Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ "Саяхаттау жақсы дәстүр"
2016-04-13, 7:59 AM
8-сынып Қазақ тілі кіріктірілген сабақ 28.04.2016 ж.

Сабақтың тақырыбы: Саяхаттау-жақсы дәстүр.
Сабақтың мақсаты: Білімділік:Мәтінді оқи отырып, cаяхат туралы білімдерін шыңдау,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, оқу материалдарын дұрыс пайдалана білуге, саяхат тақырыбына қарасты оқығандарын мазмұндау,сөйлеу,жазу мәдениетін қалыптастыру, тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Баланы адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, отбасы дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1.Саяхат жайында толық ақпарат алуы.
2 Саяхат тақырыбы бойынша сөйлеу тілін дамыту.
3.Топтық,шығармашылық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптастыру,белсенді жұмыс жасауға машықтандыру.
Пәнаралық байланыс:
«Өзін-өзі тану», ағылшын ,әдебиет, бейнелеу өнері,тарих.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, нақыл сөздер,кітап, кестелер, түрлі-түсті қарындаштар,қағаздар,түрлі-түсті суреттер,үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың типі: аралас , интеграциялық.
Сабақтың әдісі: әңгіме, ой қозғау ,ойын әдісі, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, оқушыларды топқа бөлу ,түгендеу. Тыныштық сәті . Нұрға бөлену.
Мұғалім:Балалар қандай сезімде болдыңдар?
II. Үй тапсырмасын сұрау.а) Модаль сөздерді ережесін «Ақыл қоржыны» арқылы қайталап білеміз.Әр топтан оқушы өткен тақырып бойынша бір сұрақтан қоржын ішінен алып жауап береді.
ә)Шағын мәтінді қазақшаға аударып, модаль сөздерді табады.
III. Жаңа сабақ:
Балаларды отбасылық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттері жарқырай
көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындары,
туған-туысқандары арасындағы сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Мұғалім: Отбасылық дәстүрлер арқылы адам бойында дұрыс әрекет қалыптасып , ойдың , сөздің , істің дұрыстығы жүйеленеді.
Жаңа сөздер:
әсер- жолдама- қазіргі үлгідегі- Сөз тіркесін сөйлем жасау.
Әсер алу, жолдама берді, қазіргі үлгідегі киім түрі. т.б. мәтінді тізбектеп оқыту.
Мәтінді оқушыларға оқыту арқылы талдау.
1.Алғашқы саяхат қай жерден басталды?
2.Одан кейін қайда саяхаттады?
3.Қандай әсер алды?
4.Саяхат арқылы қандай дәстүрлерді үйренді?
Мұғалім:Әрине саяхаттау арқылы табиғи сұлулықты сезініп, өз елің мен шетел мәдениетін салыстыра білесің, ой-өрісің кеңіп, дұрыс әрекеттерді бойыңа сіңіре білесің.
Сергіту сәті. Түрлі-түсті қағазға жазылған сөздер. «Менің орным қайда?» ойыны. Саяхаттау барысында: жанған отты сөндіру, қоқысты жинау- әр адамның міндеті!
Топтарға берілетін тапсырмалар:
1.”Өз сыңарыңды тап ”оқыта үйрету ойыны
2. Мақсатты айқындау жұптық жұмыс.Дұрыс, бұрыс ойыны.
3. Жағдаят. Мұғалімнің сыйы.
Жолаушы жолға шықты,ұзақ жүріп бір қалаға келді.Ол жерде ешкім оның туған жері туралы естімеген еді. Жолаушы сол жерге орнықты да сол қалада өмір сүрді.Оның көптеген таныстары мен достары пайда болды.Жұмыс істеді ,отбасылы болды. Көрген адамдарына өзінің туған жері туралы айтатын еді.
Ол сондай шабытпен сүйіспеншілікпен айтқандықтан, естігендер қызығып сондай жерді өз көздерімен көргілері келетін.
Бір күні сондай адам табылып,тамаша жерді кездестірмегенін айтты.Ол жердің жоқ екенін ,мүлде болмағаны туралы айтты.
Жолаушы отбасымен қоштасып ,туған жеріне баруға бел буды.
Қайда барса да ,не іздесе де өзінің туған жерін таба алмай , табанынан тозды. Көп қалаларды аралап барлық жерлерден туған елінің бір кішкене бөлшегін ғана кездестіреді.
Дүниені ұзақ кезіп өз үйіне,отбасына шаршап оралды.
Табалдырығынан аттаған бетте бала-шағасын, достарын өзі салған үйін көріп, неге туған жерін таба алмағанын түсінді.
Бәрі де қарапайым да оңай еді,оның отбасы,Отаны осы жерде еді. Ол өзімен бірге осы жерге туған жерінің бөлшегін ,қаласын осы үйге ,барлық адамдарға, достарына ,әйеліне өзімен бірге әкеліп бергенін түсінген еді.
Адам сонда ғана түсінді, қаншама уақыт бойы ол Отанына оралғысы келгенін, ал оның Отанының жанында болғанын аңғармапты.
1.Жолаушы қоныстанған жеріндегі достарына ,таныстарына не туралы айтты?
2.Көп іздеп нені түсінді?
3.оның жүрегінде Отанына деген қандай ықылас,сезім жүрді?
Мұғалім: Бұдан түйген ой адамның жүрген жері –абат,яғни ол жүрген жерге жүрегінің нұрын сеуіп жүреді. Дәптермен жұмыс.Кітап бойынша жаттығу жұмысы. -Cенің аты-жөнің кім?
-Менің атым Бағжан ...... ұлы
-Сен былтыр ұайда демалдың?
-Мен Ыстық көлде демалдым.
-Қалай демалдың?
-Өте тамаша.
-Не көрдің,не білдің?
-Ауасы таза,суы мөлдір,әдемі,салқын көл.
Топпен жұмыс
1.Биылғы жазды асыға(күтпедім,күттім).
2.Көкшетауда туыстарымыз (тұрады,жүреді).
3.Бірінші рет бара (тұрады,жүреді).
4. (Білемін,секілді) табиғаты керемет.
5.Бурабайды (тұрғым,көргім) келеді.
6.(расында,шынында), арманым орындалатын болды.
Мұғалім: Бүгінгі сабақта айтылған білімді жинақтай келіп мынандай дәйексөзді айтсам деймін.
Дәйексөзді ұлдарға,қыздарға хормен оқыту.
Жалықтырса ұзақ сапар,
жатмекен.
Туған елдің түтіні де
тәтті екен.
Қайда болсаң да туған жерің ,атамекенің ыстық.
Шығармашылық жұмыс.
Тотағы оқушылардың жұмысы.
1-топ .Саяхат туралы коллаж жасайды.
2-топ Өзінің саяхаты туралы эссе жазады.
IV. Бекіту.

Тақтада шаңырақ суреті жапсырылған,оған оқушылар әр түрлі күн шапағы секілді уықтарды іледі,онда құндылықтар жазылған.Бір оқушы түйіндеп айтады. Сен қайда барсаң да, қай жерде болып,керемет нәрселерді көрсең де, өз еліңе, Отаныңа, өз шаңырағыңа өз «Меніңе»(өзіңнің ішкі жан дүниеңе) ораласың. Ойланасың,салыстырасың,басқа жерді көрген жақсы,әрине,бірақ туған жеріңді аңсайсың,оны бағалайсың,қадірін түсінесің.
V. Үй тапсырмасы. «Менің қызықты демалысым» тақырыбы бойынша әңігіме құрап жазу,сөздерді есте сақтау.

VІ. Бағалау. Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы балалардың ойлау қабілетін, сөздік қорын бағалау.
Жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігін ескере отырып баға беру.(ынталандыру, мадақтау, ескерту)
Топпен ән айту.
Бала тілегі
Сөзі: С.Молдасанұлы
Әні : Ф.Жолдасова
Бал – балалық , балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,
Гүлденсін деп Атамекен – қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,
Туған жердің түрлендірер нәріміз.
Алтын бесік – ұлан байтақ – елімде,
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,
Мұңаймасын ешбір бала елімде.
Ата берген батаменен көркейсін,
Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.

VIІ. Келесі тыныштық сәті.Бүгінгі сабағымызды саяхат туралы ой қорыттық,саяхат жасай отырып дұрыс ірекетке бейімделіңдер.Осы сабақтан алған тағылымдарыңды жүректеріңе терең бойлатып сіңіре біліңдер.! Жақсы ой ойлайық,жақсы сөз сөйлейік,жақсы іс жасайық.Осындай тыныштық сәтінде отыра тұрайық.Рақмет.Енді көздеріңізді ашуға болады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: jarkynai777 | Теги: Саяхаттау жақсы дәстүр
Просмотров: 3063 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru