Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Физика

Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
2014-03-25, 1:52 PM
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
Қазіргі кезде ғылым мен техникалық даму деңгейі әр бір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Сондықтан да оқу орындарындағы оқу процесінің негізгі мақсаты – оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай физика сабағында олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін де дамыту.
Шығармашылық қабілетті дамыту тұлғалық – дамытушылық оқытудың мақсаты. Тұлғалық – дамытушылық оқыту теориясы бойынша білім алу жеке тұлғаның дамуымен ұштасып жатуы тиіс. Кез-келген оқыту дамыта алады, бірақ оның мазмұны мен әдістері дұрыс бағытталмағандықтан, нәтижесінде дамитын сапалар тар шеңберде қалады. Тұлғалық-дамытушылық оқытуға көшу дамытушы әсерлерді арттыру, оқу ісіндегі шығармашылық элементтерді күшейту дегенді білдіреді. Жеке тұлғаның шығармашылық жұмыстарын да осы жүйемен жоспарлаған тиімді. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында туылғаннан пайда болады. Ал оның дамуы өскен ортасына байланысты болатынын күнделікті өмірден көріп жүрміз.
Білім сапасын көтеруге, қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулып, ізденушілік қабілеттерін жетілдіруге, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызатын Ж.Қараевтың “Деңгейлеп оқыту” әдістерінің элементтерін іс-тәжірибемде қолданып келемін.
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, өткен тақырып бойынша алған білімдерінің тиянақтылығын тексеру мақсатында, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технология элементтерін физика сабағында қолдану тиімді. Осыған орай Ж.Қараев оқыту технологиясының негізгі төрт деңгейін атап көрсетеді:
1. оқушылық
2. алгоритмдік
3. эвристикалық
4. шығармашылық.
Мұндағы 3 деңгейді меңгерген оқушының білімі білім стандартына сәйкес келеді, ал 4-ші деңгейде қабілетті оқушылардың жұмысы болып табылады. Осы 4 деңгейде жекелеме түсінік бере кетейік:
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдерінде және оқулықта бар мәселерге байланысты құралады. Сондықтан оқушы бұл деңгейдегі тапсырмаларды орындағанда аса ойлануды қажет етпей, тез дауап бере алуы тиіс.
2. Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған жаңа ақпаратты пайдалана отырып тапсырманы орындайды.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруді қажет етеді.
Деңгейлеп саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкін береді. Сонымен әр деңгейлік оқыту жүйесінің физика пәнінің сапасын арттырумен бірқатар тиімді жақтары бар. Біріншіден, топтағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды, белсенділігін оятуға түрткі болады. Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінін деңгейінде жұмыс жүргізеді, қойылған мақсатқа жету үшін қажетті төзімділікті қалыптастырады. Үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, сонымен қатар тәртібі мен мінез-құлқына да тигізер ықпалы зор. Оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісін аяқтауға, төзімділікке, ұстанымдылыққа тәрбиелейді.
Оқушыларды деңгейлеп оқыту элементін қолданумен бірге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін басқа да тапсыпмалар беруге болады. Мысалы, әртүрлі тақырыптарда рефераттар беру, жылдың әр маусымындағы физикалық құбылыстарды бақылап, өзінің ойларын жазу немесе кейбір заңдылықтарға сүйене отырып эксперименттер жасауды үйрету секілді. Мұндай тапсырмалар оқушы бойындағы қызығулықтарды оятады және жауапкершілікке баулиды. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушуның ізденімпаздылығы, шығармашылығы дамиды, сондықтан да оқушыларға жаңа бағытта физика пәнін оқытудың маңызы зор.
Категория: Физика | Добавил: MJS
Просмотров: 1992 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 8:09 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru