Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ "Қыс. Сын есім"
2016-11-21, 3:54 PM
Сыныбы: 5 сынып
Пәні: қазақ тілі
Мұғалімі: Самаева Акку Шариповна
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сын есім.
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша теориялық және практикалық білімдерін ұштастыру, ой-өрістерін тереңдету, ойлау қабілеттерін дамыту, достық көмек, бірге отырып мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік: қыс мезгілі туралы айта отырып, танымдық деңгейлерін көтеру, сөздік қорларын молайта отырып, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ой қорыту қабілеттерін жетілдіру, өз ойын анық, толық жеткізе білуге төсілдіру, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: салауатты өмір салтын насихаттай отыра, бірлікке, достыққа тәрбиелеу, тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ үлгісі: жинақталған сабақ.
Сабақ түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын технологиясының элементімен оқыту, сұрақ-жауап, ізденіс, бірлесе оқыту, әңгімелеу, сөздікпен жұмыс, интерактивті оқыту, шығармашылық ізденіс, ақпараттық-коммуникативтік технология.
Сабаққа қоятын талабым:
• Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білі алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.
• Баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.
• Оқу-тәрбие барысында әдеби-мәдени мұраларды оқытып-үйрету арқылы оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: география, технология, орыс тілі, жаратылыстану.
Көрнекілігі: суретті аялдамалар,тірек сызба, тапсырмалар, интерактивті тақта (флипчарт, видеокөрініс, презентация).
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар? Бүгін сіздерде ерекше сабақ болмақ.
- Сыныпта кім кезекші? Сынып түгел ме?
- Балалар, бүгін ауа райы қандай? /Бүгін ауа райы суық, аяз./
- Қазір жылдың қай мезгілі? /Қазір жылдың қыс мезгілі/
- Қыс айларын кім атап береді? /Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан./
- Қыста ауа райы қандай болады? /Қыста ауа райы суық болады, боран соғады, қар жауады./
- Адамдар қалай киінеді? / Адамдар жылы киінеді/
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, осыған орай «Қыс» деп аталады. Сабағымыздың мақсаты: қыс мезгілі туралы әңгілей отырып, сөз табы «Сын есіммен» таныстыру, ой-өрістерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
- Балалар, қысқы спорт ойындарын білесіңдер ме? Қандай түрлерін айта аласыңдар? / Қысқы спорт ойындарына хоккей, шаңғы, коньки атты ойындарын білемін./
- Қазақстан 2011 жылы қандай қысқы спорт ойындары өткізді. Мына бейнекөрініске назар аударайық. Видео «Қазақстанның Азиадаға дайындығы»
Мұғалімнің қысқаша мәліметі:
Қазақстандағы Азиада-2011 ойындарында спорттың 11 түрінен жарыстар өткізілмек. Азиада ойындарында спорттың 11 түрі бойынша 69 медельдар жиынтығы сарапқа салынды. Олардың ішінде конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, «бенди» добымен хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл, шот-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі енгізілген. Азия ойындарына шамамен 30 Азия елі қатысады деп жоспарланып отыр. Азиада-2011 Ойындарына 45 елдің спорт қозғалысы өкілдерінің келуі күтілуде.
Қазақстан Респуликасы 7-қысқы Азия ойындарын Қазақстанның екі негізгі қалаларында Қазақстанның елордасы Астана мен Алматы қаласында өткізуді ұсынды. Спорт Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен елді халықаралық деңгейде тану жолдарының бірі ретінде анықталған. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасынан бастап Қазақстан спортшылары Азия ойындарына қатыса бастады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда тоқтаусыз алға қарай даму жағдайында осындай көлемді деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыру мен ойдағыдай өткізе алатын ірі континентальды державалар қатарына кіре алатындай барлық алғы шарттар бар. 2018 жылы қысқы Олимпиада Ойындарын өткізу құқығына даярланып отырған өтінімге елеулі дәлел мен жақсы тәжірибе көзі болады.

- Қысқы спорт ойындары қалай аталады? / «Азиада» деп аталады./
Сонымен, балалар, Ирби барысы символымен «Қазақстандағы Азиадаға» саяхат жасауды ұсынамын. Бұл саяхатта Қазақстанның көптеген тамаша жерлерінде боламыз. Алдымыздағы аялдамаларды өту үшін қызықты тапсырмаларды орындауымыз керек. Ұқыпты, жинақы, тапқыр болуларыңызды талап етеді. Қалай саяхатқа дайынбыз ба? Саяхатқа шығу үшін бізге карта керек, бағыт-бағдарды анықтап, соған сүйене отырып саяхат жасаймыз. Картамыз «Сын есім» деп аталады. /Слайд – сын есім/
Сіздермен жол картасын тиянақтап алдық. Енді, жолға шығайық.
1-аялдама. Спорт сарайы «Қазақстан».
1-тапсырма. Суретті сөзімен таныстыру. /Сыйлық – Бас киім/ Флипчарт – 1
- Тамаша, саяхатымызды жалғастырайық.
Келесі 2-аялдамамыз «Астана-Арена» стадионы.
2-тапсырма. Сөздерді сәйкестендіру. /Сыйлық – Тон/ Флипчарт-2
- Жақсы, балалар. Ендігі аялдамамыз «Жабық коньки тебу» стадионы.
3-тапсырма. Керек сөз табымен толықтыр. /Сыйлық – Пима/ Флипчарт-3
Сергіту сәті: Біз үйде біз нешеуміз? ....
Біз сіздермен Алматы қаласына келдік.
3-аялдамамыз «Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы».
4-тапсырма. Қарсы мәндес сөздерді жаз. /Сыйлық – Бөкебай- Құлақшын/
Флипчарт -4.
Ендігі 4- аялдама «Шаңғы трамплині».
5-тапсырма. Сөздерден сөйлем құрастыр. /Сыйлық - қолғап/ Флипчарт – 5.
Соңғы 5- аялдамамыз «Медеу» таулы спорт кешені.
6-тапсырма. Ауызша сипатталған заттың не нәрсенің атауын тап. /Сыйлық – коньки/ Флипчарт -6.
- Рахмет, балалар, барлығымыз тамаша, көңілді саяхат жасадық. Осы саяхат туралы өлең, яғни бес жолды өлең жазайық. Слайд – бес жолды өлең.
- Мен мұндай өлең жолдарын естіген емеспін. Жақсы, балалар, көп рахмет! Жинаған сыйлықтарын бойынша, мен сендерді бағалайын.
Үйге тапсырма: Қыс мезгіліне сай 10 сын есім.
Қорытынды: Біз қай жыл мезгілінде саяхатқа шықтық. Саяхат жасауға не көмектесті? – яғни, картамыз «Сын есім». Сын есім туралы пысықтау.
- Балалар, киіндік қой. Ендеше, далаға шығып, қыс мезгілін тамашалайық. Сабақ бітті. Сау болыңдар.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: akkusamaeva09
Просмотров: 561 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 1:25 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru