Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика

разработка урока
[ Скачать с сервера (18.7 Kb) ] 2013-12-21, 2:48 PM
Физика мұғалімі: Амиржанова Г.К.
Талшық орта мектебі
Ақжар ауданы, СҚО

Тақырып: «Тұрақты токтың заңдары» тарауын қайталау.

Мақсаты:
1) Білімділік: «Тұрақты токтың заңдары» тарауы бойынша оқушылардың білімдерін қайталау және пысықтау. Есептік және сапалық есептерді шығаруды дағдыларын дамыту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту. Компьютерлік сауаттылықты дамыту.
3) Тәрбиелік: Жауапкершілік және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: компьютер, проектор, интераткивті тақта.
Көрнекілік: «Тұрақты токтың заңдары» презентациясы.
Сабақтың түрі: Оқу материалдарды пысықтау және жүйелеу.
Қолданылатын технологиялар: АКТ, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

Сабақ кезеңдері:
1) Қайталау-білімдерді актуалдау.
2) Оқу материалын бекіту.
3) Оқу материалын қолдану.
4) Бақылау-білім тексеру.

Пәнаралық байланыс: математика, информатика.

Сабақ барысы

I. Кіріспе-уәждемелік кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ болады. Тақтаға қарап, ойланайық бүгінгі сабақта немен айналысамыз, сабақтың мақсаты қандай?
Мақсаты: «Тұрақты токтың заңдары» тарауы бойынша білімдерімізді қайталау және пысықтау. Бақылау жұмысқа дайындалу.

II. Негізгі физикалық ұғымдарды және заңдарды қайталау және бақылау.
Менің ойымша, аяқталмаған сөйлем әдісі сіздерге таныс. Берілген парақтардағы сөйлемдерді аяқтау керек, кейбір жерлерде жазылмаған сөздерді орнына қою керек. Жұмыс нұсқаулар бойынша болады. Тапсырманы орындауға 5-6 минут беріледі.Уақыт аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптар интерактивті тақтаға шығарылады.

Сөйлемдерді толықтыр
1 нұсқа
1. Электр кедергісінің өлшем бірлігі ...
2. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы ...
3. Қуат жұмысының ... қатынасына тең
4. Токтың жылулық әрекеті жөнінде заң
5. Параллель қосылған өткізгіштердің жалпы кедергісі неге тең?
6. Электр кедергісі өткізгіштің ұзындығына, көлденең қимасының ауданына және ... тәуелді.
7. Электр тогының жұмысын анықтайтын формула ...
8. Электр тогының жұмысы .... өлшенеді.
9. Параллель қосқанда тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші ...
10. Ток күшін өлшейтін аспап ...
2 нұсқа
1. Электр кернеуінің өлшем бірлігі ...
2. Амперметр тізбекке ... қосылады.
3. Ток күшінің өлшем бірлігі ...
4. Өткізгіштегі кедергісінің формуласы ...
5. Электр тогының қуаты ... өлшенеді.
6. Джоуль-Ленц заңының формуласы ...
7. Электр тогы дегеніміз ...
8. Кернеуді өлшейтін аспап ...
9. Толық тізбек үшін Ом заңының формуласы ...
10. Электр тогының қуатын анықтайтын формула ...

Оқушылар парақтармен ауысады және бір-бірінің тапсырмаларын тексереді және бағалайды (жұппен жұмыс).
Бағалар:
«5»-9-10 дұрыс жауаптар
«4»-7-8 дұрыс жауаптар
«3»-5-6 дұрыс жауаптар
«2»- 4 немесе одан кем дұрыс жауаптар

III. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.
Электр тогы- дос па әлде дұшпан ба?
Электр энергия-біздің адал жәрдемшіміз. Ол үйіңнің жарығы. Электр тогының көмегімен теледидар мен компьютер, тоңазытқыш пен кір жуығыш машина жұмыс істейді. Электр поездары жолаушылар мен жүктерді үлкен ара қашықтықтарға жеткізеді. Электр тогы зауыттардағы аспаптарды іске қосады.
Бірақ біліп қой, егер де қауіпсіздік ережелерін сақтамасаң, электр тогының әсері қауіпті болуы мүмкін.
«Электр тогының адамға әрекет етуі» бейнематериалы.

IV. Электр тізбегіндегі элементтерінің шартты белгілерін білуін қайталау және бақылау.
1. Үстел үстінде ток көзі, шам, амперметр, вольтметр, реостат, кілт, өткізгіш сымдар бар. Слайдта көрсетілген сұлба бойынша электр тізбегін жинаңдар. Тоқ күші, кернеу мен уақытын өлшеңдер және токтың жұмысын есептеңдер.

2. Суреттегі қателерді тап.



V. Оқушылардың баяндамалары

VI. Бекіту. Есептер шығару.
Физиктерде мынадай пікір бар: физикадан есептер шығара алсаң, физиканы жақсы меңгергенсің. Егер физиканы жақсы меңгерсеңдер, болашақта ҰБТ тапсыру кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізесіңдер. Білімімізді ортаға салайық.

Тапсырма «Есептерді шығаруды жақсы көремін».
Есептердің шарттары парақтарға жазылған. Шешулері бар парақтар мұғалімге тапсырылады.

1. Реостат қосылған тізбектегі ток күші 3,2 А. Реостаттың клеммаларының арасындағы керене 14,4 В. Реостаттың ток жүріп тұрған бөлігінің кедергісі қандай?
2. Кедергілері 15 Ом және 10 Ом болатын өткізгіштер өзара параллель қосылған. Олардың жалпы кедергісі неге тең?
3. ЭҚК-і 12 В және ішікі кедергісі 0,01 Ом аккумуляторды қысқаша тұйықтағандағы ток күші неге тең болады?
4. Тізбек бөлігінде 3 Кл заряд орын ауыстырғанда электр өрісі 120 Дж жұмыс атқарды. Осы бөліктегі кернеуді анықтаңдар.
5. 21 В кернеуге 1,5 А ток күшіне есептелінген шам 10 мин жанды. Электр тогының атқаратын жұмысын және қуатын анықтаңдар.
6. Шамды ЭҚК-і 4,5 В-қа тең элементтер батареясына қосқанда вольтметр шамда кернеудің 4 В, ал амперметр ток күшінің 0,25 А екендігін көрсеткен. Батареяның ішкі кедергісі қандай?

VII. Сабақ қорытындысы. Рефлексия. (Аяқталмаған сөйлем әдісі)
Бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Сіздердің әрқайсысыңыз өз білімдеріңізді көрсете білдіңіздер. Әр бала сабақ үстінде жинаған бағалардың орташа арифметикалық мәні бойынша баға алады.
Бүгінгі сабағымызды мына сөйлемді аяқтау арқылы қорытындылаймыз: «Тұрақты токтың заңдарын білуі маған ... береді». (Әрқайсысыңыз сөйлемді өз беттеріңше аяқтаңдар).
Оқушылар сөйлемді аяқтап, парақтарын тақтаға жабыстырады.
Мұғалім бірнеше сөйлемдерді оқып, оқушыларды сабаққа белсенді қатысқаны үшін рахмет айтады.

Оқушының тегі, аты Сабақтағы жұмыс
Тақтада жауап беру Орнында жауап беру Сөйлемді аяқта Тізбекті жинау Баяндама, презентация Есептерді шығару Қосымша Орташа балл
Бағалау

Бағалау

1.
2.
3.
4.
5.
[b]
Категория: Физика | Добавил: gulmira0412
Просмотров: 2008 | Загрузок: 105 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru