Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Кәсіби коммуникация тілі - қазақ тілі
[ Скачать с сервера (29.8 Kb) ] 2015-06-24, 0:08 AM
Шнайдер С.А., ИнЕУ, Павлодар қаласы
Кәсіби коммуникация тілі - қазақ тілі

Қазақ тілінің іскери қарым-қатынастардағы орны жайлы мәселе қозғамас бұрын бұл ұғымды бізге үйреншікті кәсіби қазақ тілі ұғымымен тең қарастырмайтынымызды ескертеміз. Қазіргі заманда өкінішке орай бұл екі түсініктің мағыналары бір-бірінен алшақ болмақ. Себебі, біз білетін кәсіби қазақ тілі – кәсіби бағдар бойынша оқыту пәні, кей жағдайда мамандыққа кіріспе пәні болып келеді. Ал іскери қарым-қатынастардағы кәсіби коммуникация тілі ретінде қолданылатын тіл ретіндегі қазақ тілі кәсіби коммуникацияға ерекше мән мен өзіндік сипат беретін, коммуникация нәтижесіне өз үлесін қосар, тиісті салада, тиісті қызметкерлер қолдана алатын тіл, қарым-қатынас жасау стилі деуге де болады. Ендігі еңбегіміздің міндеті сол мақсатта қолданылатын қазақ тілінің іскери қарым-қатынастардағы өз ерекшеліктеріне тоқталып, нормаларын, стилистикалық сипаттарын, грамматикалық, синтаксистік нормаларын айқындау болып табылады.
Кәсіби коммуникациядағы қазақ тілінің тілдік нормалары әдеби тілдегі тілдік нормалардан еш ерекшеленбейді:
1. Сөз оның лексикалық мағынасына сәйкес қолданылуы тиіс;
2. Сөз өзінің стилистикалық сипатына (қатынасы) сай қолданылуы тиіс;
3. Сөз өзінің лексикалық үйлесімділігіне сай қолданылуы тиіс.
Бір қарағанда бар жоғы үш талаптан ғана тұратын, баршаға түсінікті әрі анық ереже, бірақ бұлар әсіресе жазбаша іскери мәтіндерде қатаң сақталуы қажет. Іс жүзінде іскери мәтіндерде ең көп орын алатын қателіктердің бірі лексикалық қателіктер (жиілігі жағынан олар грамматикалық және орфографиялық қателерден кейінгі үшінші орында тұрады).
Солардың кейбірін қарастырайық.
«Жеке меншік мүлік иелерін ұйымдастырудың нормативтік базасын құру».
Ұйымдастыру-1) ұйымшылдық, ішкі тәртіп; 2) қоғамдық ұйым немесе мемлекеттік мекеме.
«Ұйымдастыру» сөзі берілген контексте тиісті лексикалық мағынасын ескермей қолданылып тұрғаны белгілі. «Нормативтік база» жеке меншік мүлік иелерін ұйымдастыру үшін құрылмайды, оларды тарту үшін құрылады. Сол себепті бұл жерде «тарту» сөзінің қолданылуы дұрыс болар еді.
Тұрғын үйлер мен жылжымайтын мүліктің басқа элементтерін тарату тәртібі жайлы ереже құру және бекіту.
Элемент- компонент, бір заттың құрамдас бөлігі. Мысалы, периодтық жүйе элементі, қоғам элементі, т.б.
Жылжымайтын мүлік объектісі деген тұрақталған термин бар. Бұл жағдайдағы қателік екеу: біріншіден, термин бұрмаланып қолданылған, соның нәтижесінде мәтінде ол термин көрсетілмеген де; екіншіден, «элемент» сөзі лексикалық мағынасы ескерілмей, лексикалық үйлесімділік ережесі сақталмай қолданылған.
Осындай қателіктер жазбаша ресми-іскери құжаттарда жиі кездесіп тұрады: жаңа әдістерді қабылдау, бірақ шешімдерді, қарарларды қабылдайды, ал пайда болған мәселелерді шешуде жаңа әдістерді іздейді.
Келісімшарт қол қойылған сәтте өз күшіне енеді де екі жақтың бірі тоқтатпайынша өз күшінде болады.
Келісімшартты бұзады, немесе келісімшартқа отырады, бірақ ол тоқтатылмайды.
Соттарда көп жағдайларда екі түрлі ойға әкелетін арыздар қарастырылады, ол келісімшарттағы дұрыс құрылмаған мәтін, орынсыз қолданған сөз болуы мүмкін.
Ал белгілі бір сөзді дұрыс пайдалануда оның лексикалық мағынасын анықтау үшін түсіндірмелі сөздіктерге жүгінген жөн.
Сөздіктермен үнемі «қарым-қатынаста» болу мәдениеті жоғары адам мен білімді адамды бір-бірінен ажыратады. Тіл мәдениеті төмен тұлға бәрін сөздіксіз-ақ біледі деп ойлайды. Осыдан сөздердің мағыналарын «жобалап» білу мен құжат мәтініндегі лексикалық қателіктерге жол беру көптеп орын алатын болады.
Түсіндірмелі сөздіктердің сан алуан түрлері бар, солардың ішінде кәсіби қарым-қатынастарда қолданылатын: экономикалық сөздіктер, шет тілдер сөздігі, қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі және т.б. Бір айтып кететін жайт: сөздікті пайдаланғанда соңғы жылдары жарық көрген сөздіктерді алу керек, себебі қазіргі қазақ тілінің лексикалық құрылымында жүріп жатқан үрдістер белсенді жүруде.
Соңғы онжылдықта экономика, саясат, ақпараттық технологиялар салаларында ағылшын тілді лексика орын алуда. Фьючерлік несие, клиринг, консалтинг, экаутинг, франчайзинг, лизинг, холдинг, риэлтор, брокер, дилер, дистрибьютор, чартер, тендер, оффшор, фьючерс және тағы басқа көптеген терминдер тар кәсіби шеңберден шығып кең пайдаланылып жүр. Бірақ тіпті жиі пайдаланатын терминдердің өзі де кейбір жағдайларда орынды қолданылмайтын жағдайлар бар.
Мысалы, қазіргі уақытта менеджер деп жарнамалық және сақтандыру агенттерін де атай береді, ал шындап келгенде менеджер дегеніміз басқарушы, өндірістік шаруашылық басшысы болып табылады.
Құжаттар тілінде сөз өзінің стилистикалық сипатына (белгілі бір стиль түріне қатысымдығы) орай қолданылуы тиіс. Стилистикалық сипаты дегеніміз белгілі бір сөздің тіл қолданылуының белгілі бір саласында, белгілі бір стиль шеңберінде бекіп пайдалануы.
Былайша айтқанда, әрбір сөздің өзінің «төлқұжаты» бар, онда сөздің қайда және қалай қолданылатыны, қолданылу саласы көрсетіледі. Айқын стилистикалық сипат көбіне канцелярлық және процедуралық лексикада орын алады: көрсетіп өткендей, жоғарыда айтылған, берілген, орындаушы және т.б. сөздер таза кітаби лексика болып қалуда, олар ауызша сөйлеу тәжірибесінде өте сирек қолданылады кейбірі мүлдем қолданылмайды. Ал ауызекі сөйлеу тілі лексикасы болса құжаттар мәтіндеріне олар тілдік айналым немесе профессионализмдер ретінде танылмағандықтан ене береді.
Профессонализмдер дегеніміз – белгілі бір мамандық, қызмет шеңберінде ғана қолданылатын сөздер, ұғымдар.
Арнайы профессионализмдер – белгілі бір типтің сөйленім атаулары, олар кітаби-жазба лексикасынан ерекшеленеді. Бірақ мұндай профессионализмдер тек орыс тілінде бар, қазақ тілінде олар орын алмаған. Олай болуының себебі, жалпы қазақ тілінің мәртебесінде деп есептейміз, себебі тіл мәртебесі жеткілікті деңгейде болып, қазақ тілінің қолданылу аясы кең етек жайған жағдайда мүмкін мұндай профессионализмдер қазақ тілінде де орын алуы мүкін боалр еді.

Кесте 2
Кәсіби коммуникацияда қолданылатын профессионализмдер

Профессионализмдер Кітаби лексика
Расходник
Платежка
Безнал
Нал
Оперативка Расходный ордер
Платежное поручение
Безналичный расчет
Наличные деньги
Оперативное совещание

Профессионализмдер негізіне қысқартылған сөздер болып келеді және әдетте олар –к / -ка, -ик жұрнақтарына аяқталады.
Мұндай лексикалық бірлік жазбаша іскери тілде мүлдем қолданылмайды.
Іскери сөздер үшін маңыздысы іскери қарым-қатынастың нәтижелі шешіміне ұйытқы болатын сапа талаптарына сай болу. Солардың бірі – сауаттылық. Оның мәні тек сөз қолдану амалдарын білу, грамматикалық үйлесімділік, сөйлемдер үлгілерін дұрыс пайдалану ғана емес, тілді қолдану салаларының шекараларын да тани алу. Қазіргі қазақ тілінде көп нұсқалық түрлер бар. Олардың бірі кітаби-жазба стилінде қолданса, басқалары ауызекі тұрмыстық салада пайдаланылады.
Тілдің грамматикалық нормаларын сақтамау ең дөрекі және өкінішке орай жазбаша кәсіби тілдегі ең жиі кездесетін қате түрі болып табылады. Ондай қателіктердің түрлері: сөз формасын дұрыс таңдай алмау, сөз тіркесі, сөйлем құрылымындағы ақаулықтар.

Кесте 3
Ауызша сөйлеу түрінің жазбаша түріндегі септік жалғауларының пайдаланылу үлгілері

Бұрыс Дұрыс
Келісімшарт мерзімі аяқталғанша

Жұмыс күні тәртібі
Шешімдерді қабылдау
Делегацияның мүшелері Келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін
Жұмыс күнінің тәртібі
Шешімдер қабылдау
Делегация мүшелері

Ең жиі дау тудыратын мәселе, ілік септігі жалғауының қолданылуы. Кейбірі бұл жалғауды тиісті жердің бәрінде пайдалана бергені дұрыс емес, жалғаудың бірнеше сөзде қатар қайталанып келуі сөйлеу немесе жазу стилінің бір түрлі тартымсыз болып естілуі, мәтінге деген теріс көзқарасқа әкеледі, сол себепті тиісті жерде ілік септік жалғауын ашық көрсетпей-ақ пайдаланып отырған жөн.
Екінші қиындық тудыратын мәселе шет тілдерінен еніп жатқан халықаралық терминдердің қазақ тілінің жалғауларын қабылдап түрленуі. Қазақ тіліндегі буын үндестігі заңына сәйкес егер сөз бірыңғай жуан дауысты дыбыстардан тұрса, оған жалғанатын жалғау да жуан болуы қажет, және егер жіңішке дауыстылардан ғана тұрса, қосымша жіңішке дауыстылардан құралуы қажет. Бірақ қазіргі біздің тілімізге еніп жатқан кейбір терминдер осы заңдылыққа бағынбай, құрамындағы дауыстыларына сәйкес келмейтін дыбыстардан тұратын қосымшалар қабылдайды. Мұны білетіндер де, білмейтіндер де бар. Осы тұрғыда сауатсыз болып келетін қызметкерлер кейін құжаттар толтыруда қателіктерге орын береді. Мысалы: директорді, архитектордің, редакторде, брокердан, т.б.
Қысқартылған сөздер, аббревиатураларға қосымшалар жалғау мәселесі де әрдайым назарда болады. Себебі, тағы да сол жеткілікті деңгейді сауаты жоқ қызметкерлер тарапынан қысқартылған сөздерге, мысалы септік жалғауларын жалғау кезінде үндестік заңы бұрыс сипатта ескеріліп отырады. Яғни, үнді дауыссызға аяқталған сөзге үндіден басталатын жалғау жалғанатынын біле тұра соңғы дыбыс ретінде қысқартылған сөз құрамындағы соңғы сөздің соңғы әрпі емес, сол қысқартылған сөздің, яғни бас әріптер қатарының соңғысына қарап таңдалады. Мысалы, ИнЕУ-дің= Инновациялық Еуразия Университетінің = ИнЕУ-інің, ЖШС-тің= Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің= ЖШС-інің, т.б.
Мәтінде сөзді дұрыс қолданудан маңыздылығы жағынан кем емес жағдай мәтіндердің дұрыс синтаксистік құрылымы. Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік нормаларын сақтамау соншалықты жиі болмайды, бірақ болған жағдайда мәтінді қабылдау үшін едәуір кедергі келтіреді.
Сөздердің орын тәртібін, бастауыш пен баяндауыштың байланысын, толықтауыштық, анықтауыштық айналымдардың бұрыс пайдалануы сөйленімді түсініксіз, мардымсыз және қабылдауға мүмкін емес қылатындай жағдайларға әкеліп соғады.
Сөз тіркесін бөлу, сөздердің орын тәртібін бұзу сөйленімнің негізгі мағынасын дұрыс бере алмайды. Мұндайда құрмалас сөйлемдерді аса үлкен сақтықпен пайдаланған жөн. Жалпы іскери коммуникацияның жазбаша түрінде көбіне жай сөйлемдер қолданылатыны да осыдан.
Баяндау логикасы мен мәтінді ұйымдастырудың заңы бір қағидамен біріктіріледі: мәтіннің формальді-логикалық құрылымымен. Бұл қағиданың мәні әр мәтіннің бірнеше фрагменттерден тұратындығында және олардың микротақырыптары біртұтас макротақырыпты құрайды. Сол себепті мәтінді бөлімдерге, параграфтар, тармақтар мен тармақшаларға бөле отырып нөмірлеу орын алады.
Іскери қарым-қатынастардағы кәсіби коммуникация тілінің ауызша түрі жазбаша түрінен біршама ерекшеленеді және сол ерекшеліктер тілдік жүйенің барлық деңгейлерін қамтиды: лексика, морфология, синтаксис, мәтіндік деңгей. Кейбір лингвистер (О.А.Лаптева, Н.Н.Иванкина) ауызша тілдің өзіндік ерекшеліктеріне орай жазбаша тілге қарағанда өзіндік тілдік құбылыс ретінде қарастырады.
Шындығын айтқанда, біз сөйлегеніміздей етіп жазбаймыз. Сөйлеуімізше жазу «қате» болып есептеледі. Диалогтік әңгімені жазбаша түрінде оқып тұрған адамдарда бірінші кезекте таңырқау пайда болады, біз шынымен солай сөйлейсіз бе? Оның себебі: біз жазбаша сөйлеу тілін мұқият талдап, зерттеп саралағандай ауызша сөйлеу тілін сараламаймыз, ондай мұқияттылық танытпаймыз.
Іскери байланыста оң нәтижеге қол жеткізу үшін ең алдымен өз ойын әңгімелесушіге дұрыс жеткізе алу маңызды. Оны жүзеге асыруға сөздің дұрыс мағыналық дискреттігі мүмкіндік береді.
Егер кәсіби коммуникацияның жазбаша түрінде барлық мәселелер жеткілікті деңгейде талқыланып, лингвистер арасында даулар тудырмайтын болса, ауызша іскери тіл нормалары әлі қызу пікірталастар себебі болуда. Олар көбірек өзгерістерге ұшырайды. Ол тіпті бір отбасы ішіндегі бір ұрпақпен екінші ұрпақтың асуы жағдайында көруге болады: балалары ата-аналарындай сөйлемейді, және тіпті ата-әжелері сияқты да емес. Ол тек жастар қолданысындағы жаргондардың әсерінен туындап жатқан жоқ. Мысалы, жоғары білім бар егде адам «кулинария» сөзін орта білімі бар жас адамға қарағанда өзгеше («кулинария») айтады.
Фонетикалық нормалардың ішіндегі ең қозғалмалысы екпін қою мәселесі. Жақында тілдік қолданысқа енген «маркетинг» сөзінің «маркетинг» нұсқасы да еркін пайдалана береді.
Іскери адам үшін тіл өзіндік визит карточкасы болып табылады. Орфоэпиялық қателіктер көбінесе өзге адамның сөзінде ерекше құлаққа жағымсыз естіліп, тыңдаушының назарын маңызды жайттардан бөліп, назарын басқа жағдайларғабұрып жіберуі мүмкін. Бұқаралық санада бекіп жатқан көптеген қателіктер бар. Мысалы, «квартал» = «квартал», «дебитор» = «дебитор», «эксперт» = «эксперт», «договор» = «договор» тағы осындай сияқтылар.
Егер жазбаша іскери тілде лексикалық таңдау стандартты тілдік амалдарға байланысты таңдалса, ауызша іскери тілде қатаң сақталатын лексикалық таңдау жоқ.
Біріншіден, себебі терминдер, арнайы кітаби құрылымдар, номенклатуралық белгілер және толық атаулар ауызша сөйлеу тілінде сирек кездеседі. Іскери қарым-қатынас тілінде кітаби лексиканы және терминологиялық лексиканы қайталау жағдайлары орын алатын болып табылдаы.

Кесте 4
Ауызша және жазбаша тілдің кәсіби лексикасы

Ауызша тіл Жазбаша тіл
Тізім
Ақша лақтыру, тастау
Ғимарат жалдау
Ауысу
Орын
Алу Прейскурант
Ақша аудару
Ғимаратты жалға алу
Бартерлік келісім
Сауда орны
Сатып алу

Ауызша іскери тілде экономикалық және заң терминдерінің қысқартылған нұсқалары жиі қолданылады.

Кесте 5
Ауызша және жазбаша тілдегі кәсіби лексиканың қысқартылу үлгісі

Ауызша тіл Жазбаша тіл
Сертификат
Кэш
Прайс
Опт
Шот Сапа сертификаты
Тірі ақша
Прайс-лист
Көтерме сатып алу
Шығын шоты

Екіншіден, ауызша іскери тілге терминологиялық сипаты бар көптеген кәсіби терминология лексикасының енуі:

Кесте 6
Ауызша тілге еніп жатқан кәсіби терминология

Ауызша тіл Жазбаша тіл
Бағаны қою
Ауыр фирма
Жасырын ақша
Тауар кетіп жатыр
Ақша шашылуда
Лаве, жасыл, баксылар Бағаны орнату
Шығын әкелетін кәсіпорын
Есепке алынбаған ақша
Сатылып жатыр
Шығын шығару
Доллар

Үшіншіден, ауызша іскери тілдің негізін бейтарап стильаралық лексика құрайды.
Төртіншіден, ауызша іскери тілге ауызекі сөйлеу тілінің бірліктері еніп, лексиканың сипатын күшейтеді.
Бесіншіден, ауызша екі сөйлеу тілінде спонтандық мардымсыз лексиканы пайдалану.
Одағайлар мен шылаулар: э-э, мм, енді, жалпы, яғни, т.б.
Қыстырма сөздер мен модаль сөздер: мүмкін, бәлкім, демек, дегенмен, т.б.
Десемантизделген тұрақты сөз тіркестері: шынын айтқанда, егер шын айтсам, шындығында, т.б.
Іскери қарым-қатынастарда диалект, жаргон, тағы басқа осындай бірліктерді қолданбаған жөн. Бірінші кезекте ол тілдік құрылымдардың тұрмыстық салада қолданылатындығынан болады. Олар жақын адамдармен, үй үшіндегі әңгімелерде, тұрмыстық, күнделікті өмірде пайдалануға жарамды, бірақ кәсіби коммуникация талаптарына жауап бере алмайды.
Грамматикалық нормалар ауызша да жазбаша да сөйлеу тіліне ортақ. Дегенмен, ауызша сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктер жоқ емес. Жазба мәтінге қарағанда ауызша мәтін өзгеше қағидалар бойынша құрастырылатыны белгілі.
-Мен түсінбедім / екі келісімшартта да біз.../ мен онда.../ не керек ол үшін? / Бізге керек / себебі бізде міне екі тапсырыс /нөмірі бар ма өзінің? / жоқ па? / он бір, отыз/ т.б.
Жоғарыда келтірілген мысалдан ауызша сөздің ұйымдастырушылық басы шұғыл жоспарсыз ойдан келгенін көре аламыз. Айтатын ойды алдын ала жоспарлап алмай монологтік сөздер күрделі тілдік құрылымдарды қолдану мүмкін емес. Екінші жағынан бұл тілді жедел қабылдау қабілеттері үшін жауап береді.
Егер іскери жазбаша тілдегі сөйлемдердегі сөз саны бірнеше жүзге дейін жетіп, ешқандай ережелерге қайшы болмаса, ауызша іскери тілдің сөйлемдеріндегі сөз саны адамның жедел жадысы қабілеттеріне қарай ұйымдастырылуы қажет. Онда сөздің басы, ортасы және аяғы анық айтылуы тиіс. Жедел жадының көлемі үлкен емес: 7+2 элемент. Негізінен предикативтік бірліктер ұзындығы 11-12 сөзден сирек асады. Күрделі құрылымдар, күрделенген сөйлемдер жоспарсыз сөзде сирек кездеседі. Алдын ала даярланбаған тілде өзіне бірнеше бағыныңқы сөйлемдерді біріктіретін күрделі сөйлемдер кейде ыдырап, бөлініп аяқталмай қалатын жағдайлар жиі орын алады.
Ауызша кәсіби коммуникация тілінде сөйлемдерді күрделендіруші ретінде сөйлемнің бірыңғай мүшелері, қыстырма сөздер, айқындауыш сөздер орынды пайдаланылады.
Диалогтік сөз диалогқа қатысушы коммуниканттардың репликаларынан құрастырылады. Оның басқа арнайы ерекшеліктері бар: үздік, сөз бағытының екі жақтылығы, сөздік толымсыздық, интонациялық безендірілудің белсенділігі. Ауызша диалогтік сөздің жоспарсыз жүріп жатқан ағынында грамматикалық қателіктерді табу қиынға соғады. Бірақ олардың ең жиі кезедесетін түрі кәсіби коммуникацияда ауызекі сөйлеудің қарапайым тұрмыстық бірліктерін пайдалану.
Жиі іскери тілдегі қателіктер синтаксистік байланыстардың дұрыс сақталмауынан болады. Олардың ең кең тараған түрі туралы, жайлы, жөніндегі тәріздес септеулік шылаулардың дұрыс қолданыста болмауынан орын алады. Септеулік шылауларды мүлдем қолданбау, немесе керісінше орынсыз қолдана беру кәсіби коммуникация тілінде дөрекілік сипат беретініне және іскер адам білімінің тиісті деңгей дәрежемсіне күмән келтіретіндігіне көзжеткізу қиын емес.

Кесте 7
Синтаксистік байланыстардағы шылаулардың қолданылуы

Бұрыс Дұрыс
Несиені жабу жөніндегі бағдарлама
Құрылыс материалдары туралы жарнама
Пара беру жөніндегі факт
Жаңа көпірді ашу жөніндегі жоба Несиені жабу бағдарламасы
Құрылыс материалдарының жарнамасы
Пара беру фактісі
Жаңа көпір ашу жобасы

Аталған шылаулардың пайдаланудың негізгі себебі тілдік толымсыздық, яғни бос орынды бірдеңемен толтыру ниетінен пайда болады. Мысалы: фактілер жайлы айтты = фактілер бойынша өз ойын білдірді, салықтар туралы білмеу = салықтар туралы мәліметтерді білмеу, т.б.

Кесте 8
Синтаксистік байланыстардағы шылаулардың қолданылуы

Бұрыс Дұрыс
... туралы бекітеді.
... жайында сенімді.
... жайлы түсіндірді.
... жайында шешті.
... жайлы көрсетті. ... бекітеді.
... сенімді.
... түсіндірді.
...шешті.
... көрсетті.

Ортақ «тіл табысу» қажеттілігі бірінші кезекте екі жақтың позицияларын анықтау мәселесін шешеді. Ал сөздегі грамматикалық қателіктер іскери қарым-қатынастар үрдісіне кедергілер әкеледі.
Ауызша сөйлеу тілінің кемшіліктерінің біріне оның себепсіз толымсыздығы болып есептеледі. Дайындық болмауы, жеткілікті лексикалық құзыреттіліктің болмауы өз ойын дұрыс аяқтай алмауында байқалады.
Біз біршама уақыт бердік / былай істейік / бізге бір жақтан үнемдеу жасауға / себебі егер біз іздеуге кіріссек / бізге бұл құжаттар үшін бағаны өсіруі мүмкін / сізге қарағанда / себебі олар біледі / себебі біз бұл құжаттарды аламыз / яғни / былайша айтқанда...
Алдын ала жақсы даярланған диалог, жоғары тілдік мәдениет өкілдері болып табылатын тұлғалардың диалогі – қарқынды диалог. Оның қарқындылығын жоғары лингвистикалық құзыреттілік белгілейді.
Іскерлік қарым-қатынастарда сөздің әсерлілігі, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу әдебі жұмыстың атқарылу барысына өз әсерін тигізеді. Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде тілімізге енген жаңа ұғымдар, атаулар, терминдердің атқаратын қызметі де ерекше. Кейбір жаңа сөздер әлеуметтік тұрмыста қолданылса, кейбір терминдер белгілі бір салада айналысқа түседі.
«Қоғамдық қызметі өскен тілдің сөз байлығы өсіп, тіл стилдік тұрғыдан сараланып, мағыналық өзгерістерге түседі. Олай болса, мемлекеттік тіл өмірдің әрқилы салаларына тікелей қатысты болып келетін іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Саланың арнаулы сөздері мен терминдері, кейбір құжатқа тән сөз саптау ерекшеліктері тіліміздің дамуына өз әсерін тигізеді» [20, 56-57 б. ].
Қорыта келгенде, әр саладағы маман сөз байлығын игеру нәтижесінде кәсіби білікті іскер ретінде таныла алады. Іскери қарым-қатынастарда тілді жетік меңгеру арқылы адам тіл тазалығын сақтап, жеке басының қасиеттерін, рухани құндылықтарын айқындай алады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 1234563893 | Теги: іскери қазақ тілі, кәсіби коммуникация тілі, кәсіби қазақ тілі
Просмотров: 1741 | Загрузок: 14 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru