Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ХІХ ғасыр ақын-жазушыларының демократтық көзқарастары (Шоқан, Ыбырай, Абайдың демократтық көзқарасы)
[ Скачать с сервера (18.1 Kb) ] 2015-03-12, 11:15 AM
ХІХ ғасыр ақын-жазушыларының демократтық көзқарастары
(Шоқан, Ыбырай, Абайдың демократтық көзқарасы)

«Біздің заманымызда халықтың нағыз
мұң-мұқтажына тікелей қатысы бар,
халыққа ең маңызды, ең керекті реформа - экономикалық және әлеуметтік реформа»
Шоқан Уәлиханов.

Өткен дәуір белесінің кейінгі ұрпаққа қандай да болсын мирас қалдырары ақиқат. Ал ондай мирастың қаншалықты құнды екенін білу үшін ұрпақ кешегі өткен заманмен тыныстап, оның тарихына әбден сіңісуі керек. Сол арқылы өткені мен бүгінін салыстырып, оның бұрыс жақтарын сыпырып тастау арқылы қоғамды алға жетелеуі қажет. Бұл процесс өткен мен кеткенді жыр қып айта беруде емес, содан сабақ алып өз ортасын заманға сай, қолдан келетін барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы іске асырылуы тиіс. Мәселен, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет өкілдері Шоқан, Ыбырай, Абай да зар заман ақындарының негізгі жырлап өткен идеясын түсінді, одан дәріс алды:
Зар, зар заман, зар заман,
Зарлап өткен бір заман,
Азулығы бар заман,
Азусызға тар заман, -деген жоқ,
олар:
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,
Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек, -деп,
сөзден іске көшу керек екендігін түсіндіріп:
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық, -деді.
Әрине, зар заман ақындарына «білімге шақырмады» деген айып тағу біздің тарапымыздан үлкен қате болар. Себебі, Олардың кезінде медресеге, школға барып оқу дегендер болған жоқ. Ал егер олар да Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты жас кезінен медреседе білім алып, орыс-шығыс әдебиеті мен мәдениетімен танысса, олардың да өнер-білім, ғылымға бір ауыздан шақыратыны ақиқат болар еді. Тіпті, олардың кезінде орыстармен араласу, танысу деген болмады. Олар орыстардың барлығын қатыгез, отарлаушы, қанаушы халық деп ойлады. Неге солай ойламасқа? Егер көрген орысының барлығынан зорлық-зомбылық қана көріп, басқа қасиеттерін байқамаса...
Міне, осыны терең ұғынған Шоқан, Ыбырай, Абай да заманның өткенге оралмайтынын біліп, жаңа дәуірге жаңа қадаммен аттады. Олардың бір ғана мақсаты болды. Ол мақсат - халқын алға жетелеу еді. Ал осы мақсаттарына жету үшін олар халықты өнер-білімге шақыру керек деп ұқты. Шоқан: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»,-деді.
Ол Кадет корпусында оқып жүріп, өзіне көптеген дос тапты. Солармен араласып жүріп білімін жан-жақты дамытты. Шоқанның білімді әрі білікті қазақ екенін аңғарған орыс зерттеушілері ол туралы мынадай естеліктер жазып қалдырған: «Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен секілді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік» (Г.Н. Потанин).
Қырықтан қыр аспаса да жиырма жеті жасында кемеліне жеткен Шоқан заманауи саясатты түсініп барып, елінің рухани ауылдан тым қашықта жатқанын көріп,оның жағдайын түземек болды. Бұл үшін Шоқанға патша үкіметінің саясатымен жете танысуы қажет болды. Елінің қазірі мен болашағын ойлаған Шоқан енді саясатқа араласты. «сот реформасы туралы жазбалар» атты еңбек жазды. Реформада халқының қамын ойлаған Шоқан бейнесі анық көрінді. Ол бұл еңбегінде патша үкіметінің Ресей өлкесі мен сонда мекендейтін барлық көшпелі халыққа арналып шығарылған «Сот реформасы» туралы заңынан хабардар екенін айта келіп, оның қазақтарға және басқа да көшпелі халыққа ешбір пайда әкелмейтінін ескертеді. Бұл Шоқанның сол кездегі саясатты еркін меңгеріп, орыс үкіметінің заң мен законын білгендігін көрсетеді. Соның бәрін жетік меңгерген Шоқан халқының қиын-қыстау кезіндегі жағдайын патша үкіметіне таныстыра отырып, оған жанашырлық танытуын және қазақты «қара халық» деп менсінбей, оларға селқос қарайтын облыстық бастықтардың жұмысын тексеру туралы да айтады. Жаңа өмірге жаңашыл көзқараспен қараған Шоқан еңбектерінің барлығы да қазақ елінің болашағы үшін істелген нәрсе. Шоқан өз елін ғылым мен білімнің күші арқылы қорғады. Халық бұрын-соңды білмеген жаңа қырларды ашты. Ол – этнография, зерттеу, саяхаттау сияқты жаңа бағыттарда көрініс тапты. Шоқан не істесе де халқы үшін істеді. Бұған өзінің аға сұлтан болуды ойлаған кездегі сөзі дәлел: «Мұндағы мақсатым – өз халқымды әкімдер мен зрлықшыл бай қазақтардан қорғау еді», - деді. Осылайша, Шоқан бүкіл Ресейге өзі мен өзінің халқынан білімді азаматтың шығатынын мойындатты. Себебі, Ф.М. Достоевский: «...Мен сізге ғашықпын... Өз Отаныңыздың ағарту жолындағы іздеушісі болуыңыздың өзі қандай игілікті. Еуропаша толық білім алған ең бірінші қазақ екеніңіз есіңізде болсын...», -десе, Г.Н. Потанин: «Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол «Еуропаға ашқан терезе» секілді болды», -деді.
Демократтық көзқарас сындай толқындардан байқала бастады. Енді бұрынғыдай халықты білектің күші, найзаның ұшымен емес, біліммен қорғау қолға алынды. Шоқан әкелген жаңашыл бағыттарды игеру үшін жастарға білім алу керек болды. Ендігі кезекте қазақ жастарына өнер, білім, ғылым керектігін түсінген Ыбырай алғаш рет қазақ даласында қоңырау үнін шарықтатып:
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар, - деді де,
даланың дара ұстазы қазақ балаларын мектепке шақырды. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық шығарды. Енді балалар бұрынғыдай молданың сабауында өспейді, кітап оқып рухани өседі. Бұл да балаларды жаңа заманның ағымына бұру еді. Қазақ даласындағы осы кезең, қараңғыда жатқан халыққа білте шаммен жарық түсіргендей бейне берді.
Ыбырай өлеңдері, тәрбиеге қаныққан әңгімелері балалардың рухани өсуіне керекті ең басты құралға айналды.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды ,
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, - деп, Ыбырай қазақтардың өнер-ғылымнан кенде қалғанына налыды. Жастарды білімге құмарлық танытуға шақырды.
Ыбырай әңгімелерінің барлығы тәрбие мен өнегеге тұнып тұр. Ыбырайдың насихаттауынша, қандай қоғам болмасын одан тысқары қалып қалмай, онымен селбесіп тіршілік етуі қажет. Мысалы, «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесінде Ыбырай жаңа еңбек түрін, яғни бизнесті айқындайды. Әңгімеде отыз үй кедейді бай қылған Қыпшақ Сейтқұлдың айырбас арқылы табан ет, маңдай терін төгіп еңбектенуі арқылы жұртының қандай дәрежеге жеткені сөз болады. Осыдан-ақ Ыбырайдың ХІХ ғасырда өмір сүріп, бүгінгі, ХХІ ғасыр адамдарының айналысатын еңбек түрін сөз қылуы, оның зеректігін көрсетеді.
«Талаптың пайдасы» әңгімесінде талаптың адам өміріндегі маңызды рөл атқаруын, оны ұштау қажеттігін айта келіп, Ыбырай әр адамның қолынан жақсы бір іс келетіндігіне кәміл сендіреді.
Міне, Ыбырай әңгімелерінің барлығы адамның ізгі қасиеттерін тудырып, жаман қасиеттерінен айырылуына көмек береді. Ыбырай тәрбие арқылы адам бойындағы жақсы қасиеттер дамиды, тәрбиесіз алынған білім білім емес дей келе: «Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым. Мұнан сен өзің ғибрат алсаң болады. Сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, жақсы түзік боп өсерсің. Бағу-қағусыз кетсең, сен мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің», - деп, ата-ананың балаға берген тәрбиесі баланың болашағына жол ашады, өмірлік тәрбие ата-анадан көрген тәрбие деп, жастарды білімге, тәрбие арқылы өмірде өз орнын табуға шақырады.
«Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Басқамен озамын дегендердің бәрі ақымақшылдық», - деген Абай:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,- дейді.
Мұнысы, ғылымды игермей жатып, бос мақтанға салынуды ақымақшылдық деп таниды. Ал:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деу арқылы,
Абай «өлшеніп берген өмір бар, уақытыңмен жүргейсің»,-деп, өз қателігін қайталамауға, керісінше өз қатесінен сабақ алуға шақырады.
Енді, білім алып, тәрбиеленген жастың сол жолдан таймауы үшін Абай:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз...
...Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз, - деп, адам болуға шақырады.
Ал адам болу үшін ең алдымен «жақсы мен жаманды айыра білетін ақыл иесі» болуы керек емес пе ?
«Өмірдегі ең қиын мамандық – адам болу». Сондықтан болар, Абай:
Атымды адм қойған соң,
Қайтіп надан болайын ?
Халқым надан болған соң
Қайда барып оңайын ? – деп, жүректегі сырын ақтарады.
Расында «адам боп туу оңай да, адам боп қалу көп қиын». Міне, Абай осыны айтады. Адам болу үшін «ғылым, білім, жақсы ата-ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбы-құрдас» керектігін тағы айтып өтеді.
Өмір – теңіз, ал оның әр өткен ғасыры – толқын. Сол толқындардың бірінен кейін бірінің келуі өмір заңдылығы. Артқы толқынға қарап, әр адам өзінің тарихын біледі. Бүгінгі ұрпақ дүниеге келіп, бақытты күндер кешкені үшін аға ұрпаққа қарыздар. Ал ол қарыз тек қоғамын алға жетелеп, өрге шығарған кезде ғана өтелінеді. Міне, кешегі Шоқан, Ыбырай, Абай бізді өрге шығарып кетті, өз ата-бабасының сенімін ақтап қарызынан құтылды. Өткеннен дәріс алған олар, өз дәуіріне жаңа таныммен қарады. Бақытты, азат күн кешу үшін ең алдымен білім керек деп ұқты. Шоқанның артынан ерген қазақ жастары дұрыс жол тапты. Олардың алдынан Ыбырай шығып мектеп есігін ашты. Оларды білім алып тәрбиеленуге шақырды. Ал сол жолдан таймай, керісінше одан әрі толастап кемелдену үшін Абай оларға өледерімен де, қара сөздерімен де ғибрат беріп:
Малда да бар жан мен тән,
Ақыл-сезім болмаса.
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса ? – деп, сөзден іске көшу керектігін айтып, «кешегі өткен күн бүгін жоқ, ұшып кеткен көбелек» (Қашаған) дей отырып, бүгінгі заманға тек білім, ғылым, өнер үйренбек керек деп, өздерінің демократтық көзқарастарын танытып кетті.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: musinaarailym
Просмотров: 1619 | Загрузок: 16 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 2:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru