Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Зейін Шашкин «Доктор Дарханов»
[ Скачать с сервера (23.0 Kb) · Скриншот ] 2016-11-15, 5:39 PM
Сыныбы: 7 Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Зейін Шашкин «Доктор Дарханов» романы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Зейін Шашкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, «Доктор Дарханов» романының мазмұнымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Зейін Шашкиннің өмірі мен шығармашылығы мен «Доктор Дарханов» романының мазмұнымен таныстыру; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін, сөйлеу тілін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды жазушының шығармашылығы арқылы адамгершілікке, әділдікке, еңбексүйгіштікке, парасаттылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді?
- Үйге Зейін Шашкиннің өмірірбаяны туралы мәлімет іздеу.
ІІІ. Жаңа сабақ: Зейін Шашкин «Доктор Дарханов»
-Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосқан көрнекті жазушылардың бірі-Зейін Шашкиннің шығармашылығымен танысамыз. Олай болса, жазушының өмірбаянына байланысты сызбаны толтырып көрейік.

Шашкин Зейін Жүнісбекұлы
31.12.1912 қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған
29.3.1966 Алматы

1930 — 1933 жылдары Мәскеудің Тарих, философия және әдебиет институтында (МИФЛИ) оқыған
1933 — 1937 жылы
Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей педогогиялық институтында, ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы

1949 — 1955 жылдары
Көкшетаудағы Бурабай санаторийінің Бармашы (қазіргі “Светлый”) пансионатында дәрігер
1955 — 1956 жылдары
Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші қызметтерін атқарған.
1934 жылы
“Абай поэзиясының ерекшелігі” атты еңбегі жарияланды.
1940 жазды. Е.Ысмайыловпен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған “Әдебиет теориясының оқулығын”
2. Жазушының шығармалары:

1934 ж. “Абай поэзиясының ерекшелігі”
1940 ж. “Әдебиет теориясының оқулығын”
1955 ж. “Таң атты"(орыс тілінде)
1957 ж. “Ұядан ұшқанда”
1959 ж. “Темірқазық”
1964 ж. “Өмір тынысы”
1966 ж. “Ақбота”
1958 ж. “Тоқаш Бокин”
1960 ж. “Теміртау”
1962 ж. “Доктор Дарханов”
1966 ж. “Сенім”

Аталған шығармаларында жазушы Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының тарихи-әлеуметтік халі әрі 1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс, жеке адамдардың жан дүниесі, олардың дүние танымы суреттелген “Таң атты” (1955, орыс тілінде), “Ұядан ұшқанда” (1957), сондай-ақ халықтар достығы, замандастарының өмірі, туған жерге деген сүйіспеншілігі тартымды бейнеленген “Темірқазық” (1959), “Өмір тынысы” (1964), “Ақбота” (1966) повестері мен әңгімелер жинақтары, Жетісудағы саяси-әлеуметтік өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы өрнектеген “Тоқаш Бокин” (1958), қазақ әйелінің қоғамдағы алатын орны, оның өндірісті, өнер-білімді, мәдениетті өрге бастаудағы және отбасындағы рөлі, әлеуметтік, этикалық, эстететикалық көзқарастары баяндалатын “Теміртау” (1960), адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның рөлі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің еңбек адамдарымен қарым-қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген “Доктор Дарханов” (1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі көрген қиыншылықтары, ой-арманы, адамгершілік асыл қасиеттері арқау етілген “Сенім” (1966) романдары жарық көрді. “Заман осылай басталады”, “Ақын жүрегі” пьесалары республикалық, облыстық драма театрларда қойылды. Оның шығармалары негізінде “Мазасыз таң” атты көркем фильм түсірілді. Туындылары шет ел тілдеріне аударылды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.
ІV. Бекіту: Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға Инсерт әдісі арқылы кестені толтыру.

Не білемін? Не білдім?
Не білгім келеді?

V.

VI. Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма беру:
Зейін Шашкин туралы қосымша мәлімет.
«Доктор Дарханов» мазмұнымен танысу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gulzhan_7 | Теги: «Доктор Дарханов»., Әдебиет, Зейін Шашкин
Просмотров: 4480 | Загрузок: 65 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 11:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru