Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Достық туралы мақал –мәтелдер.
2016-02-06, 5:53 AM
Қазақ тілі 5 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Достық туралы мақал –мәтелдер.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: оқушылардың мақал –мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу:
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал – тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте ,тірек сызба, суреттер.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих,бейнелеу, орыс тілі.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
а) сәлемдесу
Психологиялық кезең
ә) көрші отырған оқушыға ізгі тілектер білдіру, «Үй және тұрғын» әдісі арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық» әдісі арқылы. Үйге берілген мақал-мәтелдерді айту.
«Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірлерін бағалайды.
Жаңа сабақ
Интербелсенді тақтаға «Достық» сөзі жазылған сөз шығады, ондағы сөздерді оқушыларға оқыту.
- Балалар, бұл сөзді біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...
- «Достық туралы мақал – мәтелдер»,-деп сабақтың тақырыбын ашамыз. Дұрыс, балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя,мұқият түсініп алыңдар. Сабағымыздың мақсаты: достыққа байланысты мақал –мәтелдер білу, жаңа сөздерді меңгеру.
Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындаймыз.
Жаңа сөздермен жұмыс.
Интербелсенді тақтада жазылған сөздерді оқимын, оқытамын.
Жаңа сабақты түсіндіру.
- Мақал – мәтелдер – халық даналығының, көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер- өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.
- Тұрақты тіркестер сияқты әбден қалыптасқан, орныққан сөздердің тобы. Ол-сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына.Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді.

Оқушыларды іздендіре отырып, кестені толтыру
№ Мақал –мәтелдер Тақырыптары
1. Денсаулық – жау алмайды
2. Доссыз ас- Инемен құдық қазғандай
3. Досы көпті өзі де жақсы
4. Жүз сомың болғанша Тұссыз ас
5. оқу зор байлық
6. Досы жақсының Бір досың болсын
7. Ас сөз алтын
Дұрыс жауабын ұсынып бір – бірлерін тексертемін.

Сергіту сәті.

«Кір жайылған жіп» әдісін қолдану.

1.Достық сөзімен сөйлем құрастырып жазыңдар.
2.Сыйластық сөзімен сөйлем құрастырып жазыңдар.
3.Туыстық сөзімен сөйлем құрастырып жазыңдар.
4. «Дос» сөзін тәуелде.
5. Өз досың туралы әңгімеле.
Тақтаға орындайды, қалғандары дәптерлеріне жазып отырады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бағалайды.

Өз достарың туралы жазу.

Мақалдарды көшіріп жазыңдар.
1.«Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын».
6. «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды».

Қорытынды:
Кері байланыс.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: Дәптерімізге жазып алған мақал-мәтелдерді жаттау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Алма0374
Просмотров: 1164 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 6:11 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru