Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Іскери қарым-қатынастардың зерттелу жайы
[ Скачать с сервера (25.7 Kb) ] 2015-06-22, 11:12 PM
ІСКЕРИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

С.А.Шнайдер
ИнЕУ, Павлодар қ.

В статье рассмотрена история исследований профессиональной коммуникации в казахской филологии.
The author of this article discusses the process of searches of professional communication in the Kazakh philology.

Қарым-қатынас мәселелерінің белгілі бір қырларын зерттеумен түрлі ғылым салалары айналысады: философия, психология, психиатрия, этология, социология және информатика. Осы ғылымдардың әрқайсысы «қарым-қатынас» деген ұғымға өз түсініктерін беріп, осы ұғымның мазмұнын өздерінше толықтыруда. Түпкілікті қарым-қатынастың не екендігі туралы ортақ шешімге келудің қиындығы осы ұғымның көп аумақты қамтуында.
Дегенмен, қарым-қатынас дегеніміз не? Жұмысымыздың әрі қарайғы бағытын анықтау үшін алдымен осы ұғымға өз түсінігімізді берейік. Себебі, қандай да бір еңбек өзінің объектісін анықтап алмай орындалған жағдайда өнуі мүмкін емес.
Қарым-қатынас дегеніміз – сіздің кешегі досыңызбен әңгімеңіз, бейтаныс адаммен купеде болған әңгіме, сыныптастар кездесу кешінде болған еске алу әңгімелері, т.б. Әр адам «өнермен қарым-қатынас», «жануарлармен қарым-қатынас», «техникамен қарым-қатынас» және тағы басқа ұғымдармен таныс. Тіпті күндердің күнінде бұл түсініктің ауқымы шексіз болатындығына да жетуіміз мүмкін. Бірақ, өкінішімізге орай қарым-қатынас түсінігі төңірегіндегі зерттеу жұмыстары қарама-қайшылықтарға толы. Қарым-қатынас мәселелеріне арналған көптеген ғылыми зерттеулер, монографиялар бар, бірақ отандық әдебиетте іскери қарым-қатынас мәселесі осы күнге дейін көлемді зерттеулер нысаны болып көрген емес.
«Қарым-қатынас» ұғымының түрлі түсініктемелерінің болуы, бұл мәселеге әр түрлі көзқарастар мен қатынастардың болуымен байланысты. Біз өз еңбегімізде келесі анықтама қолданбақпыз.
Қарым-қатынас – адамдар арасындағы ақпарат алмасу, әрекеттесудің бірыңғай стратегиясын шығару, басқа адамды түсіну мен қабылдау қажеттіліктерінен туындайтын байланыс орнату мен дамытудың күрделі үрдісі [1, б.6].
Қарым-қатынастың коммуникативтілігі адамдар арасындағы ақпарат алмасумен сипатталады. Интербелсенділігі индивидтер арасындағы өзара әрекет ету, яғни тек білім мен идеялармен ғана емес, әрекеттермен бөлісу үрдісімен сипатталады. Ал перцептивтілігі сөйлесуші екі жақтың өзара тіл табысып, қарым-қатынастарын тиімді орната білу негізінде жүзеге асады. [1, б.37]. Бұл тұста маңызды рөлді адамдардың бір-бірімен қатынас жасау құралдары мен механизмдерінің маңызы зор. Ал қарым-қатынас жасаудың негізгі амалы немесе құралы тіл.
Тіл - адамдар қарым-қатынасы, ой әрекеттері үшін тұлғаның өзіндік танымын танытатын құрал ретінде қызмет ететін белгілер жүйесі. Қарым-қатынас үрдісінде негізгі қызметті белгілер орындайды. Сол белгілердің мәні мен оларды қолдану амалдарын меңгере отырып адам белгілі бір тілде сөйлеуге үйренеді. Тіл, оны білетін адамдар үшін, қарым-қатынас амалы, өзара түсіністікті орнататын құрал ретінде қалыптасады.
Ғалым Базарбаева К.Қ. өзінің «Қарым-қатынас психологиясы» еңбегінде көрсетіп өткендей тіл табысу үстірт және терең болуы мүмкін [2, б.6].
Бағыт-бағдар бойынша жеке-дара қарым-қатынастың үш түрі бар: империятивті, манипулятивті және диалогтік [2, б.8].
Империятивті қарым-қатынас – бір адамның екінші адаммен қарым-қатынас кезіндегі үстемдік жасауы. Бұл үшін қарым-қатынастың бұйрық беру, тапсырма беру, талап қою, үкім беру және т.б. формалары жатады.
Манипулятивті қарым-қатынас – жеке-дара қарым-қатынас кезінде әріптестер әңгімелесу үшін іс-әрекетімен ойын бақылау жасауға қол жеткізуге талпыну, іс-әрекетін астарлап мақсатын жасыру және оны басқамен алмастыру.
Қарым-қатынас мәселесі 2-3 онжылдықта зерттеушілердің көңілін аударып отыр. Қарым-қатынас табиғаты оның индивидуалды және жас ерекшеліктерін өту және өзгеру механизмдері философтар мен социологтардың (Б.Д.Парыгин 1971; И.С.Кон, 1971-1978), психолингвистердің (А.А.Леонтьев, 1979), әлеуметтік психология мамандарының (Б.Ф.Прошнев, 1966; Г.М.Андреева, 1980), балалар және жасерекшелік (В.С.Мухина, 1975; Я.Л.Коломинский 1976-1981). Бірақ зерттеушілер қарым-қатынас түсінігіне біркелкі анықтама бермейді. М.Н.Щелованов, Н.М.Аксарина (Балаларды тәрбиелеу, 1955) – қарым-қатынас деп үлкендердің балаларға бағытталған мейірімді сөйлеуін атайды; М.С.Коган (1974) – адам қарым-қатынасы ретінде оның табиғат пен және өз-өзімен сөйлесе алуын айтады. Кейбір зерттеушілер (Балл Г.А., Брановицский В.Н., Довгиалло А.М. – Ойлау және қарым-қатынас, 1973) адамның машинамен өзара қатынасының шындық екенін мойындайды, бірақ басқалар жансыз заттармен тілдесу тек метафоралық мәнге ие екендігін көрсетеді (Б.Ф.Ломов «Қарым-қатынас мәселесі», 1981 ж.) [3, б.11].
Л.С.Выготский, Б.Н.Ананьев еңбектерінде қарым-қатынасты өмір әрекетінің бір формасы, адам дамуының әлеуметтік жағдайы, жеке адамның қалыптасуының түрткісі деп қарастырды.
А.В.Петровский Қарым-қатынас біріккен іс-әрекет туғызатын, адамдар арасындағы қатынасты дамытатын көп жоспарлы үрдіс екендігін көрсетіп өткен.
Р.С.Немов бойынша қарым-қатынас барлық тірі жанға тән, бірақ адамда қарым-қатынас күрделі формада, саналы түрде іске асады.
Б.Д.Ломов қарым-қатынас деңгейлерін қарастырады:
1) Макродеңгей – индивид басқа адамдардың қалыптасқан қоғамдағы қатынастарға, дәстүрлерге, салтқа сәйкес қарым-қатынас жасауынан көрінеді.
2) Мезодеңгей – тақырып мазмұнымен анықталады.
3) Микродеңгей – мазмұны мен сыртқы көрсеткіштері арқылы көрінетін контактілік байланыс [6, б.96].
Адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде араласатын объективті қарым-қатынас негізінде жүзеге асады. Объективті қарым-қатынас және байланыстар (біреуге тәуелді болу, бағыну, бірлесу, өзара көмек көрсету т.б.) кез-келген топта болуы мүмкін. Бұл субъективті жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас. Бұны әлеуметтік психология зерттейді. Ең негізгі қарым-қатынас құралы - тіл. Ал қарым-қатынастың вербальді емес тәсілін келесі ғылымдар зерттейді:
1) Кинестика – адам сезімдері мен эмоциясының сыртқы көрінісін, мимика беттің бұлшық еттерінің қозғалысын; жестика дененің әр бір бөлігінің жестік қозғалысын; пантомимика дененің барлық моторикасын; поза, жүріс-тұрысын, иілуді зерттейді.
2) Таксика қарым-қатынас жағдайындағы жанасуды, қолды қысуды, сүйісу, сипау, итеру және тағы басқаларды зерттейді.
3) Проксемика қарым-қатынас кезіндегі адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.
Қарым-қатынастың көп қырлылығы және көп сапалығы. Бұл тұрғыдан алып қарайтын болсақ, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне қатынасы, ақпарат алмасуы. Жеке адамның өзара қатынас аспектісі – бұл құбылыстың бір ғана компоненті. Адамдық қарым-қатынастың ғылыми-технологиялық революцияның әсерінен ең кең тараған формасы – рухани коммуникация.
А.А.Леонтьев өзінің бір жұмысында «Қарым-қатынасты тек ғана жеке даралық деп түсінбеу керек, оны әлеуметтік феномен ретінде, оның субьектісін бөлек индивид емес, әлеуметтік топ және тұтастай коғам ретінде қарастыру керек» деген.
Осы айтылғанға сараптама жасай отырып, Б.Ф.Ломов өз көзқарасын былай білдірген: «Біздің ойымызша әлеуметтік және интер жекедаралықты бір-біріне қайшы қою заңды емес, олардың арасындағы қатынас – жалпылық пен бірліктің көрінісі».
А.А.Леонтьев ағылшын тілді әдебиеттерде 1969 жылдың өзінде қарым-қатынас түсінігінің 96 анықтамасы болғанын көрсетеді.
М.И.Лисинаның пікірінше, қарым-қатынас екі адамның немесе одан да көп адамдарың өзара әрекеттесуі мен келісушілікке бағытталған қатынасты орнықтыру мақсатындағы күштердің біріктірілуі және жалпы нәтижеге қол жеткізуі.
К.Обуховский, А.А.Леонтьев, К.А.Абульханова-Славская бойынша, қарым-қатынас жай ғана әрекет емес өзара әрекет жасасу: ол қатысушылар арасында жүзеге асады, әрқайсысы белсенділікке ие және өз партнерлерінен соны талап етеді.
Қарым-қатынас актісі адам басқа адаммен байланысқа түскенде, оны өзі секілді немесе өзімен тең деп санайды, сондай-ақ белсенді кері байланысты, ақпарат алмасу жағын көздейді [5,б.195].
“Қарым-қатынас” ұғымына қатысты анықтамалардың әрқилы болуының себебі бұл мәселеге деген әр түрлі көзқарастар мен қатынастардың әсері. Біз келесі анықтамаларды қолданамыз: «Қарым-қатынас- адамдардың іс-әрекеті арқасында, ақпарат алмасу, өзара әрекеттің бірлік стратегиясын, басқа адамды қабылдау және түсіну барысында адамдар арасында дамитын күрделі көпсалалы үрдіс» [4, б.55].
Қарым-қатынас үшін оның мүшелерінің физикалық зат емес тұлға ретінде көріну сипаты өте маңызды. Қарым-қатынастың бұл ерекшелігіне А.А.Бодалев 1965, Е.Э.Смирнова, 1973 және т.б. психологтар көңіл аударған.
Б.Ф.Ломовтың пікірінше, қарым-қатынас адамдардың субъект ретінде көрінетін өзара әрекеттестігі. Сонымен бірге қарым-қатынас үшін кем дегенде екі адам керек оның әрқайсысы субъект ретінде көрінуі тиіс. Жоғарыда аталған қарым-қатынас ерекшеліктері бір-бірімен тығыз байланысты. Абсолютты өзара әрекеттестіктің қарым-қатынастың басқа сипаттарынан көрінуі интеракционистік позицияға әкеледі, яғни қарым-қатынас жайлы түсінікті жалпы біріктіру.
Іс-әрекет категориясы кеңестік психологияда маңызды орынға ие. Іс-әрекеттің бірнеше теориялары қарастырылған, олардың ішінде С.Л.Рубинштейн, Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев сынды ғалымдардың аталған саладағы ғылыми еңбектері ерекше маңызға ие.
Қарым-қатынасты түсінудің негізіне А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет концепциясын және А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин концепцияларын аламыз. Берілген концепциядағы көзқарас бойынша іс-әрекет нақты үрдіс, әрекеттер мен операциялар жиынтығынан құралған, ал бір іс-әрекеттің екіншісінен айырмашылығының негізінде оның заттық спецификасы алынады [3, б.96-97].
И.Ә.Әбеуованың пікірінше, қарым-қатынастың құрылымы күрделі болғандықтан, шартты түрде талдау мақсатымен, көбіне оның бір-бірімен тығыз байланысты үш жағын қарастырады: коммуникативті, интерактивті, перцептивті.
Қарым-қатынастың, жекелей алғанда іскери қарым-қатынастың зерттелуі көбіне филологиядан тыс, басқа ғылымдарда: психология, философия, т.б. ғылымдарда ғана орын алып келсе, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ тіл білімінде бұл мәселе филология тұрғысынан да қарастырыла бастады. Нақты іскери қарым-қатынастар емес, жалпы қатысым (коммуникация) немесе қарым-қатынас жайлы алғашқы көлемді зерттеу еңбегі Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік қатынас негіздері». Аталған тақырыпта ғалым 1996 жылы докторлық диссертация қорғап, 2000 жылы «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты еңбек жазды. Жалпы, қазақ тіл білімінде тіл ұзақ жылдар бойы құрылымдық жағынан зерттеліп келсе, бұл еңбектен оның қатысымдық қызметіне көңіл аудару әрекеті басталды.

Әдебиет
1. Бороздина Г.В. Психология делового общения. Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 2006, -224с.
2. Базарбаева К.Қ. Қарым-қатынас психологиясы: оқу құралы. - Астана, 2011. – 172 б.
3. Брудный А.А. О проблеме коммуникации. – М., «»Наука», 1975. – 285 с.
4. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Психология человеческой судьбы. – М., 1992. – 256 с.
5. Бодалев А.А. Личность и общение. – М., 1995. – 315 с.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 1234563893 | Теги: іскери қарым-қатынас, кәсіби коммуникация
Просмотров: 1346 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 3:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru