Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ерлігі ел есінде
[ Скачать с сервера (65.5 Kb) ] 2015-12-06, 7:04 PM
Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша «Ерлігі ел есінде...» атты әдеби-конференция жоспары

Мақсаты:
Шығарманың мәтінін талдату арқылы көркемкомпоненттерін ажыраттыру, автордың өзіндік стиль ерекшелігін тапқызу арқылы білімдерін дамыту.
Халықтар достығына ,патриоттық сезімге, ізденімпаздыққа, жауапкешілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, образ жасаудағы жазушының шеберлігін тани біліп, талдай білуге, шығарманың ең түйіндісін айта білуге дағдыландыру.
Көрнекілігі: тақырыптық презентация, көрме, нақыл сөздер, қосымша қажет материалдар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мүсіре¬пов, Ғабит Махмұтұлы (1902–1985) – қазақтың әйгілі жа¬зушы¬сы, қоғам қай¬рат¬кері, Қазақ КСР Ғылым ака¬деми¬ясы¬ның ака¬демигі, Со¬ци¬алистік Еңбек Ері.
Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан об¬лы¬сының Жам¬был ауда¬ны.
Алғашқыда ауыл мол¬да¬сынан араб¬ша хат та¬ныған Ғабит жас¬тайынан әуелі екі жыл¬дық ауыл¬дық орыс мек¬тебін, кейін төрт жыл¬дық жоғары басқыш орыс мек¬тебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмы¬сына әжеп¬теуір орыс¬ша са¬уаты бар адам ретінде ара¬ласып, түрлі қыз¬мет атқара¬ды.
Орыс мек¬тебінде жүрген¬де орыс¬тың атақты ақын жа¬зушы¬лары¬ның шығар¬ма¬ларын оқып білуі, ауыл мек¬тебінде өзін оқытқан әде¬би¬етші мұғалім Бе¬кет Өтетіле¬уов¬тың әсер ықпа¬лы бо¬лашақ жа¬зушы¬ның әде¬би¬ет¬ке ерек¬ше ықылас ауда¬ру¬ына септігін тигізеді. Орын¬бордағы раб¬факта оқып жүрген¬де ол әде¬би білімін, эс¬те¬тика¬лық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кез¬де өзінің тыр¬нақал¬ды ту¬ын¬ды¬сы «Ту¬лаған толқын¬да» по¬весін жа¬зады. Со¬дан бы¬лай қарай бас¬па орын¬да¬рын¬да, пар¬тия, кеңес ме¬кеме¬лерінде жа¬уап¬ты қыз¬мет атқара жүріп, шығар¬ма¬шылық жұмы¬сын то¬лас¬сыз да¬мыта бе¬реді. Со¬ның нәти¬жесіндей бо¬лып, «Қос шалқар», «Көк үй¬дегі көршілер», «Шұғыла», «Тал¬пақ та¬нау» әңгіме¬лері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» по¬весі жыл ара¬латып ба¬рып, бірінен кейін бірі жа¬рық көреді. Оның бұл шығар¬ма¬лары қазақ әде¬би¬етіне жа¬зу стилі қалып¬тасқан, көркемдік ше¬берлігі ерек¬ше жаңа су¬рет¬кердің кел¬генін жа¬рия ет¬кен еді. Шығар¬ма¬шылық жо¬лының бір бе¬лесін ана¬лар ту¬ралы әңгіме¬лер топ¬та¬масы¬мен түйінде¬ген жа¬зушы енді кең ты¬ныс¬ты ту¬ын¬ды жа¬зуға кіріседі. Екінші дүни¬ежүзілік соғыс¬тың аяғын ала ол өзінің тұлғалы ту¬ын¬ды¬сы «Қазақ сол¬да¬ты» ро¬манын жа¬зады. Ро¬ман тың тақыры¬бымен, об¬разда¬рының көркем бей¬не¬ленуімен, сю¬жет құру ше¬берлігімен, тар¬тымды та¬маша тілімен таңда¬улы қазақ ро¬ман¬да¬рының қата¬рына қосы¬лады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт са¬лып ба¬рып, өзінің ең ірі са¬лалы да са¬лиқалы шығар¬ма¬сы «Оянған өлке» ро¬манын жа¬ри¬ялай¬ды.
Қазақ про¬засы¬ның шоқтығы биік ту¬ын¬ды¬сы са¬налған осы ро¬маны¬нан кейін жа¬зушы қай¬та¬дан шағын жанрға ойыса¬ды. Сөйтіп әңгіме жан¬рында зер¬гер су¬рет¬керлігімен та¬нылған ізденімпаз жа¬зушы, көркемдік ше¬берлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, по¬весі сайын жаңа бір бе¬лес¬ке көтеріліп оты¬рады. 1968 жы¬лы «Кез¬деспей кет¬кен бір бей¬не» кіта¬бы үшін Абай атын¬дағы рес¬публи¬калық сый¬лық ала¬ды. Араға бес ал¬ты жыл са¬лып ба¬рып, про¬задағы соңғы еле¬улі ту¬ын¬ды¬лары¬ның бірі «Ұлпан» по¬весін жа¬ри¬ялай¬ды. Со¬нау оты¬зын¬шы жыл¬дарда ақ үлкен дра¬матург екенін та¬нытып, «Қыз Жібек» опе¬расы¬ның либ¬ретто¬сын, «Қозы Көрпеш Ба¬ян сұлу» пьеса¬сын бер¬ген Ғ. Мүсіре¬пов кейінгі жыл¬дарда да бүкіл қазақ дра¬матур¬ги¬ясы¬ның та¬маша ту¬ын¬ды¬сы бо¬лып та¬былған «Аман¬гелді», «Ақан сері Ақтоқты» пьеса¬ларын жа¬зады. Оның шығар¬ма¬лары¬ның негізінде ки¬нофиль¬мдер түсіріледі.
Ғабит Мүсіре¬пов өзінің қоғам¬дық, пуб¬ли¬цистік, жур¬на¬листік, сын¬шылдық қыз¬метімен де туған халқының мәде¬ни¬етінің да¬му¬ына зор еңбек сіңірді. Алай¬да қазақ халқы оны үлкен су¬рет¬кер жа¬зушы деп та¬ниды, көркем сөздің хас ше¬бері деп біледі, құрмет тұта¬ды. Ол бірне¬ше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің де¬пута¬ты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы бо¬лып сай¬лан¬ды. Екі мәрте Ле¬нин ор¬денімен және Еңбек Қызыл Ту ор¬дендерімен ма¬рапат¬талды.
Ғабит Мүсірепов жайлы лебіздер:

«Мүсірепов болса қашанда таңдауға лайық тұлға»
Әбдіжәміл Нүрпейісов

«Ғабит Мүсірепов – ардақты ат. Мүсіропов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Мүсіреповпен мақтану керек!»
Зейнолла Қабдолов

«Ғабит Мүсірепов өзін де, өзгені де қайталамайды».
Тәкен Әлімқұлов

«Қазақ сөз зергерлерінің ішінде Мүсіреповтің қайталанбас жазушылық қолтаңбасы ерекше. Стилінің әсемдігі, дәлдігі, тілінің нәрлілігі, нәзік юморы мен аса байқампаздығы – бүкіл ұрпаққа үлгі».
Тахауи Ахтанов

«Мүсірепов қандай жаңа құбылысты, қандай жаңа адамды жазсын мейлі, оның түп-төркінін халықтың өз бойынан табады; қандай өрелі проблема көтерсін мейлі, халықтың өз көкірегінен іздейді».
Әбіш Кекілбаев

«Оның көрікті сөзінде отты, серпінді романтика мен ғажап реализм үнемі астарласып отырыпты. Сондықтан да біз оның шығармаларын қашанда үлкен олжадай, қымбат шашудай қабылдап келеміз».
Әбділда Тәжібаев

«Әлі де талай-талай замандар өтеді. Талай-талай толқындар кезекпен ауысып, талай-талай ұрпақтар келеді. Сол кезде халқымыздың осы бір тұстағы бел-белесіне үңілер адам болса, Мүсірепов шығармаларына соқпай кете алмайтыны айдан анық».
Сафуан Шаймерденов
Мұхтар Шахановтың Ғабит Мүсіреповке арнаған “ҚАЛАМДАС ДОСҚА” өлеңін орындау
Ғұмыр бойы тыным көрмей арпалысқан Ар үшін,
Шыншыл, адал мінезімен жақын еткен алысын,
Күллі қазақ өнерінің арқалаған намысын
Сенімен де қоштасар кез келгені ме, арысым?!
Саған деген қошеметтің ұлан-ғайыр аумағы,
Табытыңа бас иіп тұр қазақтың бар таулары.
Саған сәлем кең далаңнан – жанарынан жас тамған,
Саған сәлем жас буыннан – жазылмаған дастаннан.
Қай кезде де туған елге деген ұлы махаббат
Өз ұлтының даналарын қадірлеуден басталған.
Ғасырына қуат қосқан даңқыңды ешкім бөгемес,
Қазақтың сөз өнерінен бой көтерген Эверест.
Қадірлім-ау, ескерткіш қып сенің ұлы тұлғаңа
Көк тіреген Алатаудың өзін қойса, көп емес.
«Қазақ солдаты» - мәңгілік асыл мұра
Романның жазылу тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқанда жазылып, соғыс бітетін жылы «Қазақ батыры» (1945 жылы) деген атпен жарыққа шыққан бұл роман ұлттық әдебиет тарихында айтарлықтай орын алды. Арада 3-4 жыл өткен соң автор роман құрылысының тұтастығы жетіспей, кейіпкерлер мінез-құлқының терең ашыла қоймағанын ескеріп, қайтадан өңдеген. Ақыры көп кемшіліктен арылып, жинақтау сипаты өскен роман 1950 жылы «Қазақ солдаты» деген атпен жарияланды. Орысша тұңғыш рет 1949 жылы жарық көрген-ді.
«Қазақ солдаты» романы бойынша жоспар құрып, жоспар бойынша шағын мазмұнын айту:
1. Қайроштің балалық шағы
2. Соғыс алдындағы жағдай
3. Шайқас қаһарманының өшпес ерлігі
Қайырғали Сарталиев бейнесі
ІІІ кезең: Жерлес ардагерлер
Биыл, 2013 жылы, жалпы адамзат өзінің тарихында жазылған қаһарлы соғыстағы ұлы Жеңістің 68 жылдық мерекесін тойлағалы отыр.
Ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатын мерекелеріміздің бірі – Жеңіс күні. Жеңіс күні қанша уақыт өтсе де, қилы өзгеріс болып жатса да ұрпаққа ең ыстық мейрам болып қала береді.
9 мамыр, Жеңіс күні - әр адамды толқытатын ерекше, аса қастерлі де айтулы күн. Бұл Жеңіс болмағанда көптеген елдер мен халықтардың тағдыры басқаша қалыптасып, Қазақстанымыз да тәуелсіз ел болмас па еді? Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған жауынгерлердің рухын бас иіп, ал арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне бұрынғыдан да құрметпен қарап, олардың ерліктеріне тағзым ететін күн.
«Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында» деп батыр ағамыз Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, ардагерлер – бейбітшілік, тыныштық, береке, бақыт орнатқандар. Сұрапыл соғысты басынан өткеріп, бізді Жеңіске жеткізген аталарымыз бен сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарып, сонысымен Жеңіс күнін жақындатқан аналарымызды да мақтан тұтамыз. Майдангерлер Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктерімен, жігер-қайраттарымен ұрпаққа үлгі. Еліміздің тарихында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдері өшпес ерліктерімен мәңгілікке жазылып қалды.
Қан майдан, сұрапыл соғыс жылдарында «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген ұранмен шайқасқан, бүгінгі күні аз қалған ардагерлеріміздің ерліктеріне бас иіп, құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың басты парызы.

Жерлес ардагерлермен таныстыру
Асайынов Зәмзән, 13.03.1924 ж.т., орыс, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1942 жылы Қызылту АӘК әскер қатарына шақырылған. Әскери қызметті 181- ші АП - атқышы, Ленинград қаласындағы 99-шы шекара әскер бөлімшесінде атқарған. Қатардағы жауынгер. Наградалары:
« Германияны жеңгені үшін», «Ленинградты қорғаны үшін», мерейтойлық медальдар. 1995 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.

Бублик Иван Варфаламеевич, 1926 ж.т., украин, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1941 жылы әскер қатарына шақырылған және 1946 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған.Әскери қызметті 141-ші гв.АП атқарған.Сержант. Наградалары: «Германияны жеңгені үшін» медаль.
1975 жылы қайтыс болған.Ақтүйесай ауылында жерленген.

Махамбетов Қадырасыл Әділұлы, 1919 ж.т. қазақ, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы.1939 жылы әскер қатарына шақырылған және 1946 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған. Әскери қызметті атқыш дивизиясында мотоатқыш корпусының командирі қызметін атқарған. Кіші лейтенант. Жараланған. Наградалары: «Қызыл жұлдыз» ордені, «Кенигсбергті алғаны үшін» медаль.1999 жылы қайтыс болған.Ақтүйесай ауылында жерленген.

Орынбаев Секербай, 1915 ж.т., қазақ,Омбы облысы Шарбақкөл ауданы
Тапал ауылы.07.01.1941 жылы әскер қатарына шақырылған және 1947 жылы Шарбақкөл ҚҰӘК есепке тұрған. Әскери қызметті 07.1941 – 06.1942 жж.
95-ші АП – атқыш қызметін атқарған. 07.1942-05.1945 жж. тұтқында болған. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «Жапонияны жеңгені үшін»,
«Ерлігі үшін» медальдар, «П дәрежелі Отан соғысы» ордені. 15.06.2009 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.

Попов Иван Дмитриевич, 21.01.1924 ж.т., орыс, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1943 жылы әскер қатарына шақырылған және 1945 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған.Әскери қызметті 1291-ші АП, 111-ші АД атқарған.Старшина.Наградалары: «Ерлігі үшін» медаль, «Қызыл жұлдыз» ордені.1997 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.

Романченко Анатолий Прокопьевич, 17.03.1925 ж.т., украин, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1943 жылы әскер қатарына шақырылған және 1945 жылы есепке тұрған.Әскери қызметті 98-ші АП. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «Германияны жеңгені үшін»,
«Ерлігі үшін» медальдар. 1999 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.

Сейсенбаев Баймағанбет, 1907 ж.т., қазақ, Омбы облысы Одесса ауданы Талдыағаш ауылы. 1943 жылы әскер қатарына шақырылған және 1945 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған.Әскери қызметті Будапешт, Кенигсберг, Вена қалаларында атқарған. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «Қызыл жұлдыз», «Германияны жеңгені үшін» медальдар. 1966 жылы қайтыс болған. Ақтүйесай ауылында жерленген.

Сихимов Құсниден, 1920 ж.т., қазақ, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Ақтүйесай ауылы. 1943 жылы әскери қатарына шақырылған және 1945 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған. Әскери қатарына шақырылған және 1945 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған. Әскери қызметті 6-ші АП атқарған. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «П дәрежелі Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін» медальдары. 1971 Ресей Федерациясына көшіп кеткен.

Тоғжанов Әди, 1922 ж.т., қазақ, Көкшетау облысы Қызылту ауданы К.Маркс ауылы. 05.01.1942 жылы әскер қатарына шакырылған және 05.1946 жылы Қызылту АӘК есепке тұрған. Әскери қызметті 01.1942-07.1942 ж.ж. 95-ші АП – атқышы, 07.1942-04.1946 ж.ж. 110-шы АП атқарған. Қатардағы жауынгер. Наградалары: «Германияны жеңгені үшін», «Қенес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медальдары. 2007 жылы қайтыс болған. Актүйесай ауылында жерленген.

Конференцияны қорытындылау
Ұлы Отан соғысы миллиондағандардың қанын төгіп, әрбір шаңырақтың шаттығын ұрлады, бала жетім, жар жесір қалған қайғы мен қасірет жұтқан ауыр кез болды. Ұрыс майдандары мен тылдағы жауынгерлердің ерен еңбектері арқасында ғана фашистік басқыншыларды талқандап, қайғының қара бұлты сейілген бейбіт күнге жеттік.
Сұрапыл соғыстың жалынына оранып, етікпенен су кешкен жауынгерлер қатары бүгін сиреп барады. Жас буын өкілдері бейбіт кезеңде өмір сүріп жатқанына біз қуанып, тәубе дейміз. Десек те олардың Отанға деген сезімдерін асу бермес толқынға айналдыру үшін олардың қиыншылықтарын білуіміз парыз.
Ұлы Отан соғысында, Отан үшін оқты кеудесімен қорғай білген жауынгер ардагерлеріміздің өмір жолдарын тарихымыздың бір парағындай саралап келіп, сіздерге жеткізуге тырысып бақтық.
Оққа ұшыраған жауынгерлермен үйіне оралған ардагерлеріміздің ерен ерліктеріне бір жағынан риза көңілмен сүйенсек, олардың қиылған өмірлеріне тағзым етіп, бас иеміз.

ОТАНЫН ҚОРҒАҒАН АҒАЛАРҒА
Уақыт озып қалтырайсың бүгінде,
Буыннан әл, бойда күшің азайып.
Жақ суынып, тісің түсіп жалтаңдап,
Бола қалдың жас баладай дәрменсіз.
Белгісі ме өткен өмір айнасы,
Көрген бейнет, салған соғыс жарасы.
Арыстандай айбырлы едің атылған,
Жауды құртпай тыным таппай алысқан.

Назарларыңызға рахмет!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kalimova1989as
Просмотров: 713 | Загрузок: 6 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru