Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Әуежайда. Біріккен сөздер.
2015-02-20, 6:33 PM
Әлия Галеева, Розовка
жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Павлодар облысы, Павлодар ауданы.

Қазақ тілі
Сынып: - 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Әуежайда. Біріккен сөздер.
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: Әуежайда тақырыбы бойынша оқушылар нені білу керек? Оқушылардың ауызекі сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру .
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-өрісін кеңейту. Танымдық қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: қоғамдық жерлерде оқушыларды өзін-өзі ұстау этикасына тәрбиелеу және өз қаласына деген мақтаныш сезімін ояту.
Көрнекілік материал: суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар, диктофон.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: жұптық және топтық түрде бірлесіп білім алу
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, іздендіру, дәлелдеу, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің аты-жөнім ... .
- Менің қолымда не көріп отырсыңдар?
- Ұшақ.
- Мен бүгін осы ұшақпен Алматы қаласына сапар шегемін. Алмата қаласы 1927-1997 жылға дейін Қазақстан астанасы болған ірі қала.
- Ал, Алексей сен сен қай қалаға сапар шегесің?
- Мен Қарағанды қаласына кешкі сағат 11-ге ұшаққа билет сатып алдым. Қарағанды қаласы ірі көмір бассейіні болып саналады.
( Осылайша сыныптағы барлық оқушы Қазақстанның ірі қалаларына қысқаша мәлімет беріп шығады. Өткенді қайталау)
- Осы әңгімемізден қандай іс-қимылдарды аңғардық? (Сапар шектік, билет сатып алдық, ұштық, орналасқан, саналады, өсіріледі т.б.) Бұлардың барлығы қай сөз табына жатады?
- Етістік.
- Ендеше етістік бойынша білімімізді пысықтап, қысқаша тест өткізейік.
- Балалар, сендер біздің қаламыздың әуежайында болдыңдар ма? Ұшақпен ұшқандарың бар ма? Қандай әсер алдыңдар? Біздің қаламыздың қай жерлерінде ұшаққа билет сату кассалары орналасқан? Біздің әуежайымызда қандай авиакомпания қызмет көрсетеді?
- Ал, енді сендер біздің қаламыздың әуежайының іргетасы тұңғыш рет қай жылы көтеріліпті, одан тұңғыш рет қандай маркалы ұшақ көтерілді? Бұл жөнінде сендер үйден мәлімет жинап келесіңдер.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.
- Балалар, ендеше бүгінгі тақырыбымыз - Әуежайда. Сабақта алдымызға мынадай мақсаттар қоямыз:
сабақ барысында ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін арттыру және осы тақырып бойынша қосымша ақпарат алу.
Бағалау парақтарын тарату.
І.Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау)
ІІ. Жаңа тақырыпқа шығу. Қызығушылығын ояту.
Интерактивті тақтада сурет көрсетіледі.
Жаңа сөздер:
сапар шегу – путешествовать
аспансерік – стюардесса
жетіп қалу – добраться, доехать
қайран қалу - удивляться
соншалықты – настолько
қолайлы - удобный
Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

Менің қаламда әуежай бар. Әуежай қаланың сыртында орналасқан. Біз анам екеуіміз жазғы демалыста ұшақпен Қызылорда қаласына ұштық. Қызылорда қаласына дейін 1500 шақырым екен. Біз онда бір жарым сағатта жетіп бардық. Ұшақпен сапар шегу өте қолайлы. Ұшақта аспансерік ыстық шай, тоқаш, сонымен қатар, газет-журналдар әкеліп берді. Қызылорда қаласына жылдам жеткеніміз соншалықты, газет бетіндегі мақалаларды да оқып, аяқтай алмадым. Көзді ашып-жұмғанша Қызылорда қаласына жетіп қалғаныма қайран қалдым. Бұл - менің ұшақпен бірінші ұшуым еді.
Мәтінді іштей оқу, дауыстап мәнерлеп оқу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Liya1978
Просмотров: 2277 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru