Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДАМЫТА ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
[ Скачать с сервера (387.9Kb) ] 2015-02-21, 10:18 AM
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында оқыту үрдісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор деп көрсетілген. Осы Жолдауды қолдай отыра, оқушыларға білім берудегі басты мақсат - жеке ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты жеке дамыған тұлға қалыптастыруға міндеттіміз.
XXI ғасырда Қазақстан Республикасындағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке (ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану) қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына»
деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әрбір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі айтылған.
Жаңа технологияны оқыту процесінде пайдалану қажеттіліктен туындайды. Ғылыми – техникалық даму ғасырында қажетті талаптардың бірі – интеллектуалдық шығармашыл жас ұрпақты тәрбиелеу. Бүгінгі таңда оқытудың озық технологияларын қолдану – өзекті мәселеге айналып отыр.
Бүгінгі білім ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес, өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой-өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын, қабілетті, талантты жаңа ғасыр ұрпақтарын тәрбиелеу.
Үнемі дамып өзгеріп отыратын оқушының ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Адамға екі нәрсе тірек тегі:
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі, -
деп Ж. Баласағұн айтып кеткендей қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат – оқушыларға қазақ тілінің ғасырлар бойғы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту.
Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда егеменді еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс сыныптарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты - оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.
Оқушының алдына қоятын мақсаты пәнге қойылатын талаптар деңгейіне сай болу керек.
Қоғам ілгері дамыған сайын білімнің де атқарар жүгі ауырлай түсері сөзсіз. Сондықтан білім беру сапасы өзгеріп, білім мазмұнында жаңа көзқарастар қалыптасады, сол жаңалықтарға сай педагогикалық технологиялардың өмірге келуі де заңды құбылыс.
«Технология» гректің «teche» - өнер, шеберлік және «logos» - ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Технология елді, ұлтты таңдамайды, ол барлық елге, педагогикалық жүйеге, әр түрлі пәнге ортақ, дегенмен әр елдің білім әлемінде өзіндік ізденісі, жолы болуы – заңды да, қажетті нәрсе.
Жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі жаңа технология негіздері болып табылады.
Жаңа технологиялар ішінде дамыта оқыту теориясын ерекше атауға болады. Дамыта оқыту жүйесіне ерте кезден бастап-ақ ұлы педагогтардың қосқан үлестері мол. Ал дамыта оқыту процесінің ғылыми негіздемесі Л. С. Выготский есімімен байланысты қалыптасты. Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.В. Занковтың еңбектерінде жан – жақты зерттелген.
Дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін В.В. Давыдов, ал екіншісін Л. В. Занков басқарды. Зерттеулердің мақсаты Л. С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамның дұрыстығын тексеру, нақтылау.
Көрнекі психолог Л.С. Выготский айтқандай оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу аймағын» жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы» одан әрі «актуальды даму аймағына» көшуі тиісті тапсырмаларды өз еркімен орындайды.
Дамыта отырып оқыту жүйесін жақтаушылар да жоғарыдағы пікірді қостай келіп, қазіргі заманғы мектептің мақсаты -оқушының тек қана «ең таяу даму аймағына» қол жеткізуін қамтамасыз ету және оның білімін арттыру ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретінде жан - жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін баса айтады.
Бала меңгерген нәрсе оның кешегі күні, өткен кезеңі болып табылады. Дамудың аяқталған кезеңіне негізделген оқыту табыс әкелмейді немесе ол баланың дамуға деген қажеттерін қанағаттыра алмайды. Оқушыға өте жеңіл тиетін білім өзін ынталандырмайды, таным мен табыс қызықтырмайды. Л. С. Выготский ойынша, оқыту баланың ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс, яғни, бала өзінің пісіп - жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейімделген бағыттар деңгейінде болуы тиіс. Оның ертеңгі күнін дәл осы бағыттар белгілейді. Бұл идеяны Л. С. Выготский одан әрі былайша сабақтайды: «Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір - бірімен өте күрделі қарым - қатынастағы екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында жүрсе ғана жемісті болмақ. «Міне, осылайша Л. С. Выготскийдің оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі теориясы «Дамыта оқыту» деген атпен ХХ ғасырдың 50 - 60 жылдары пайда болды.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1950 - 1960 жылдары қолға алған академик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған оқытудың жаңа жүйесін бастауышта мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмайды. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Л. С. Выготскийдің теореясын Д. Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырды. Баланың өзін - өзі өзгертуші субьект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс - тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді. Бұл технология бойынша сабақ төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу – іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Әр оқушыға өз ойын, пікірін ойлауға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқта қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзетіліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденген. Оқушылардың оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады. Олармен байланысты рефлексия, талдау, жинақтау сияқты психикалық қабілеттер дамиды.
Мектепте бұл қажеттіліктерді қанағаттандырудың мүмкіндігі мол. Енді ол мұғалімнің басшылығымен әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, қарапайым теориялық білімдерді меңгере бастайды. Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық білім оқушының қажеттілігіне айналады.
Сабақтың әрекет теориясына сәйкес ұйымдастырылуы – баланың жеке басын
дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
• Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап – тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру;
• Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
• Өзін – өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын мойындауы және оны әрі қарай дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі, дәстүрлі оқытудың стереотиптерінен арылуы қажет. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек. Өзінің философиялық ұстанымдарын қарағаны дұрыс.
Дамыта оқыту сабақтары ерекше ахуал жасап, мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым-қатынас тудырады. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болады. Оқушы ойының білмеуден-білуге, шала білуден дәл білуге көшу процесін дамытады. Тек осындай оқыту ғана оқушының интеллектісінің көзін ашып шығармашылығын арттырады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар мәселелі, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр оқушының көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Дамыта оқу үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға, ойлау қабілетін дамытуға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Дамыта оқытуда оқушының ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты
назарда болады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Айнур0690
Просмотров: 521 | Загрузок: 37 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-04, 11:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [775]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [696]
Физическая культура [200]
Английский язык [408]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [365]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [237]
Технология [126]
Самопознание [170]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [542]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru