Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
2016-10-19, 7:18 PM | |
Сабақтың тақырыбы: "Менің отбасым" Сабақтың мақсаты: Отбасы тақырыбына байланысты сөздік қорларын молайту. Сабақтың міндеттері: • Тәуелдік жалғауды бекіту. • Әр оқушы өз отбасына байланысты сұрақ-жауап арқылы тілдерін дамыта отырып сөз қорларын байыту, ойлау қабілеттерін арттыру. Сөйлей білуге үйрету. • Отбасы мүшелерімен туыстықты тани отырып, өзара сыйластыққа, қамқор болуға бейімдеу, әдептілікке баулу. Сабақтың көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреттері. Сабақтың түрі: тіл дамыту Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: А) амандасу Ә) оқу-тәрбие жұмысына даярлау -Сәлеметсіздер ме, балалар. -Қазір қандай сабақ? -Қазақ тілі нешінші сабақ? -Қазақ тілі сабағында не істейміз? - Қазір қай мезгіл? -Күз айлары нешеу? -Қазір қай ай? -Аптаның қай күні? -Бүгін нешесі? II. Үй жұмысын тексеру. Ережені сұрау -Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Менің әжем». III. Жаңа сабақта. 1-тапсырма. Диалогтің сұрақтарың аударып, жауаптарын аяқтаңдар. -Сенің атың кім? -Сенің атаң мен әжем бар? -Олар қайда жұмыс істейді? -Әке қайда жұмыс істейді? -Ана қайда жұмыс істейді? -Сенің ағаң(әпкең) бар ма? -Сен қайда тұрасың? ІҮ. Сергіту сәтін өткізу 2- тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаз. Д..малысты б..з отбасымызбен б..рге өткізем..з. Жазда біз отбасымызбен Б..рабайға барамыз. Келес.. жылы Ыстықк..лге барамыз. Жексенб.. күні демалыс орындар..на бар..мыз. 3- тапсырма.Мәтінді әңгімелеңдер. Мәтінге ат қойыңдар. 4 тапсырма. Әр топтан тақырыпқа сәйкес келмейтін сөздерді алып тастап, дәптерге жаз. Мұғалім, жаман, өзен. Мұғалімнің сөзі: Жақсыларға жақын бол, Отбасыңмен тату бол, Ата-анаңның көзі бол, Сөнбей тұғын нұры бол!- деп сабақты аяқтаймыз. Үйге тапсырма:3. деңгейСызбаны толтырып, сөйлемдер құраңдар. Бағалау.Қоштасу. | |
Просмотров: 741 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|