Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Махамбет Өтемісұлы
[ Скачать с сервера (105.7 Kb) ] 2016-01-13, 10:51 AM
СҚО
Қызылжар ауданы
Пресновка орта мектебі
Маутбаева Тойжан Байқуанышқызы
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
II санат

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы : Махамбет Өтемісұлы
Сабақтың мақсаты : а) Махамбет Өтемісұлының өмірінен мәлімет беру, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау;
ә) білімдік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;
б) еңбексүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Орал облысы, Жәнібек ауданындағы Бекетай құмы деген жерде дүниеге келді. Махамбет кейін перзенттік ыстық сезіммен әсірелей суреттеген, қуғында жүргенде аңсай сағынған бұл аймақ Бөкей ордасы, Бөкей хандығы немесе Ішкі орда деп те аталады. Еділ мен Жайық арасындағы бұл өлкенің Ішкі орда делінетіні сол кездегі Ресейдің шекаралық аумағына кіретіндіктен болса, Бөкей ордасы немесе Бөкей хандығы аталуы — Кіші жүздің бір бөлігін мұнда алғаш бастап әкеліп, қоныстандырған сұлтанның, кейінірек осы жердің ханы болған кісінің есіміне байланысты еді.
Өлеңдері: « Исатай деген ағам бар», «Мұнар күн», « Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер», « Тарланым», «Исатайдың сөзі», «Қызғыш құс» кластер жасау

Кітаппен жұмыс: Махамбеттің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Махамбеттің өмір сүрген кезеңдегі Қазақстанның,әсіресе Бөкей ордасындағы жағдай туралы не ойларың бар?
2. Махамбет жырларында жақсы азамат,жағымды образ болып кім суреттеледі?
3. Махамбет поэзиясындағы ұлттық өршілдік,қазақи ұлтшылдық туралы қандай пікір түйдіңдер?

Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М. Өтемісұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Ақтілеу ағайындылар
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: аталмыш тақырыпты жете түсіндіру,жаңа сөздерді меңгерту,
тілдесім әрекетіне жетелеу,тілге деген қызығушылығын ояту
Дамытушылық: жеке жұмыс істеу қабілетін арттыру,сөздік қорларын дамыту,себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді практикалық жолдармен меңгерту
Тәрбиелік: татулыққа,адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі: түсіндіру, оқыту, аудару,сұрақ- жауап.
Жұмыс формалары: жекелей,жұптық
Көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылардың сабаққа даярлығын
қадағалау
ә) Тіл дамыту сұрақтарын қою
- Бүгін сыныпта кім кезекші?
- Бүгін сыныпта кім жоқ?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
-Бүгін ауа-райы қандай?
II. Үй жұмысын тексеру
А) Үйге берілген тапсырманы
тексеру, сұрақ-жауап,бекіту
-Ауызша берілген жұмысты
тексеру
III Жаңа сабақ
- Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Күн мен тақырып тақтаға жазылып ,сабақтың мақсаты хабарланады
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
1.Сөздікпен жұмыс
Ақтілеу-добржелательный
Ағайындылар-братья
Бойдақ-холостой
Қырман-зерно
Білдірместен-незаметно
Ұра-погреб
Тамақ асырау-прокормиться
Береке-состояние
Ашық-открыто
Міндет ету-важничать
Сыйлау-одаривать

2.Мәтінді мәнерлеп, сауатты оқып, мазмұнын айтып береді,сұрақтар жауап беріп,диалог құрыңдар.
3.Төменде берілген мақал-мәтелдерді толықтыру
1.Ағайын тату болса-ат көп
Абысын тату болса-ас көп.
2.Ағасы бардың жағасы бар
Інісі бардың тынысы бар.
1. Туысы бірдің уысы бір.
2. Ағайын-ағайынның айнасы
4.Жаңа сөздерді қатыстырып ауызша сөйлем құрастыру
V Грамматикалық тақырып
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем іс-әрекеттің себебін,нәтижесін білдіреді.Оны екінші жай сөйлем білдіреді. Себеп-салдар құрмалас сөйлем мынадай шылаулардың көмегімен байланысады: себебі,өйткені,сондықтан, сол себепті.
Мысалы: Биыл шөп мол шықты,өйткені жаңбыр көп жауды.
1. Төменде берілген себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді толықтырып көшіріп жазыңдар.
VI. Сабақты қорыту
1. Сұрақ-жауап
1.Мәтінді басқаша қалай атауға болады?
« Тату ағайындылар»
«Береке мен бірлік»
VII. Үйге тапсырма
1.Жазбаша тапсырма
2. Мәтінді оқу,мазмұндау
3. Меңгерілген сөздерді жаттау
VIII. Бағалау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: mautbaevatoijan | Теги: Маутбаева Тойжан Байқуанышқызы
Просмотров: 884 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 9:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru