Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

КІРІСПЕ
2015-03-04, 5:25 PM
Амантаева Дюсенкуль Жунусбековна, учитель казахского языка и литературы КГУ"Общеобразовательная школа № 25" г. Сатпаев Карагандинской области
КІРІСПЕ

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемінің бірі - Ахмет Байтұрсынұлы еді.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет ете білген.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері,әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 жыл толған мерейлі жыл.
Ол заман қилы заман еді. Түркі әлемі үшін де ол ғасыр қайғы мен қасіретке толы болды. Бірақ елі үшін туған арыстар қай кезде де ұлты үшін отқа түсетінін тарих баяғыда дәлелдеген. Соның жарқын мысалы — алаш арыстарының қажыр-қайраткерліктері. Сол заманның ең өзекті мәселесі — түркілік болмысты сақтай отырып, өз мәдениетімізбен өркениетке қалай жетуге болады деген көкейкесті сұрақтың жауабын табу еді.
Жедетшілдік ағымның ірі тұлғасы Абай, Абдолла Тоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов сынды тұлғалардың салған сара жолдары түркі ұлысына жаңа тыныс алу жолдарын ашты.
Ыбырайдың, Абайдың, Ахметтің, қалыптастырған ізгілік жолдарын бұл ғасырда да жалғастырып жатқан абзал азаматтарының бар екенін көріп, болашаққа үмітпен қараймыз.
«Орнында бар оңалар» дейді қазақ даналығы. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін құнды еңбектер жасаған қайраткерлерді үнемі дәріптеп отырудың маңызы зор».

БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АХМЕТ мемлекет қайраткері, акын, публицист, ғалым, ағартушы.
Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді.
Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882—1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.
1886—1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891—1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынов 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды.
1895—1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жаткан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады.
Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді.
1913—1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халык өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынов қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазакстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұстальш, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтьш оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады
А.Байтұрсынұлының есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді. Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол оз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде таңылды.
Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Ғалым қазақ тіл грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі. Сондықтанда біз Байтұрсынұлын -қазақ тіл білімінің қалаушысы деп айта аламыз.Ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын (графикасын) жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші-сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің граматикалық құрылымын ана тілінде талдап беру Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді.Ахметтің қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін (фонетика), сөз жүйесін (морфология), сөйлем жүйесін (синтаксис) қалыптастырып шығарған "Ахмет Байтұрсынұлының 1928 жылы Қызылордада жарық көрген екі екі бөлімнен тұратын екі кітапты «Тіл жұмсар» деген еңбегі белгілі Жазу таңбаларын үйрету амалдарын түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылы жарық көрген.Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. "Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. "Өнердің ең алды – сөз өнері саналады. "Өнер алды – қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады.

Ахмет Байтұрсынұлының елі үшін, халқы үшін жасаған еңбегі бағаланбай қалмақ емес,қазақ ұлты, ұлт зиялылары осыдан 80 - 90 жыл бұрын берілген бағалар әлі құнын түсірген жоқ.
1923 жыл Тәшкеннен Орынборға жолданған «Ақ жол », «Шолпан » басқармалары, Түркістан халық ағарту комиссарлығы, Кырғыз білім комиссиясы қазақ студенттерінің телеграммалық лебізінен Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне берілген аласыз зор баға жатыр.
Елім деп, ұлтым деп, халқым деп өткен есіл ер Ахмет Байтұрсынұлы туралы кезінде замандастары былай деген: «Ақаң ұлт тілінің көзін ашпағанда, әлдеқашан ескі елдігімізден айырылып, қоңысы кент ағайындардың біріне табынып, таңбадан айырылып кететін едік. Қазақтың дыбысына сөзіне арнап әліппе шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді ескерген адам болмай, қазақ құлшылықа кез болғанда, бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді...».
Ал, Сәкен Сейфуллин болса 1923 жылы 30 қаңтарда «Еңбекші қазақ» газетінде жариялаған мақаласында былай дейді: «А Байтұрсынов қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шықан, өз заманынында арам қулықты атарман – шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлықа шыдап, құлдықа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған Ахмет еді».
Ал енді, Ақаңның тікелей өз шәкірті, рухани жалғасы болған Мұхтар Әуезов - «Сол оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шықан көсемі болған Ахмет Байтұрсынұлына арналған тұңғыш той ой ойлаған қазақ баласының жүрегіне жылы тиетін қуанышты істің бірі. Әркімнің қалғыған сезімін оятып, өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі ірісі»,- дей келіп,- «қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз дүниесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ол екпін, ұйқтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып талай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейндетті мойнына міндет қылып алған Ақаңның екпіні болатын», деп бағалайды.
А. Байтұрсынұлына М. Әуезов тағы да былай баға берген: «Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың рухани көсемі».
1923 жылы Түркістан республикасы Орталық Атқару Комитеті мен Орталық Партия Комитетінің газеті «Ақ жол» А. Байтұрсыновтың елу жасқа толуына орай төмендегідей баға береді : «қазақтың дыбысына, сөзіне арнап Әліппе мен Әріп, тіл һәм оқу құралдарын щығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ахаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген, бостандықа жол көрсеткен Ахаң еді»
Қазақ əдебиеті мен мəдениетінде келер ұрпаққа тағылымды терең із қалдырған педагог-ұстаз, ғалым, əдебиетті зерттеуші Қайым Мұхамедханұлыөз ойын былай жеткізеді:«Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген - Ахмет Байтұрсынов».
Ахммет Байтұрсынұлын үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ қауымы көшінің рухани басшысы етіп танытқан – оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы – ағартушылық идеясы болды.А. Байтұрсынұлының барлық ісі бір төбе, ұстаздығы бір төбе. Өйткені ол жай ғана мектептік шәкірт ұстазы емес, ұлт ұстазы. Бүкіл ғұмыры, барлық еңбегі мен қарекеті ұлт санасын тәрбиелеуге, жатын жаңғыртып, ширатуға, ілгері бастауға арналған. Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахмет Байтұрсынұлы ұстаздық ғылымы мен тәжірибесіндегі өз орнына тұрды. Бұл істе Ахмет Байтұрсынұлы алдында адам бар. Ол Ыбырай Алтынсарин. Ол Ахаңа жол салған адам. Ахаң ұлттық оқу – ағарту саласындағы істерде Ыбырай соқпағын жолға айналдырған, ғылымға түсірген ,тәрбиедегі ұлттық рухтың үстемдігін мұрат тұтқан кісі.
Ыбырай Алтынсарин кирилше негізіндек әліпби құрастырып,оқулықтар жазса, Ахаң ұлттың түпкі мүддесінде Ресейден бөлініп тәуелсізденуіне жетуін ойлай отырып, ұлттық әліпбиді араб таңбасына негіздеуді жөн көрген.
Ыбырай Алтынсарин мен Ахметте ұқсастық көп. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы ... Біздің барлық үмітіміз қазақ халқының келешегі осы тек осы мектептерде», - деп жазса бұл ойды Ахмет Байтұрсынұлы «Мектеп жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы», - деп әрі қарай жалғастырып, іс жүзіне асырды. 1895 жылы педагогикалық училищені бітірісімен, ұстаздық жолға түсті. Қалың ұйқыдағы қазақ халқын маса болып ызыңдап, санасына білім құю арқылы оятуды алдына мақсат етіп қойды.
Ағартушылық қызмет атқара жүріп, оқу-білім, мектеп,оқулық, оқу жүйесі, мұғалім жайында көбірек сыр толғады. Оқу-ағарту идеясы – Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі еді. Оған итермелеген- оның туған халқының тағдырын ойлаған қам- қарекеті.ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамы жатқан отар ел болатын.Халқы үшін сол кезде бебеу қаққан ойшылдардың көзімен көріп, сөзімен айтқанда, бұл тұстағы қазақ халқы «көгі қараңғы, көңілі ұйқылы, еспесі жоқ қайығы қалтылдақ, малы талауда, жаны қамауда» болған «қайран ел, қайран жұрт» еді. Қазақ халқын әлеуметтік теңдікке, азаматтық мәдениетке жеткізетін, амал- әрекеттің бастысы «түгел қазақты» сауатты етіп, көзін ашу, «наландық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты», дей келіп, ел мен елді,ұлт пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қояды. «Оқу жайы» - деген ашық хатында: «Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығығын, кейін қалудың себебін оқудың кейіндігінен көріп тұрмыз. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші». Ахмет Байтұрсынұлы өнер – білімнің орнын осы ашық хатында былай көрсетеді: «Бұл заманда қолы жеткендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін – өнер-білім, сол өнер - білімге мезгілі өтпей тұрғанғда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік. Біз де өз алдымызға бір жұрт екенімізді білдірер едік». Сонымен қатар адам өмірінде ғылымның алатын орнын «Осы замандағы жан таңқаларлық нәрсенің бәрі ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызып , балықтай жүздірген ғылым Дүниенің бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі бұрын осылай болмаған. Бұлар да басында біздей, бізден де өнерсіз болған. Халық жүре оқып, талаптана келе осыншамаға жеткен». - деп ғылымға –ілімге ешқашан кеш емес екенін, біздіңде, яғни қазақ халқының қолынан келетінін білдіреді. Бұл бағытта жазылған, бірі-бірімен сабақтас мақалалар өте көп.Халықты ағарту мектептен, баладан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ балаларының әйтеуір көзі ашылып, сауатты болуын, ғана емес, тек ана тілінде сауаттануын, содан соң барып өзге ұлт мәдениетіне, тіліне қол созуды принципті талап етті.Оны«Оқу жайы» (“Қазақ”, 1913, № 11) мақаласында өз кезіндегі мектептер ісін тиянақтай отырып, сол тұстағы Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайды, әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, әл әрбір үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат таныды деген дерек келтіреді. «Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жолы жоқ, салған мектептер жоқ,мұғалімдерге арналған айлық жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимун (педучилище) жоқ” деп күйзеледі. Мұның үстіне автор қазақша, орысша, екі тілде білім алу жүйесін ерекше қолдап, «жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын »деп дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік шарттары алға міндет етіп қойып отырған терең білім беру принциптерімен үндес тұжырым жасайды.
А. Байтұрсынов республикадағы мектептердің әр түрінің көбеюі мен оқушылар санының өсуіне зор жағдай жасап, оны өзінің қатаң бақылауында ұстаған. Қазақ мұғалімдерінің қатарын толықтыру үшін жаңа мұғалімдерді дайындау мен қатар байырғы мұғалімдердің өздерін қайта дайындықтан өткізіп, білімдерін жетілдірген. Осы мақсатта уездер мен губерниялардың бәрінде қысқа мерзімді және екі жылдық мұғалім дайындайтын курстарды ашты. Бұл курстарға қазақ жастарын көптеп тартып, оларға стипендия төлеген.
Ауыл мәдениетінің кенжелеп қалғанын ескерген А. Байтұрсынов Комиссариат нұсқаушыларын шалғай ауылдарға іс сапармен мектептер, сауат ашатын орындар мен қызыл отауларды ашуға жіберген. А. Байтұрсыновтың басшылығымен комиссариат педкурстардың қызметі мен жағдайын зерттеу үшін анықтама парақшаларын жіберіп, бірінші басқыш мектептерінің мұғалімдерін дайындау үшін ашылған қысқа мерзімді 4 айлық педкурстар мен мектеп нұсқаушыларының 2 айлық курстарының бағдарламалары мен есеп жүйесін жасаған. Мамандардың тапшылығына байланысты А. БайтұрсыновХалық Ағарту Институттары мен педагогтар дайындайтын арнаулы орта оқу орындарын ашқан. 1921 жылдың бірінші шілдесіне қарай республикада төрт Халық Ағарту институтын іске қосты.
А. Байтұрсынов 1920 жылы Орынборда ашылған үлгі-тәрбие мектеп-коммунасының жанынан интернат ашқан. Алғашқы жылдары бұл бастауыш мектеп болды, кейін оны жеті жылдық үлгі-тәрбие мектебі етіп қайта құрды. Оны ауыл шаруашылығына бейімделген үлгі-тәрбие мектебіне айналдырған. Мектепті Академиялық Орталықтың тәжірибелік жұмыс орталығына айналдырады. Мектеп-коммунасында қазақ кедейлерінің, Қызыл Әскердің, кем-тар адамдардың балаларын 10 жастан қабылдап оқытқан. Ал жетім балалар мектептің интернатында ешбір ақысыз оқып, үкімет қамқорлығында болды.
1920 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиумының мәжілісі А. Байтұрсыновқа жіберген қатынасында РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы құрамы аз ұлттарды ағарту бөлімі Қазақ Республикасын мекендейтін халықтардың мәдени-ағарту қызметі туралы очеркін құрастыруға қатысуын міндеттейді. Бұл тапсырманы орындауда Орталық Атқару Комитеті Комиссариаттардың өкілдерінен тұратын арнайы құрылған комиссияның мүшесіне А. Байтұрсыновты енгізеді. Президиум алдындағы жауапкершілікті Халық Ағарту Комиссары А.Байтұрсыновқа жүктеген. А. Байтұрсыновтың ыждағатты бақылауының арқасында не бары үш ғана оқулық - әліппе, грамматика, арифметика оқулықтары шықты, бұлардың жалпы таралымы 178 мың дана ғана болды. Бұл оқулықтардың бір бөлігі Қазақстанда, бір бөлігі Қазанда басылды. Басылған оқулықтардың таралымы аз болғандықтан, мектептердің болмашы қажеттігін де өтей алмаған.
Халық Ағарту Комиссариатының қызметі 1921-1922 жылдардағы аштық кезеңіне тап болғандықтан, комиссариаттың жергілікті орындармен байланысы үзіліп, Өлкедегі ағарту жұмысына басшылық ету күн өткен сайын қиындай түскен. Қаржы-қаражат пен басқа да қажеттіліктердің жетіспеуі өсіп келе жатқан мектеп жүйесінің қарапайым сұраныстарын қанағаттандыра алмаған. Орныққан жағдайдан шығу үшін А. Байтұрсынов комиссариаттың жергілікті бөлімдеріне арнап қабылдаған қаулысында аштыққа ұшырағандарға көмек көрсетуге шақырған.
Қазақ АКСР Халық Ағарту Комиссариатының жанынан арнаулы ғылыми бөлім – Академиялық Орталық болып 1923 жылы қайта құрылды. Ғылыми мекеменің төрағасы етіп А. Байтұрсыновты бекіткен. Ал, революциядан бұрын жазған еңбектердің басым көпшілігінің негізгі идеясы ағартушылық, демократтық, прогрестік биік нысана, олар біздің азаматтық, рухани дамуымыздағы маңызды, мәнді кезеңдер шындығын ашады, бірқыдыру ойлар, пікірлер дәл қазіргі уақытқа қызмет ететінін көруге болады.
Ахмет Байтұрсынов бай педогогикалық мол мұра қалдырды.
Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады.Олардың заңдылықтарын анықтайды.
Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді.
Педогогика ғылымы философиялық білімді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.

Қорытынды
Жеке тұлғаның қоғамның дамуы мен тарихи үрдістерінде ерекше орын алатыны анық. Әрбір дәуірдің мәні мен ерекшелігі жеке тұлғалар арқылы анықталады. Отандық тарихта өзіндік орны бар қоғам, мемлекет қайраткерлерінің бірі - ХХ ғасыр басындағы А. Байтұрсыновтың өз халқын ұйқыдан оятып, бостандық, теңдік және туысқандық жолына салу үшін жүргізген жанпида күресі келер ұрпақты патриоттық тәрбие беруде үлгі болмақ. Екіншіден, бүгінгі күнде Ахметтің азабы мол еңбегі азаматтықтың биік үлгісі ретінде қазақ елінің тарихын қайта жаңғырту үстінде. Үшіншіден, ұлы қайраткер күрескердің еңбегін мүдірместен демократиялық дәстүрлерге берік бүгінгі қазақ, Қазақстан Республикасы зиялылары қайталайтындығына біздің ешбір күмәніміз жоқ.
Біз Ахмет Байтұрсынұлы әлі күнге ұлт ұстазы ретінде тани алмай келеміз, айтамыз да қоя саламыз.
Ахаңды сөз еткенде әдебиетші өз жағына, тарихшы өз жағына, қоғам қайраткері өз жағына, басқа саланың маманы өз жағына тартады. Осының өзі-ақ көрсетіп тұрған жоқ па Ахмет Байтұрсынұлының кім екенін. Ол кісі — халыққа қажет саланың бәрінің ортасында жүрген қайраткер. Ол журнал ашып қана қоймай, оқулықтар жазған. Ол оқулықтардың барлығын санамаласақ, 200-ден асып кетеді. А. Байтұрсынұлы сонымен қатар Жүсіпбек, Мағжандарға оқулықтар жазуына ұйытқы болған. Ол өзі алғаш іргетасын қалаған «Қазақстан мектебі» журналы 1925 жылдан 1991 жылға дейін қазақтілді педагогикалық жалғыз журнал болып келді.
Бұл — білім беру жүйесінің шежіресі іспетті журнал. Бұл журнал ашылғаннан кейін тек мұғалімдер үшін ғана қызмет еткен жоқ, бүкіл ұлтымыз үшін, қазақ қоғамы үшін қызмет етті.
Сәтбаев, Әуезов сияқты қазақ зиялыларының дені халыққа айтар сөзін «Қазақстан мектебі» журналы арқылы таратып отырды (Ол кезде атаулары «Жаңа мектеп» т.б. болып өзгеріп отырған). Сол журналдардың бетінде ол кездегі қоғамдағы бар мәселе ұшырасады.
Ахмет Байтұрсынов еңбектерімен танысу барысында біздің көзіміздің анық жеткені А. Байтұрсынов туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген мұраның көптігі.
Ұлы ұстаздың тіл, әдеби мұрасын, түпсіз қазына іспетті ағартушының күрделі өмірі мен саяси қайраткерлік, мемлекеттік қызметтерін зерттей түседі деп сенеміз.

Пайдаланылған әдебиет
1. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
2. Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2
3. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
4. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса – Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
5. «Қазақстан »: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
6. «Әлем» Алматы -1991 ж. Бас редакторы Ақселеу Сейдімбеков.
7. «Ана тілі» газеті . 2003 ж.
8. «А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі» Диссертация Тұрғараева.Г
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Полина9724
Просмотров: 954 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru