Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Календарно-тематическое планирование по казахскому языку в 3 классе по казахскому языку
2015-10-26, 11:49 AM
З сынып аптасына 4 сағат
Қазақ тілі
А.Ж. Хасимова, Б.У.Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Алматыкітап 2014 жыл Қазақ тілі А. Қайырбекова Атамұра2014
2-кесте. Жазбажұмыстарының (диктант) мөлшері

Сынып Сөз мөлшері Жазба жұмысына берілетін уақыт
мөлшері
3 сынып 20-30 сөз 10 минут
3-кесте. Жазбажұмыстарының (диктант) саны

Сыныптар 1 сынып 2 сынып 3 сынып 4 сынып
диктант - 12 10 11

№ Тақырып Сағат саны Өткізілетін мерзім Қосымша
Жоспар Нақты Жоспар Нақты
І тоқсан 3 «А» 3 «А» 3 «Б» 3 «Б»
Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 30 сағат.
«Мен және менің отбасым, Отбасы мүшелерінің жұмыстары» – 5 сағат
1 Менің отбасым 1
2 Кім не істейді? 1
3 Мен сенен үлкенмін 1
4 Екі дос 1
5 Отбасы мүшелерінің жұмыстары 1
6 Диктант №1 «Отбасы»
«Атам ауылда тұрады» – 5 сағат
7 Менің атам 1
8 Ауылда 1
9 Атама көмектесемін 1
10 Ауылдағы достарым 1
11 Атам ауылда тұрады 1
«Мен бөлмемді жинаймын» – 5 сағат
12 Біздің үй 1
13 Мынау менің бөлмем 1
14 Үстелдің үстінде 1
15 Қонақ бөлмесі 1
16 Мен бөлмемді жинаймын 1
17 Диктант №2 «Бөлме»
«Сағат неше болды?» – 5сағат
18 Уақыт 1
19 Сағатқа қарайық 1
20 Сағат қанша? 1
21 Азаттың күн тәртібі 1
22 Сағат неше болды? 1
«Мен азық-түлік дүкеніне барамын» – 5сағат
23 Дүкендер 1
24 Қанша тұрады?
1
25 Диктант №3 «Дүкен» 1
26 Дәрумендер 1
27 Жемістер.Көкөністер 1
«Мультфильм көремін» – 5сағат Нәтиже сабақ
28 Менің сүйікті мультфильмдерім 1
29 Мультфильм нешеде басталады? 1
30 Бауырсақтың әні 1
31 Алдар көсе ертегісі
32 Қошқар мен теке
33 Сөздік диктант
Оқу еңбек аясы – 20 сағат. «Менің сыныбым» – 5 сағат
34 Менің мектебім 1
35 Менің сыныбым 1
36 Сабақта 1
ІІ тоқсан
37 Кіруге бола ма? 1
38 Сыныпта не бар? 1
39 Менің сыныбым 1
«Менің оқу құралдарым» – 5 сағат
40 Оқу құралдары 1
41 Сызғыш 1
42 Кімдікі? 1
43 Диктант №4 «Оқу құралдары» 1
44 Күш білімде 1
45 Менің оқу құралдары 1
«Кітапханаға барамын» – 5 сағат
46 Кітап 1
47 Ұлттық кітапхана 1
48 Мектеп кітапханасында 1
49 Кітапханаға саяхат 1
50 Кітапханаға барамын 1
51 Сөздік диктант
«Үйірмеге барамын» – 5сағат
52 Үйірмелер 1
53 Би үйірмесі 1
54 Ән үйірмесі 1
55 Кел, асық ойнайық 1
56 Үйірмеге барамын 1
57 Диктант №5 «Үйірмеге барамын»
Әлеуметтік-мәдени ая – 70сағат. «Мұражайға барғанда» – 5 сағат:

58 Мектеп мұражайы 1
59 Мұражайға саяхат 1
60 Президент мұражайы 1
61 Мұражайдағы ұлттық киімдер 1
62 Мұражай 1
63 Мұражайда
«Бүгін ауа райы қандай?» – 5 сағат
64 Төрт жыл мезгілі 1
ІІІ тоқсан
65 Бүгін күн суық 1
66 Аспан 1
67 Бүгін күн бұлтты 1
68 Бүгін ауа райы қандай? 1
«Шаңғы тебемін» - 5/4 сағат
69 Мен шаңғы тебемін 1
70 Қысқы ойындар қызықты 1
71 Жарыс 1
72 Демалыс күні 1
73 Қысқы ойындар 1
74 Диктант №6 «Шаңғы тебемін»
«Аққала соғамыз» - 5 сағат
75 Қыс мезгілі 1
76 Қардан аққала соғамыз
77 Қысқы демалыс
78 Қысқы ауа райы
79 Аққала соғамыз
Мұзайдынына барамыз-5 сағат
80 Маған коньки сыйлады
81 Мұзайдынында
82 «Медеу» мұзайдыны
83 Кел, хоккей ойнайық!
84 Диктант №7 «Медеу»
85 Мұз айдыны
Сенің туған күнің қашан?-5 сағат
86 Менің туған күнім
87 Туған күнің құтты болсын!
88 Құттықтаймын
89 Кеше
90 Нәтиже сабақ
91 Диктант №8 «Сыйлық»
Сыйлық беремін-5 сағат
92 Сыйлықтар
93 Бұл менің сыйлығым
94 Анамның туған күні
95 Сыйлық жасайық
96 Сыйлық беремін
Спортзалда-5 сағат
97 Спортзалда
98 Жаттығу жасайық
99 Дене шынықтыру сабағы
100 Сабақтан кейін
101 Спортзалға барайық!
102 Дене шынықтыру
Допты берші-5 сағат
103 Кел, доп ойнайық!
104 Футболдан соң тамақтануға барамын
ІҮ тоқсан
105 Ойын
106 Мен спортпен айналысамын
107 Кел, доп ойнайық!
108 Диктант №9 «Спорт»
Кел, ойнаймыз!-5 сағат
109 Ұлттық ойындар
110 Кел, ойнайық!
111 Соқыртеке
112 Біз ойнайтын ойындар
113 Асық
Наурыз келді-5 сағат
114 Наурыз мейрамы
115 Наурызда не істейді?
116 Наурызкөже
117 Наурыз ауа райы
118 Наурызда берілетін бата
119 Алтыбақан
Көшет отырғызамыз-5 сағат
120 Көктем келді!
121 Мектеп ауласы
122 Олар көшет отырғызады
123 Бәйшешек
124 Көшет отырғызамыз
125 Көшет отырғызайық!
Құстарды қарсы аламыз-5 сағат
126 Құстар қайдан келеді?
127 Жабайы құстар
128 Үй құстары
129 Құстар-біздің досымыз
130 Құстарды қарсы аламыз
Алақай, демалыс!-5 сағат
131 Жаз мезгілі
132 Жаз айлары
133 Жазғы демалыс
134 Диктант№10 «Демалыс»
135 Кемпірқосақ
136 Алақай, демалыс!

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Менің атам
Бұл-менің атам.Менің атам алпыс жаста.Ол ауылда тұрады.Ол мейірімді және ақылды .Мен атама көмектесемін.Мен атамды жақсы көремін.
Ауылда тұру-жить в ауле
2-тапсырма .Өлеңді мәнерлеп оқы
Ата туралы тақпақ.
Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалы салалап,
Құмарымды тарқатам,
Жермен көкті аралап.
3-тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Менің атам бар.Ол ауылда тұрады. Ол-зейнеткер.Атам алпыс жаста.Менің атам ақылды және мейірімді адам.

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Ауылда
Менің атам мен әжем ауылда тұрады.Мен ауылға дейін машинамен бардым.
Мен оларға көмектесемін.Ауылда мен балық ауладым,суға түстім.Маған ауыл ұнайды.
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап бер.
1.Сен қайда тұрасың?
2.Сенің ауылың қандай?
3.Сенің ауылыңда нелер бар?
3-тапсырма.Сөйлем құрап үйрен
1.Ауыл
2.Менің ауылым
3.Менің ауылым әдемі.
4.Менің Благовещенка ауылында тұрамын

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Атама көмектесемін
Мен бүгін атама көмектестім.Атам шөп шапты.Мен жинадым.Атамның 5 түйесі,2 сиыры,1 биесі,15 қойы,10 ешкісі ,көп тауықтары,үйректері,қаздары бар.Атам-еңбекқор адам.
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.
-Ата не істеді?
-Атаның неше түйесі,биесі,қойы,ешкісі, бар?
-Ата қандай адам?
3-тапсырма.Сөйлемдерді аударыңдар
На летних каникулах я ездил в аул.До аула меня довез отец.В ауле живут мои дедушка и бабушка.Летом я им помагаю.Мне очень нравится в ауле

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Ауылдағы достарым
Жазғы демалыс басталды.Мен ауылға барамын.Менің ауылда достарым бар.
Әсет ақылды және көңілді бала.Қайрат ұқыпты және күшті бала. Мен достарыммен бірге ойнаймын.
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Сенің досың бар ма?
-Оның досыңның аты кім?
-Оның аты кім?
-Ол неше жаста?
«Мультфильм көремін»

Менің сүйікті мультфильмдерім
Мен мультфильм көремін. Мультфильмдер өте қызықты. Маған жануарлар туралы мультфильмдер ұнайды. Мен күн сайын мультфильм көремін. Менің сүйікті мультфильмдерім өте көп.


Мультфильм нешеде басталады?
- Ұлан мультфильм сағат нешеде басталады?
- Сағат үште басталады.
- Мультфильм не туралы?
- Тігінші мен тапқыр бала туралы.

Алдар Көсе ертегісі
- Сен қазақ ертегілерін білесің бе?
- Иә, білемін. Теледидардан мультфильмін көрдім.
- Ол кім туралы?
- Ол Алдар Көсе туралы.
- Қандай мультфильм?
- Өте қызықты ертегі.

Тапсырмалар
1. Сұрақтарға жауап бер
1.Сенің сүйікті мультфильмің?
2.Мультфильмнің түрлерін ата?
3.Мультфильмдер қашан болады?

2. Толықтырып жаз
Менің ... мультфильмім. Мен ... мультфильм көремін.

3. Сүйікті мультфильмің туралы айт.

1-тапсырма.Тыңда.Оқы

Менің сүйікті кітабым
Кітап -адамның досы.Менің сүйікті ісім -кітап оқу.Мен кітап оқуды жақсы көремін. Мен ертегілер мен өлеңдерді көп оқимын.Менің сүйікті кітабым қазақ ертегілері.
2-тапсырма.Мақалды оқып,жаттап ал
Мақал
Кітап-білім бұлағы

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Би үйірмесі
Менің атым –Ажар.Мен би үйірмесіне қатысамын.Үйірме аптасыны бір рет болады.Мен үйірмеде би билеуді үйренемін.Мен қазақ халқының ұлттық биін үйрендім.Біздің мектепте оқушылар биден жарысты.Мен жақсы билеймін.
Жаңа сөздер
Қатысу-участвовать
Жарысу-соревноваться
2-тапсырма Досыңмен оқы.
-Бұл не?
-Бұл мектеп.
-Мектепте қандай үйірмелер бар?
-Мектепте би үйірмесі бар.
-Би үйірмесінде не істейсіңдер?
-Үйірмемеде би билейді үйренеміз.
3-тапсырма .Сөйлемдерді дұрыс құрастыр
1.Мектеп,мынау,біздің.
2.Мектепте,әр түрлі,жұмыс,істейді,үйірмелер.
3.Үйірмесіне,барамын,бүгін,би,мен.
1-тапсырма. Диалогті досыңмен оқы.

Ән үйірмесі
-Сен қандай үйірмеге барасың?
-Мен ән үйірмесіне барамын.
-Ән үйірмесі аптасына неше рет болады?
-Ән үйірмесі аптасына бір рет болады.
-Сен қай күні үйірмеге барасың?
-Мен сәрсенбі күні ән үйірмесіне барамын.
-Ән үйірмесінде не істейсіңдер?
-Біз үйірмеде күй тартамыз,домбыра тартуға үйренеміз.
Жаңа сөздер
Күй тарту-исполнять кюй
Домбыра тарту-играть на домбре
2-тапсырма.Толықтырып жаз.
--------------- мектепте ән үйірмесі бар.Ол аптасына ------------- рет болады.Ән үйірмесінде біз ----- үйренеміз.Мен ---- айтуды жақсы көремін.
3-тапсырма.Сөйлем құрап үйрен.
1.Үйірме.
2.Ән үйірмесі.
3.Ән үйірмесі бар.
4.Мектепте ән үйірмесі бар.

1-тапсырма. Мәтінді оқы. Аудар.
Мектеп мұражайы.
Біздің мектепте мұражай бар. Мұғалім бізді мұражайға апарды. Мұражайда жәдігерлер көп. Біз онда көне заттарды көрдік. Мұғалім ауылымыз туралы айтты.
Жаңа сөздер:
Көне заттар-
Жәдігер-
2-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастыр.
1.Мұражай, бар, мектепте.
2.Көрдік, біз, көне заттарды.
3.Мұражайға, мұғалім, апарды,бізді.

3- тапсырма.Сөйлесуді жолдасыңмен оқы.
-Сенің мектебіңде не бар?
-Менің мектебімде мұражай бар?
-Мұражайға кіммен бардың?
-Мұражайға мұғаліммен бардым.
-Мұражайда нелер бар?
-Мұражайда көне заттар бар?
4-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.
1.Мұражай.
2.Үлкен мұражай.
3.Үлкен мұражай бар.
Мектепте үлкен мұражай бар.
1-тапсырма. Сөйлесуді оқы.
Мұражайға саяхат.
- Сен мұражайға бардың ба?
- Ие, Мен мұражайға бардым.
- Ол кайда орналасқан?
- Ол орталықта орналасқан.
- Мұражайда не бар?
- Мұражайда көне ыдыстар, құмыралар, Алтын адам бар.
- Мұражай ұнады ма?
- Маған мұражай ұнады.
Жаңа сөздер:
Орталықта-
Орналасқан-

1-тапсырма. Мәтінді оқы. Аудар.
Президент мұражайы.
Демалыс күні біз Астанаға бардық.. Астана қаласында Президент мұражайы бар. Ол үлкен және әдемі. Мұражайда Елбасының сыйлықтары, кітаптары қойылған. Саяхат өте қызық болды.
2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
1.Демалыс күні қайда бардың?
2.Астана қаласында не бар?
3.Мұражай қандай?
4.Онда нелер қойылған?
5.Саяхат қалай болды?
3- тапсырма. Мына сөздермен сөйлем құра.
Астана, мұражай, кітап, саяхат.

Мұражайдағы ұлттық киімдер.
1-тапсырма. Оқы, сұрақтарға жауап бер.
Алматыда мұражайлар көп. Мен Мемлекеттік өнер мұражайына бардым. Онда ұлттық киім үлгілері бар.Олардың ішінде маған әйелдердің алтын жіппен, асыл тастармен әшекейленген ақ, сары, қызыл, жасыл көйлектері сәукеле мен кимешек ұнады.
Мен ұлттық киімдер туралы көп нәрсе білдім.
2-тапсырма.Берілген сөздерден сөйлемдер құраңдар.
1.Барды, шешем, киім, дүкеніне.
2.Сатып алды, маған, ол, көйлек, әдемі.
3.Сары, түсті, көйлектің.
4.Концертке, киді, апам, көйлек, ұлттық.
5.Бар, менің, қызыл, әжемде, қамзол.
3-тапсырма. Жұмбақтарды шеш.
Әжеме өң берген,
Жиегін көмкерген.
Етегі желкендей

Киім еді ол нендей?

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
- Алматыда нелер көп?
- Өнер мұражайында нелер бар?
- Әйелдердің көйлектері немен әшекейленген?

«Шаңғы тебемін»

«Мен шаңғы тебемін»
Қыс келді. Күн суатты. Балалар далада шана теуіп ойнап жүр. Мен шаңғымен таудан сырғанадым.Қыста шаңғы тепкен өте қызықты. Балалар өте көңілді.

1.Тыңда.Оқы
Қыс мезгілі

Маған қыс мезгілі ұнайды.Қыс айлары-желтоқсан,қаңтар,ақпан.Қазір желтоқсан айы.Қыста күн суық болады.Қыста қар жауады,жел соғады.Қыста қысқы демалыс болады.Ауа райы салқын,суық болады.
2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Сырғанақ
Ей,бөгеме ,жолды аш!
Бол,тез,асық,шапшаңда!
Келіп қалдым зымырап,
Ал басамын,аулақ қаш!
(Ғ.Орманов)

3-тапсырма. Диалогты досыңмен оқы
-Бұл қай жыл мелгілі?
-Бұл қыс.
-Қыс айлары қай айлар?
-Қыс айлары:желтоқсан,қаңтар,ақпан.
-Қыс айының бірінші айы қай ай?
-Қыс айының бірінші айы-желтоқсан.
-Қыста не жауады?
-Қыста қар жауады.
-Жылдың ең суық мезгілін білесің бе?
-Жылдың ең суық мезгілі-қыс

1.-тапсырма.Тыңда .Оқы
Қардан аққала соғамыз
Қыста балалар қарды домалатып аққала жасады.Басына шелек кигізеді,сәбізден мұрын,көмірден көзін,түйме жасады.Аққала адамға ұқсайды.Аққала өте әдемі.Балалар көңілді.
Жаңа сөздер
Қарды домалату-
Түйме-пуговица
Шелек-ведро
Жапсырыпты-прикрепил

2-тапсырма Жұмбақ-өлеңді тыңда,шеш
Мұз айдынында жеті бала
Асыр салып жүр сырғанап.
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап.
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң,жарадың!
3-тапсырма Мәтінді оқы,аудар
Зима.Холодно.Пошел первый снег.Дети играют в снежки.У Шерхана коньеи,у Абылайхана лыжи.Акнур и Айгерим катаюттся на санках.

1-тапсырма.Тыңда .Оқы
Қысқы демалыс
Маған қысқы демалыс ұнайды.Себебі мен қыста коньки тебемін,шаңғы тебемін,шанамен сырғанаймын,аққала жасаймын.Қыста Жаңа жыл болады.Шыршаны безендіреміз.Жаңа жылда сиқыр көп болады.Қысқы демалыс көңілді және қызықты өтеді.
Жаңа сөздер
Безендіру- украшать
Сиқыр-волшебство
2-тапсырма.Жұмбақты оқы,шеш.
Қыста үйге кірмейді,
Көктем шықса жүрмейді (шана)
3-тапсырма Сұраққа жауапты оқы
Қыста қалай киіну керек?
Мынау-Сая.Саяның басында бөрік,үстінде пальто,аяғында жылы етігі бар.Сая жылы киінді.
Мынау-Айбек.Айбектің басында құлақшыны,үстінде тоны,аяғында етігі бар.Айбек жылы киінді.

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Қысқы ауа райы
Қыста ауа райы өте суық болады.Қыста күн қысқа,түн ұзақ болады.Қыста қар жауып,боран соғады.Ауаның температурасы төмен болады.Қыс-жылдың ең суық мезгілі.
2-тапсырма Өлеңдерді тыңда.Оқы
Желтоқсан
Азынайды бораны,
Желтоқсан-бұл қыс басы.
Әйнекке ою ояды:
«Осы,-деп,-қыс нұсқасы».
Қаңтар
Қаңтар келді ышқынып,
Сірескен қар жан-жағың.
Үдегенмен үскірік,
Күн ұзарды қарға адым.
Ақпан
Ақпанда қыс ызғары
Қайтпағанмен,күн жылып,
Айналаның мұз-қары
Бір қатады,бір жібіп.
3-тапсырма.Үш сөйлем жаз.
Қыста қар жауады
аю ұйықтайды.
Қысқы каникул болады

Мұзайдынында.
1-тапсырма. Мәтінді оқы.Аудар.
Біз аулада мұзайдынын жасадық. Айдар мен Азат су тасыды. Нұрбек су құйды. Қанат пен Жанат тегістеді. Біз ертең сырғанаймыз.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1.Біз не істедік?
2.Кімдер су тасыды?
3.Кім су құйды?
4.Қанат пен Жанат не істеді?
5.Ертең біз не істейміз?
3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
Біз аулада мұзайдынын ..... . Айдар мен Азат су ...... . Нұрбек су ...... . Қанат пен Жанат ...... . Біз ертең сырғанаймыз.

4-тапсырма. Сөйлем құрып үйреніңдер.
1.Мұзайдыны.
2.Мұзайдынына барамын
3.Мен мұзайдынына барамын.
4.Мен мұзайдынына коньки тебуге барамын.

«Медеу» мұзайдыны
1-тапсырма. Мәтінді оқы. Аудар.
Алматыда «Медеу» мұзайдыны бар. «Медеуде» қонақ үй, емхана, асхана, кинозал бар. Мұзайдыны үлкен және әдемі. «Медеуде жарыстар жиі өтеді. »Демалыста адам көп келеді.
2-тапсырма .

-Сен мұзайдынына бардың ба?
-Иә, бардым.
-Мұзайдынында не өтеді?
-Мұзайдынында жарыстар өтеді
-Алматыда қандай мұзайдыны бар?
-Алматыда «Медеу мұзайдыны бар?
- «Медеу» мұзайдыны қандай?
- «Медеу» мұзайдыны үлкен, әдемі.

Маған коньки сыйлады
1- Мәтінді оқы, аудар.
Кеше қаладан ағам келді. Ол маған коньки сыйлады. Мен мұзайдынында конькимен сырғанадым. Сырғанау маған маған ұнады.

2-тапсырма
Зима. Холодно. Пошел первый снег. Дети играют в снежки. У Шерхана коньки.
Он катается на катке.

Кел, хоккей ойнайық!
1- тапсырма
Балалар далаға ойнауға шықты. Олар екі командаға бөлінді. Хоккей ойнады. Ойын қызық болды. Айдар құлады. Бірақ ол жылаған жоқ.

2-тапсырма
-Айдар мұзайдынына барасың ба?
-Барамын. Не ойнаймыз?
-Командаға бөлініп, хоккей ойнаймыз.
-Балалар бәрі келе ме?
-Иә, бәрі ойнайды.
-Мен қақпашы боламын.
-Ал, мен шабуылшы боламын.
-Жақсы .Келістік.

3-тапсырма. Сурет бойынша үш сөйлем құрап жаз.

«Сыйлық беремін»
Бұл менің сыйлығым
- Сен кеше не істедің?
- Мен туған күнге бардым.
- Кімнің туған күні болды?
- Азаматтың туған күні болды.
- Сен не сыйладың.
- Мен кітап сыйладым. Бұл сыйлығым оған ұнады.

Анамның туған күні
Мынау – менің анам. Оның аты Гүлнұр. Ертең анамның туған күні. Мен анама қолдан сыйлық жасап беремін. Ол қуанады.

Тапсырмалар
1. Сұрақтарға жауап бер
1.Сыйлықты неден жасадың?
2.Сыйлықты кімге сыйлайсың?

2. Толықтырып жаз
Мен ... жасадым. Мен ... анама сыйладым.

3. Сәйкестендіріп оқы.
Сыйлық күніне
Қолдан сыйладым
Туған жасадым

1-тапсырма.Досыңмен оқы.
Кел,доп ойнайық
-Сен спортпен айналысасың ба?
-Иә,айналысамын.
-Дене шынықтыру сабағында не істейсіңдер?
-Біз жүгіреміз,секіреміз,жаттығулар орындаймыз
-Сендер доппен қандай ойындар ойнайсыңдар?
-Біз футбол және баскетбол ойнаймыз
-Себетке доп лақтырасыңдар ма?
-Себетке Айдос допты жақсы лақтырады
2-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқы
Доп
Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Қызыл, жасыл, сары, көк
Ойнайтын сенімен бала көп.
3-тапсырма.Сөйлемдерді жаз.
Мектепте үлкен....... бар.Ол......... қабатта орналасқан. Ол кең және ....Біз спортзалда.......
Керекті сөздер:спортзал,жарық,бірінші, ойнаймыз.

1-тапсырма.Досыңмен оқы,аудар
Футболдан соң тамақтануға барамын
-Футболдан соң тамақтануға барасың ба?
-Иә,әрине асханаға барамын.
-Ойынында кім қақпаға гол соқты?
-Асқар бес рет гол соқты
-Футбол ойынында кім шабуылшы болды?
-Досан шабуылшы болды
-Ойында кім қорғаушы болы?
-Ойында Қайрат қорғаушы болды.
2-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқы
Футбол
Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ
Бірақ жолдың бойында,
Доп теппеңдер қуалап
(Ә.Асылбеков)
3-тапсырма.Сөйлемдерді толықтырып жаз
Қазір ..... сабағы. Біз сабақта..... орындаймыз.Бізге дене шынықтыру сабағы....
Керекті сөздер:дене шынықтыру,ұнайды,жаттығулар.

«Кел, ойнаймыз»

Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар өте көп. Жұптық, топтық ойындар болады. Олар тоғызқұмалақ, асық, айгөлек, ақ серек, көк серек т.б. Ұлттық ойындарды балалар шапшаң, мұқият, зерек болуға үйретеді.

Соқыртеке ойыны
Біз бүгін соқыртеке ойынын ойнадық. Алдымен бір баланың көзін байладық. Қалған балалар шашыла жүгірді. Ал көзі байланған бала бізді ұстап алуы керек. Ойын өте керемет болды.

Біз ойнайтын ойындар
Біздің мектепте спорт алаңы бар. Мұнда оқушылар футбол, волейбол, баскетбол ойнайды. Спорт алаңы қыста да, жазда да балаларға толы. Қыста біз шаңғы, коньки тебеміз. Жылы күндері доп ойнаймыз.

Тапсырмалар
1. Сұрақтарға жауап бер
1.Ұлттық ойын түрлерін ата?
2.Қандай ұлттық ойынды ұнатасың?

2. Толықтырып жаз
... ойын. ... ойын. (ұлттық,сүйікті)

3. Ұлттық ойындар туралы айт.

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Наурыз мерекесі
Наурыз-жыл басы.Наурыз мейрамы-Ұлыстың ұлы күні.
22 наурызда күн мен түн теңеледі.Халық мерекеге дайындалады.Халық алаңға жиналады.Дастарқанның басты тағамы-наурызкөже.Маған Наурыз мерекесі ұнайды.Наурыз мерекесі қызықты және көңілді өтеді.
Жаңа сөздер
Алаң- площадь
Көңілді- веселый(--ая)
2-тапсырма Сөздерді аудар.
Тағам,мереке,көңілді,дастарқан,ойын
3-тапсырма..Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Менің әжем бүгін ........ дайындады.Біз бәріміз наурызкөжені ....Наурызкөжені ..... мерекесінде дайындайды.
Керекті сөздер:іштік, наурызкөже,наурыз

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Наурызкөже
Бүгін Наурыз мерекесі.Әжем наурызкөже пісіріп жатыр.Әжем наурызкөжеге жеті түрлі тағам салды.Олар:ет,тұз,арпа,бидай,су,құрт,сүт.Наурызкөже өте дәмді болды.Отбасымыз наурызкөженің дәмін татты.Наурызкөже-тоқтықтың белгісі.
Жаңа сөздер
Жеті түрлі тағам- семь компонентов
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер
1.Наурыз қандай қандай?
2.Наурыз мейрамының басты тағамы?
3.Наурызкөже ненің белгісі?
3-тапсырма.Сөйлем құрап үйрен
1.Наурызкөже
2.Дәмді наурызкөже
3.Дәмді наурызкөже іштім.
4.Мен дәмді наурызкөже іштім.

1-тапсырма Диалогті досыңмен оқы
Наурызда не істейді?
-Наурыз қандай мереке?
-Наурыз жыл басы,жаңа жыл.
-Наурызда адамдар не істейді?
-Олар бұлақтарды тазартады,ағаш отырғызады.
-Әжелер,аналар не істейді?
-Олар дәмді тағамдар пісіреді
-Дастарқанның басты тағамы не?
-Басты тағамы –наурызкөже
-Мереке күні жастар не істейді?
-Олар ән салады,би билейді
2-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқы
Наурыз
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық,бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне
3-тапсырма.Сөйлем құрап үйрен
1.Наурыз
2.Наурыз мейрамы
3.Наурыз мейрамы басталды.
4.Алаңда наурыз мейрамы басталды.

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Наурызда берілетін бата
Бата беру-қазақ халқының ежелгі дәстүрі.Жасы үлкен қадірлі кісілер тойда,қонақта бата береді.Әр тойдың өз батасы болады.Наурыз мерекесінде де бата беріледі.
2-тапсырма
Диалогті досыңмен оқы
-Бата беру қандай дәстүр?
-Бата беру-қазақ халқының ежелгі дәстүрі
-Батаны кім береді?
-Батаны жасы үлкен кісілер береді.
3-тапсырма Сөйлеп үйрен.
Бұл-менің атам.
Атамның аты-Қайрат.
Ол –зейнеткер

1-тапсырма. Тыңда .Оқы.
Мектеп ауласы
Мектеп ауласы үлкен. Гүл алаңы бар. Аулада қайың, шырша өсіп тұр. Гүл алаңында менің сүйікті гүлдерім өсіп тұр. Біз әр үзілісте мектеп ауласында демаламыз.
Жаңа сөздер:
Шырша-
Қайың-
Мектеп ауласы-

2- тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
1. (Школьный двор) большой.
2.Аулада (береза, ель ) өсіп тұр.
3.Гүл алаңында менің (любимые цветы) өсіп тұр.
3- тапсырма. Сөйлеп үйрен.
Мынау- менің мектебім.
Мынау- сенің мектебің.
Мынау- сіздің мектебіңіз.
Мынау – оның мектебі.

4- тапсырма. Өзіңді тексер.
Ала... Қайы... Г...ү Үз...ліс Сүй...кті

1-тапсырма. Тыңда .Оқы.
Көшет отырғызамыз.
Біздің мектептің бақшасы үлкен. Көктемде біз көшет таңдап, оларды отырғызамыз.Ұлдар жер қазады. Қыздар суарады. Ағаштар жақсы өседі.
Жаңа сөздер:
Көшет отырғызу-
Ағаш-
Жер қазу-
Көшет таңдау-

2- тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
- Біздің мектептің бақшасы қандай?
-Көктемде біз не істейміз?
-Ұлдар не істейді?
-Қыздар не істейді?
-Ағаштар қалай өседі?

3- тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.
1.Көшет.
2.Көшет отырғызды.
3.Балалар көшет отырғызды.
4.Балалар бақшада көшет отырғызды.

4- тапсырма.Есіңде сақта.
Мен отырғызамын, қазамын
Сен отырғызасың, қазасың
Сіз отырғызасыз, қазасыз
Ол отырғызады, қазады

1-тапсырма Диалогты досыңмен оқы.
Құстар қайдан келді?
-Қазір қандай мезгіл?
-Қазір көктем мезгілі
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
-Көктемде ауа райы жылынады,құстар ұшып келеді.
-Құстар қай жақтан ұшып келеді?
-Олар жылы жақтан ұшып келеді
-Қандай жыл құстарын білесің?
Олар қарлығаш,қараторғай т.б
Жаңа сөздер
Құстар-птицы
Табиғат-природа
2-тапсырма.Жаңылтпашты оқы.
Жаңылтпаш
Көк тырна,
Көп тырна,
Тыраулап
Көп тұрма
3-тапсырма.Сөйлемдерді жаз.
Көктемде құстар ұшып келді. Біз құстарға ұя жасадық.Құстарға жем шашты.Балалар көңілді.

1-тапсырма.Тыңда.Оқы
Жабайы құстар
Жексенбі күні біз хайуанаттар бағына бардық.Онда біз әр түрлі құстарды көрдік.Тоқылдақ,торғай,бұлбұл ,сауысқан,тырна,қырғауылқұр-бәрі торда отыр.Олар әдемі құстар.
2-тапсырма.Диалогты досыңмен оқы.
-Сен қандай құстарды білесің?
-Мен торғай,сауысқан,бұлбұлды білемін.
-Ал сен ше?
-Мен тырна,қарлығаш,тоқылдақты білемін.
-Саған құстар ұнайды ма?
-Иә,ұнайды.
3-тапсырма .Сөйлем құрап үйрен
1.Құстар.
2.Жабайы құстар.
3.Жабайы құстар бар.
4.Хйуанаттар бағында жабайы құстар бар.

1-тапсырма.Тыңда.оқы

Үй құстары
Атам мен әжемнің үйінде үй құстары бар.Үй құстары:әтеш,тауық,үйрек,күркетауық,қаз.Мен құстарға жем бердім.Үй құстары жұмыртқа және ет береді.Олар пайдалы.
2-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқы
Қораз
Мен-Қоразбын,Қоразбын!
Жалқаулармен аразбын
Таңды бұрын қарсы алып,
Елді оятам жар салып
(Е.Өтетілеуұлы)
3-тапсырма.Сөйлемдерді аяқта.
Біздің үйде үй ....... бар.Үй құстары ........ береді.Үй құстары өте .....
Керекті сөздер:жұмыртқа,құстары,пайдалы.

1-тапсырма.Тыңда .Оқы
Құстар-біздің досымыз
Бүгін еңбек сабағында оқушылар құстарға арнап ұя жасады.Олар ұяны ағашқа орнатты.Ұяға қараторғай ұшып келді. Балалар көңілді.Құстар-біздің досымыз.
Жаңа сөздер
Ұя жасаймыз -
2-тапсырма.Толықтырып оқы.
Мен аққудың суретін салып жатырмын.
тырнаның
қаздың
үйректің
3-тапсырма.Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Маған қарлығаш ұнайды.Мен қарлығаштың суретін салып жатырмын.Қарлығаш-әдемі құс.

«Алақай, демалыс»

Жаз мезгілі
Жаз - өте ыстық жыл мезгілі. Жаз айлары маусым, шілде, тамыз.Жазда күн ұзақ, түн қысқа болады. Ең ұзақ күндер маусымда болады. Ең ыстық ай шілде.

Жаз айлары
Маусым
Құс көбейді көлдегі,
Маусым келді – жаз мейрам.
Асыр салып төлдері,
Жан – жануар мәз – мейрам.
Шілде
Шілде келді. Бүл бір ай –
Жаз айы ғой ең ыстық.
Апамызға құлпынай,
Алма, шие терістік
Тамыз
Тамыз жомарт бұйырды,
Пісті қауын, алма, өрік.
Жүзім, алмұрт үйілді,
Дастарқанға сән беріп.

Жазғы демалыс
Жазғы демалыс басталды. Оқушылар ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда балалар суға шомылады, күнге күйеді. Балалар жазды жақсы көреді.


Тапсырмалар
1. Сұрақтарға жауап бер
1.Жаз мезгілі қандай?
2.Жаз айларын ата.

2. Толықтырып жаз
Жазғы ... басталды. Жазда ... барамын . (демалыс, жайлауға)

3. Сәйкестендіріп оқы.
жаз барамын
жайлауға күндер
ұзақ айлары
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: karabaevasamal
Просмотров: 3748 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 0:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru