Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша есеп
2016-01-31, 0:41 AM
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивті есеп
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «...білім берудің әр деңгейінде, мектепалды дайындықтан бастап,оқыту үрдісі баланың сараптау дағдыларын, шығармашылық қорын, жек қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады. Сонымен білім беру жүйесі білімді, шығармашыл, өз бетімен шешім қабылдай алатын жаңа тұлғаның дамуына ықпал етеді. Білім тұлғаның негізгі даму аспектісі болу керек.Тұлғаның негізгі даму аспектісі бола отырып, білім-еліміздің дамуының күшті факторы болмақ »-деп көрсетілген. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру керек.Әрбір мұғалім сабақ берудің алдында Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөзін есімізде ұстасақ, оқушының өмірлік білімінің негізін қалаймыз.Менің өткізген тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағым «Дыбыс үндестігі» деп аталды. Мақсаты: ОқушыларғаҮндестік заңының бір түрі дыбыс үндестігі туралы түсінік беру,буын үндестігінен айырмашылығын таныту, дыбыс үндестігінің түрлерін бір-бірінен айырмашылығын меңгерту. Күтілетін нәтиже:
-Дыбыс үндестігінің заңдылықтарын біледі,ілгерінді, кейінді,тоғыспалы ықпалды ажырата алады.
-Оқушылар бірін-бірі бағалайды;
-Өзінің білім алуына жауапкершілікпен қарайды;
-Сыныптастарына көмектесіп,өзі де көмек сұрай алады;
-Ақпаратты салыстырып,олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алады;
Оқушылардың сабақ басында көңіл- күйлері жақсы болды, менен тағы бір жаңалық күтетіндей көздерінен ұшқын байқалды. Сыныптағы оқушылар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі қалыптастыру мақсатында психологиялық тренинг өткіздім.Әркім өз еркімен ілгері бір адым,кейін бір адым,қаламаса ортада қалуды ұсындым.Оқушылар арасында еш түсінбеушілік болған жоқ, себебі алдыңғы сабақтарымдағы ынтымақтастық атмосфера орнату нәтижелі болды деп ойлаймын,барлығы үш топқа бөлініп отырды.Оқушылардың алдыңғы сабақта берген кері байланыстарына тоқталып өттім.Оқушылар дәстүрлі сабақ кезінде тек сабақ соңында түсіндің бе, жоқ әлде түсінген жоқсың ба?- деген сұрақтар төңірегінде ғана шектелетін сұрақтарға ғана жауап бергендіктен,өздерінің өткен сабақ бойынша берген кері байланыстарына сай жауап болады деп күтпегендері көздерінен көрініп тұрды. Сабақ сапасын артыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырады, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сыныптағы ынтымықтастық атмосфересын орнату алдыңғы сабақтарға қарағанда сәттірек болды.Себебі оқушылар бірлесіп білім алудың маңыздылығын түсіне бастады.Осы ынтымақтастық атмосфереасын қалыптастырудың өзін оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін өтілетін сабақтың тақырыбымен байланыстырдым.Оқушылар өтілетін тақырыпты анықтағанымен, мақсат қоюда қиналды. Байқағаным оқушылар бойында әлі де болса,метатанымдық қабілеттің қалыптаспағанын аңғартады. Мүмкіндіктеріне қарай әр оқушы мақсатты айқындауға тырысты.Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызы болып табылады.Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылылығы,яғни «оқушының өзін эмоциялық тұрғыдан реттеп,оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеттері туындайды»(1,44) деп көрсеткендей, сабақтың қызығушылығын ояту сәтінде «ББҮ» кестесін толтырттым.Сыныптағы барлық оқушы өз оқуының күшті және әлсіз тұстары бар екендігі туралы метокогнитивті түсінігінің кеңейетініне көз жеткізе бастадым,сыныптағы барлық оқушы оқу үдерісіне тартылды, сонымен қатар сұрақ қою арқылы сабақтың мақсатын ашты.Мұндағы мақсатым- оқушылардағы – өздеріндегі бұрынғы бар білімді сыртқа шығарып алып, жаңа мақсатқа жол ашу еді.Бұрынғы тәжірибеме көз салсам, жаңа сабаққа қызығушылығын ояту үшін сұрақтар қоятынмын ,бірақ ол тақырыппен оқушы таныс болса да,болмаса да тек қана бір дұрыс жауап іздеп, оқушылардың танымдық қабілеттерінің қозғалысқа түсуіне еш мүмкіндік бермеппін және де оқушыларда өтілетін тақырып бойынша еш түсінік жоқ деп есептеп келдім.Мағынаны тану кезінде мәтінді жұптасып талқылауға тапсырма бердім, мұндағы көздегенім- оқушылар бірін -бірі оқыту арқылы табысты оқуға мүмкіндік беру еді.Бесінші тезисте «оқушылардың бірін -бірі оқытуына мүмкіндік беріңіз» деген тұжырымдамны басшылыққа алдым.Ал бұрынғы дәстүрлі сабақта ережені де мысалды да өзім айтып, оқушылар тек тыңдап отыратын және ол оқушылардың тыңдап отыр ма ,жоқ әлде тыңдамай отыр ма мені қатты толғандыратын .Дәстүрлі сабақ кезінде сыныптағы тек белсенді оқушылар ғана атсалысып,үнсіз оқушылар сабақтан тыс қала беретін. Ал талқылауға қатысу барысында үнсіз оқушыларда өз білімдеріне үлкен жауапкершілікпен қарай бастады. Бұрын ол оқушылар менің айтқаным дұрыс емес шығар, менің пікірім кімге керек? -деген күмәндарымен отыра беретін, ал осы сабақтан байқағаным-оқушылар өз оқуы үшін саналы болып,оң нәтижесін көрсете бастады. Өзіндік «Мен» тұжырымдамасындағы эмоциялық, когнитивті және әлеуметтік үш компонентінің қолдап тұратын екі маңызды мотиві бар десек, олар өзін-өзі сыйлау,өзін-өзі бақылау(1,25)болса,менің ойымша, бірінші мотиві осы сабақта жүзеге асты деп ойлаймын.Себебі сыныптасының алдында ұятқа қалмас үшін оқушылардың бойында ішкі уәжі пайда болып келе жатқанына көзім жетті. Содан кейін оқушыларға жаңа тақырыпты жан-жақты ашу үшін «Кубизм» әдісі арқылы түрлендірілген тапсырмаларды орындауға бердім.Бұл әдіс бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда да орын алды. Бірақ кубиктің алты қырына да бірдей сұрақтарды қойып, тек кубикті лақтырып, сол сұрақтардың жауабын естігеніме ғана қанағаттанып келгеніме көз жетті.Бұл әдісті қолданудағы мақсатым- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды оңайдан күрделіге қарай орындату, сонымен қатар талантты және дарынды оқушылардың оқуға деген қажеттіліктерін ескеруге үлкен мүмкіндік беру еді.Бұрынғы сабақтарыма көз жүгіртіп ойлап отырсам,сыныптағы барлық оқушылардың мүмкіндіктерін еш ескермей, бірдей деңгейлі тапсырмаларды беріп, Чиксентмихайдің «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған тұжырымдамасымен таныс болмағандықтан төменгі деңгей оқушыларында мазасыздану, ал жоғары деңгей оқушыларында зерігу болатынын ескермеппін. Ал осы «Кубизм»әдісін қолданғанда төмендегідей тапсырмалар қамтылды. Әр топқа кубикті екі ретттен иіруге тапсырма бердім.
1.Сипаттаңыз. Күрек сөзін тәуелдеп,алып бер сөзін жіктеңіз.Өзгерісті сипаттаңыз. 2.Қолданыңыз. Егінбай (кейінді ықпал),Көрікбай (ілгерінді ықпал),Досжан(тоғыспалы ықпал) сөздерін қатыстырып,мәтін құраңыз. 3.Салыстырыңыз. «Венн диаграммасы» арқылы буын үндестігі мен дыбыс үндестігін салыстырыңыз
4.Талқылаңыз.Жүсіпбек,Жанғали сөздеріне фонетикалық сатылай кешенді талдау жасаңыздар.
5.Зерттеңіз.Дыбыс үндестігі дегеніміз не? Дыбыс үндестігінің неше түрі бар? 6.Дәлелдеңіз Сөйлемдерден дыбыс үндестігін тауып, қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын тауып,түрленуін дәлелдеңіз.Құрбы-құрдастардың арасындағы әзілдің орны ерекше. Көк жиектен күннің шапағы көрінді.Кітапты атам Жиенқұлға берді. .

Кубиктің екінші қырындағы «Вен диаграммасы» арқылы салыстыру
тапсырманы орындауда
Бұрын үнсіз оқушыларға ешқандай сенім артпай ,тек төмен деңгейдің жіңішке сұрақтарын қоятынмын. Ал осы кубизм әдісін қолдануда мені қуантқаны орташа деңгейде оқитын Е. есімді оқушы кубиктің төртінші қырындағы тапсырманы таңдады,байқағаным-ол оқушыға ойлануға уақыт берілсе өз мүмкіндігін көрсете алады екен. Бұл әдісті пайдалануда мені таң қалдырғаны оқушылардың өзінің күшті және әлсіз жақтарын сезініп, сол тапсырмаларды орындауда өз оқуына қатысты таңдауы жүзеге асырылды. Бұл сабақта оқыту мен оқуда АКТ тек көрнекілік ретінде қолданылды.Оқушылар тапсырманы орындауда бәрібір қателіктер жіберіп жатты. Сондықтан қайта бағыттау сұрақтары арқылы тапсырманы орындаудада Н. жұмысына топ көмектесті. Аталған тапсырмаларды орындауда оқушылар бізге қандай тапсырма түседі деп үлкен қызығушылықпен кубикті иірді. «Жетекшінің оқушы жетістігіне деген реакциясы да қолдау ретінде қарастырылады»(1,45)дегендей оқушыға мадақтау білдірдім.Бұл әдісті қолдануда қалай оқу керектігі туралы,сыни тұрғыдан ойлауды дамыту талантты және дарынды оқушыларды оқыту және жас ерекшелігіне сәйкес оқыту модульдері мен көшбасшылық ықпалдастырылды. 330-жаттығуды ауызша,331-жаттығуды жазбаша әр топтан бір оқушы тақатаға шығып орындады,ал қалғандары өз беттерінше орындады. Оқушылар тақатаға ешкімнің бұйрығынсыз,өз еріктерімен шықты.Тақтаға шығудан мүлдем қорқатын оқушылар «мен шығайын» деп батылдық танытты.Себебі дәстүрлі сабақтарымда өзім тақтаға оқушыларды міндеттеп шығаратынмын.Тақтада қате орындаса жаңа ғана ережені өткен жоқпыз ба, неге қате жіберіп тұрсың? деп ашуланатынмын.Сол сабақ кезінде оқушылар ережені тек баға үшін механикалық түрде есте сақтап,тіпті, сол сабақтан кейін де ұмытып қалатындарын ескермеппін. «Балаларды диолог пен дәйектеуге,талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болады»(1,51) дегендей оқушылар талқылау барысында және сыныптасымен диолог құру нәтижесінде білім алу қолжетімді болатынына куә болдым.Қарапайым мысал дәстүрлі сабақтарымда парталас оқушылар көршісінен сабаққа қатысты бірдеңе сұрап отырған оқушы болса, сол оқушыға неге одан сұрайсың?оқы кітаптан деп айтқаныма қазір ,тіпті, қынжылып отырмын.Ал ауызша тапсырманы орындауда тұтас сынып бірінен соң бірі орындап шықты. Сыныптағы барлық оқушылардағы өз білімдеріне деген жаупкершіліктері сәл де болса байқала бастады. Мен оқушылар бойындағы мұндай өзгеріске іштей қуанып қалдым.Ал сабақ соңында Дыбыс сөзіне синквейн жазуға тапсырма бердім.Синквейн бұрын жазып жүрмеген соң, интербелсенді тақтадан жазылу үлгісін көрсеттім. Мерсер мен Фишер (1993) көпірше деп саналу үшін оқыту мен оқуда оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырма орындауға мүмкіндік беру дегендей бұрынғы сабақтарымызда бұл әдіс мүлдем қолданылмағандықтан оқушыларға көпірше орнаттым.Интербелсенді тақтадан жазылу жолы көрсетілді. Тақырыбы (зат есім)
Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім)
Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз(етістік
Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы
Тақырыптың мәнін ашатын синоним бір.

Әркім өз бетінше жұмыстануда. «Автор орындығы» синквейн оқуда
Оқушылар өз топтарынада бір –бірлеріне оқып берді.Жүздерінде күлкі де пайда болды.Бірақ барлық оқушы өз мүмкіндіктеріне қарай жұмысты орындады.Үздік деп танылғандары «автор орындығы» арқылы топтарындағы талқылаудан кейін шығып оқыды. Мысалы:А.есімді оқушы былай деп жазған: Дыбыс
Жағымды,әуезді
Жаңғырады,сыңғырлайды,естіледі
Дыбыс өкпеден кедергісіз шығады.
Дауыс
Сабақты қорытындылауда бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда сол күнгі өтілген сабақтың тақырыбын сұрақ етіп қойып, тұтас сынып оқушыларынан жауап күтетінмін және түгел сыныптың жауабын тыңдау мүмкін емес екенін іштей білемін.Ал ойтолғаныс сәтінде тұтас сынып оқушылары өз білімдерін көрсете білді және топ ішінде бір - бірінің жұмыстарына сыни тұрғыдан бағалап, ымыраға келіп, ортақ шешім қабылдай алды. Ал бұрынғы дәстүрлі сабақ кезінде сабақ соңындағы сұрақтарыма тұтас сыныптан санаулы оқушылар тобы ғана жауап беріп, сол оқушыларды бағалап, ал қалған оқушыларды бағалау мен үшін қиын болатын. Сабақтың әр кезеңіндегі бағалауда сынып оқушыларының ешқайсысында реніш болған жоқ,себебі өздері іштей деңгейлерін іштей саралап отырды.Осы сабақтың өту барысында байқағаным көптеген тапсырмалар мен жұмыстар қамтылды. Оқушылардың өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әр тапсырмадан кейін оқушыларды ынталандыру мақсатында үш шапалақ әдісі арқылы бағалаттым. Сабақтың соңында оқушыларды түрлі-түсті кағаздар арқылы өздерін бағдаршам арқылы бағалаттым.Оқушылардың түсіну дәрежесінің қай деңгейде екенін бағалау үшін бұл бағалаудың түрі мен үшін тиімді болды. Сабақ соңында оқушылар үш шапалақ арқылы орындық иесін бағалады,.Аталған сабақтардан кейін оқушыларда білім дәрежесі деңгейін саралау,өзіндік анализ, өзіндік бағалауының деңгейі қалыптаса бастады.Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда болады,сонымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.Оқушы әрекеті өзінің ойлау қабілетін дамытады және ол кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.Оқушылар өз ойымен, іс-тәжірибесімен, пікірлерімен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік берді.Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушылар өз ойын ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренді.Сабақтан алған әсерлерің қандай? дегенімде -Сабақты өз бетімізше меңгердік, сыни ойлауға үйрендік, сөйлеу мәдениетіміз қалыптасты, топпен жұмыс жасай аламыз, ортақ шешім қабылдай алатын болдық деп жауап қатты.Ұжымдасып еңбектенуге дағдыландық деп жауап берді Н. Есімді оқушы, менің ұяң оқушым Н.те ілгерілеушілік байқалды. Менің осы сабағымда сәтті өткен, ойымнан шыққаны кубизм әдісі болды, бұл тек қана менің емес, сонымен қатар оқушыларыма да өте ұнады. Сергіту сәті кезінде де оқушылар өте жақсы белсенділік танытып, қызығушылықпен орындады.Аталған жұмыстарды жүргізуден кейін сабақ басындағы қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі күтілетін нәтижелерге қол жеткіздім.
-Дыбыс үндестігінің заңдылықтарын білді,ілгерінді, кейінді,тоғыспалы ықпалды ажырата алды.
-Оқушылар бірін-бірі бағалады;
-Өзінің білім алуына жауапкершілікпен қарады;
-Сыныптастарына көмектесіп,өзі де көмек сұрады;
-Ақпаратты салыстырып,олардың ортақ және жеке ерекшеліктерін анықтай алды;
-Оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренді;
-Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды;
-Бір-біріне сұрақ қойып, жауабын табуға дағдыланды;
-Оқушылардың шығармашылық қабілеттері байқалды;
Сыныптағы бағалау баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік ,сонымен қатар өзін-өзі бағалау қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтары жатадыАлександер(2001)(1,56)деп көрсеткендей сабақтағы бағалау бірін-бірі бағалау,үш шапалақ және бағдаршам арқылы бағалау жүзеге асырылды.Бағалау үдерісі кезінде оқушылар бірін-бірі бағалауда әділетті бола алмай жатты,себебі әлі де болса метатанымдық қабілеттерінің төмен екенін көрсетті. Нәтижесінде сабақ барысында оқушылар өзін-өзі реттеп,тапсырмаға бағытталып,мақсатты айқындауға тырысты. Сабақ соңында оқушыларға не қиын болды және не оңай болды?деген сұрақтарға кері байланыс жазу ұсынылды.Себебі «Оқушы үні жобасының» мақсатында көрсетілгендей оқушының бүгінгі сабақ бойынша пікірін алу еді.Алдыңғы сабақтарға қарағанда кері байланыс жазуда оқушылар тарапынан үлкен белсенділік байқалды.Мәселен Е. есімді оқушы ауызша топ алдында сабақ айтуға ұяламын,сондықтан орнымда отырып тапсырма орындау маған жеңіл болды және күрделі тапсырма орындауға тырыстым деп жазған.
Өткізген сабағымды саралай келе алдағы уақытта оқушыларды бағалау үдерісіне толыққанды тартып,сыни ойларын дамытатын жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды құрып,сабақты жетілдіремін.Сонымен қатар тәжірибелі ұстаздар сабақтарына қатысып, өз сабақ жоспарларымды республикалық басылымдар беттерінде жариялап,өзімнің кәсіби біліктілігімді А.Байтұрсынов «Тіл-құрал», М.Жұмабаев«Педагогика», Ж.Аймауытов «Психология» еңбектерімен оқып танысу арқылы үнемі жетілдіремін.Пәнім бойынша әрбір тақырыптарға критерий құрастырып, деңгейлік тапсырмалар қоржынын жинақтаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2.Қазақ тілі оқулығы,5- сынып
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: klara-2050
Просмотров: 1350 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 11:31 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru