Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Қазыбек би мен Бұқар жырау»
2017-01-09, 11:25 PM
Ақтөбе қаласы
Благодар орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базарбаева Жания Садуокасовна
Бекітемін:
Сынып 5 «Ә» сынып
Мерзімі 23.1.2016 жыл
Тақырыбы «Қазыбек би мен Бұқар жырау»
Мақсаты Қазыбек би мен Бұқар жыраудың өз заманындағы елінің тыныштығына,халқының бірлігіне белсене араласқаны туралы мағлұмат беру . Қазыбек би мен Бұқар жыраудың шешендік қасиетін таныту, сандар қасиеті туралы айту,оқушылардың киелі сандар туралы ұғымдарын кеңейту.
Күтілетін нәтиже Қазыбек би мен Бұқар жыраудың өмірі туралы мәлімет алады;
Шешендік сөздердің мән мағынасын түсінеді;
Киелі сандар туралы ұғымдары кеңейеді;
Өзара ынтымақтастық атмосфера орнайды;
Құрал-жабдық Интербелсенді тақта, Қазыбек би мен Бұқар жыраудың портреттері, «Көшпенділер» кинофильмі, слайд, аудиожазба т.б.
Әдіс – тәсілдер Топтау стратегиясы, түртіп алу стратегиясы, бес жолды өлең, РАФТ стратегиясы, рөлдік ойындар, «Жүректен жүрекке» ана туралы жылы лебіздер, тілектер

Деңгейі, мақсаты Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Нәтижесі Уақыты Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту Оқушыларды 1,2,3,4 сандары бойынша бөлу.

-Алақанымызға 1 саусақпен шапалақ ұрамыз, 2 саусақ, 3 саусақ, 4 саусақпен шапалақтаймыз.
-Не байқадық?
-Ал енді сандарға тоқталып кетейік, 1 дегенде ойларыңа не келеді?
2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандарыныа толталу. Топқа бөлінеді.

Оқушылар 1саусақпен шапалақтағаннан 4 саусақпен шапалақтаған әсерліректін айтады.
1-мақсат, мүдде,жүрек,тағдыр
2-қол, аяқ, көз, тұрлаулы мүше
3-би, тұғырлы тіл, арсыз, жұрт,тұрлаусыз мүше
4-түлік, жыл мезгілі
5-саусақ, арыс
6-алаш
7-күн, шелпек, қазына
8-қырлы, наурыз, аяқ
9-сөз табы, құмалақ
10-саусақ Топпен жұмыс жасап үйренеді.

Түйін: «Жалғыздың шаңы шықпас, жаяудың үні шықпас», «Бірлік бар жерде тірлік бар»

Ендеше, 10 саусағымызды бір-бірімізбен түйістіріп, ауызбіршілікпен сабағымызға кірісейік. 1 мин

1 мин Бағалау парақшалары таныстырылады.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Байдалы бидің көңіл айтуы» шешендік сөзі.
Сұрақтар:
І топ. Шешендік сөздер дегеніміз не? Шоқан кім? Шоқанның әжесі кім? Шоқанның атасы қайтыс болғанда Байдалы би неге келіп,көңіл айтпаған?
ІІ топ. Айғаным ханым Байдалы биді неге қарсы алмайды?Сонда шешен недейді?Айғаным жоқтау айта ма? Мәтіннен қандай салт көрініс табады? Ол қандай салт?
ІІІ топ. Әдетте қадірлі адам келгенде ханым не істейтін еді? Шешен тоқтау айтқан соң ханым қандай жағдайда болады?
ІҮтоп. Ханым өзінің өкпе-назын қалай жеткізеді?Байдалы би не деп жауап береді?Шешендік сөздің идеясы не?
Әр топ ақылдаса отырып берілген сұрақтарға жауап береді.
Өз ойларын, пікірлерін еркін жеткізеді.

4 мин

Формативті бағалау

Миға шабуыл

Білу

«Көшпенділер» кинофильмінен үзінді көру.
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзасына жылқының қылын таққан елміз. Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.Атадан ұл туса құл боламын деп тумайды,анадан қыз туса күң боламын деп тумайды.Ұл мен қызын жатқа құл-күң ғып отыра алмайтын елміз.
-Бұл әйгілі толғау қай би-шешеннің сөзі?
-Толғау қандай киноға енгізілген?
- Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыз кім туралы екен?
- Қазыбек би мен Бұқар жырау

Оқушылар жабық және ашық сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі бұлағындағы қыстау, бұрынғы деректерде 1665 - 1765) – қазақ халқының XYII - XYIII ғасырлардағы үш ұлы биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің бас биі еткен. Би Тәуке хан, кейін Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі - сыртқы саясатта хандарға ақыл - кеңестер беріп отырған. Хандықтың бірлігін сақтау мақсатында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға атсалысқан.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл, Далба тауы бойында – 1787) - әйгілі жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз. Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған. Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес, көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай ханның «сәуе айтшы» деген өтініш, тілегімен түсін болжап, онысы дәлме - дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында талай - талай тарихи оқиғаларды басынан өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдаған.
Жырау, би туралы түсінік беріледі.

Топтарға Қазыбек би мен Бұқар жырау туралы мәліметтер беріледі. Оқушылар танысып өз ойларын ортаға салады. 3 мин Формативті бағалау

Сөздікпен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс
Жырау – дәрежесі ханмен тең, елдің ақылшысы, өз жанынан жыр шығаратын жыршы әрі би, әрі шешен.
Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жаршысы. «Тура биде туған жоқ» деп қазақ атамыз бекер айтпаған...

Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға.

Егесіп- ерегесіп, шекісу, араз болу.
Үш бұтақты шідер-аттың алдыңғы аяғымен артқы бір аяғын қосып салынатын тұсау. Шідер үш аяққа бірдей салынады.
Төскей- таудың қия беткейі, биіктеу баурайы.
Серке – бес-алты жастағы теке
Толғау-заманындағы әлеуметтік ірі мәселелерді қамти алатын үгіт өлеңдер.
• Электронды оқулықтан тыңдаймыз.
• 1-2 оқушыға мәнерлеп, нақышына келтіре оқытамын

Жырау, би, абыз сөздерінің мағынасын түсінеді.

Мәтіннің мазмұнымен танысады.

2 мин

Өзара бағалау.

Қолдану

Жоспар құрғызу. 1.Қазыбек бидің Бұқар жырауға келуі
2.Бұқар жыраудың жұмбағы
3.Қазыбектің сандар сырын шешуі Жан-жақты ойланып, ойы жүйеленеді.
5 мин

Өзге топтардың жұмыстарын бағалайды.
Талдау
1-топ. 1,2,3 сандарының шешуін түсіндіріңдер. 2.Осы сандарға қатысты қандай мақал -мәтелдер,нақыл сөздер ырымдары бар?
2-топ. 4,5,6 сандарының шешуін түсіндіріңдер. 2. Осы сандарға қатысты қандай әдет- ғұрып, ырымдар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер бар?
3 –топ. 7,8 сандарының шешуін түсіндіріңдер. 2. Осы сандарға қатысты қандай әдет- ғұрып, ырымдар, мақал-мәтелдер,қанатты сөздер бар?
4- топ. 9,10 , сандарының шешуін түсіндіріңдер. 2.Осы сандарға қатысты қандай мақал-мәтелдер, ырымдар, тыйым сөздер бар? Мәтіндегі сандарға байланысты ойларды талдайды. 3 мин Өзара бағалау
Сергіту сәті - Балалар, қалай ойлайсыңдар? Осы шешендік сөздің балалар әдебиетімен ұқсастығы бар ма? (Санамаққа ұқсас.)
- Дұрыс-ақ. Ал, санамақ дегеніміз не? Қандай санамақтарды білесіңдер?
Санамақ – қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Сәбилерге сан үйрету, санаудың ретін танытуды көздейтін ойын өлеңі. Ол кейде ұйқасқа, кейде тек қана ырғаққа негізделе береді. Сандар жай ғана санамаланып келіп, соңғы, түйіндеуші жолдар ғана ұйқасады.
Бір дегенің – білеу,
Екі дегенің – егеу,
Үш дегенің – үскі,
Төрт дегенің – төсек,
Бес дегенің – бесік,
Алты дегенің – асық,
Жеті дегенің – желке,
Сегіз дегенің – серке,
Тоғыз дегенің – торқа,
Он дегенің – оймақ,
Он бір – қара жұмбақ.


Сенің ойыңша... / жаман жағы/
Бір дегеніңіз - білімсіздік
Екі дегеніңіз - еріншектік
Үш дегеніңіз - үйренуге ұмтылмау
Төрт дегеніңіз - тентектік
Бес дегеніңіз - балағат сөз
Алты дегеніңіз - ашушаңдық
Жеті дегеніңіз - жалғыздық
Сегіз дегеніңіз - сертіне тұрмаушылық
Тоғыз дегеніңіз - тойымсыздық
Он дегеніңіз - ойынқұмарлық Сенің ойыңша... / жақсы жағы/
Бір дегеніңіз - бірлік
Екі дегеніңіз - елгезектік
Үш дегеніңіз - үйрену
Төрт дегеніңіз - талпыну
Бес дегеніңіз - белсенділік
Алты дегеніңіз - алғырлық
Жеті дегеніңіз - жеңіс
Сегіз дегеніңіз - сенім
Тоғыз дегеніңіз - тыныштық
Он дегеніңіз – Отанға сүйіспеншілік
Жинақтау
Өмірмен байланысы 1-топ. Жеті санының қасиеті туралы ойтолғау жазыңдар
2-топ «Би»сөзіне бес жол өлең құрастырыңдар. Би сөзінің омониміне мысалдар келтіріңдер
3 –топ. Бабаларымызға кейінгі ұрпақтарынан хат
4- топ. 1Жеті рет өлшеп /бір рет кес/
2.Жігіттің екі сөйлегені /өлгені/
3.Үшінші байлық /ақ жаулық/
4.Төртеу түгел болса /төбедегі келеді/
5.Айдағаның бес ешкі /ысқырығың жер жарады/
6.Алтау ала болса /ауыздағы кетеді/
7.Жеті жұрттың тілін біл /жеті түрлі білім біл/
8. Сегіз қырлы /бір сырлы/
9.Білгенің бір тоғыз /білмегенің тоқсан тоғыз./
10.Бір тал кессең, /он тал ек/ Топтық жұмыс
Ананың қазіргі қоғамдағы рөлінің қандай екенін ашып жеткізе білу.
6 мин
6 мин
Қорытынды.

Бағалау.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы Жол» Жолдауында «Ел бірлігі- біздің барша табыстарымыздың кілті Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - ел бірлігі» деп атап өтті
Ендеше, шешендік өнердің қазақ халқының тарихындағы орны қандай деп ойлайсыңдар?
-заң
-тәртіп
-Ел бірлігі
-әділеттік - Тәрбие -тапқырлық

Бағалау парағы бойынша формативті және суммативті бағалайды. Елбасының сөзі бойынша оқушы пікірі тыңдалып, ойтүйіні талқыланады.



Оқушылар әділ бағаланады. 4 мин

4 мин Формативті бағалау

Мадақтау, жылы сөздер айту

Үйге тапсырма:
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: zhania-1978
Просмотров: 661 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 3:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru