Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ "Қазақтың дастарқаны"
[ Скачать с сервера (18.1 Kb) ] 2016-04-13, 8:11 AM
Сабақтың тақырыбы: Қазақ дастарқаны 29.10.2015ж.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Берілген мәтінді оқып, талдау арқылы етістіктің ерекше түрі саналатын есімшені пысықтау.
Дамытушылық. Жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамыту арқылы өздігінен ізденуге,есімше формалы кез келген сөздің ерекшеліктерін анықтап,еркін талдау жасай білуге машықтандыру,мәтінді оқи,тыңдай отырып,өзіндік ойын айту,түйін жасай білу дағдысын дамыту.Қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен терендете таныстыру.
Тәрбиелік. Оқушылардың елтаным туралы көзқарасын қалыптастыру,қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіре тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: интерактивтік тақта,презентациялық слайдтар,ұлттық ыдыстар, тағамдар, суреттер, кітап, плакат.
Сабақтын әдістері: сұрақ- жауап, жатқа айту, әңгімелеу, заттардың көмегіне сүйену.
Құндылығы: ақиқат
Қасиеттер:қонақжай,бауырмал,кеңпейіл,жомарт,әдепті,адал,шыншыл.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі(3 минут)
Амандасу. Мұғалім сөзі:
Армысыздар,шәкірттер,
Армысыздар,ұстаздар,
Адалдықты ұстанған,
Оза шауып бәйге алар
Білуге жаны құштар жан
Тіл арқылы әрдайым,
Білім, білік ұшталған,-деген жүрекжарды өлеңіммен бүгінгі қазақ тілі сабағын бастаймын.
5 «Т» еске түсіру
Нұрға бөлену
Өткен материалды еске түсіру (3минут)
Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын өткен материалды қаншалықты меңгергенімізді байқау үшін оқылған өлеңнің алғашқы шумағына назар салайық
Адалдықты ұстанған,
Оза шауып бәйге алар
Білуге жаны құштар жан
Тіл арқылы әрдайым,
Білім,білік ұшталған.
Өлең шумағындағы асты сызылған сөздердің түбірі қай сөз табынан жасалған?
Оған жалған ненің жұрнақтары?
Өздерің білетін ас туралы мақал-мәтелдерді айтыңдар.
Есімшенің жұрнақтары қандай?
(-ған, -ген,-қан, -кен;
-ар,-ер,-р;-атын,-етін,
-йтын,-итін;-мақ,-мек-бақ,-бек;)
Сабақ мақсатымен таныстыру.
-Бүгінгі сабақта біз қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуге, сақтауға, құрметтеуге үйренеміз. Бұрынғы алған мәліметтерімізді жинақтап, білгенімізді, сөйлеу, жазу, ойлау әрекеттерімізді жетілдіріп, көрсетуге тырысамыз.

Сабақтың құндылығы ақиқат.
Сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың дастарқаны».
Сабақтың дәйексөзі: Кең дүние тарылса да, қазағымның дастарқаны тарылмасын! (мақал)
Қасиеттері жомарт,қонақжай, адал,шыншыл,әдепті, кішіпейіл.
ІІ. Жаңа сабақ(5минут)
Жаңа сабаққа кіріспе бөлім. Мәтінді талдау.Сұрақтары.
1.Қазақ халқы ас туралы қандай мақал-мәтел айтқан?
2.Қазақтың ұлттық тағамдарына не жатады?
3.Қазақ халқы өз дастарқаны арқылы қандай қасиеттерін білдірген?(Қонақжай,бауырмал,кеңпейілдігін,жомарттығын көрсетеді.Осының бәрі ақиқат.Осы қасиеттердің бәрі ақиқатқа әкеледі.)
Дәптерді ашып, күн ретімен тақырыпты жазыңдар
Қазақ халқы дастарқан байлығына өте үлкен мән берген. Негізгі асы – сүт пен ет. Қазақтар тағам түрлерін ақ /сүт тағамдары/, қызыл/ ет/ және /көкөніс, жеміс/ деп үшке бөлген.
Тыңдалым
Жаңа сөздер топпен оқимыз.
бекер айтпаған
ерекше мән берген
ежелгі дәстүр бойынша Сөйлем құрастырамыз.
Жаңа сабақты пысықтау жұмыстарын сіздерді қанаттандыру мақсатындағы тілекпен бастағым келіп отыр.
Балалар сабақта жаңылмай жалындап отырыңыздар.Қазір сөйлемде қолданылатын есімшелерді айтып көрейікші.
1-топты «Жаңылмаймыз»,
2-топты «Жалындаймыз» деп атау.
Ендеше сабақта жаңылмай,жалындай жауап беріп отырыңыздар.
Жазылым
Жаттығудың мақсатымен таныстыру.
«Қазақы дастарқаным» атты әннің сөздерін еске түсіріп,көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазыңдар.Есімшелерді анықтаңдар.

ІУ. Сергіту сәті: Сөйлемдердің дұрыс- бұрыстығын айту.
1.Жапондықтар асты арнайы таяқшамен жейді.
2.Қытайлықтар тағамдарын қасықпен жейді.
3.Ресейліктер астарын қолмен жейді.
4.Еуропалықтар қуат беретін(энергетикалық)
Сусындарды көп ішеді.
5.Түріктер шай ішпейді.
6.Өзбектер асты шанышқымен жейді

У.Жұптық жұмыс.шығармашылық жұмыс
І-топ 1.Қазақ халқы дастарқанына ерекше мән берген, тағамға байланысты көптеген тыйым сөздер бар. Қандай тыйым сөздер білесіңдер? Көрініс көрсету
1.Дастарқанды қағазбен сүртпе.
2.Бір қолмен нан үзбе.

2-топ.
1,Дастарқанды аттама.
2.Қолыңды жуып сілкіме.
Қазір балалар бізге тыйым сөздер туралы көріністерді көрсетеді
/көріністерді көрсету/.
1-көрініс
Әже: Ауылға қонақ келсе, ырыздығын ала келеді деген, кәне, келіңдер қазан көтеріңіздер.
Келін: - Ия, ене, біз қазан көтеріп, ас мәзірін дайындап та қойғанбыз!
Әже: Кәне, жиналып дастарқан басына келіңіздер.
- Әй, Бейбіт, Самат, Марат кәне дастарқанға келіндер! (қолын жуғасын, Самат қолын сілкіп қалады.)
Әже: - Бәріңе сабақ болсын, естеріңде жүрсін! Сен қолыңды жуған соң бірнеше сілкідің. Бұл өз ырыс- небісіңді төккенің, суыңды айналаға шашып, әдепсіздікке бөккенің.Жаман ырымды бастама, ақылсыздықты жұрт алдына тастама.
2- көрініс:
Анасы дастарқан жайып, шайға шақырады. Бір бала бір қолымен нанды үзіп жейді де, үгіндісін тастайды.
Анасы: Нанды бір қолымен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей. Ертеде халқымыздың ұғымында нан уағын тастама «обал» болады, «жеп қойсаң, бай боласың» деп тәрбиелеген.Немересі:Ана,кешірерсіз енді қайталамаймын. Асыңызға рахмет . Тамақ ішіп болған соң, сыйлы, қадірлі, жасы үлкен адам бата береді, ас қайырады.
Ас батасы - ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады
1. Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
«Кім тапқыр?» сұраққа тез әрі нақты жауап беру
Балалар есімше орыс және ағылшын тілінде бар ма? Мысал келтіре аласыз ба?

Орыс тілінде
Есімше-причастие
Читать-оқу етістігін есімшеге айналдырсақ, прочитанный-оқылған.Говорить-сөйлеу,говорящий-сөйлейтін,рисовать-сурет салу болса рисующий-сурет салатын т.б.

Ағылшын тілінде есімшені Participle II білдіреді.
Есімше-Participle II
Paint+ed – cалынған
Written (3 форма)-жазылған
рІау+ed-ойнаған
ІІІ.Сабақты қорыту «Кейде кіші-гірім қадамың үлкен істің бастамасы болмақ».
Бүгін біз не істедік?
Қандай тақырыбымен таныстық?
Рефлексия. Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар ?
ІV. Үйге тапсырма. «Қазақ дастарқаны» тақырыпқа эссе жазу
V. Бағалау. Оқушыларға бағаларды айту
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар
Қазақы Дастарқаным
Сөзі: Ж. Боранбаевтікі
Әні: М. Ілиясовтікі
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісімен,
Жағалай малдас құрған.
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілмен,
Иілсе келін-балаң.
Ықылас-ізет еткен,
Сыйластық елін табам.
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын..
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: jarkynai777 | Теги: Қазақтың дастарқаны
Просмотров: 1574 | Загрузок: 28 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 2:56 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru