Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақ жоспары 6 сынып
[ Скачать с сервера (87.0 Kb) ] 2015-04-06, 6:15 PM
Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары

Күні: 21.02.2014ж.
Сынып: 6 сынып
Тақырыбы: Халықаралық әйелдер күні
Мұғалім: Ташетова Жанар Хамитовна
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім беру
2. Дамытушылық: Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру, қызығушылықтарын ояту. Үстеудің мағынасын ажырату
3. Тәрбиелік: Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, зерттеу, іздену, бақылау, табу, салыстыру, сараптау, қортындылау, деңгейлік тапсырмалар, ынталандыру, бағалау, диалог
Пән-аралық байланыс: орыс тілімен, қазақ әдебиетімен
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа
Жұмыстың түрлері: жекеше, жұппен, топпен
Қолданылатын технологиялар: сыни тұрғыдан талдау, АКТ, дарындылықты анықтау, кері байланыс, Блум таксономиясы
Қолданылатын көрнекіліктер: интертақта, кеспешелер, тапсырмалар, сөзжұмбақ, постер, флипчарт

Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушылардың
іс- әрекеті
1 мин
10.45-
10.46
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушыларды түгелдеу
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар.
- Сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ? Сабаққа дайындығы
6 мин
10.46-
10.47 Үй жұмысын тексеру 138 бет, 1-тапсырма. Оқып есте сақтаңдар.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер 1-тапсырма. Оқып есте сақтаңдар.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз –Наурыз мейрамы– Жаңа жыл
1 мамыр – Ынтымақ күні
9 мамыр – Жеңіс күні
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Көктемнің қандай мерекелерін білесіңдер?
2) Мейрамда не істейсің? Қалай өткізесің?
3) Ең жақсы көретін мейрамың туралы не айтасың?

3 мин
10.47-
10.50 Ой шақыру кезені. Білу

Оқушыларға сөзжұмбақ беру арқылы тақырыпты ашуға бағыт береді
Ә Й Е Л Д Е Р
1.Сұлу сөзінің синонимі
2.Әр туған күн иесі сол күні не күтеді?
3.Мейрам, той .... жалғастыр
4.Бірінші байлық - ....
5.Ақындар қыздарды немен теңейді?
6.Дастархан басында қандай сөз айтылады?
7.Ақпаннан кейін қай ай келеді?
Сөзжұмбақ шешеді
Түйін сөзді табады
1.Әдемі
2.Сыйлық
3.Мереке
4.Гүл
5.Денсаулық
6.Тілек
7.Наурыз
Ә Й Е Л Д Е Р
1 мин
10.50-
10.51 Түсіну Тақырыппен таныстырады.
-Ия, дұрыс, сабақтың атауы Әйелдер мерекесі, Халықаралық әйелдер күні деп аталатын еліміздің мерекелік күнімен таныс боласыңдар.
-Енді осы тақырыппен байланысты біз мақсат қоюымыз керек. Кім айтады Әйелдер деген сөзді қай сөзбен елестетер едіңдер?

Тақырыпқа сай мақсат қояды.
«Халықаралық әйелдер күні» тақырыбына сәйкес мәліметтерді жинақтап, оқушылардың сөздік қорын дамыту
Ана немесе 8 наурыз, көктем сөзімен салыстырады
2 мин
10.51-
10.53
Жаңа сөздер - Жаңа сөздерді сабақ барысында қолданамыз.
Мәнерлеп оқып, жазып алайық.
халықаралық - международный
қария адам – человек преклонного возраста
бірауыздан - единогласно
қабылдады – одобрили
ұсыныс – предложение Жаңа сөздерді дауыстап оқып, мағынасын түсініп, дәптерлеріне жазып алады
2 мин
10.53-
10.55 Топқа бөлу -«Халықаралық әйелдер күні» тақырыбын ашу үшін сендер мынадай тапсырманы топ болып орындау керексіңдер. Алдымен тренинг жүргізейік. Тездетіп өз топтарыңды табыңдар.
Оқушыларды 3 топқа бөледі:
1 топ - наурыз: Ұлыстың ұлы күні, 8 наурыз, күн мен түн теңеледі, малдар төлдейді, күн жылынады
2 топ - сәуір: бәйшешек гүлдейді, көкек, қар ериді, сайлар суға толады, ағаштар бүршік атады
3 топ - мамыр: ағаштар көктейді, жеңіс күні, батырлар күні, соңғы қоңырау, ыңтымақ күні
-Балалар сабақ барысында сендер бағалау парақтарыңды толтырып отырыңдар, парақты толтырғанда сендерге смайликтердің көмегі тиеді
Оқушылардың әрқайсысы ұйымдасқан түрде жаңа құрылған топ құрамына тез жайғасады.
Негізгі бөлім
5 мин
10.55-
11.00 Ережемен таныстыру.
Үстеу – заттың іс-қимылының мақсатын (неге? не үшін?), себебін (неліктен, қалай?), мөлшерін (қанша? қаншадан?), күшейтуін (қалай? қандай?) білдіреді.
Мысалы:
әдейі, жорта - специально
босқа, текке - зря
сонша, мұнша - столько
аса, өте, тым - очень Ережені дәптеріне жазып алады, мысал арқылы бекітеді.
Арнайы
Арнайы сыйлық
Арнайы сыйлық алдым
Анама арнайы сыйлық алдым
5 мин
11.00-
11.05 Қолдану
«Ана сүті
бой өсіреді,
Ата тілі
ой өсіреді»
Оқушыларға постер таратып, ана бейнесін құруды ұсынады
І топ: Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды
ІІ топ: Ата – ананың қарызы, ұрпақтың өмірлік парызы
ІІІ топ: Ағайын – алтау, Ана – біреу Өз топтарында берілген жұмысты уақытын барынша үнемдей отырып, кластер жасайды.
Өз ойларын ортаға салып, тапсырмаларын қорғайды.
10 мин
11.05-
11.15 Талдау
«Халықаралық әйелдер күні»
Оқушыларға оқулықтағы мәтінді түсініп оқып, мазмұнын оқулықты жауып қойып жазыңдар деп ұсынады. 141-бет, 1-тапсырма

«Халықаралық әйелдер күні»
1910 жылы Данияның Копенгаген қаласында әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Конференцияға Клара Цеткин қатысты. Ол ақ шашты, қара көзді қария адам еді. Ол жыл сайын 8 наурыз күнін әйелдер күні деп атап өтуге ұсыныс жасады. Бұл ұсынысты жиналған жұрт бірауыздан қабылдады. Ресейде Халықаралық әйелдер күні бірінші рет 1913 жылы Петербургте өтті.

І топ:
1. Мәтінді орыс тіліне аударыңдар.
2. Мәтінге жоспар құрыңдар.
ІІ топ:
1. Мәтіндегі әр сөйлемге үстеуді қосып оқыңдар.
2. «Халықаралық әйелдер күнін тойлауының мақсаты қандай?» деген сұраққа жауап беріңдер.
ІІІ топ: «8 наурыз» тақырыбына диалог құрастырып, өзара сөйлесіңдер.
Қай топ бірінші сол екі смайликті иеленеді. Қалғандарына біреу ғана. Смайлик сеңдердің сабақ соңында алатын бағаларың. Орындауға бес минут.
Өз топтарында берілген жұмысты уақытын барынша үнемдей отырып, постер жасайды



Өз ойларын ортаға салып, тапсырмаларын қорғайды.
2 мин
11.15-
11.17 Сергіту сәті Сергіту сәті көрсетілімін тақтаға қосады, ән орындайды
«Ана туралы жыр» Ғафу Қайырбеков

1.Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.

Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

2.Өтеуге борышын
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай- күнін,
Қолыма түспеді.
Оқушылар ән орындайды
8 мин
11.17-
11.25 Жинақтау
«Шығармашылыққа кең өріс...»
Топпен жұмыс Топты шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттайды
І топ: аналар күніне арнап құттықтау хат (открытка) дайындау
ІІ топ: анаға арнап, өлең жолдарын шығару
ІІІ топ: газеттер мен қағаздардан аналарға сыйлық жасау.
Ойлануға бес минут.
Тапсырманың талабын дұрыс түсініп алып, жұмыстарын бірлесе отырып, нәтиже шығаруға ат салысады.

1 мин
11.25-
11.26 Қорытындылау Оқушылардың ойлау әрекеттерінің белсенділіктерін бағалайды.
Тақырыпты қорытындылайды.
-Ең дарынды да талантты балалар екеніндеріңді мына тапсырма арқылы көрсеттіңдер, балалар. Жарайсыңдар!
-Көп ойласаң — дана боласың.
Көп ойнасаң — бала боласың
деген өнегелі сөзбен аяқтаймын сабақты.
Еңді кезек смайликке, қай топта ең көп смайлик?
1 мин
11.26-
11.27 Үй жұмысы Өз аналарың туралы эссе жазыңдар
Күнделіктеріне жазып алады
2 мин
11.27-
11.29 Бағалау Бағалау парағы бойынша қортындылау
1 мин
11.29-
11.30 Рефлексия «Үш жұлдызша»
Не білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді? Толтыру
Ұсыныстар мен тілектер кітабын стикер көмегімен толтырады
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Жанар0851
Просмотров: 1804 | Загрузок: 23 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 4:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru