Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» апталығы
2016-02-26, 11:24 AM
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті әдіс бірлестігі мұғалімдері апталықты өткізу барысында барынша шеберлік танытып қана қоймай, тіліміздің мәртебесін арттыру мақсатында түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырудан бастады. Апталық жоспары бойынша әрбір сынып оқушылары түрлі іс- шараларға қатысып, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгергендіктерін көрсетті.
Апталықтың ашылу салтанатында тіл туралы өлеңдер оқылып, ән айтылып, апталықтың жоспарымен таныстырылды. Мектеп кітапханашысы Бекбулатова Шаргия Таупыковнаның «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты көрме ұйымдастырды. Апталық жоспарына сәйкес Сұлтанова Айнагүл Теміртасқызы 4В сыныбында «Сүт тағамдары» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Сабақ барысында түрлі ойын түрлері де өткізілді.

Қарашаның 26 күні 9В сыныбында Ахмеджанова Ардақ Маратқызы «Тұңғыш ғалымдар» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар өз ойын анық жеткізе ғана қоймай, өз шеберліктерін де ортаға салды.

1-4 сыныптар арасында Рамазанова Ақмарал Кабеновна, Балтышева Жұлдызай Әлібековнаның ұйымдастыруымен «Қазақшаңыз қалай» атты викторина өткізілді. Іс-шарада алуан түрлі сайыстар өтті: Жұмбақ жасыру, жаңылтпаш айту, ребустарды шешу, өлең жарыстары. Оқушылар өте белсенді қатысып, өздерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын жасырмады.

Сонымен қатар апталық шеңберінде оқушыларға қазақ халқының ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында үзілістерде 8А сыныптың ұйымдастыруымен оқушылар арасында ұлттық ойындар ойнатылды. Оқушылардың қызығушылықтары оянып, ойындарға белсене қатысты. Ойынның жеңімпаздарына шағын сыйлықтар берілді.
Қарашаның 27 күні 4Б сыныбында «Сүт тағамдары» атты ашық сабақ өтті. Мұғалім Балтышева Жұлдызай Әлібековнаның әдістемелік жағынан сабақты қызықты әрі ұтымды жоспарлады. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолданды.

Қазақ халқының ұлттық биін насихаттау мақсатында 10-11А сыныптарының ұйымдастырылуымен «Қара жорға» атты флеш моб өткізді.

28 қараша күні 9 А,Ә сыныптар арасында «І.Есенберлиннің 100-жлдығы» конференциясы өткізілді. Ұйымдастырушы Жилкибев Насредин Рахманбердіұлы. Конференция барысында оқушылар жазушыны жан –жағынан зерттеп, Шаймерденова Ботагоз, Баянова Динура, Есенбек Айтолқын, Жармуханбетова Азиза баяндамаларын оқыды. Конференция мазмұнды әрі ұйымдастырылу жағынан жақсы бағаға ие болды.

«Қандай да болсын халықтың әдет- ғұрпын білгің келсе, алдымен оның тілін білу керек» деп Пифагор айтқан екен. Сол сияқты біздің мектептің оқушылары қазақ тілін меңгеріп қана қоймай, қазақ халқының салт- дәстүрлерін де жетік білетіндерін көрсетті.
Қазақ тілі пәні мұғалімі Айтжанова Дария Аулебаевнаның ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара осының куәсі деп айтсақ қателеспейміз.
«Халықтың дәстүрлері-алтын бесігі» атты ашық сынып сағаты өткізілді. 8 «А» сынып оқушылары Сайлауова Айғаным, Ерузах Дінмұхамед, Ойрат Ажар, Жақсылықова Розанның дайындаған салт- дәстүрде сәлемдесуден бастап, төс қағыстырып, дастарқан басына шақыруды «Дәм-тұздан артық еш нәрсе жоқ» деп жалғастырды. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен қойылымдар қойып» өз өнерлерін ортаға салды.

Апталық назарынан «Абайтану» пәні де тыс қалған жоқ. 7 «Ә» сынып оқушылары сабақта Абайды қанша білетінін және сүйетінін дәлелдеп, ортаға өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, мәнерлеп өлеңдер оқыды. Ұйымдастырушы мұғалім Мусина Қымбат Толеуевна. Сабақтың басты мақсаты Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін дәріптеу, оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін арттыру болды.
Қазақ тілі пәнінен 6 «Ә» сыныпта өткен «Дара және күрделі сын есім» ашық сабақта мұғалім Балтабаева Сымбат Толеуевна өзін құзырлы да, білікті маман ретінде көрсетті. Сабақтың барысы жүйелі әрі әдістемелік жағынан ұтымды өтті. Оқушылар сабақта өздерінің пәннен білімдерінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Апталықтың жабылу салтанатында өздерін белсенді көрсеткен оқушылар мадақтамамен марапатталды: Алпысбаева Алтынгүл, Жолдыбай Дильназ, Сайлауова Айғаным. Өнерлі оқушылар қызықты концерт ұйымдастырды. Кешті Жилкибаев Насредин Рахманбердіұлы мен Айтжанова Дария Аулебаевна ұйымдастырды.

«Тіл адамды көкке көтереді, тіл арқылы ел бақытқа жетеді» деген екен
Жүсіп Баласағұни. Мектебімізде өткен қазақ тілі апталығы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерді деп айтсақ қателеспейміз.
Ахмеджанова А.М. қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: directrissa | Теги: апталық, қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ
Просмотров: 1631 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 7:19 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru