Бұлғар елінде болған сапарында тұңғыш рет халықаралық ресми сөзін де Мемлекеттік тілде сөйлеген болатын. Ешкім бұған таң қалған да, тосырқаған да жоқ, Бұлғарлар болса, бұны қалыптасқан дәстүрдей көрсе, біз болсақ, сүйіндік, қай елде болса Қазақ тілі ресми жағдайда осылай қолданылса дестік. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі осылай арта берсе, нұр үстіне нұр болар еді.




Тілге құрмет – елге құрмет
(Ә.Науаи)

Туған тіл – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
(Мақал)

Игі істің басы – тіл,
Тәрбие басы – тіл.
(М.Қашқари)

Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
(Ғ.Мүсірепов)

Тіл – ұлттың жаны.
Тіл идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
(А.Толстой)

«Әркімнің туған тілі – туған

шеше, оған бала міндетті сан мың есе.
(С.Мұқанов)

Петропавл құрылыс – экономикалық колледжі

ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫЛЫҒЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАСЫМДЫЛЫҒЫ

Жауапты оқытушы: С.С.Рамазанова

Петропавл қаласы,2014ж.

Олимпиадаға қатысушылар тізімі:

№ ТАӘ 1-тапсырма 2-тапсырма 3-тапсырма Ұпай саны
1. Нашарбаев Орынтай – 133топ
2. Жагупаров Асылхан – 243 топ
3. Қожахметова Алуа – 232 топ
4. Қазиева Айдана – 232 топ
5. Молдаханова Назерке – 232 топ
6. Рахимова Әсем – 232 топ
7. Иманжол Сымбат – 232 топ
8. Қайрат Аққу – 232 топ
9. Байзакова Назгүл – 232 топ
10. Нұрақанов Дамир – 232 топ
11. Нугуманова Гүлден – 232 топ
12. Смағұл Аян – 124 топ
13. Кайруллин Айдархан – 124 топ
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ramazanova_sandy
Просмотров: 1138 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 9:37 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru