Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Оқшау сөдер
2016-12-14, 7:47 PM
Күні: сыныбы: 8 пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Оқшау сөздер. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер
Білімділік мақсаты: оқшау сөздер, оның түрлері туралы ұғымды меңгерту, өздігінен талдату арқылы қорытынды шығарту
Дамытушылық мақсаты:оқушылардың логикалық ойлау әдістерін қалыптастыру,
ой қорытындысын жасай білуге баулу,өз бетінше талдау дағдысын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұлтжандылыққа, ана тілін қастерлеуге
тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: талдау, ізденіс, деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі: таратпа материалдар
Сабақ барысы:
І . Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не?
2.Айқындауыш мүшелердің түрлері қандай?
3.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ
Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық!
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Ана тілің жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын өнегеге толы өлеңімен бастайық.
Мағынаны тану. («Оқшау» дегенді қалай түсінесіңдер?)
«Адасқан сөздер»
( сөздерді орнына қойып, сөйлемнің мағынасын айту)
1 сынақ ертең оқушылар болады
2. келмейтін сірә бүгін ол шығар
3. шіркіннің па дауысын-ай
Оқшау сөздердің белгілері:
1)Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды
2)Өзге сөздермен байланысқа түспейді
3) Сөйлем ішінде жеке тұрады, тыныс белгісі арқылы ажыратылады.

Қаратпа сөздер – Қыстырма сөздер - Одағай сөздер -
тыңдаушының назарын сөйлеушінің айтылған айтушының көңіл- күйін,
аудару үшін қолданылады пікірге әр түрлі
көзқарасын білдіреді сезімін білдіру үшін
қолданылады

Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады. Мысалы: Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.

Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қыстырмалар сөйлеушінің көзқарасын - күмандылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай - ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін - білдіру үшін қолданылады.
Мысалы: Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.
Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді.

Одағай сөздер: Қаратпа, қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағайлар сөйлеушінің сезімін, көңіл - күйін - қуанышын, ренішін, таңдануын, ризалығын - білдіру қажет болғанда қолданылады. Мысалы: Па, шіркін! Дауысы дауыс - ақ екен.
Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!

1. «Бар білім-кітапта» Оқулықпен жұмыс. 85-жаттығу. Мәтіндегі оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңдар. Оқшау сөздің қай түрі көбірек қолданылған.
2. 88-жаттығу. Берілген сөйлемдердің түсіп қалған тыныс белгілерін қойып шығыңдар. Олардың қойылу себептерін түсіндіріңдер.

3. Сәйкестендіру
1. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай! қыстырма
2. Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз. одағай
3. Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп , шынында. Қаратпа

4. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей. Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой, түріне ажырат
-Уа,Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады екен? Пай-пай Көріңде өкіргір Қожекем-ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық-ақын халық менің ойымша. Жә көрген-білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек.
ІІ деңгей. Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.
1.-----------------------, ақсақал.
2.-----------------------, қап!
3.-----------------------, сірә,----------------------.

ІІІ деңгей.
Оқшау сөздерді қатыстырып, «Егін даласында» әңгіме құрау.

4. «Кім тапқыр?» оқшау сөздерді табу, түріне ажырту,қай шығармадан алынғанын айту.
1. Ана керек, о адамдар,ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда ( Т.Айбергенов «Ана»)
2. –Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?
Атармын аққу құсты қалай ғана?! ( М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»)
3. –Бұрынғыдан мұнысы қиын боды, Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік?
4. –Е,шырағым, жасым секесенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын? ( Мадан ханның шешсінің сөзі)
5. –Сөйлестім, тақсыр! Өзімді сөгіп салды,-деп жауап берді ( Жиреншенің сөзі)
6. –Апырмай-ай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің? ( Мадан ханның сөзі)
7. Махамбеттің қай өлеңі оқшау сөзден басталады? ( «Қызғыш құс»)
8. Ы.Алтынсариннің қай өлеңінде қаратпа сөз бар? («Кел, балар, оқылық»)

5. Талдау-табыс кілті ( сөйлем талдау)
1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру, тыныс белгісін қою
1) Түс ауа үйге Рахат келді.
2) Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды.
3) Жолдастар келер ұрпақ жыр етер ұлы науқанды бастағалы тұр.
Жолдастар- сатылай кешенді талдау ( фонологиялық талдау)

2. Қыстырма сөздерді тиісті орнына қою
1) ----------------, темір жолға тіке тартқан жөн бе деймін
2) ------------------, Шеген хатты сирек жазады.
3) Бүгін,-------------, қоймаға он жеті арба тары кетті.
Қоймаға- математикалық-фонетикалық талдау

3.Берілген сөйлемдердегі одағайлардың астын сыз.
1) –Пәлі! Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай.
2) Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой!
3) –Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып.
Ақын-лексика-грамматикалық талдау

6.Семантикалық карта.

Мысалдары
Түрлері Қаратпа сөз Одағай сөз Қыстырма сөз
Байғұс – ау, саған не болған? +
«Қош бол, Қараой» +
Аға, бұл кімнің аты? +
Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ +
Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын +


ІҮ. Бекіту. Графикалық диктант
Оқшау сөздерді белгілеу

Одағай

қыстырма

қаратпа

паһ, сөйтіп, қалқам, сірә, алақай, шырағым

Ү.Қорытынды Сұрақтар:
1. Оқшау сөздер дегеніміз не?
2. Оқшау сөздер түрлері қандай?
3. Оқшау сөздердің белгілері?

ҮІ. Бағалау:
ҮІІ.Үйге тапсырма:
1 тапсырма 86,89 – жаттығу
2 тапсырма: М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесінен оқшау сөздерге сөйлем тауып жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: айзат9007
Просмотров: 774 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 10:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru