Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Наурыз-жыл басы" қазақ тілінен сабақ жоспары
[ Скачать с сервера (57.0 Kb) ] 2015-03-19, 10:44 PM
Апта 10 Күні 17.03.15ж 10 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы Наурыз- жыл басы.
Мақсаты Оқушыларды Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстыру,тілдерін дамыту,топта жұмыстана отырып сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту,өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру
Күтілетін нәтиже
А.наурыз мерекесі туралы ойды еркін жеткізе алады,салыстыра алады,деңгейлік тапсырмаларды орындай алады
В.екі жаңа жылды салыстыра біледі,диалогті жүргізеді,денгейлік тапсырмаларды орындай алады
С.наурыз мерекесінің мән-мағынасын түсінеді,денгейлік тапсырмаларды орындайды
Сабақ түрі

Жаңа білім игеру
Дереккөздер Флипчарттар,оқулық,дәптерлер,фломастерлер,бағалау парағы,қосымша материал,АКТ,стикерлер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу мақсатында тренинг өткізу
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі сәттілікке толсын!Біздің алар бағамыз кілең бестік болсын!
Оқушылар мұғалімнің айтқан сөздерін қайталайды.

Топтың басшысын,тайм менеджментін тағайындау.
«Киіз үй,наурызкөже,алтыбақан» сөздері арқылы топтарға бөлу

Оқушылар топтарға бөлінеді

Презентация

Наурыз мерекесіне байланысты слайдтар көрсету

Оқушылар қарайды өз бетімен сабақтың тақырыбын ашады

Негізгі бөлім

Топтық жұмыс «Инсерт» стратегиясы
Оқушылар топта қосымша материалды,оқулықтағы мәтінді оқи отырып керек мәліметтерді түртіп алады
«Наурыз- жыл басы» тақырыбы бойынша постер жасайды
Постерді қоргайды
Бағалау «Бағдаршам»

-Мінекей,балалар ,жаңа өздеріңіз естідңіздер,Қазақстанда Жаңа жылды 2 рет тойлаймыз.1-ші жаңа жылды еуропалық күнтізбесі бойынша 31 желтоқсанда тойлаймыз.2-жаңа жыл – Наурыз мейрамын 22 наурызда Шығыс күнтізбесі бойынша тойлаймыз.Осы күні барлық мұсылмандар Жыл басын қарсы алады.Енді осы екі мерекені салыстырып көрейік.

Венн диаграмма толтыру
Наурыз мерекесі-Жаңа жыл
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып Венн диаграммасын толтырады
Бағалау мадақтау

-Осыдан қандай нәтиже көруге болады?Жыл мезгілдері қарсылас, ал мейрам –бәрімізге ортақ.

Жеке жұмыс
«Синквейн» стратегиясын қолдану,бес жол өлең жазу
1.зат есім-мереке
2.сын есім-көңілді,қызықты
3.етістік-өткізеді,тойлайды,болады
4.сөйлем-Халқымыз Наурыз мерекесін көңілді өткізеді.
5.ассоциация немесе синоним 1 сөзге
Оқушылар дәптерде өлеңді жазады кейін топта оқып ең жақсысын таңдап оқиды
Бағалау вербальды

Диалогтік оқыту «жағдаят»
Авторлық орындық

Оқушылар ағылшынша сұрақтарын қояды бір оқушы қазақша жауап береді
Сергіту сәті «Мен қазақпын»
Ұжымдық жұмыс
-Сабақтас құрмалас сөйлем туралы не білеміз?
Оқушылар жауап беріп отырады

Топтық жұмыс денгейлік тапсырмалар

Оқушылар денгейіне қарай тапсырмаларды орындайды орындаған тапсырмаларын оқиды,талдайды

Наурыз мерекесіне арнап құттықтау жазады

Әр топ бір құттықтауды жазады,оқиды
Бағалау мадақтау

Рефлексия 6 қалпақ
1 ақ қалпақ- Сен бүгін сабақта не білдің?

2.көк қалпақ- Бүгінгі сабақта неге қол жеткіздік?

3 сары қалпақ - Бүгін сабақта не қызық болды?

Қорытынды

Тақтадағы себетке сабақта не туралы білгенін стикерлерге жазып жапсырады

Деңгейлік тапсырмалар: І-топ
3-деңгей
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1.шартты бағыныңқы сабақтастың сұрақтары..............
2.шартты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары.......

2.Сөйлемдер ішінен шартты бағыныңқы сабақтасты тауып көрсет:
Дәрмен ұшып тұра келсе,қармақсап су бетінде ағып бара жатыр екен.Институтты бітіргеннен кейін,ол сол жақтан Қарағандыға келді.Егер сен жалғыз болсаң,асқар тауға шыққаннан не пайда?

2-деңгей
1.Сөйлемге синтаксистік талдау жаса:

Күн ашық болса,балалар балық аулауға барады.

Бауыржан,Әлия,Мәншүк сияқты батырларымыз болмаса,біз жеңіске қол жеткізбес едік.

1-деңгей
Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар:
..............,ол алға жылжи алмайды.
..............,мен қасына отырамын.
...............,мен Н.Назарбаевқа дауыс беремін.

Деңгейлік тапсырмалар:ІІ-топ
3-деңгей
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1Мезгіл бағыныңқы сабақтас дегеніміз.......
2Мезгіл бағыныңқы сабақтастың сұрақтары...............
3.Мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолы....................................
2.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңдар:
Когда мы были в лесу,пошел дождь.
Когда наступила осень,листья на деревьях пожелтели.
Когда закончился урок,мы отправились домой.

2-деңгей
Сөйлемге синтаксистік талдау жаса:

Биыл Қазақстан Халықтары ассамблеясының 20 жылдығын тойлап жатырмыз.

1-деңгей
Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар:
Жаңа жыл келгенде...,біз қуанамыз.
Наурыз мерекесі келгенде, наурызкөжені ішеді.
Қонақтар тамақ ішіп болғанда,үлкендер бата береді.

Деңгейлік тапсырмалар:ІІІ-топ
3-деңгей
Сұрақтарға жауап беріңдер.
1.қарсылықты бағыныңқы сабақтас дегеніміз ..............................
2. қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрақтары......................
3. қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары..................

2.Сөйлем ішінен қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңдер:
Ол қалаға келгенмен,жұмысын бітіре алмады.Қалада жүргенше осы кітапты бітірсем,жақсы болар еді.Менің бойым өскенмен,ойым піскен жоқ.Көктем жаңбырлы болғандықтан,егін бітік шықты.Әкесінің рұқсаты бола тұра,Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді.

2-деңгей
Сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Мен оны шақырсам да,ол келмейді.

1-деңгей
Сөйлемдерді толықтырыңдар:
..........., біз далада ойнадық.
...........,мен оны сатып алдым.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: akimenko99 | Теги: Светлана, Акименко, евгеньевна
Просмотров: 1543 | Загрузок: 31 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 9:19 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru