Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

бастауыш сыныпта ауызекі сөйлеуді дамыту
2015-02-16, 10:00 AM
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ

Ұлттық тіл тағдыры әр мемлекеттің қаншалықты өркениетті екендігінің тамыршысы, айғағы. Тіл мәселесі әр елдің өзекжарды дүниесі екені және рас. Ал, тілді үйретудің негізгі буыны қайда деген сауал қояр болсақ, ойымызға бірден мектеп түседі. Мұғалім өз кәсібіне адал болған жағдайда оқушы да түзеледі.
Ауызекі сөйлеу тілін, мәдениетін жақсы меңгерген оқушы ойын жазбаша дұрыс, жүйелі жеткізе алады. Ал дұрыс сөйлеу, өз ойын, өз пікірін түсінікті жеткізе білу мектептен басталады.
Ауызекі сөйлеу тілі- адамдардың пікір алысу, бір-бірін түсінісу, ой білдіру құралы. Ол баланың айналаға, қоғамға, тұрмыс-тіршілікке деген жан-жақты көзқарасын, логикалық ойлау қабілетін, азаматтық, әдептілік, эстэтикалық сезімін, өз бетінше терең, білім алуын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Балалар сөйлеушіні көңіл қоя тыңдайды, жазуға үйренеді, өзгелерге оқыған, естіген хабарының қонымдысын ойға тоқып, таратады. Ауызекі сөйлеу тілінің құрылысы қарапайым, сөйлем өте тұжырымды, лепті, қаратпа сөздерге құрылады, жай сөйлемнен болып келеді. Кейде айтушы ойын сөзбен жеткізе алмай немесе әсерлеп айту мақсатында дауыс ырғағын, екпінін, бет қимылын, құбылысын өзгертіп, қол сермеу, басын изеу тағы басқа қимылдар арқылы іске асырады.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін үйретуде сөздік жұмысына аса назар аудару қажет. Сөздік жұмысымен жұмыс істеу біріншіден баланың сөздік қорын молайтады, екіншіден айтатын ойын логикалық жағынан дұрыс қолдана білуге көмектеседі, үшіншіден байланыстырып сөйлеуге негіз болады.
Тіл дамыту жұмысында белгілі тақырыпты оқытуға негіздей жаңа сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздердің жасалу формаларын меңгерту, сөз бен сөздің байланысын, тіркесін үйрету, сөйлем құрауға, ауызша ойларын жүйелі, тиянақты ғып беруге, сөйлеу білуге үйрету мақсат етіледі.
Қазіргі таңда оқу процесінде ең басты шешімін табуға тиіс мәселе- комммуникативтік принцип. Бұл принципті жүзеге асыруда, тіл дамыту сабақтарында әр түрлі жағдайларға байланысты сөйлесулерді қолдана білуге көңіл аударған дұрыс. Өйткені, сөйлесу – ауызекі сөйлеудің негізгі формасы. Әсіресе, сөйлесу тіл дамыту үшін, тілдік орта туғызу үшін қолданылатын басты методикалық әдістердің бірі ретінде сабақтарда ерекше орын алуы керек. Сонымен қатар сөйлесу арқылы сөйлеу білуге үйрету кезінде тілдік нормаларды сақтап, олардың қолданылуына да назар аударуға болады. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту үшін әрі өз ойларын жинақтап жеткізе білуге жаттықтыру мақсатымен түрлі тақырыпқа әңгімелесуге, пікір алысуға сюжеттік әңгімелер жүргізуге тырысу керек.Оқу орыс тілінде жүргізілгенде оқушылар көбінесе қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, сөздерді қолдануда қателер жібереді. Оқушыларға сөйлесудегі сөйлемдердің тақырыппен байланысты болғанын, қолданған 2-3 сөйлемнің өз мағынасы жағынан, грамматикалық құрылысы бойынша бір-бірімен тығыз байланыста болатынын аңғару керек. Оқушылармен жұмыс жүргізгенде , ең бірінші күнделікті қарым-қатынаста қолданылып жүрген «сәлеметсіз бе? Қайырлы таң! Кешіріңіз, рұқсат етіңіз, жақсы, жарайды, қалың қалай!» деген сияқты сөздерге ерекше көңіл аударып отыру керек. Осы сөздердің бәрі адамның қарым-қатынас қажетін өтеуде қолданылатын басты сөз қоры.
Төменде келтірілетін тапсырмалар оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамытуға әсер ететін құралдар деп есептеуге болады. Бұл тапсырмаларды кез-келген тақырыпты өткенде қайталау ретінде де қарастыруға болады.
1тапсырма
Берілген сөйлемдерді аяқтаңыздар
Сіздің аты –жөніңіз....
Сіз қайда....?
Сіздің жасыңыз...?
2 тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіздер
Кездескенде қандай сәлемдесулерді қолданасыз?
Қоштасқанда қандай сөздер айтасыз?
3 тапсырма
Берілген сөздерді пайдаланып сөйлем құраңыз
Кешіріңіз, өтінемін, рұқсат етіңіз, рақмет
4 тапсырма
Төмендегі жағдаятты тақырып ретінде алып, байланыстырып, ауызекі сөйлесіңіз.
1. Досыңызбен көшеде кездесіп қалдыңыз.
2. Қонақ күтесіз
Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Тіл дамыту-ой дамыту. Тіл- ойлау құралы.
Бала өзінің үйренген сөзін ауызекі сөйлеу тілінде қолданғанда ғана, оның ақыл ойын дамытуға әсер етеді. Бұл жөнінде Л.Толстой: «үйренген сөзін баланың қолдана білуіне жағдай туғызу керек, сол сөзін сөйлеу тілінде, өзінің ауызекі сөйлеу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің жеке меншігіне айналады» деген қанатты сөздерін айта кетсем артық болмайды.
Тіл дамыту жұмысында мақал-мәтел, көлемі шағын тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаштарды жаттатып, мазмұнын айтқызу тілін ұштайды. Сабақта ойын элементттерін жиі пайдаланып отыру керек. Ойынды балаларды сергіту үшін ғана емес, оқушылардың танымын, білімін, ой-өрісін кеңейту, дамыту үшін де қолдану қажет. Мысалы, 1 сыныптарда сабақ көбінесе ойын түрінде өтеді, интерактивті тақтадан суреттер көрсетемін, оның жазбаша атауын оқимын, бұдан кейн балаларға 2 минут уақыт беремін олар бұрын өтілген сөздік қорын пайдаланып, сөз тіркесін шағын сөйлем арқылы өз түсініктерін айтуға тырысады, содан кейін мен дауыстап айтамын да бүгін өтілетін тақырыптың мақсатына қарай жетелей отырып, тілдерін дамытуға жағдай жасаймын.
Рольдік ойындар- тіл дамыту құралы, ойынның бұл түрі 4-сыныптарда пайдаланамын.
Тілдік қарым-қатынастағы жаттығуларды одан әрі қалыптастыруда рольдік ойындардың қосар үлесі көп. Рольдік ойындар белгілі бір мақсатта , тілді меңгеруге деген ынтазарлықты оята отырып, орындаушылық қаблетке де жетектейді. Рольдік ойынның мәні ойын барысында оқушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда.Қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды туғызады. Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп, өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.
«Досыңыз қонақта» ойыны. Сіз досыңызды алғаш рет қонаққа шақырдыңыз. Отбасыңызбен таныстырыңыз. Отбасы мүшелерін досыңызбен жекелеп таныстырыңыз.
«Телефон арқылы сөйлесу» ойыны. Сіз досыңызға қоңырау соғып, кітапханаға немесе театрға шақыруыңыз керек. Міне, осындай бағыттағы рольдік ойындар 3-4 сыныптар оқушыларының тілін дамытып, қазақ тілінде сөйлеу білу қабілетін жетілдіреді.
Тілді тек үздіксіз, жүйелі түрде қайталау арқылы ғана үйренеуге болады. Сондықтан бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтары ұдайы қайталау, жаттығу түрінде өтілуі тиіс.

Әдебиеттер:
1. Балақаев М., Жанпейісов Е.,ТомановМ., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы: Мектеп, 1974.
2. Балақаев М.Қазақ әдеби тілі және нормалары. А.,1984.
3. БолғанбайұлыӘ., ҚалиұлыҒ., Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Санат , 1997.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: лиминхо
Просмотров: 1496 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru