Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыруда грамматикалық тақырыптарды оқыту ерекшеліктері
[ Скачать с сервера (36.5Kb) · Скриншот ] 2017-01-20, 7:59 AM
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Пеньково орта мектебі
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі
Баукенова Торғай Сейпелқызы
«Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін арттыруда грамматикалық тақырыптарды оқыту ерекшеліктері»
тақырыбына мақала
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп көрсетілген.
2013 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Тілдерді дамыту» бөлімінде мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтар саны 2017 жылы 80 пайыз, ал 2020 жылда 95 пайыз болуы керек деп айтып кеткен.
Осы айтылып кеткен мақсаттарды жүзеге асыру және қазіргі заманда Қазақстанның білім беру сапасында әлемнің басқада алдыңғы қатарлы беделді де,белді елдерімен қатар жұмыс жасау, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, бүкіл әлемдік деңгейге көтеру,білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу- алдағы тұрған міндеттер.
«Тіл туралы» Заңға сәйкес республикада мемлекеттік тіл- қазақ тілін дамыту, қоғамдық ортада оның әлеуметтік қолдану аясын кеңейту, республикада тұратын түрлі ұлттардың қарым – қатынас құралына айналдыру мақсатында көптеген маңызды істер жүзеге асырылады.
«Тілі бірдің-тілегі бір»,«Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету- қазақ тілі мұғалімдерінің парызы.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі болып табылады. Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын функционалды сауатты дара тұлғаны қалыптастырумен тығыз сабақтасып жатыр.
Фукционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін өзге тілді мектептердегі «Қазақ тілі» пәнін оқытуды жетілдірудің бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздерді қайта қарастырып, білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы. Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін меңгертуде білім мазмұны аяларға бөлініп, қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай оқыту және сұқбаттық әдістер негізінде ұйымдастырылатын жағдаяттық, рөлдік ойын, шығармашылық тапсырмалар біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады.
«Тіл туралы» Заңға сәйкес республикада мемлекеттік тіл- қазақ тілін дамыту, қоғамдық ортада оның әлеуметтік қолдану аясын кеңейту, республикада тұратын түрлі ұлттардың қарым – қатынас құралына айналдыру мақсатында көптеген маңызды істер жүзеге асырылады. Соның бірі- орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептегі қазақ тілі мұғалімдеріне арнайы міндеттер жүктеледі. Олар: мемлекеттік тілді оқыту, еркін әрі мәнерлеп оқуға жаттықтыру, әдеби материалдарды өз беттерімен оқып,түсіну, грамматикалық ережелерді қолдану, мазмұндама, шығарма жазуға үйрету, сонымен қатар сауатты жаза білуге, өз беттерінше тілді үйренуге баулып, үйрету.
Орыс мектебінде мемлекеттік тілді үйретуде мектеп практикасынан нені байқаймыз? Жалпы білім беру мектебін бітіруші пән бойынша үздік бағаларға ие, бірнеше мың сөз біледі, сөздіктер мен оқулықтарды қолданады, теледидар мен радио бойынша хабарлар тыңдайды, бірақ қазақ тілінде емін- еркін сөйлей алмайды, мәтіндерді аудара алмайды. Қазақ тілі оқулықтарында грамматика мен әдебиет бөлінбеген, барлығы бір оқулықта біріктірілген. Оқулықтарда белсенді сөздік қорын меңгеру жолдары, механизмдері, нормалары көрсетілмеген, оны бекіту үшін жаттығулар мен тапсырмалар аз кіргізілген. Активтік сөздер берілген тақырыптарға сәйкес келмейді. Қорытынды талдау жасайтын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту жаттығулары, тапсырмалары аз, оқулықтар танымдық әрекеттерге байланысты көбірек құрылған, тілдің функциясын оқулық орындамайды. Мәтінге берілген тапсырмалар оқушыларды сөйлеуге жетелемейді, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытпайды. Қазақ тілі оқулықтарының негізгі мақсаты- қазақ тілінен, қазақ тіліндегі дыбыстар мен әріптерден, үндестік заңынан, сөз
табиғатынан теориялық білім беру және дағды қалыптастыру. Орыс мектебінің оқушылары берілген тапсырманы 2 сатымен орындайтын тәжірбиеде дәлелденген.
1. Оқушы өз ана тілінде ойланады
2. Оны ойша қазақ тіліне аударады.
Ал осы сатының келесі ең маңызды бөлігі ана тілінде ойланып, ойша қазақ тіліне аударылған тапсырманы тыңдаушысына түсінікті, сауатты жеткізе білу. Негізгі қиыншылық осында. Сауаттылық, өз ойын сөйлем арқылы тиянақты жеткізу өзара байланысқан грамматикалық формаларды меңгергенде ғана жүзеге асады. Сондықтан қазақ тілінен өтілген грамматикалық материалдардың беріктігін, жалпы қорытынды беріп, жиі қайталау арқылы бекітіп, есте сақтап отыруы тиімді деп ойлаймын. Алайда психолог ғалымдар есте сақтау қабілеті оқушының бәрінде бірдей емес деп есептейді. Кейбір оқушылар әңгімелесу барысында сөз таппай, яғни меңгерген тілдік формаларын қажетіне қарай қолдана алмай, дағдарып қалады.Үйренген сөзді жадыдан тез шақырып алу үшін көру арқылы есте сақтаудың да маңызы зор. Оқушыларға грамматикалық кестелер арқылы аудару лексикалық ойлау өрісінің кеңеюіне, лексикалық сөздік қорының молаюына, өз бетінше жұмыс істеу қабілетінің дамуына, тілге қызығушылығының артуына, сауаттылыққа баулиды. Жұмысты көбіне оқушылардың өздері ойланып орындай алатын дәрежеде ұйымдастырған тиімді.Оқушылардың өзіндік ойын дамытуда жазу жұмыстарының: шығарма, мазмұндама сияқты түрлерінің орны ерекше. Шығарма, мазмұндама, әңгіме жаза білу оқушының алған білімінің нәтижесі. Шағын әңгіме, шығармалар төмендегі сыныптардан бастап жазылса, жоғары сыныптарда өзара байланысты бірнеше тақырыптардан кейін қорытындылау жұмысы ретінде жазылады. Ал жазба жұмыстарын өз сөзімен сауатты жазуға дағдыланған оқушы ауызекі сөйлеуде де қолдана біледі. Жоғарыда айтылған олқылықтарды есепке ала отырып, грамматиканы оқытуда әр мұғалім негізгі мақсат, міндеттерін айқындап алып, бірыңғай бағдарлама негізін жасау қажет. Соның бірі грамматикалық кестелерді қолдана отырып, аудару.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Кролик
Просмотров: 121 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2017-04-26, 12:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [176]
Педагогика [299]
Математика [817]
Физика [257]
История [353]
Классному руководителю [535]
Русский язык и литература [718]
Физическая культура [220]
Английский язык [430]
Искусство [192]
Родительский совет [16]
Биология [335]
Информатика [378]
Начальная школа [1939]
Мой Казахстан [248]
Технология [134]
Самопознание [179]
Технология труда [58]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [44]
Профессиональное образование [159]
Дошколенок [505]
География [137]
Школьная библиотека [53]
Казахский язык и литература [578]
Химия [40]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • /li>
  • Обратная связь

    Имя отправителя *:
    E-mail отправителя *:
    Адрес веб-сайта:
    Тема письма:
    Текст сообщения *:
    Оценка сайта:

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru