Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Нәтиже сабақ. Синоним, антоним, омонимді қайталау.
2016-01-04, 3:53 PM
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Синоним, антоним, омонимді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Мектеп туралы алған білімдерін қайталап бекіту.
Міндеттері: Мектеп туралы әңгімелей алу, өзара сөйлесе білу. Сөздермен сөйлем құрастыру, алған білімдерін пайдалана және жинақтай білу. Мектепті сүюге, құрметтеуге, мақтан етуге үйрену.
Күтілетін нәтиже: Мектеп туралы әңгімелей алады, өзара сөйлесе біледі. Сөздермен сөйлем құрастыра алады, алған білімдерін пайдалана және жинақтай біледі. Мектепті сүюге, құрметтеуге, мақтан етуге үйренеді.
Техникалар, көрнекіліктер: АКТ, мектеп туралы үлестірмелі материал, плакат, суреттер, буклет, кестелер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.(1 минут)
– Сәлеметсіздер ме, балалар.
- Көңіл-күйлеріңіз қандай?
- ... .
- Ендеше тақтаға шығып, партадағы қарындаштар мен қаламдарды алыңдар. Енді қарындаштар алған оқушылар мына жақтағы парталарға, ал қалам алған оқушылар мына жақтағы парталарға отырыңдар.
Оқушылар тақтаға шығып, қарындаш пен қалам алып, «қарындаш» және «қалам» тобына бөлінеді. Мұғалім: әр топ басшы, хатшы, баяндамашы, уақыт қадағалаушы белгілеңдер.
- Бүгін сабақта кім кезекші?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Мақал-мәтелдерді жаттау, «Болашақтағы мектеп» жобасын құрастыру, буклет жасау.
Ой қозғау: Мұғалім: Мектеп деген сөзді қалай түсінесіздер? (1минут)
Слайд І
Менің ойымша ...
Мектеп деген сөз ...
Мектеп ...
Мектеп бізді ... дайындайды.
Мұғалім: Мектепте сендер білім аласыңдар, қоршаған ортаны, әлемді танисыңдар және өз беттеріңмен білім алуға, еңбектенуге үйренесіңдер.
- Бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мектеп тақырыбын қайталау» деп ойлаймыз.
Мұғалім: интербелсенді тақтадағы сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысыңдар.
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Синоним, антоним, омонимді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Мектеп туралы алған білімдерін қайталап бекіту.
Мұғалім: Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазыңдар.
- Балалар, бүгін сабақта сендер өздеріңді бағалай аласыңдар. Бағалау парағы алдарыңда жатыр. Жауап берген әр оқушыны, әр тапсырманы орындағаннан кейін топ оқушыларын бағалап отырыңдар.
Деңгейі Сұрақтар және тапсырмалар Уақыты
Білу Топтық жұмыс (3 + 3+2+3 минут)
Слайд ІІ Топтық жұмыс. Мақал-мәтел құрастыру.
Мұғалім: Мақал-мәтел сөздері шашылып қалды, сол сөздерден мақал-мәтелдер құрастырып, мағынасын түсіндіріңдер.
«Қарындаш» тобы
1. Мектеп – кеме, білім – теңіз.
2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
3. Күш білімде.
«Қалам» тобы
1. Оқу инемен құдық қазғандай.
2. Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
3. Оқу түбі – тоқу.
Әр топ бірін-бірі, өзін бағалайды
Слайд ІІІ Топтық жұмыс.
Мұғалім: синоним, антоним, омомним ережесін еске түсіріңдер. Синквейн өлеңін оқып, мазмұнын түсініп, тақырыбын (синоним, антоним, омомним екенін) табыңдар.
...
Мәндес, сұлу,
Түсіндіреді, анықтайды, байытады.
Көркем сөйлемдер құрастырады.
Сәнділер.
...
Қарама-қарсы, қажетті,
Қарсыласады, толықтырады, дауласады.
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп. (мақал-мәтел)
Түйіндер.
...
Бірдейлер, басқалар
Бірге келеді, айрады,таңдандырады.
Бір қызығы – бірдей емес!
Түрлілер.
Әр топ бірін-бірі, өзін бағалайды
Слайд ІҮ Жеке жұмыс. Оқулықпен, дәптермен жұмыс. 2 оқушы кәртішкемен тақтада жұмыс жасайды.
«Қарындаш» тобы
31-бет, 2-тапсырма. Ас, кең, аула сөздерімен сөйлем құрастырыңдар.(синоним, антоним, омоним екенін түсіндіріңдер)
«Қалам» тобы
35-бет. 2-тапсырма. Антоним, омоним, синоним сөздерді ажыратып, сөйлем құрастырыңдар.
Әр топ бірін-бірі, тақтадағы оқушыны, өзін бағалайды
Түсіну Ұжымдық жұмыс (2 минут)
Мұғалім: Интербелсенді тақтадан «Мектеп» туралы бейнефильм көреді және мектеп туралы мәтін тыңдайды (аудирование), есте сақтайды.
Мектеп туралы тыңдалатын мәтін
Мектебім қала орталығында, Мәскеу көшесінде орналасқан. 2014-2015 оқу жылы біздің мектебіміз 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Мектеп 1974 жылы ашылды. Мектеп алдында әдемі гүлдер, ағаштар өсіп тұр. Ауладағы спорт алаңында түрлі спорт ойындары өткізіліп тұрады. Балалар мектепте түрлі пәндерді оқиды. Кабинеттеріміз қазіргі заман талабына сай жабдықталған және жарық, таза. Оқушылардың жақсы оқып, білім алуына барлық жағдай жасалған.
Мектепте спорт, театр, хореография, домбыра, оркестр және пәндер үйірмелері жұмыс жасайды. Үйде үй тапсырмасын орындауға ата-аналарымыз көмектеседі. Мектеп оқушылары мектеп формасын киюге, мектеп намысын қорғауға, салауатты өмір салтын сақтауға міндетті. Сабақтан себепсіз қалмауға, кешікпей келуге міндетті. Жақсы оқуға, үлгілі болуға, сабаққа белсене қатысуға міндетті. Біз мектебімізді жақсы көреміз. Мектеп біздің білім алатын алтын ұямыз.
Қолдану Жеке, топтық жұмыс (2+3+3 минут)
Слайд Ү Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс.
Мұғалім: Мәтінді оқып, есте сақтап, айтып беру (Топтағы әр оқушы кезекпен тақтадағы бір сөйлемді оқып, есіне сақтап, орнына келіп, хатшыға айтып береді. Хатшы әр оқушының айтқан сөйлемдерін тез жазып отырады).
Слайд ҮІ Тест тапсырмасын белгілеу, бірін-бірі тексеру.
Мұғалім: Парақшада тест тапсырмасы берілген. Дұрыс жауабын белгілеп, бір-біріңді тексеріңдер.
Тест:
«Қарындаш» тобы
1.Мектебім _________ орналасқан.
А) Мәскеу көшесінде; В) А.Молдағұлова көшесінде;
Б) Жеңіс даңғылында; Г) Затаевич көшесінде.
2. Біздің мектеп ________ мерейтойын атап өтті.
А) 30 жылдық; В) 40 жылдық;
Б) 50 жылдық; Г) 20 жылдық.
3. Мектеп ________ ашылды.
А) 1985 жылы; В) 1988 жылы;
Б) 1974 жылы; Г) 1920 жылы.
4. Мектеп ауласында______ойындары өткізіліп тұрады.
А) спорт; В) театр;
Б) оқу; Г) сыныптан тыс.
5. Оқушылардың _______ жағдай жасалған.
А) үйге баруына; В) дем алуына;
Б) ойнауына; Г) білім алуына.

Тест:
«Қалам» тобы
1.Мектепте ________ жұмыс жасайды.
А) ол; В) үйірмелер;
Б) кім; Г) оқушылар.
2. Үйде тапсырма орындауға _______ көмектеседі.
А) ата-аналарымыз; В) мұғалімдер;
Б) ініміз; Г) қарындасымыз.
3. Мектеп оқушылары________міндетті.
А) кешігуге; В) форма киюге;
Б) сабаққа келмеуге; Г) үлгілі болмауға.
4.Біз _________жақсы көреміз.
А) қаламызды; В) ауылымызды;
Б) үйімізді; Г) мектебімізді.
5.Мектеп біздің ___________ алтын ұямыз.
А) білім алатын; В) ұйықтайтын;
Б) қыдыратын; Г) серуендейтін.
Әр топ бірін-бірі бағалайды
СлайдҮІІ Топтық жұмыс. Сөздікпен жұмыс.
Мұғалім: Мектеп туралы не білеміз? (ассосация құру).
1. Оқушылар қағазға мектепке қатысты сөздерді жазып, тақтаға іледі, сөйлем құрастырады.
2. Жазған сөздерімен жүйелі мәтін құрастырады.
3. Жазған сөздермен жүйелі диалог құрастырып, өзара сөйлеседі.
Әр топ бірін-бірі бағалайды
Сергіту сәті: Мектебім әнін айтады. (2-минут)
Талдау Топтық жұмыс (2+5+2+3минут)
Слайд ҮІІІ Топтық жұмыс. «Болашақтағы мектеп» тақырыбында құрастырған жобаларын қорғау.
Мұғалім: Алдыңғы сабақтарда жетілдірілген мектептер туралы бірнеше мәтін оқыдық. Бүгін сендер болашақта мектептерде нені жетілдіру керек екенін берілген жоба жоспарымен жазып, жоба құрастырып келдіңдер.
Жоба жоспары:
І Кіріспе.
ІІ Негізгі бөлім:
1) Мектептің сыртқы, ішкі түрі;
2) Жабдығы;
3) Сыныбы;
4) Сабақ, сабақ кестесі;
5) Оқушылардың білімі;
6) Мұғалімдер;
7) Пәндер;
8) Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы;
9) Мектеп формасы;
10) Мектеп ережесі.
ІІІ Қорытынды.
Мұғалім: І топ қорғап жатқанда басқа топ оқушылары, олардың айтқандарын тыңдап жазып алып отырады. Қорғап болғаннан кейін оқушылардың айтқан идеяларына талдау жасайды.
Слайд ІХ Жобаны талдау.
Маған бұл идея ұнайды, себебі ...
Мен үшін бұл идея қызық, себебі ...
Бұл жақсы идея ...
Мектепте автобус болу керек, себебі ...
Мен бұл идеямен келіспеймін, себебі ...
Мұғалім: Сендерге қай жоба ұнады? Неге? Ең жақсы жоба қай жоба деп ойлайсыңдар? Неге? Қай жобадағы мектепте оқығыларың келеді? Неге?
Әр топ бірін-бірі, өзін бағалайды
Жинақтау Топтық жұмыс: (3+2 минут)
Мұғалім: Балалар, сендер болашақ мектебінің жобасын құрастырып қорғадыңдар, талдадыңдар. Сендер болашақ мектебінде оқитын балалардың қандай болғанын қалайсыңдар. Ендеше сол балаларға «Ұрпаққа хат» деген тақырыпта хат жазайық.
Слайд Х Жеке жұмыс. Хат жазу.
Мұғалім: жазған хаттарыңды оқыңдар (1-2 оқушы оқиды). Жазған хаттарыңды поштаға салыңдар.
Барлық оқушылар хаттарын поштаға салады.
Әр топ бірін-бірі, өзін бағалайды
Бағалау Мұғалім: Сабақ ұнады ма? Неге?
Сабақ ұнаған жоқ па? Неге? (1 минут)
Мұғалім: Болашақта оқушылар ғаламтор арқылы оқыса да, ғалымдардан білім алса да, мектепте оқыса да өзіне берілген тапсырмаларды орындау керек, оқушының білім алуға ынтасы болу керек. Білім алу еңбекқорлықты, қиындықты жеңе білуді, күштілікті, жігерлілікті, төзімділікті, шыдамдылықты қажет етеді. Өркениетті ел болу үшін әр оқушы тынбай еңбектеніп, сапалы білім алулары керек. Біліммен ғана біз алдағы ел, дамыған ел, күшті ел, мәдениетті ел, бай ел боламыз.
Бағалау парақтарын оқушылардан алып, соңғы қорытынды бағаны қойып, түсініктемелер айту.
Кері байланыс «2 жұлдыз, бір тілек» Екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы айтады). Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
Кері байланысты толтырып, тақтадағы плакатқа жапсырады. (1 минут)
Үйге тапсырма: «Мектеп» тақырыбында шығарма жазу. (1 минут)
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aysulu_syzdykowa | Теги: оқушылар, Мектеп туралы, нәтиже сабақ, Сабақтың тақырыбы
Просмотров: 2209 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 2:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru