Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
[ Скачать с сервера (18.4 Kb) · Скриншот ] 2017-01-14, 5:51 PM
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Білім сапасын көтеру – бүгінгі таңда білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі. Орта білім беру жүйесін дамыту мақсатында білім беру мазмұнын жаңарту 2016 жылдан бастап 1-сыныптарға жаппай енгізілді. Мақсат ұлттық ерекшеліктер мен мәдениетті, дәстүрлі құндылықтар мен басымдылықтарды, ана тілін сақтап дамытуды, шығармашыл, сын тұрғысынан ойлайтын, рухани бай адам тәрбиелеуді іске асыру болып табылады. Жаңартылған білім беру мазмұнындаоқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларының әрқайсысын жеке шыңдай отырып, оларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқыту көзделеді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту аясында оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Оқушылар көпұлтты қоғамдағы әртүрлі жағдайларда табысты ынтымақтастық пен өзара түсіністікте өздерінің коммуникативтік қарым-қатынас жасау құзыреттіліктері мен тілдік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады. Қазақ тілі бойынша білім беру бағдарламасы осы талаптарға сәйкес тілдік бірліктерді және олардың тіркесімділігі мен қолданылу ерекшеліктері туралы білімді меңгеруде қолдау көрсетеді. Осының нәтижесінде оқушылар сөздік қорларын тақырып аясында меңгерілетін сөздермен және фразеологиялық тіркестермен толықтырып, оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын жетілдіреді, нақты тақырыптар бойынша рөлдік ойындардың көмегімен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, қазақ және орыс мәдениетін, сондай-ақ басқа да халықтардың мәдениетін түсініп, құндылықтарын бағалауды үйренеді.Бұндай білім мазмұныоқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды болмақ.
Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға ауысу білім берудің бақылау, бағалау жүйесін реформалаудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтсақ, қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі негізгі себеп болды. Еліміздегі білім беру саласында оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту басты мәселе болып отыр. Функционалдыққа келетін болсақ, алған білімді оқушылар өмірде туындауы мүмкін жағдайларда дұрыс, орынды пайдалануға дайындалады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мектеп оқушысының алған білімімен, құзыреттілігімен, білімін өмірде тиімді қолдана білуімен қалыптасады. Халықаралық PISA зерттеулері білім берудің тиімділігіне салыстырмалы талдау жүргізуде 3 бағытты қарастырады: оқу сауаттылығы, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы, математикалық сауаттылық. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдерін, дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдану ептілігін бағалауға бағытталады.
Функционалдық сауаттылық жүйесін құрастыру білім беру деңгейлерін әрбір пән бойынша білім-білік пен құзыреттіліктерді қарап, өзара сабақтастықта айқындайды. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын табысты ету үшін тиімді жұмыс жүйесін құру қажет. Соның бірі – интербелсенді әдістерді қолдану. Оның басты ерекшелігі оқушы әрекет арқылы білімді меңгеруге мүмкіндік алады. Интербелсенді әрекет арқылы қол жеткізетін оқушы табыстары:
• Терең ойлану, рефлексия жасай алу;
• Өз көзқарастарын айту, ойына талдау жасау, бағалай білу;
• Өздігінен ақпаратты түсіну, ой елегінен өткізу;
• Пікірталасқа қатысып, өз ойын, көзқарасын дәлелдей алу;
• Қиын мәселелерді шеше білу;
• Бірлесіп мәселелерді шешу;
• Топта бірлесіп жұмыс жасау.
Интербелсенді оқыту белсенді әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды алға қояды. Ол әсіресе бірлескен, топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында көркем және ғылыми мәтіндермен жұмысқа тиімді интербелсенді әдістер – графикалық органайзерлермен жұмыс түрлерін пайдалануға болады. Олардың мектеп тәжірибесінде көп қолданысқа енгендері: «Венн диаграммасы», «Балық қаңқасы», «Дара диаграмма», «Қос диаграмма», «Хикая картасы», «Оқиға тізбегі». Бұл графикалық органайзерлер баланың тілдік дағдыларын дамытуға кең мүмкіндік беріп, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдылары қатар жүзеге асырылады. Сөздік қоры аз оқушының ойын жеткізуіне, ой желісін бұзбай, жүйелі жеткізуіне мүмкіндік берері де сөзсіз. Бала бойындағы қорқыныш та сейіліп, еркін сөйлеуге үйренеді. Оқудың оңтайлы ортасын құруға ықпал етеді.

Айткенова Мөлдір Болатовна
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
Акционерлік қоғам филиалы Қарағанды облысы
бойынша педагог қызметкерлердің арттыру
иститутының аға оқытушысы
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сакен0683 | Теги: ӘДІСТЕРДІ, Мақала, арқылы, САУАТТЫЛЫҒЫН, оқу, арттыру, ИНТЕРБЕЛСЕНДІ, ҚОЛДАНУ
Просмотров: 1481 | Загрузок: 19 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 8:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru