Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

М.Жұмабаев «Сағындым» өлеңі
[ Скачать с сервера (505.6 Kb) ] 2015-03-10, 11:58 AM
Қазақ әдебиеті Күні 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Сағындым» өлеңі
Оқу мақсаты: Ақынның өмір жолы мен шығармаларын байланыстыра отырып, “Сағындым” өлеңінің негізгі идеясын ашу.
Міндеті: Оқушылар Мағжан Жұмабаевтың өмірімен, шығармаларымен танысады.
«Сағындым» өлеңінің мазмұнын толық меңгереді.
Түйінді идея: Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің негізді идеясын білу.
Күтілетін нәтижелер: А. - Мағжанның ақындық ерекшелігіне тоқталып, Мағжан өмірі мен “Сағындым” өлеңінің байланысын ашады.
В.-Өлеңді шығармашылық тұрғыдан талдауға машықтанады.
С.- Жұптаса, топтаса жұмыс жасауға, бірін-бірі бағалауға үйренеді, тыңдауға үйренеді.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың формасы: Жұптық, топтық, жеке, ұжымдық жұмыстар
Керекті жабдықтар Бейнепроектр, плакаттар, маркер, суреттер, жұмыс дәптері, Мағжан Жұмабаевтың портреті, оқулық, интерактивті тақта,
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу; Амандасу тренингі
2. Оқушыларды топқа бөлу: (1 мин)
3.Топқа бөліну.(жыл мезгіліне байланысты)
Сабақ кезеңдері Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Кіріспе І. Үй тапсырмасын пысықтау. 5мин
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
-Үйге М.Жұмабаевтың « «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын қарасөз түрінде айту , қыстың суретін салып келу
1. М.Жұмабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. «Қысқы жолда» өлеңі не туралы айтылған ?
Топ басшылары бағалау парағымен бағалайды ; Бағалау парағы
1.Үй тапсырмасына дайындығы
2.Жаңа тақырып мазмұнының ашылуы
3.Қойылған сұрақтарға жауаптарының толықтығы
4.Пікір айту дағдысы
5.Топта өз идеясын қосуы Зейін қою жауапкершілікті сезінуі

Жеке жұмыс

Тұсаукесер ІІ. Қызығушылығын ояту Ой қозғау 5мин
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін
Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?
1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындық үн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағытталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.
2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?
2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін...Мағжан культурасы зор ақын...Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.
3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.
Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.
Мұғалім: Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ.
1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)
2. «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»
(Ғ.Ибрагимов) Білу, түсіну аясында сұраққа жауап береді.

Мадақтаулар: Өте жақсы, жарайсыздар!
Негізгі бөлім Мәтінмен жұмыс /МИҒА ШАБУЫЛ/
1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» тереңірек тоқталғанбыз, ақын лирикасының тақырыптары сан алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры , адамгершілік, шынайы махаббат т.б. Бүгінгі жаңа сабағымыз туған жер, атамекен тақырыбына байланысты М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңімен танысамыз.
Бәріміз тақтаға назар аударайық.
Электронды оқулық 3мин
Жаңа сабақты топта талқылау.

ІІІ. «Кітап – досың, ақылшың»5мин (Оқулықпен жұмыс)
1.Ақынның идеясы, өлеңдегі көзқарасы?
2.Ақын кімдерді, нелерді сағынды?
3.Ақын абақтыға кімдер үшін түсті?
4.Ақынның қайтпас, қайсар мінезін өлеңнің қай тұстарынан тануға болады ?
ІV. Зерттеу (постер арқылы қорғау) Екі жұлдыз, бір ұсыныс. 7мин
«Сағындым» өлеңін талдап, өз ойларын постерге жазып қорғайды. Төрт топқа әртүрлі тақырыптар беріледі.
І топ Ана, өмірдің алтын кілті сенде ғана
ІІ топ Туған елін сүйе алмаған,
Сүйе ала ма туған жерін
ІІІ топ Досы жақсының -өзі жақсы
ІV топ Бостандық- тәуелсіздік нышаны.

V. Өлеңнің бір шумағына талдау жаса 3мин
Абақтыда// айдан, күннен //жаңылдым, -а
Сарғайдым ғой,// сар даламды// сағындым. -а
“Қарашығым,// құлыным!” деп //зарлаған -б
Алыстағы// сорлы анамды// сағындым -а
Өлең жолдарында қандай сөз көп қайталанды? Өлең жолдарынан синоним сөздерін тауып жазыңыздар.
Сергіту сәті. 1минутта сағындым сөзінен бірнеше сөз шығару.Көп сөз жазған оқушыға қол шапалақтау. Дәптерлерін ашып, күннің ретін,
тақырыбын жазады.

Оқушылар топта талқылайды.

Екі жұлдыз, бір ұсыныс. оқушылар ресурстағы мәтінге талдау жасайды, сұрақтарға жауап береді, топта талқылайды.

Оқушылар ұйқас, шумақ, буын, тармақты табады.

Қол шапалақтау.
(3 рет қол соғу).
Қорытынды VІ Шығармашылық жұмыс. 10мин
«Мағжан -елін сүйген патриот ақын» (шағын шығарма)

Семантикалық картамен жұмыс.

Мен білетін Мағжан ата... Сағындым өлеңінің мазмұнына сай мақалдар жазу. Салыстыру.






Қорытынды. Оқушылардың көзқарасы



Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.
Мағжан бойындағы бүкіл қасиет – оның поэзиясында.
Ақын айтқан осы қасиеттің бәрі Мағжан бойында бар екеніне көзіміз жетті. Шығармашылық жұмыс арқылы өз ойларын жазады.

Оқушылар семантикалық картамен жұмыс істейді.
Смайликтермен немесе фишкалармен
тақырыпты ашуы, өзектілігіне қарай бағаланады..

Бағалау Топ басшылары бағалау парағымен бағалайды.
Бағалау парағы.3мин
1.Үй тапсырмасына дайындығы
2.Жаңа тақырып мазмұнының ашылуы
3.Қойылған сұрақтарға жауаптарының толықтығы
4.Пікір айту дағдысы
5.Топта өз идеясын қосуы Неліктен мұндай баға қойғаны туралы өз ойларын айтып шығады.Кері
байланыс.
Рефлексия

Үй тапсырмасы Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? 2мин
Қандай әсер алдыңдар.
1.М.Жұмабаевтың“Сағындым” өлеңіндегі өзіңді толқытып, тебіренткен жыр жолдарын жаттау.
2.Сағындым» өлеңін басшылыққа ала отырып, өзіңнің анаңа деген сағынышыңды әңгімелеп жазыңыз. Қысқаша сипаттама жазады.

Астана қаласы
Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:

М. Жұмабаев. «Сағындым» өлеңі

Пән: қазақ әдебиеті
Орындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Айтакова Анар Бекболатовна
Сынып: 5 «А»

Астана
2015 ж
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: анар9740
Просмотров: 2298 | Загрузок: 27 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:56 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru