Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды пайдалану
[ · Скриншот ] 2016-12-30, 9:19 AM
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Боровской облыстық санаторлық мектеп -интернаты» КММ-сі



Практикум тақырыбы:
«Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды пайдалану»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Г.С. Алгалиева

2015-2016 оқу жылы.

ӘОН
КБН

Пікір жазғандар:
- «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Боровской облыстық санаторлық мектеп -интернаты» КММ-сі


Алгалиева Г.С.
6 - сыныптарда өткізуге арналған грамматикалық тапсырмалар үлгілері және тірек –сызбалар. Сабақтарда пайдалануға болатын және сол сабақтарда қолданылатын негізгі және қосалқы мәліметтерді және тапсырмаларды қамтитын «Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмалар жинағы» атты практикум./Г.С.Алгалиева. - Қостанай, 2016. – 30 бет.

ISBN

Бұл мемлекеттік тілде оқытылатын мектептердің 5-6 –сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен практикум оқушылардың ойлау логикаларын дамыту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілі пәніне және тіл игеруге деген қызығушылықтарын арттыруға көмектеседі.Қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қосымша материялдар қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдылары тиянақтала түседі.

ӘОН
КБН
© «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Боровской облыстық санаторлық мектеп -интернаты» КММ-сі»

ISBN © Алгалиева Г.С

Тәжірибие алмасу тақырыбым:

«Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды пайдалану».

Мақсатым:

 Оқушыларды деңгейлеп саралап оқыту, әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.
 Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру,тілін ,ойлауын мазмұндай білу қабылеттерін дамыту.
 Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған біліктерін пысықтауға арналған.

Міндетім:

 Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған деңгейлеп – саралап оқыту технологияларын оқу-тәрбие процесіне енгізу.
 Оқушының пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.

Нәтиже:

 Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың,оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады.



Түсінік хат.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың өтілген лексикалық тақырыптардан алған білімдерді және біліктерін пысықтауға арналған.
Деңгейлік тапсырмалар 6 сыныпқа модуль бойынша тақырыптарды қамтиды.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуін дамытады,әр оқушыны өздігінен жұмыс істеуге баулиды,ой еңбегімен айналысуына көздейді.
Деңгейлік тапсырмаларды өздігінен жаңа сабақты меңгерту,тақырыпты пысықтау,қайталау сабақтарында пайдалануға болады.
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың сөздік қорын байытуға,тілін дамытуға бағыттайды.Оқытудың қазіргі жаңа технологияларын меңгеру және оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне сай келтіріп,сабақ үрдісіне ендіру мол ізденушілікті талап етеді.Әрине,ұстаз әрбір сабағын мазмұнды құрып,жаңа технологиямен сабақ беріп отырса,оқушылардың терең әрі тиянақты білім алуына жол ашылады.Сондықтан да қазіргі ұрпақты білім нәрімен сусындатуда жаңа технологияның алатын орны ерекше. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,рухани,азаматтық және де басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытуға көмектеседі.Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс-тәжірибемде педагогика ғылымының докторы,профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып сабақ жүргіземін. Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат-баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын:

1.Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.
2.Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.
3.Берілген білімді пысықтау.
4.Оқушының білімін тексеру, бақылау.
5.Шығармашылық қабілетін арттыру.

Кіріспе: Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып,сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар.Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында.Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін,нені меңгергенін,нені меңгермегенін біледі,соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып,басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды,әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген.Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да,мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған.1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей,бұны орындауға барлығы міндетті.2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы,ал 4-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды.Әрине ,барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық.1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да,озат оқитындар алға кетеді.
Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы – оқу үрдісіндегі мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі.
Ж.Қараев технологиясының жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .
Оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу, алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануға жаттықтыру, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту, әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормаларын меңгертуге жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқу дағдыландыру мақсатын көздейді. Жинақ фонетика, морфология бөлімдерінің негізгі ережелерін саналы , тиянақты меңгерту, үйрету мақсатына бағытталған білімдік, танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мәндегі деңгейлік тапсырмалардан тұрады.
Оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімдерін тереңдете түсуге, тілдік объектілерінің қыр – сырын біліп, өзіндік ерекшеліктерін тани алуға, әр алуан тапсырмалар арқылы білім деңгейін молайтуға мүмкіндік береді. Тапсырмалар оқушылардың сабақта, сабақтан тыс кезде жұмыс істеуіне , тіл дамыту, жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа еңгізілген тапсырмалар мен жаттығуларды оқушылардың білім деңгейіне, мүмкіндігіне қарай пайдалана алады, яғни жұмыс түрлерін оқушылармен жеке- жеке жүргізуге, өтілген материалдарды жүйелі қайталауға болады. Жинақта белгілі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тақырыптарды қорытындылауда, жинақтауда, пысықтауда пайдаланатын кестелер түрлері берілді. Жинаққа енген материалды үлестірме және жеке тапсырмалар кестесі түрінде де пайдалана алады.
Қазақ тілін оқытуда пайдаланылған шығармашылық тапсырмалар да ұсынылып отыр. Тапсырмалар оқулықтағы «Сөз таптары» тарауы бойынша «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім», «Етістік», «Есімдік», «Үстеу», «Еліктеу», «Шылау», «Одағай» тақырыптарын түгелдей дерлік қамтиды.
Осындай тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өзін- өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады.
Үлгерімі төмен оқушылармен деңгейлік тапсырмалардың жеңіл түрлерін өткізуге болады. Оқушылардың үлгерім деңгейінің төмен немесе жоғары болуына мұғалімнің жауапкершілігі мол. Мұғалім өзінің пәнін жетік білуі керек. Біліктілігі жоғары, жан –жақты іздену, жұмыс түрлерін түрлендіруі, сабақты қызықты өткізу керек сонда оқушылардың пәнге үлгермеушіліктері азайып немесе мүлдем болмайды.
Барлығы мұғалімнің шеберлігімен, оқушының қызығушылығына байланысты. әрекетінің болуы;
Ситуативтілік; сөйлеу жағдаяттарын (ситуцияларды) ескерту;
Ақпараттылық: оқушының жас, интеллектуалдық мүмкіндіктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын іріктеу;
Жаңалық деңгейі: мәтін мазмұны ғана емес, оқыту процесінің барлық элементтеріне қатысты болуы;
Эвристикалық сипаты: шығармашылық тұрғыдан сұрақ-жауапқа құрылуы;
Функционалдық сипаты: тілдесімде тілдік бірліктерді атқаратын қызметі тұрғысынан іріктеу;
Проблемалық сипаты: оқу материалы проблемалық, яғни оқушының өз бетінше ойланып, орындап, шешуіне, сыни ойлауын дамытуға бағытталуы тиіс;
Сөз құрамын білу, түбірлес сөздерді табу;
Сөзжасамның негізгі түрлерін білу;
Таныс емес сөздерді сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы ажырата білу.
Үлгерімі төмен оқушылармен әр түрлі жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Өз сабақтарында жаттығулардың түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлерін арттырады.

Тақырыбы: Дыбыс және әріп.
Дыбысты естиміз, айтамыз.
Әріпті көреміз, жазамыз.

1)Берілген дыбыстарға тиісті дауысты дыбыстан қосып, буын құрап, сөз жасаңдар.
а) қ р н д ш ә) м ғ л м б) м к т п в) қ у ш
2) Берілген дыбыстарға тиісті дауыссыз дыбыстан қосып, буын құрап, сөз жасаңдар( зат есім болу керек)
е е е
е е е
а а а
а а а

3) Оқушылардың сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында:
Мысалы: шоф (о/е) р, тұ (йа/я) қ, аспа(з/с) шы, ж (ый/и) налыс, клу(п/б).

4) Бос тұрған тор көздерге әріптердітауып жазып, сөз құраңдар. Ол сөздердің бәрі де зат есімнен болу керек.

р т
р т
р т
р т
р т

Деңгейлік тапсырмалар.
3деңгей. «Атаның ақылы» Берілген ақыл сөздердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.
Ер жетіп, ..... керек.
Шынығып, .... керек.
Ақылың .... керек.
Біліміңмен .... керек.

2деңгей.
Әріпке қарағанда, дыбысы көп сөздерді тап және жаз.
Қоян, лагерь, аспазшы, ащы, қою, тұщы.
1деңгей.
Мына сөздерде неше дыбыс және неше әріп бар?
Коньки, орындық, тақия.


Тақырыбы: Буын және сөз.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

1)Буын ұйқасын тап.
Қа-қа- алтын сақа ра-ра-
У-у- көгілдір ту са-са-
Ыл-ыл-

2) «Сөз құрау» Берілген сөздерден мағыналы бірнеше зат есімдер құрастыр.
Қолшатыр- қол,

3) «Баспалдақтан түсу» Бұнда берілген әріптерден бір әріп ала отырып, ( немесе қоса отырып) жаңа сөз жасау.
Шатақ орақ су
Атақ ......... ........
Тақ .......... ........
Ақ .......... .........

Деңгейлік тапсырма.

3 деңгей.
Орны ауыстырылған әріатерден сөз құра.
1) ізлбекі 2) шырғақла 3) кәрбетйе 4) аснақтой

2 деңгей.
Буыннан сөз құра.
Дір, кө, гіл; лы, сау, ден, ғы; ра, гер, мұ;

1деңгей. Жоғалған буынды тап.
......лық , ша..... , бәй...шек , .....ым.

Тақырыбы: Сөз құрамы. Түбірлес сөздер.

Негізгі түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы туынды сөз жасаймыз.
Бір түбір сөзден бірнеше түбірлес сөздер жасаймыз.

1)Төмендегі сөздерден басқа сөз құра.
Кесе – есек зат-
Қала - қора -
Қалам - сама -
Салақ - тарақ –

2) Берілген сөздерге тиісті қосымша жалғап, сөйлемді аяқта.
Сиырды сауын... сауады. Қойды қой... бағады. Киімді тігін... тігеді. Тамақты аспаз... пісіреді.

3) Түбірлес сөздерді теріп жаз.
Басқар, ойыншы, ойна, балақай, жұмысшы, ойыншық, балалық, жұмыскер, бастық, жұмыстар.

Төмендегі тақырыптар бойынша тексеріс тесті.
Сөз құрамы. Түбірлес сөздер.
1)Түбірлес сөздерді табыңдар.
А) жазу, жазулар В) ән, әнші С) би, билер
2) Сөз құрамына ............. жатады.
А) дыбыс, үтір В) әріп, сөз С) түбір, қосымша
3) Түбірлес сөздерді көрсетіңдер.
А) тау, таулар В) қала, қалашық, қалалы С) оқу, оқулар
4) Сөз құрамын анықта. Жаңбырлы.
А) түбір В) түбір, қосымша С) қосымша
5) Қосымшаны дұрыс жалғаңдар. Бала
А) лық В) лік С) дық

Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.
Омоним – жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлісөздер.
Антоним - мағынасы бір-біріне қарама – қарсы сөздер.
Синоним - жазылуы әр түрлі, мағынасы бірдей сөздер.
1)Берілген сөздерге мағыналас сөздер жазыңдар.
1) елгезек –
2) дәулет –
3) зиялы –
2) Мағынасы қарсы мәндес сөздердің сыңарын тауып жаз.
Ұзын, қымбат, мағына, жұқа, үлкен, сырты, қысқа, арзан, мағынасыз, үлкен, іші, кіші,
қалың.
3)«Сәйкестендір» Тапсырма:- Бағдар арқылы жүйесіз орналасқан сөздерді сәйкестендір.
Ауру келбет
Алыс дәу
Үлкен нән
Ажар шалғай
Тамақ ауқат
Кесел науқас

Деңгейлік тапсырма.
1 деңгей:
1. Төмендегі сөздерге қарсы сөздер жаз.
Түн-
Жақсылық-
Қатты-
Ірі-

2 деңгей.
Берілген зат есімдерге төмендегі мәндес сөздерді жаз.
Еңбек-
Дос-
Керекті сөздер: жолдас, іс, құрдас, жұмыс

3 деңгей:
1.«Үріп ауызға салғандай». Тұрақты сөз тіркесінің басқаша мағынасын анықта.
2. Басталған сөйлемді аяқта.
Қоян тез жүгіреді, ал тасбақа ....... .
Күн қысқарады, ...............

Тақырыбы: Мәтін.
Мәтін – жазба тілдің көрінісі.

1)Қалдырып кеткен сөздерді мағынасы бойынша тауып, мәтін құра, ат қой.

Көкек- жыл ..... . Олар .......... жақтан .......... елімізге сәуір ............ ұшып келеді. Бұл айда қар .......... , ......... жылынып, көкек ........... бастайды.Сондықтан .......... айының көкек деп .......... осыған байланысты.

2) Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құраңдар.
Күшіктің көкірегі ақ болғандықтан оған Ақтөс деп ат қойды. Күшік Кәмшатқа бірден ұнады. Бір күні әкесі Кәмшатқа күшік әкелді. Күшік доп-домалақ, өте әдемі және тыным таппайды.

Деңгейлік тапсырма.
1деңгей:
Мәтін дегеніміз не? Неше түрі бар? Сипаттау мәтіні дегеніміз не? « Бүркіт» сөзіне сипаттама бер.

2деңгей:
Берілген үзінді мәтіннің қай түріне жатады? Әрі қарай толықтыр.
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Өйткені, ол-біздің екінші үйіміз.Мұны балалардың бәрі жақсы түсінеді.

3 деңгей:
Аталған тақырып бойынша мәтін құрастыр. «Тоқылдақ- пайдалы құс».
Тірек сөздер: орман емшісі, айту, құрт-құмырсқа, бау-бақша, пайда келтіреді, зиянды жәндіктер, табиғат.

Тақырыбы: Күрделі сөздер.

1)Төмендегі атаулар бойынша біріккен сөздер жаз.
а) Кісі аттары: Қожахмет,
ә) Аң, құс, жәндік, өсімдік атаулары:
б) Жер-су, планета аттары:
в) Дене мүшелері:
г) Ойын атаулары:
ғ) Ән-күй, өлең атаулары:

2) Берілген қос сөздерді үлгі бойынша топтап жаз.
Жеті-сегіз, теп-тегіс, зәулім-зәулім, ауыл-аймақ, қатар-қатар, жап-жасыл, еміс-еміс, ата-баба, әп-әжептәуір.
Үлгі: Қайталама қос сөздер:
Қосарлама қос сөздер:
Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер:

Деңгейлік тапсырма.

1деңгей:
Берілген күрделі сөздерді топта.
МТС, қараң-қараң, кіп-кішкентай, Талдықорған, кг, алтыбақан, жолбарыс, КазМУ,
ата-баба.
Біріккен сөздер Қысқарған сөздер Қос сөздер

2деңгей:
1)Мәтіндегі қос сөздерді тауып, арасынан тыныс белгісін қой, қалай жасалып тұр.
Түйе.
Сен «көс көс» деп айқайласаң,түйе қасыңа жетіп келеді.Ал егер міңгің клсе, « шөк шөк» деп шөгересің. Жайылымға шығарғың келсе, «арай арай» десең болғаны маң маң басып жайлымға келеді.
2) Төмендегі сөздерді қос сөзге айналдыр.
............ - тәуір ............. – шикі
............ – сары ............- шолақ

3 деңгей:
Қысқарған сөздердің толық атауын жаз.
АҚШ, ТМД, БҰҰ, КазҰПУ, ҚазМҰҰ, ҚХР, ҚПИ.

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері.

1)«Диолог – ертегі». Бұл әдісте мұғалім ертегінің немесе әңгіменің бірінші сөйлемін бастап береді. Әр оқушы бір сөйлемнен қосып отырып, сыныптағы оқушы санына сәйкес сөйлемнен тұратын ертегі немесе әңгіме құрастырады.
Мысалы: Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. .....
2) Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақ жазып қоямын. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы қай сөйлем мүшесі екенін табады, әңгіме құрады.

а) Түлкі қандай аң?
ә) Ол қайда мекендейді?
б) Немен қоректенеді?
в) Қандай зияны және пайдасы бар?

3)Өлең жолдарынан бірыңғай мүшелерді тауып, тыныс белгілерін қой.
Арыстан аю қасқыр түлкі борсық
Сілеусін жолбарыстар түнде жортып
Тулаған аққан бұлақ тасқынында
Асаудан ойнақ болар балық шоршып.

Деңгейлік тапсырма.

1деңгей:
- тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді берілген белгілермен қою арқылы ажырат
Жаз басталды. Радио қатты сөйледі. Данияр мектепке кірді. Жаңбыр жауды. Алмабек ауылға келді. Қоңырау соғылды.

2 деңгей:
Бастауыштан кейін сызықша қойып, асты сызылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
Менің әпкем кітапханашы.Түйе шөл даланың төзімді көлігі. Атам бал омартасының күзетшісі.
ІІІ деңгей
1. Мектеп туралы қандай мақал – мәтел білесің?
2. Ашса, мектебім, ақ ешкі, дәптерлер.Қарамен жазылған сөздердің үндесу заңдылықтарын айт.
3. Еріндік, езулік дауыстыларды айтып бер.

ІІ деңгей
1. Дауысты дыбыстардың түрлерін анықтап, кестені толтыр.

дауысты дыбыстар тілдің
қатысына қарай жақтың
қатысына қарай еріннің
қатысына қарай

а




2. Ашық буынды бір бөлек, тұйық буынды бір бөлек, бітеу буынды бір бөлек теріп жаз.

І деңгей
Ұстаздың қандай болуын қалар едің? Ұстаз тақырыбына шағын әңгіме жаз.

ІІІ деңгей
1. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
2. Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді?
3. Төмендегі сөздердің ішінен тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталытын сөздерді теріп жаз.
Дала, қала, бала, қатар, су, қамшы, жаз, түлкі, тазы, перне.

ІІ деңгей
1. Дауыссыз дыбыстар түрлерін еске түсіріп, кестені толтыр.

дауыссыз дыбыстар




2. Төмендегі сөздерге сатылай кешенді (фонологиялық) талдау жаса.
Ұшқыштар, жүргізуші, талапкер, оқушы.

І деңгей
Тек дауыссыз дыбыстан басталатын сөйлем немесе өлең жолдарын
құрастыр.

ІІІ деңгей
1. Буын неше түрге бөлінеді?
2. Қырғауыл сөзінде неше буын бар?
3. Төмендегі сөздерді буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
Қарлығаш, шағала, бозторғай, аққу, бірқазан, сұңқар, шымшық.

ІІ деңгей
1. Буын түрлерін еске түсіріп, мысалдар жаз.

буын




2. Буын, дыбыс үндестігіне байланысты әңгімеле. Әр буындағы әріп саны бірдей ме? Мысал келтіріп дәлелде.

І деңгей
Дауысты дыбыстарға жұмбақ құра:

Көлде бар,
Бұлақта жоқ.
Шөлде бар,
Құрақта жоқ. (ө)

ІІІ деңгей
1. Мәтінді оқып, түсініп ал. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

Күбі

Қазақ жерінде күбі - ағаштан жасалынып, май шайқауға, қымыз, шұбат пісуге, кейде көже ашытуға арналған піспе шелек. Күбінің ауыз жағы жіңішкелеу келеді де, дөңгелек қақпағының үстінде піспек өткізетін тесік жасалынады. Қазақтар күбі мен піспекті қайыңнан, еменнен, аршадан, жидеден және т. б. ағаштардан жасайды.

( «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» кітабынан.60-б.)

2. Көп нүктенің орнына қосымшалардың тиістісін қойып жаз.
Бала... дәптері, гүл... шоғы, ата... с уреті, көкек.. дауысы.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтір.

ІІ деңгей
1. Үндестік заңын еске түсіріп, әр түріне мысал теріп жаз.

үндестік заңы
буын үндестігі дыбыс үндестігі үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар


2. Естілуі бойынша берілген сөздерді орфографиялық норма бойынша жаз.
Башшы, Сарарқа, Дошшан, жасса, сөмбеді, жамбады, тайақ, үшүн.

І деңгей
Өзіңе ұнайтын ұлттық тағамның жасалу тәсілін әңгімелеп бер.

ІІІ деңгей
1. Қарамен жазылған сөздердегі дыбыстың орны ауыстырылып берілген дыбыстарды тап.
Адасқан әріптер
1. Күз түсті,
Тырмалар жылы жаққа ұшты.
2. Ешкі егіз бақ тапты,
Балалар оны күтіп бақты.
( «Қызықты грамматика» кітабынан. 17- б.)
2. Тасымалдауға келмейтін сөздерді теріп жаз.
3. Қалалар сөзін тасымалда.

ІІ деңгей
1. Тасымалға ойдан бес мысалдан келтір.

сөз тасымал
1 балалар ба-лалар; бала-лар
2
3
4

2 . Тасымалдауға болмайтын бес сөз жаз.

І деңгей
«Менің сүйікті жыл мезгілім» шағын шығарма жаз.



Зат есім

ІІІ деңгей
1. Зат есім дегеніміз не ?
2. Берілген сөздерге жұрнақ жалғап, туынды зат есім жаса.
Қой, ой, би, күй, ән.
3. Күрделі зат есімдердің астын сыз.
Біржан, Сарыөзек, Арқа, Балықты көл, Есіл, Амангелді.

ІІ деңгей
1. Мақал – мәтел жазып, мағынасын түсіндір. Ішінен зат есімді тап.
2. Төмендегі үлгі бойынша зат есімдерге талдау жаса.

сұрақтары мағынасына қарай құрамына қарай тұлғасына қарай зат есім жасай
тын жұрнақ
тар зат есім жасай
тын жұрнақ
тарға мысал келтір




Мысал келтір


І деңгей
«Табиғат –біздің екінші анамыз» тақырыбына ойтолғау жаз.

ІІІ деңгей

1. Деректі және дерексіз зат есімдерге мысал келтір.
2. Сызбаға қарап, көптік жалғауларының жалғану тәртібін айт.

№ зат есім -лар -лер -дар -дер -тар -тер
1 бала +
2
3
4

3. Мақал – мәтелдің жалғасын жазып, зат есімнің астын сыз.
а) Ерді намыс өлтірер, ....................... .
ә) Дос жылатып айтады, .................... .
б) Әке көрген оқ жонар, .................... .
ІІ деңгей
1. Парталас көршіңе мінездеме бер. Ішінде дерексіз зат есімдер болсын.
2. Қазақстандағы күрделі зат есімдерге жататын жер- су, қала аттарын жаз.
І деңгей
«Менің ауылым» тақырыбына шағын шығарма немесе өлең жаз.
Ішінде жалқы есім болсын.

ІІІ деңгей
1. Зат есімдерді тауып, астын сыз.
а) Шешен кісі сөз бастар, адал кісі ел бастар. (Жамбыл.)
ә) Өмір озады, ажар тозады. (М. Әуезов.)
б) Шын жақсыда тарлық жоқ, әділ сөзде зорлық жоқ.(Сүйінбай.)
2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Қонақжайлық белгісі

Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп, қол алсаң, -
Бірінші еткен құрметің.
«Түсіңіз» деп түс беріп,
Шылбырына оралсаң,-
Екінші еткен қызметің.
Есік ашып еңгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң,-
Үшінші еткен құрметің.

( «Шешендік сөздер» кітабынан 142-б.)

3. Дара және күрделі зат есімдерге мысал келтір.

ІІ деңгей
1. Мақал – мәтелдерді жалғастырып, зат есімдерді тап, олардың жасалу жолына қарай талда.
а) ... дұшпан, .... дос, ақылыңа ... қос.
ә) ... – кеме, ... – теңіз.
б) Ұлдың ұяты - ...., қыздың ұяты - .... .
2. Кестені толтыр.

жақ Жіктік жалғаулар
дауыстыдан кейін дауыссыздан кейін
жекеше көпше жекеше көпше
І жақ
ІІ жақ
сыпайы түрі
ІІІ жақ

І деңгей

«Мен зат есіммін» атты тақырыпқа эссе жаз.

Сын есім
ІІІ деңгей
1. Сөз төркініне көңіл бөл. Сын есім болса, оның жасалу жолын айт.
а) Адал дос алтыннан қымбат.
ә) Ақылды қасыңнан қорықпа,
Жарымес досыңнан қорық.
б) Ақ пейіл болсаң, ас жерсің,
Тәкаппар болсаң тас жерсің.
2. Төмендегі сын есімесімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркеп жаз.
Өнерпаз (сөйлем) Басыңқы (суретші)
Түйінді (шапан) Әуесқой (ой)
Жасанды (бала) Таңдаулы (адам)
Сөзшең (гүл)
3. Төмендегі сын есімдердің антонимдік жұбын тап.
Ащы, биік, бойшаң, жуас, әдемі, ақ, жасанды, ақылы.

ІІ деңгей
1. Төмендегі сын есімдерді сапалық, қатыстық түрін ажыратып жаз.
Қызыл, әдемі, ажарлы, орманды, тәтті, келбетті, жақын, тату, көк ала, білгіш, кем, күзгі.
2. Кестені толтыр.
Сұрақтары
Мағынасына қарай түрлері (мысал келтір) 1.
2.
Сын есім тудыратын жұрнақтар
Сын есімнің шырайлар атауы
(жасалу жолдары және мысал келтір)
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

І деңгей
« Алтын күз» деген тақырыпқа сын есімдерді қатыстырып мәтін құра.

Сан есім

ІІІ деңгей
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Цифрмен жазылған сан есімдерді жазумен жазып, дара, күрделісін ажырат.
1, 12, 0, 5, 100, 1001, 525, 40, 896.
3. Берілген сан есімдерге сөйлем құра.
30 қазан, 10- сынып, 8 наурыз, 61- үй.
ІІ деңгей
1. Сан есімнің түрленуі туралы айт және мысалдар келтір.

Сан есімнің түрлері 1. 2. 3. 4. 5. 6.
Жұрнақтары


Мысалы


2. Сан есім мағыналық түрлеріне қарай нешеге бөлінеді? Қарамен жазылған сан есімдердің мағыналық түрін анықтап, құрамына қарай талда.

Жеті байлық

Әуелі байлық – денсаулық,
Екінші байлық – еркіндік.
Үшінші байлық- тіл байлық,
Төртінші байлық – қайрат –күш,
Бесінші байлық – ақ жаулық,
Алтыншы байлық – балаңыз,
Жетінші байлық – жүз саулық.

(Халық даналығы.)
І деңгей
« Менің сыныбым» тақырыбында сан есімдерді қатыстырып мәтін құрастыр.

ІІІ деңгей
1. Сан есімнің сын есімнен айырмашылығы неде? Мысал келтір.
2. Дара есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек жаз.
Бір, он екі, тоқсан, он бес, төрт, екі жүз елу, мың, қырық, жиырма үш.
3. Төмендегі сан есімдерді цифрмен жаз.
Он бес, екінші мектеп, бес, жүздей, бес- бестен, отызыншы қазан.
ІІ деңгей
1. Төмендегі мақал – мәтелдерді оқып түсін. Сан есім кездессе, сөйлемнің қандай мүшесі екенін және жасалу жолын айт.

Екі сегіз – он алты.

Екі жақсы ерікпес,
Екі жаман бірікпес.

Үйде бір күн ұрыс болса,
Қырық күн ырыс кетеді.

(«Ақылдың көзі» кітабынан.)

2. Сан есімдердің мағыналық түрлерін қатыстырып, «Математика сабағында» тақырыбына мәтін құра және сан есімдерге толық талдау жаса.
І деңгей
«Ұлық болсаң кішік бол» деген тақырыпқа өз пікіріңді жаз.

Есімдік

ІІІ деңгей
1. Есімдік туралы айтып, мысал келтір.
2. Жырдан есімдіктерді тап.

Туған ел
Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі жермен бірге желбіреген.
Аралап күндіз – түні жүрсем - дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
Ыстық – ау бүлдіргенді өзендерің,
Саянда сайрап өскен өрендерің.
Мен едім соның бірі – қарыздармын,
Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.
Қашан да қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.

(М. Ниязбеков.)
3. Жіктеу, сұрау, сілтеу есімдіктерін жазып, сөйлем құра.

ІІ деңгей

1. Кестені толтырып, есімдіктердің емлесі туралы айт.

Есімдіктің түрлері







2. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қой, мағынасын аш.
а)..... елінде сұлтан болғанша, .. еліңде ұлтан бол.
ә) .... ор қазба - ... түсерсің.
б) Жақсы ... басынан көреді, жаман жолдасынан көреді.

І деңгей
«Туған жер – алтын бесігім» атты шағын шығарма жаз.

Етістік
ІІІ деңгей
1. Етістік туралы түсінік бер.
2. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қимыл, іс- әрекетті білдіретін сөздерді тауып, оларға сұрақ қой.
Өмір заңы –дананы дана табар,
Қайдан тапсын дананы аласалар.
Абайды Мұхтар тауып, Мұхтарды Абай,
Халқын да даңқты етпек және солар.
Ұрпағын көп жаңарту ұшқыны дәл,
Қырындай көк жүзінде ұшып бұлар.
Қазақ деген бақытты ел жер бетінде,
Абай, Жамбыл, Мұхтардай үш шыңы бар.

( Ә. Дастанұлы.)
3. Етістіктің қанша ерекше түрі бар? Мысал келтір.
ІІ деңгей
1. Кестені толтыр.

Сұрақтары
Құрамына қарай
Тұлғасына қарай
Мағынасына қарай түрлері және мысал келтір
Сөйлемдегі қызметі

2. Сөйлемдегі етістіктерді тауып, қызметін анықта.
Қарабет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық. (Б. Момышұлы)
Не мен жатырқаған шығармын, не сен өзгерген шығарсың.(С. Мұқанов)
І деңгей
Теледидардан көрсетілетін бағдарламалар туралы пікір жазып, ішіндегі
етістіктердің астын сыз.



ІІІ деңгей
1. Түсініп оқы. Көсемшелердің төмендегі жұрнақтарына мысал жаз.
- ғалы, - гелі, -қалы, -келі.

Жігіттерге
Ғибрат ал жақсылықтан жақын жүріп,
Аулақ қаш жамандықтан сырттан шеттей.
Орынсыз батырлыққа арандама,
Әр істің мазмұнына көзің жетпей.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Адамға бірлік керек, болса жолдас.
Бірінің айтқанына бірі көнбей,
Істеген бәтуасыз ісің оңбас....

(М.Дулатов.)
2. Етістіктің есімдерден қандай айырмашылығы бар? Мысал келтір.
3. Төмендегі етістіктерден сөйлем құра.
Келе жатыр, сөйледі, жазда ойнап жүр, айтты.

ІІ деңгей
1. Көсемшенің түрленуі туралы айтып, оны мысалдармен дәлелде.
2. Кестені толтыр.

етістік
тер негізгі етістік туынды етіс
тік дара етіс
тік күр
делі етіс
тік болым
ды етістік болымсыз етістік салт етіс
тік сабақ
ты етістік



І деңгей
Бірлік, ынтымақ туралы қандай тақпақ, ән, өлең, мақал – мәтел білесің?

Есімше

ІІІ деңгей
1. Есімше туралы түсіндір және мысал жаз.
2. Бірде есім сөздің, бірде етістіктің қызметінде қолданатын етістіктің түрін айт.
3. Төмендегі есімшелерді жекеше, көпше түрде жікте.
Сөйлеген, тұрған, ойнатқан, тігер.

ІІ деңгей
1. Кестені толтыр.

Есімшенің жасалуы (жұрнақтары, мысал )



2. Мақалдан есімшелерді тауып, қай сөз табының қызметін атқарып тұрғанын түсіндір.

Еңкейгенге еңкей,
Басың жерге жеткенше.
Шалқайғанға шалқай,
Төбең көкке жеткенше.

І деңгей
«Ұрлық түбі – қорлық» деген тақырыпта сыбайлас жемқорлыққа байланысты өз пікірің.

Көсемше

ІІІ деңгей
1. Бірде етістіктің, бірде үстеудің қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрін айт.
2. Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығын айтып, мысалдар келтір.
3. Көсемшенің жұрнақтарына мысалдар жаз.
ІІ деңгей
1. Өлеңнің жалғасын жазып, көсемшелерді түрленуі мен қызметіне қарай талда.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол ....
2. Кестені толтыр.

Көсемшенің жасалуы (жұрнақтары, мысал )



І деңгей
«Алманың атасы – Алматы» деген тақырыпқа шағын шығарма жаз.

Тұйық етістік

ІІІ деңгей
1. Есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты болмайтын етістіктің түрі қандай етістік?
2. Төмендегі тұйық етістікті септе.
Бару, күлу, сезу, жүру, табу.
3. Сөйлемдерден тұйық етістіктерді тауып, астын сыз.
Сүлекең мақтана салудан бұрын да құр алақан емес еді. (Х. Есенжанов)
Мен өтірік айту дегенді, көзге күлімдеу дегенді, біреуге жарамсақтану
дегенді білмеймін. ( Х. Есенжанов.)

ІІ деңгей
1. Тұйық етістіктің емлесіне мысалдар жаз және төмендегі сөздердің қатесін тауып, дұрысын жазып, себебін түсіндір.
Жабыу, сөгіу, төгіу, қайтыу, батыу.
2. Тұйық етістіктен жасалған тұрақты 10 сөз тіркесін жаз.
Үлгі: Шайдай ашылу, удай ашу, сорпадай сорғалау

І деңгей
Шешуінде тұйық етістік болатын жұмбақ шығар.

ІІІ деңгей
1. Тұйық етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Тұйық етістіктің есімше, көсемшеден айырмашылығы.
3. Төмендегі сөздерден тұйық етістік жаса.
Ал, қал, тал, жүз, түс, таң, тұр, кір, сөйле.

ІІ деңгей
1. Тұйық етістіктің жасалу жолын түсіндіріп мысал жаз, жұрнағын дефис арқылы көрсет.
2. Төмендегі жұмбақтардан тұйық етістіктерді тап.
а) Жазудан бір жалықпаған,
Жаза – жаза арықтаған.
ә)Ұшып жүру үшін де
Жаралған бұл мүсін бе?
Сезімталы осы мал
Төрт түліктің ішінде.
Бұл не?

І деңгей
« Ел іші – алтын бесік» деген тақырыпқа ойтолғау жаз.

Үстеу

ІІІ деңгей
1. Үстеу туралы айт және мысал жаз.
2. Мәтіннен үстеулерді тауып, мағынасын түрлеріне қарай ажырат.
Түн ортасы ауа жел бәсендеп, бұлт ыдырай бастады. Әр жерден әлденемен шұғылданып ербендеген кісі. Сол бір тұста күбірлескен екі адамның сыбыры естілді, біз ілгері жүріп кеттік. (С. Мұқанов)
3. Төмендегі үстеулерді қатыстыра отырып, сөйлем құра және осы үстеулерді құрамына қарай ажырат.
Биыл, былтыр, бүрсігүні, қыстыгүні, қолма – қол, қаннен қаперсіз, тым, дәл, өте.

ІІ деңгей
1. Кестені толтыр. Үстеудің мағыналық түрлері

Түрлері


Мысалы



2. Құрамында мезгіл, мекен, сын- қимыл үстеулері бар мақал – мәтелдер жаз.

І деңгей
«Бақыт дегенді қалай түсінесің?» деген тақырыпқа ойтолғау жаз.


Еліктеу

ІІІ деңгей
1. Еліктеу сөз деген не?
2. Төмендегі еліктеу сөздерге сөйлем құра.
Жалт- жұлт, тарс- тұрс, ербең- ербең, дүрс – дүрс.
3. Сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш сөздерді қой.
Ауыл үсті айқай- ұйқай, ...., ... . Күміс үзеңгіге салып шіренген аяғында әміркен мәсі - кебіс ... ... етеді. Қымызды жұтқанда Текебектің өңеші ... етеді. (С. Сейфуллин.)

ІІ деңгей
1. Кестені толтыр.

Түрлері


Мысалы



2. Төмендегі сөздерге негізгі, туынды, күрделі еліктеу сөздерді қатыстырып, сөйлем құра.
Жеті қазына: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ.

І деңгей
Өзің ұнататын ақын жайлы «Менің сүйікті ақыным» деген тақырыпта шағын шығарма жаз.

Шылау

ІІІ деңгей
1. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?
2. Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?
3. Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, түрлеріне ажырат, емлесіне назар аудар.
Ахмет пен Ғазиза
Профессор Ахмет Жұбанов пианинода бір шығарманы ойнап айтып отырса, қызы Ғазиза келіп:
- Осы бір тұста нотаны ылғи қате аласыз, депті.
Сонда Ахаң пианино ойнауын тоқтатып, қызына ошарыла бұрылып:
- Қызым – ау, мен сен сияқты академиктің баласы емеспін ғой,- деген екен.
ІІ деңгей
1. Кестені толтыр.






2. Мәтінді оқып шығып, кіндік шеше, кіндік аға қандай болатынын өз сөзіңмен әңгімеле. Шылаулар ды дәптеріңе түр- түрімен топтап жаз, қызметін анықта.

Кіндік шеше

Кіндік шеше – нәресте туғанда оның кіндігін кескен әйелдің атауы. Кіндікті ер адамдар да кеседі, ол кіндік аға деп аталады. Бірақ әдетте кіндікті әйелдер кеседі. Олар баланың екінші анасы болып саналады. Кіндік шеше - бала үшін де, оның ата – анасы үшін де қадірлі адам. Оны дәстүр бойынша кіндігі кесілген бала өз анасынан кем санамайды. Академик Қаныш Сәтбаев басқа жерге баруға уақыт таппаса да, өзінің кіндік шешесіне жылына бір рет барып сәлем беріп, оның сыбағасы мен сый - сыяпатын апарып беріп тұрыпты.
Жалпы, қазақ баласы үшін кіндік шешенің (немесе кіндік ағаның ) орны бөлек. Бұл заманда да балаларға кіндік шешесін таныстырып қойып, сыйлауға үйреткен абзал.

( «Ата салтың –халықтық қалпын» кітабынан. 149 –б.)
І деңгей
« Менің кіндік шешем» деген тақырыпта шылауларды қатыстырып, шағын шығарма жаз.

Одағай

ІІІ деңгей
1. Басқа сөз таптарынан одағайдың қандай ерекшелігі бар?
2. Төмендегі одағайларға сөйлем құрап жаз және олар одағайдың қай түріне жатады.
Аухау- аухау, пұшайт – пұшайт, құрау- құрау, шөре – шөре.
3. Өлең шумағын оқып, одағайды тап. Қандай тыныс белгісі арқылы оқшауланып тұрғанын айт.

О, шіркін, ғажапсың-ау, көңіл деген!
Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген.
Құлдырап құламаған құзың да жоқ,
Қыран боп шырқамаған кезің де кем.

(Ж. Молдағалиев.)

ІІ деңгей
1. Кестені толтыр.
Одағайдың түрлері

2. Мәтінді мәнерлеп оқып шығып, сахналық көрініс жасауға дайындалыңдар.
Одағайлар бар ма, бар болса, қандай мағына туғызып тұрғанын анықта.

Құлху алла, сұлху алла, су жағала. Пай, пай, бәрі сайрап тұр. Дуа! Басында мықты дуа бар. Ойпыр – ай! Менің өзіме де бой бергісі келмей ме, қалай?!
Я, аруақ, қолдай көр. Ойпырай, аурудың иесі көк өгіз бе? Есіктен қарап, мүйізін шайқап тұрғанын қарашы...

(«Қамар сұлу» сахналық көрінісінен.)
І деңгей
«Біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ білеміз» деген тақырыпта одағай сөздерді араластырып шағын шығарма жаз.

Қорытынды:
Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:
- оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
-тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабіліеті артады;
-сынып оқушылары толық бағаланады;
-әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.
Демек,жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.
Қажетті базалық білімде ерекше орынды жоспарлау мәселесі алады, себебі бүгінгі оқушы ертеңгі маман. Бүгінде оқытудың барлық түрін кешенді қарастыру, оларды бір – бірімен байланыстыру мақсаты басым болып тұр. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру.
Мектепте білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, соның ішінде жоспарлау мәселесі, ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс. Білім беруде жаңа технологиялардың пайда болуы оқытушыдан әдістемелік – технологиялық біліктілікті талап етеді. Себебі мұғалім өз қызметінің негізгі субъектісі оқушының жеке басымен жұмыс істейді. Оқушылардың мүмкіншілігіне, қажеттілігіне, білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделмеген оқыту нәтиже бермейді. Дүние жүзі педагог – ғалымдарының пікірінше, нәтижені оқытудың педагогикалық технологиясы береді. «Қазіргі кезде білім жүйелерін технологиялық негізде құру – педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа болашағы мол бағыты болып отыр», - дейді педагогика ғылымдарының докторы Ж. Қараев айтқандай заман талабына сай жоғары деңгейлі, білімді азамат. Болашақ ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз әріптестер.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: gulzhanatalgalieva
Просмотров: 312 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2017-04-25, 1:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [176]
Педагогика [299]
Математика [817]
Физика [257]
История [353]
Классному руководителю [535]
Русский язык и литература [718]
Физическая культура [220]
Английский язык [430]
Искусство [192]
Родительский совет [16]
Биология [335]
Информатика [378]
Начальная школа [1939]
Мой Казахстан [248]
Технология [134]
Самопознание [179]
Технология труда [58]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [44]
Профессиональное образование [159]
Дошколенок [505]
География [137]
Школьная библиотека [53]
Казахский язык и литература [578]
Химия [40]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • /li>
  • Обратная связь

    Имя отправителя *:
    E-mail отправителя *:
    Адрес веб-сайта:
    Тема письма:
    Текст сообщения *:
    Оценка сайта:

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru