Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілінен сабақ жоспары
2016-05-18, 9:33 AM
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі қазақ әндері мен әншілері.Сөз таптарын және көптік жалғауды қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХХІ ғасырдың әнші - сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру.Әншілер шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. Жобалау технологиясы арқылы топтық жұмыс
дағдыларын ұйымдастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, сөйлеу тілі мен жазба тіл мәдениетін дамытуға мүмкіндік туғызу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Топпен жұмыс жасауға, ізденуге жаттықтыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту. Шығармашылық қабілеттірін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, функционалдық сауаттылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Қазақтың қазіргі әндері мен әншілер шығармашылығына қызығушылыққа тәрбиелеу. Әншілік өнерді құрметтеуге, қазақ әндерді тыңдауға үйрету. Эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу. Ұлттық өнерді құрметтеуге үйрету. Өнерді, өнер адамдарын, олардың еңбектерін құрметтеуге, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың тегі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Оқушының іс-әрекеті: Топтық жұмыстарда өзінің белсенділігін, қабілетін, шығармашылық ізденіс деңгейін, сөйлеу тілі мен жазба тіл байлығын көрсету, өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге дағдылану.

Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық тренинг:
«Жүректен жүрекке» деген жылы лебіздермен шеңберге тұрып, бір-біріне тілек сөздерін айту. Әр оқушыға әр түрлі қима қағаздары таратылады. Қима қағаздағы суреттерді құру арқылы үш топқа бөлінеді ( 1 сурет – Қайрат Нұртас, 2 сурет – Роза Рымбаева, 3 сурет – Қарақат Әбілдина), әрі топ басшысын сайлайды. Әр тапсырма түрлі – түсті бояумен боялған (қызыл, көк, жасыл) ойыншық домбырамен бағаланады.

Үй тапсырмасын тексеру.
«Қазақ сазгерлері» деген тақырыпқа диалогтарын тексеру.

Мұғалімнің іс-әрекеті: тақырып бойынша шолу жасау, топтың таңдаған тақырыбы бойынша оның іс-әрекетін ұйымдастыру, сабақ барысында топ мүшелерінің түгелдей атсалысуына жол ашу, тақырыпты жан-жақты ашуына бағыт-бағдар беру, көмек көрсету, қорытынды жасау.

Сабақта қолданылатын технологиялар: АКТ. Жобалап оқыту. Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жобалап оқыту, топтық жұмыс, «Кері байланыс», «Ой шақыру» т.б.

Көрнекілігі мен жабдығы: сабақтың барысы туралы призентация, интербелсенді тақта, слайдтар, бейнеролик, қазіргі әншілер шығармалары жинақтарынан көрме, оқулық, бағалау парағы, постер, (әншінің суреті бар плакаттар), маркерлер, стикерлер.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, информатика.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу.
2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
3. Үй тапсырмасы.

Жаңа сабақ: Біздер қазақ халқы ырымшыл халықпыз. Ендеше бүгінгі сабағымыз сәтті өтсін деп, «Бір аллаға сиынып, кел бабалар оқылық» - деп Ыбырай атамыз айткандай, бір аллаға сыйынып жаңа сабағымызды бастайық
І. Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» Белсенді тақтадан қазіргі әншілер мен олардың әндері жайында бейнеролик көрсету.
Сұрақ-жауап.
ІІ.Сабақтың тақырыбы мен мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сабақтың эпиграфы:
Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді.
Т.Потанин.
ІҮ.Мәтінмен жұмыс.
І - «Қайрат» тобына қазіргі әншілердің өмірбаяны (Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева, Қарақат Әбілдина т.б) жайында жазылған мәтін беріледі.
Тапсырма: Дауыстап оқып, түсінгендерін плакат бетіне түсіру.

ІІ - «Роза» тобына әншілердің шығармашылығы жайында жазылған мәтін.
Тапсырма: Наушник арқылы музыканы тыңдай отырып, түсінгенін плакат бетіне түсіру.

ІІІ - «Қарақат» тобына әншілер мен әндері жайында пікірлер.
Тапсырма: Ұялы телефондарындағы интернет желісін пайдалана отырып, әншілер жайында пікірлер іздеу.

Оқушылар тиісті тапсырмаларын аяқтап, жауап беруге дайындықтарын шапалақ соғу арқылы білдіреді.

Ү. «Ой қозғау». Әр топтан екі оқушы шығып, тапсырмаларын қорғап шығады. Қорғалған плакаттар тақтаға ілінеді.
ҮІ. Сергіту сәті. Тосын сый. Кәсіби әнші болып киінген оқушы шығып, Қайрат Нұртастың «Жаса, Қазақстан» әнін айтады.
VІІ. Грамматикалық тапсырма. Әр топ интерактивті тақтадағы ұяшықтарды таңдау арқылы тиісті тапсырмаларды белсендітақтада орындайды. (Ақылдасып, ойлану үшін алдарына тапсырмасы бар қима қағаздары таратылады. Ойлануға арнайы уақыт беріледі).
1 - Мәдина Садуақасованың суреті бейнеленген ұяшық
Тапсырма: Берілген сан есімдерді мағынасына қарай топтастыр. (Белсенді тақтада орындау)

біреу Реттік
Есептік
Бөлшектік
Жинақтық
Топтау
Болжалдық
оныншы
екі
жүздей
Бес-бестен
Уш жарым

2 - Алмаз Кішкенбаевтың суреті бейнеленген ұяшық
Тапсырма: «Адасқан әріптер». Әріптердің орнын ауыстыру арқылы есім сөздерді дұрыс жазып, тиісті түрлерін анықтау.
ұлб – бұл (Сілтеу есімдігі)
імк – кім (Сұрау есімдігі)
енс- сен (Жіктеу есімдігі)
арбаш – (Жалпылау есімдігі)
ібуер – біреу (Белгісіздік есімдігі)

3 – Төреғали Төреәлінің суреті бейнеленген ұяшық
Тапсырма: Берілген сөздерге тиісті көптік жалғауларын қойып шығу.
Қалам..., дәптер..., гүл..., әнші..., сазгер..., тас..., аң..., ән..., ана... .
(лар, лер, дар, дер, тар, тер)

VІІІ. Қорытынды. «Әнді тап» ойыны. Музыка койылады, әннің авторын, орындаушы кім екенін табу керек.

«Кері байланыс»
1. Сабақтың қандай ұтымды жерлері болды?
2. Бүгінгі үйренгендеріңіз болашақта қажет болады деп есептейсіз бе?
3. Осы тақырыптатағы да не білгілеріңіз келеді?
4. Сіздерге сабақ ұнады ма? Көңіл – күйлерін смайликтер арқылы білдіреді.

ХІХ. Бағалау.

Х. Үйге тапсырма беру:
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: zhuldyzkabidenovna | Теги: Қазақ тілі, 5 сынып сабақ жоспары
Просмотров: 2058 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 2:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru