Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалаларына саяхат
[ Скачать с сервера (21.6 Kb) ] 2015-03-02, 10:01 AM
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан қалаларына саяхат
Сабақтың мақсаты: сабақта норма талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшандылығы, сөздік қорын,ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен көрсеткіші ретінде, пәндісапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру
Көрнекілік:интерактивті тақта
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу, - Қайырлы таң!
2. Сәлеметсіздер ме, келген қонақтар. Балалар, бүгінгі сабағымыз БжС бойынша өтеді. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
3. 1 белгі – өткенді қайталау. Ауызша орындау
4. Ұй жұмысың тексеру( тест)
Тест
1.Астана қаласына сәйкес сөзді табыңдар.
А) жас,көрікті В) тарихи,көне С) көк ұзын Д) ежелгі, байтақ Е)кішкентай, таза емес
2. Берілген сөйлемді толықтырыңдар.
Біз Қазақстан қалаларына.......
А) қыдырдым В) аралайсын С) көрді Д)саяхат жасадық Е) биледім
3. Берілген сөйлемді толықтырыңдар.
Көкшетау........ бай
А) халқымен В) білімімен С) табиғатымен Д) өнеркәсібімен Е) тілімен
4.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?
А) Ертіс В) Іле С) Есіл Д) Талас Е) Жайық
5. Берілген сөйлемді толықтырыңдар
Қызылорда қаласы........ өсіреді.
А) Астық В) Мұнай С) Күріш Д) Көмір Е) Қант
6.Қазақстанның қай облысында мұнай өндіріледі?
А) батыс облысында В) шығыс облысында С) солтүстік облысында Д) оңтүстік облысында Е) орталықта
7.Бұрын Алматы қаласы қалай аталған?
А) Отырар В)Ақмешіт С) Орынбор Д)Верный Е)Түркістан
8.Берілген сөйлемдегі күрделі сөздің түрін табыңдар.Арыс өзенінің Сырдарияға құяр аралығында ежелгі Отырар жатыр
А) біріккен сөз В) қос сөз С) қысқарған сөз Д) тіркескен сөз Е)сөйлем

5. ІІІ. Ал, енді жаңа тақырыпқа көшейік.
1. Кіріспе.слайд 3минут
Сабағымызды мына өлең жолдарымен бастайық...
Қарағанды-қара алтынның қоймасы,
Қостанайым-алтын астық қамбасы,
Ал Ақтөбе - ақ тарының мекені,
Қызылорда - күріштің сыр сағасы.
Атырауым - мұнайымның ордасы,
Ақтау болса, Каспийімнің жағасы,
Сұлу Семей - Абайымның даласы,
Көкшетауым - табиғаттың аясы.
Алматым –апорттың астанасы,
Ал Астана - Еліміздің ордасы.
2белгі– тірек сөздермен жұмыс. Жазбаша орындау.
2.Жаңа сөздермен жұмыс 1мин.15 сек.жаттайды және 1 минут 15 сек.жазады
Жергілікті-местный
Нулы-густой
Шұрайлы-плодородный
Өріс-поле
Қоржын-сумка
Қайнар-родник
Шығанақ-залив
3. 3 белгі – (Мәтінді оқу үшін 3 минут уақыт беріледі) мәтін бойынша сұрақ-жауап. Ауызша орындау
а) мәтінді оқу.
Көкшетау
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан Көкшетау бар.Географиялық тұрғыдан бұл жер « Көкшетау қыраты» деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны « Қазақстандық Швейцария» деп атайды.Бір ескі аңызда былай делінген: «Жаратушы әлемді жарату кезінде бір халыққа нулы орман,шұрайлы өріс пен кең өзендер,өзгелеріне әдемі таулар мен көгілдір көлдер береді.Қазаққа тек кең дала тиді.Қазақ бұған өкпелеп,Жаратушыдан табиғат әсемдігінен де бір бөлшегін беруді сұрайды.Сонда Жаратушы өзінің қоржынында қалғанын алып шығып,шетсіз-шексіз далаға әдемі таулардың, таза,көгілдір сулы көлдердің қалдықтарын шашып тастады, оған қоса гүлге оранған жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да береді.Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төсеп,оның ішіне аң-құстар,көлдерге-балық,жасыл шөпке жан-жақта кездесе бермейтін жәндіктер мен көбелектерді жібереді. Осылайша, Бұрабай дүниеге келеді».
Оның ең жоғары нүктесі-Көкшетау тауы.Одан оңтүстікке қарай Шортан төбешіктері орналасқан, оның ішінде ең үлкен «Жеке батыр» деп аталады.
Бұрабай көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес.Олардың саны көп.Ормандардың жасыл бетінде Шортанды,Бурабай, Үлкен және Кіші Шабақты, Қотыркөл жарқырап жатыр.Көкшетау қырынан тағы да кіші көлдері:Ашық,Табан,Таулы,Аққулы көлдері көрінеді, Бурабайдың ең көрнекі орны- «Бұрабай» атаулы көгілдір шығанақ.
1.Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып қандай аудан бар?
2.Географиялық тұрғыдан және жол көрсетушілер оны қалай деп атайды?
3.Жаратушы әлемді жарату кезінде халықтарға не берген?
4.Қазаққа не тиді?
5.Жаратушыдан табиғат әсемдігінен не беруді сұрайды?
6.Сонда Жаратушы өзінің қоржынында қалғаның алып шығып, не істейді?
7.Оған қоса не береді?
8.Тауларға түрлі түсті не төседі?
9.Осылайша не дүниеге келеді?
10.Оның ең жоғары нүктесі қандай тау?
11.Одан оңтүстікке қарай қандай төбешіктер орналасқан?
12.Оның ішінде ең үлкен төбешіктер қалай аталады?
13.Бурабай көлдерінің саны қанша?
14.Ормандардың жасыл бетінде қандай көлдер жарқырап жатыр?
15.Көкшетау қырынан тағы да қандай кіші көлдер көрінеді?
16.Бурабайдың ең көрнекі орны не?
4 белгі – сын тұрғысынан сұрақ. Ауызша орындау
1. Қазақстанның оңтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан Көкшетау бар (жоқ)
2. Географиялық тұрғыдан бұл жер « Маңғыстау қыраты» деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны « Қазақстандық Швейцария» деп атайды.ЖОҚ
3 Жаратушы әлемді жарату кезінде бір халыққа тек орман береді. Жоқ...
4 Қазаққа тек кең дала тиді.Иә.......
5 Сонда Жаратушы өзінің қоржынында қалғанын алып шығып,шетсіз-шексіз далаға әдемі таулардың, таза,көгілдір сулы көлдердің қалдықтарын шашып тастады, оған қоса гүлге оранған жап-жасыл көк, салқын сулы бұлақтар мен күліп аққан қайнарлар да бермейді.Жоқ...
6 Тауларға түрлі түсті ағаш пен бұтақтардан өрілген кілем төсеп,оның ішіне аң-құстар,көлдерге-балық,жасыл шөпке жан-жақта кездесе бермейтін жәндіктер мен көбелектерді жібереді.Иә,....
7 Осылайша, Бұрабай дүниеге келеді. Иә,...
8 Оның ең жоғары нүктесі-Алатау тауы. Жоқ
9 Онда солтүстікке қарай Шортан төбешіктері орналасқан. Жоқ
10 Арал көлдері туралы айтпай кету мүмкін емес. Жоқ.
11 Олардың саны көп. Иә
12 Бұрабайдың ең көрнекі орны Оқжетпес атаулы көгілдір шығанақ
13 Көкшетау үстінен тағы да кіші көлдер:Ашық, Табан, Таулы, Аққулы көлдері көрінеді.
5. белгі – тақырыптық сөздік қор (5 минут уақыт беріледі). Жазбаша орындау
IV. Бекіту кезеңі.Кім 4-5 алды үй тапсырма жоқ
Ал қазір сіздерге келе жатқан мейрам қарсаңында муз.сәлем сыйлаймыз
Үй тапсырма:Табиғат туралы шағын шығарма жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ---R@ZOR---MOLOT
Просмотров: 1643 | Загрузок: 24 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 1:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru