Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

разработка урока " Іс қағаздары"
[ Скачать с сервера (25.6 Kb) ] 2016-01-26, 11:47 AM
Өткізген: Аманова С.С.
10 сынып
Қазақ тілі

Жітіқара қаласы 2015 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары. Өтініш. Өмірбаян.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды іс қағаздарының үлгілерімен таныстыру және оларды
жазуға үйрету. Зат есім туралы білімдерін пысықтау. Ұқыпты болуға,
мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Өтініштің үлгілері, өмірбаянның үлгісі, түйін (резюме) , карточкалар ,
сызба.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

ІІ. Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Іс қағаздары. Өтініш. Өмірбаян.
Сабақта іс қағаздарының үлгілерімен танысамыз, оларды өздерің жазуға үйренесіңдер.

Сабағымыздың ұраны: «Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде» Н.Назарбаев.

Ел басшысы айтқандай мемлекеттік тіліміздің мәртебесі жылдан жылға көтеріліп келеді. Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілді үйреніп келеді. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі туралы әңгімелейік.

ІІІ. Полилог.
- Қазақ тілі қандай тіл?
- Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі.
- Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан – ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді.
- Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?
- Қазақ тілі 1989 жылы 22 қыркүйекте мемлекеттік мәртебе алды.
- Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады.
- Қазақ тілі өркендеген мәдениеттің, ғалымның тілі, іс қағаздарының тілі.

ІV. Дұрыс. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, сондықтан ол іс қағаздарын жүргізу тілі.
- Іс қағаздары деген не?
- Іс қағаздары – адамның күнделікті өмірінде жиі қолданатын үлгілер.
- Іс қағаздары әдетте ресми құжаттар деп те атайды.
- Оларға не жатады?
- Іс қағаздарына өтініш, қолхат, сенімхат, анықтама, өмірбаян, хабарландыру, хаттама, шарт, мінездеме, қатынас т.б. жатады.
- Бұл іс қағаздары қалай жазылады?
- Бұл іс қағаздары көбінесе қалыптасқан үлгі бойынша жазылады.
- Олардың айырмашылығы бар ма?
- Олардың айырмашылығы да бар. Мысалы, қолхат, сенімхат, анықтама сияқты құжаттар қалыптасқан үлгі бойынша жазылады, ал өмірбаянның, мақаланың үлгісі жоқ. Өйткені әр адамның өмірі әр түрлі.
- Іс қағаздарды дұрыс жаза білу үшін не қажет?
- Іс қағаздарды дұрыс жаза білу үшін көп жаттығу қажет.
- Іс қағаздарын дұрыс жаза білу - әрбір адам үшін қажетті нәрсе.
Қазір біз сендермен құжажтың түрлерін қайталаймыз және сызба құрастырамыз.



V. Енді осы құжаттардың біздің күнделікті өмірімізде бастапқы құжаттар - өтініш, өмірбаян,
түйін. Мектепке түскенде, жұмысқа орналасқанда осы құжаттарды жазамыз.
Қазір өтініш туралы сендер кішкене көріністен білесіңдер. Мұқият тыңдап өтініш құрамын
біліп алыңдар. (Екі оқушыға алдынала тапсырма берілді).
Шағын көрініс.
- Сәлеметсіз бе, Светлана Валерьевна?
- Сәлеметсің бе?
- Мен оныншы сыныпқа қабылдану үшін өтініш жазайын деп едім?
- Қазір мектеп директоры жиналыста мен саған өтініштің үлгісін түсіндірейін сен оны үйде анаңмен жаз сосын ертең келіңдер.
- Жақсы, жарайды.
- Өтініште 1. құжаттың адресаты (өтініштің кімнің атына жазылғаны
- Иә мектеп директоры ......................
- және кімнің жазғаны көрсетіледі).
- Өтінішті анам жазады.
- 2. құжаттың аты:
- Бұл өтініш қой?
- Иә. 3. құжаттың мәтіні (мазмұны).
- Анам мені 10 сыныпқа қабылдауды сұрайды ғой.
- Дұрыс. 4. құжаттың жазылған мерзімі.
- Жақсы, ертең 15 тамыз 2009 жыл.
- 5. құжат иесінің қолы.
- Бұл жерде анам өз қолын қояды.
- Жарайсың, сен бәрін де дұрыс түсіндің.
- Сізге үлкен рақмет.
- Кездескенше.
- Сау болыңыз.
(Сендерге рақмет орындарына отырыңдар).
- Енді өтініштің құрамын атайық.
1. құжаттың адресаты.
2. құжаттың аты.
3. құжаттың мәтіні (мазмұны).
4. құжаттың жазылған мерзімі.
5. құжат иесінің қолы.

Өтініштің үлгісін көрсету (үлгісі бар), жазуын түсіндіру.
- Қазір әр топқа тапсырма беріледі оны оқып орындау керек.
(тапсырманы орындау)

VI. Іс қағаздарының тағы бір қажетті үлгісі өмірбаян.
Өмірбаян - автор өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен
құрастыратын құжат.
Сендер өздерің туралы айтқанда - өмірбаяндарыңды көрсетесіңдер, сондықтан бұл құжат
сендерге таныс деуге болады.
Қазіргі заманда адам жұмыс іздегенде түйін (резюме) толтырады (онда өзі туралы, білімі,
бітірген оқу орынын, жұмыс істеген жерін белгілейді).
Тапсырма :
1 топ – түйін толтырады.
2 топ - өмірбаян жазады.
VII. Іс қағаздарын дұрыс жазу үшін сауатты болу керек, сөйлемді дұрыс құру керек.
Сондықтан сөйлем құрастырасыңдар және грамматикалық тапсырмаларды
орындайсыңдар.

Сөздерге морфологиялық талдау жасау: 1 топ – азаматтың, тәуелсіздікке.
2 топ – тілім, Қазақстанда.
1 топ – «өмірбаян» сөзін тәуелдеу.
2 топ – «өтініш», «тіл» - сөздерін септеу.

VIII. Сабақтың қорытындысы.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 78ajla
Просмотров: 1468 | Загрузок: 18 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 2:57 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru