Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен жұмыстың тиімділігі
2015-02-16, 7:32 PM
Есекеева Инкар Манатовна,
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,
Қарағанды қаласы № 23 ЖББОМ
Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда мәтінмен
жұмыстың тиімділігі
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналаған ұлттық іс-қимыл жоспары мақсаты- ҚР мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдістерін анықтап, білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз етуге, білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету басты міндеттерінің бірі болып табылады. Ұлттық жоспарды іске асыру мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіби қоғамдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналардың қызметі жалпы үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сауаттылықтың жаңа деңгейін қалыптастыруға көптеген әлеуметтік факторлар және қазіргі кезеңдегі қоғамдық басылымдықтар: өндірістер мен гуманитарлық процестердің терең технологияландырылуы, даму процесінің жаһандануы, қызметтердің жүйелендірілуі және кәсіпкерленуі, әлеуметті қатынастардың нарықтануы және т.б. әсер етеді. Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзіреттіліктермен анықталады.
Тәуелсіз Қазақстанда орта білімнің 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне байланысты функционалдық сауаттылықты арттырудың маңызы аса зор. Функционалдық сауаттылық – оқу және жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қолдану (түрлі құжаттармен жұмыс, банкте сауалнама толтыру, түрлі ақпараттармен танысу), сыртқы ортамен тығыз байланысты орнату және оқушыларды тез әлеуметтенуіне бейімдеу. Оқушылар сыртқы ортада адамдармен, құрбыларымен, жанұясымен қарым-қатынас жасағанда оқу дағдысын қолданады, яғни ақпарат алмасу үшін, ақпарат беру үшін мәтінмен жұмыс жасайды.
Оқу сауаттылығы- оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі және қолдануы, мәтін барысында ой- толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі.
PISA және PIRLS зерттеулерінде оқу сауаттылығы жазба мәтіндерді түсіну мен рефлексиялау болып ұйғарылады. Мәтін мазмұнын белгілі бір мақсатта қолдануды игеруін және де оын әлеуметтік ортада белсенді пайдалана алу қабілетін бақылайды. «Сауаттылық» сөзі оқушылардың алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты: құрдастарымен қарым-қатынас жасау, туыстарымен жүздесу, білім алу, қызметке орналасу, ортаға бейімделу.
PISA зерттеулерін оқу сауаттылығы мәтіннен қажет ақпаратты табумен бағаланады:
1. Мәтіннен қажет болатынмейлінше көп ақпарат алу;
2. Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу;
3. Мәтіндегі ақпараттарды жіктеу;
4. Бұрыннан таныс және жаңа ақпараттарға жіктеу;
5. Терең мазмұнды ақпаратты табу;
6. Күрделі мәтінді қорытындылау;
7. Мәтіннен ой түю.
Функционалдық сауаттылық дағдысы қалыптасқан оқушы мәтіннен ақпарат алуда жазу мен оқу дағдысын жеңіл қолданады, оны түсінеді, өзгертеді
(А.А. Леонтьев). Бұндай оқушы түрлі оқу әдістермен таныс болады (танымдық, түртіп алу, түйіндеу). Мәтінді оқып, түсіну барысында бір әдістен екінші әдіске тез және оңай көше алады. Оқушының мәтінді оқуда басты идеясын түсіну дағдысын қалыптастыру керек. Қарсы пікірлер тудыратын мәтінмен жұмысты қолдану оқушының сыни тұрғыдан ойлауын дамытады. Мәтіндегі дайын салыстырулар мен ойларға өз өмірлік тәжірибесін пайдаланып қорытынды жасаған дұрыс. Оқыту үрдісіндегі оқушылармен мәтін бойынша жұмыс жасаудың әдістерінің түлері көп. Пән мұғалімі оқушының сауаттылығы мен зияткерлік дамуын басшылыққа ала отырып, оқушымен жеке жұмыс жасайды. Оқушылардың мүмкіндік пен шығармашылық деңгейіне қарай жеке жұмыстар жүргізіледі. Оқушыға бағытталған әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып, саралап, қабілеті жоғары оқушыларды анықтаймыз.
Қабілеті жоғары оқушымен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндеттерін белгілей отырып, қабілеттілік сатысынан өткіземіз. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігіне қарай шығармашылық түрлерін күрделендіріп отырамыз. Нәтижені көрсететін оқушымен жүргізілетін жеке жұмыстың бір түрі- олимпиада. Олимпиадаға дайындықтың мақсаты мен міндеттерін нақтылай отырып, оқушылардың білімділік және шығармашылық қабілетін тудыру жолдарын қарастырамыз. Оның бірден- бір жолы – дайындық жоспары болып табылады. Оқушы бойындағы шығармашылық қабілеті дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Оқушыны сауаттылыққа үйрете отырып, ғылыми зерттеу, зерделеу қабілеттерін дамыту арқылы жекелеген өзіндік ойы бар тұлған дамыту көзделіп, сол мақсатқа жетудегі жоспар іске асырылады.
Оқу- өте күрделі, қиын үдеріс. Күрделі үрдіс танымдық және коммуникативті міндеттерді шешуді көздейді: түсіну, нақты ақпаратты табу, мазмұндау, т.б.
Заманауи оқу саууаттылығы ұғымы түрлі мәтінді түсінумен анықталады. Мектеп оқушысы жазба мәтіндерді де онымен қоса электронды оқулықтарды да оқи алады. Аудиокітаптар да өзектілігін жоғалтқан емес. Сондықтан жаңа жүйеде жұмыс жасайтын мектеп оқушыларды түрлі мәтіндермен жұмыс жасауға дағдыландыру керек: жазба мәтін, электронды мәтін, аудиомәтін. Шығармашыл, құзіретті мұғалімдер сабақты оқушылардың талабына сай әзірлеуі шарт.
Оқушылардың сауаттылығын арттыруда оқыту үрдісіне жаңа технологияны пайдаланудың нақты белгілері көрсетіліп отыр. Заманауи оқыту үдерісіне сай мұғалім сабақта тек бағыт беруші, ал көрсетіліп отырған жұмыс жүйесінің әр компоненті оқушы арқылы іске асырылатын және оқушының сауаттылығын арттыру мен дамытуға тікелей бағытталған нақты, нәтижесін берер жүйе деп санаймын.
Әдебиеттер тізімі:
1. Оқушылардың функционалды сауаттылығын дамытудың 2012-2016 ж. Арналған Ұлттық іс-әрекет жоспары-астана,2012.
2. Қазақстан Республикасының жалпы білі беретін мектептері педагогтерінің біліктлігін арттыру курстарының бағдарламасы- «НЗМ» ДББҰ, 2012.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: лиминхо
Просмотров: 3654 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 5:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru