Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2015-03-24, 2:21 PM | |
Сыныбы: 8 «б» Өтілетін күні: 16.10.12 Сабақтың тақырыбы: Ата-әжеме көмектесу.Зат есімді пысықтау Сабақтың мақсаты: Білімділік: зат есімді қайталау: ата-әжесіне көмектесу туралы әңгімелеуді үйрету. Дамытушылық: жаңа сөздерді меңгерту, жазылым,айтылым, тыңдалым, сөйлесім әрекеттерін дамыту. Тәрбиелік: үлкен адамды сыйлай білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: аралас Сабақтың әдіс-тәсілдері:ой шақыру, венндиаграмма, коммуникативтік. Сабақтың көрнекілігі: венндиаграмма, портреттер. Пәнаралық байланыс: әдебиет Күтілетін нәтиже: оқушы ата-әжесін сипаттап бере алады, оларға қалай көмектесетіні туралы ауызша әңгімелеп бере алады, зат есімге морфологиялық талдау жасай алады. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі ІІ Үй жұмысын тексеру 1. Сөздікті тексеру ( жаңа сөздер жазылған тізімді беріп, таза бетке аудармасын жаздыру – 3 мин) 2. Сурет бойынша мәтінді әңгімелету (Сары май) ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру 1. Ой шақыру Отбасы туралы қандай мақал мәтел білесіңдер? - Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер. - Әкесіне қарап ұл өсер, шешесіне қарап қыз өсер. - Ата көрген оқ жонар, әже көрген тон пішер. 2. Айтылым,жазылым. Венндиаграмма Ата Әже 3. Жазылым. Зат есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасаңдар Үлгі: Үйдің – зат есім, негізгі, дара,жалпы, деректі, үй –түбір, -дің – ілік септіктің жалғауы Асыраушы - Немерелері – 4. Жазылым, айтылымТапсырма . Атаңның немесе әжеңнің сыртқы келбетін және мінезін сипаттап бер. Ата Әже 5. Айтылым. Тапсырма . Ата -әжеңе қалай көмектесетінің туралы әңгімелеп бер. 6. Сөйлесім. Диалог құрастырып, өзара әңгімелесіңдер. - Сенің ата-әжең бар ма? - Иә, менің ата-әжем бар - Олар неше жаста? - Атам 65 жаста, әжем 60 жаста. - Олар зейнеткер ме? - Иә, екеуі де зейнеткер. - Сен ата-әжеңе көмектесесің бе? - Иә, мен оларға су тасып беремін, бақша суарамын, үйді жинап, еденді жуып беремін. Дүкеннен керек азық-түліктерін алып келемін. Ал сен ше? - Мен солай көмектесемін. Мен ата-әжемді өте жақсы көремін. Олар ең жақсы ата-әже. - Мен де. ІV. Сабақты қорытындылау: - Бүгінгі сабақта біз нені үйрендік, нені білдік? V. Үйге тапсырма 1. Ата-әже туралы мақал-мәтелдерді тауып, жаттап келу.Олардың мән-мағынасын ашу. | |
Просмотров: 1878 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|