Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Мамандықтар. Етістіктің шақтары
2015-02-23, 8:22 AM
Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтар.Етістіктің шақтары».
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды мамандық иелерімен таныстыру.Жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлем құруға үйрету. Етістіктің шақтарын ажыратуда жұрнақтарын дұрыс қойып,жіктей білу.
2.Дамытушылық: Суреттерді қолдану арқылы әңгімелей білу.Көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелігі: Әр мамандық иелерінің еңбектерін бағалай білуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
4. Әдіс-тәсәлдер: Түсіндіру,әңгімелеу,дидактикалық ойындар ойнау,тапсырмаларды орындау,сұрақ-жауап,ребус шешу.
5. Көрнекіліктер: Оқулықтар,интербелсенді тақта,суреттер,тапсырмалар,фишкалар.
6. Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Бүгінгі сабақтың барысымен таныстыру.
Балалар,бүгінгі сабағымыз жарыс түрінде өтеді. Ол үшін, біз сендермен екі топқа бөлінуіміз керек.
1-топты «Сұңқар» тобы.
2-топты «Жалын» тобы деп алайық.
Енді,осы топтың басшыларын сайлаймыз.Ал топ басшысы өз достарымен таныстырады.
1-топ басшысы - Кирилл.
2-топ басшысы – Айсана.
1-топ басшысы Кирилл өзін және достарын таныстырады.
Кирилл: Менің атым - Кирилл.Менің достарым: Наташа,Айдар,Ясмина,Катя,Саша,Дана.
Тобымда бәрі түгел.
Менің тобым: «Сұңқар».
Ұранымыз: «Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!»
Мұғалім: Жарайсыңдар! Сендерге бүгінгі сайыста Сәттілік тілеймін!
2-топ басшымыз Айсанаға сөз береміз. Айсана өзімен және достарымен таныстырады.
Менің атым –Айсана.Мен «Жалын» тобының басшысымын. Менің достарым: Федя,Эмилия, Диас, Айсұлу,Магамед,Жасмина.
Менің тобымның аты: «Жалын».
Ұранымыз: «Көк бөрідей жүректі,қайраттымыз,
Жігерлі де, білімді,айбаттымыз!»
Жарайсыңдар!Онда «Жалын» тобына да Сәттілік тілейміз!
Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тапсырмаларымен танысайық. Тапсырмалар өтілген Мамандықтар және Етістіктің шақтарына байланысты болады.
Ал,қай топ жеңімпаз болатынын жинаған фишкаларыңның санына байланысты анықтаймыз.
1-топтан фишкаларды Ясмина қорапшаға салып отырады.
2-топтан Эмилия қорапшаға салып отырады.
1-тапсырмаға назар аударайық.
«Ережелер» сайысы.
1-топ.
«Етістіктің шақтары».Мысалдар келтіру.
2-топ.
«Етістік деген не? Жіктік жалғауларын ата».

2-тапсырма.
«Сөздерді жіктеңдер».
1-топ
«Тұр» сөзін жекеше түрде.

2-топ
«Тұр» сөзін көпше түрде.

3-тапсырма.
«Аудармашылар» ойыны.

1-топ.
Хочу стать,хочу быть-болғым келеді
Ловить-аулау
Нравится быть-болғанды ұнату
Лечить-емдеу
Лентяй-жалқау
Выбирай,что тебе нравится-қалағаныңды таңдай біл
Пахать-жырту
Возить-тасу
Полевод-егінші,диқаншы
Предки-арғы тегім

2-топ
Рассыпаться-шашылу
Любоваться-қызығу
Выпекать хлеб-нан жабу
Мельница-диірмен
Мука-ұн
Ценить-қастерлеу
Молоть-тарту
Вырастить-өсіру
Попробовать- жеп көру
Заметить-байқау
Растянуться,расстилаться-көсілу

Келесі тапсырма:
Берілген етістіктерден қандай мамандық иелері туралы айтылғанын тап та, шағын әңгіме құр.

1-топ
Емдейді,қарайды, қояды,жазып береді,жолдама береді.

2-топ
Дайындайды,себеді,егеді,өсіреді,орады, жинайды.

Келесі тапсырмамыз:

Сурет бойынша әңгіме құру.

1-топ
«Мамандықтар».

2-топ
«Нан дастарқанға қалай келеді?»

Төмендегі етістіктерді үш шаққа қойып, жазыңдар.
1-топ
«Өсір» және «Тұр»сөзі.

Өсір-іп жатыр-мын (осы шақ,ж.ж 1-жақ)
Өсір-е-мін (келер шақ,ж.ж 1-жақ)
Өсір-ді-м (өткен шақ,ж.ж.1-жақ)

Тұр-мын осы шақ,ж.ж.1ж.
Тұр-а-мын келер шақ ж.ж.1-жақ
Тұр-ды-м өткен шақ,ж.ж.1-жақ.

2-топ

Біл-іп тұр-мын осы шақ,ж.ж,1ж.
Біл-е- мін келер шақ,ж.ж.1ж.
Біл-ді-м өткен шақ,ж.ж.1ж.

Тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.Етістікті атаңдар.
1-топ
... адамдарды емдейді.(Дәрігер)
... балық аулайды.(Балықшы)
... үй салады.(Құрылысшы)
... балаларды оқытады.(Мұғалім)
... кітап береді.(Кітапханашы)

2-топ
... тамақ дайындайды. (Аспазшы)
... азық-түлік сатады. (Сатушы)
... көлік жүргізеді. (Жүргізуші)
... егін егеді. (Егінші)
... нан пісіреді. (Наубайшы)

Дұрыс,балалар.Сендер әр түрлі маман иелерімен таныстыңдар. Болашақта кім болғыларың келеді екен? Келесі тапсырмамыз:
«Кім болғым келеді?»
Әр топтағы бала өзінің болашақта кім болғысы келетінін айтып,әңгімелейді.
Жарайсыңдар,балалар!
Біздің сыныпта барлық маман иелері бар екен. Осы армандарыңа жету үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Иә, білім керек. Білім алу үшін не істеу керек?
Дұрыс, көп еңбектену керек.

Ендігі сайысымыз «Еңбек» туралы мақал-мәтелдер айту.

Ребусты шешу. Жауабы: Еңбек.

Мәнерлеп оқу.Қандай мамандықтар туралы айтылған?

1-топ.
Бұл кімдер?/125 б./

2-топ
Кім болам?/127б./
Біздің балалардың дайындаған кішкене көрінісін тамашалауды ұсынамыз. Көріністің тақырыбы: «Көршілер әңгімесі».
Сұрақтарға жауап беру.
Көршілер не істеді? /әңгімелесті/
Көрші әже балаға нені көрсетті? /суретті/
Оның балалары қандай маман иесі екен?
Федя кім болам деді?/ұшқыш/

Жарайсыңдар! Біз бүгін сендермен қандай маман иелері туралы білдік?
Сабақта не істедік?
Ендеше, мен сабақты Ұлы ақынымыз Абай атамыздың мына өлең шумағымен аяқтағым келеді.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Сендерге болашақта таңдаған маман иелері болуларыңа,армандарыңа жетуге тілектеспін!Ол үшін көп оқып,ерінбей еңбектену керектігін тағы да айтқым келеді.
Сабаққа белсенді қатысқандарыңа рақмет!
Фишкаларды санап,қай топ жеңіске жеткенін анықтайық.
Бірақ,сендер барлығың бүгін жеңімпазсыңдар,- деп санаймын.
Сау болыңдар.
Үйге: 126 бет «Атамның батасы» өлеңін жаттап келу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Эльвира
Просмотров: 905 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 3:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru