Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ «Жабайыаңдар» қайталау.
2016-02-18, 7:18 PM
Сабақтың тақырыбы: «Жабайы аңдар» қайталау.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: аңдардың атауларын меңгертіп,олардың тіршілік ететін ортасын, немен қоректенетіні туралы мәлімет беру. Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. Салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету. Сөздік қорын байыту.
Дамытушылық: қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру,ой - өрісін дамыту.Есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: қоршаған ортаға,аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Танымдық деңгейлерін арттыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі-тәсілдері: сұрақ – жауап, іздену, қорытынды жасау, салыстыру, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, интерактивтік тақта, мультимедия.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлеметсіздер ме?!
2. Психологиялық дайындық. Балалар, қане шаттық шеңберін құрайық. Біздің бүгінгі сабағымыз жақсы өтуі үшін бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.
3. Шаттық шеңбері. (1 слайд)
4. Сынып екі топқа бөлінеді.
5. Бүгін сыныпта кім кезекші?..........................................
6. Үй тапсырмасын тексеру.Дәптерде фонетикалық талдау жасау. Балалар бір-бірін тексереді.
7. Мұғалім сөзі:Балалар, бүгін біз қызыл телпектегі қызды құтқару үшін орманға аттанамыз. Әрине біздің алдымыздан көптеген аңдар шығуы мүмкін. Бірақ біз олардың тапсырмаларын бұлжытпай орындасақ, біз қызыл телпектегі қызды аман есен құтқарамыз.
8. Фонетикалық жаттығу.
Бір-бірімен жарысқан
4 аю, 1 арыстан,
2 қоян, 1 түлкі –
Бәрі нешеу, кім білді?
Барлығы: 8( 4 слайд)
9. Қоянның тапсырмасы: Мына суреттегі аңдардың атын атаңдар, және олармен сөз тіркесін құраңдар. Қане, балалар кім осы сөз тіркестерімен сөйлем құрайды?(6 cлайд)
10. Түлкінің тапсырмасы:Жазбаша.Көп нүктенің орнын тиісті сөздермен толықтырыңдар.
• Ең айлакер аң ... Түлкі
• Ең қорқақ аң ... Қоян
• Балды жақсы көретін аң ... Аю
• Аң патшасы ... Арыстан
• Аюды оңай өлтіретін аң ... Жолбарыс
• Үстінде қара дақтары бар аң ... Қабылан
11. Жолбарыстың тапсырмасы: «Қай аң немен қоректенеді?»Ауызша. Екі топ екі постержасайды, және оны қорғайды. ( 9 слайд)

Сергіту сәті.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті-беске қосайық,
Алақанды ашайық.
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
12. Қабыланның тапсырмасы: Мына сөйлемдердегі қатені түзетіңдер.
1. Қыста Қоянның түсі қызыл болады.
2. Түлкі сағатына 120 шақырым жүгіреді.
3. Қабылан өзінің ізін құйрығымен сүртіп отырады.
4. Ересек қасқыр 100 килі тартады.
5. Арыстанның сүйікті азығы сәбіз.
6. Қоян 20-30 килі тартады.
Жауаптары: (ақ, жолбарыс, түлкі, 50, қоянның, 3-6).
13. Арыстанның тапсырмасы: Сын есімге анықтама беріңдер. Сөйлемдерден сын есімдерді тауып, астын сызыңдар жазыңдар.
• Қоян тәтті сәбізді жақсы көреді.
• Қасқыр кішкентай аңдармен қоректенеді.
• Жазда қоянның түсі сұр болады.
• Қабылан әдемі аң.
• Түлкі ақылды және айлакер аң.
• Арыстан жыртқыш аң.
14. Міне балалар, біз қызыл телпек киген қызды таптық. Енді қасқырдың тапсырмасын орындайық.
15. Қасқырдың тапсырмасы:Суреттегі аңдарға мінездеме беріңдер. (қасқыр – қайсар, мықты, сақ, күшті; түлкі – айлакер, ақылды; қоян – қорқақ, кішкентай).(15 слайд)
16. Сабақты қорыту:Сұрақтарға жауап беріңдер.
• Қай аңның ұзындығы 50-70 сантиметр?
• Ол өте күшті жыртқыш аң.
• Жолбарыс қанша метр жерге секіреді?
• Арыстанның құйрығының ұзындығы неше метр?
• Арыстан қанша жыл өмір сүреді?
• Не кішкентай аң-құстармен қоректенеді?
Жауаптары: (Қоянның, жолбарыс, 9-10 метр, 1 метр, 30-35жыл, түлкі).
17. Үйге тапсырма: Диалог құрастыру.
І топ: қасқыр мен түлкінің диалогы
ІІ топ: арыстан мен қабыланның диалогы
Орнымыздан тұрайық,
Тізу сызық құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Аман есен болайық.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Лили8049
Просмотров: 832 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 6:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru