Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Великие педагоги

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау.
Қоғам алдындағы тұрған негізгі мақсаттардың бірі - білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту және білім берудің жаңа үлгісін таңдау. Қазіргі кезеңдегі мектеп әрбір балаға және адам ретінде қарап, өзіне тән ой өрісі, еркі, әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін ескере отырып тәрбиелеуге бет бұрды. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуметтік дамытуға жол ашуы қажет.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мұғалімдердің шығармашылықпен, ғылыми зерттеу бағыттарында жұмыс жүргізу керектігін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел тізгінін ұстар азаматы – бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ. Ал білімді шәкірт - білімді ұстаздың жемісі. Білім берудің озық технологияларын меңгеру қазіргі заманның басты талабы. Шығармашылықпен жұмыс істеу, үздіксіз іздену арқылы мұғалім өз шеберлігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені меңгеру, игеру.
Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы, оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып, түсіндіріліп, пысықталып, балаға білім негіздері қалыптастырылады.Сабақ баланың өмірінің бір кезеңі, оның өмір сүріп жатқан ортасы. Сабақ оның адамгершілік қасиетін, қызығушылығын, танымдылығын қалыптастырады. Мұғалім оқушыны қорқыту арқылы білім бермей, олардың жан дүниесіне кіре отырып сабақ өткізуі тиіс.
Заман талабы сабақта мұғалім мен оқушы арасында, бір-біріне деген сенімділік, сыйластық, достық қарым-қатынас қалыптастыру. Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда да тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн.
Бүгінде ұстаздар қауымына оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізін жете түсінуді, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін, ғылыми - теориялық білімділігімен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Әдіс пен жұмыс тәсілдері - оқушының ойлау қабілетіндегі сапа, жүйелік, әрбір оқушының өмірге даярлығын, диалектикалық дүние танымының қалыптасуының маңызды компоненті. Білім берудегі ең басты қағида -оқушыларды үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып, өзін-өзі дамытуға жетелеу.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі білім беру жүйесінде жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі, өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, ҚР стратегиялық дамуының «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында, ҚР «Білім» бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында қойылған.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау. Сондықтан Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық.
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен алады.
Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушылықтан бастау алады. Адамзаттың ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Шығармашылық дегеніміз – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық іс-әрекет – мәселелі қою, ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы, оны шешу, оның логикалық дамуы, аталған мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу, оны тәжірибе жүзінде дәлелдеу барысында нәтиженің нақты көрінуі.
ХХІ ғасыр білімін адамның шығармашылық қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің жеке тұлғалық дамуы деп түсіну қажет. Бұл - әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгертуге қатыса алуы. Білім арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші артып, жеке тұлғасы қалыптасады. Шығармашылық қызығушылық әлеуеттің дамуы жаңашылдықтың қажеттілігін сезіну арқылы, оған деген өзінің сенімдерін қалыптастыру арқылы көрінеді де, өз білімін, танымын кеңейтуге негіз болады.
«Шығармашылық қызығушылық» ұғымының мазмұнын психологтар мен педагогтар төмендегідей сипаттайды:
- жаңалықты сезінуге деген тұлғаның сезімдері, жаңалыққа ұмтылу, ойлаудың жоғары деңгейі, жаңа жағдайға қарай әрекет түрлерін тез арада өзгерте алу қабілеті (Ю.Н. Кулюткин);
- тұлғаның шығармашылыққа бағытталған позициясы, бағыттылықтары (А.М. Матюшкин);
- индивидтің шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін көрсететін қасиет (Л.В.Занков).
Тұлғаның шығармашыл болуына ықпал етудің түрлі аспектілері бойынша ТМД елдерінде психология мен педагогика саласында жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесіне елеулі үлес қосқан ғалымдар бар. Олардың еңбектерінде бұл мәселенің: шығармашылық-танымдық іс-әрекет нәтижесі ретінде (М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, П.И.Пидкасистый, С.Т.Шацкий, Т.И.Шамова т.б.), шығармашылықтың психологиялық табиғатын талдау (С.Л.Рубинштейн, А.В.Морозова, Б.М.Теплов, И.А.Зимняя т.б.), шығармашылық қажеттілікті дамыту (В.С.Шубинский, В.И.Андреев, Л.С.Выготский, В.А.Якунин т.б.) бағыттарын қарастырады.
Зерттеу барысында біздің елімізде зерделенген маңызды мәселелер: оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті бағыттары (А.Е.Әбілқасымова, Р.А.Жанабаева, С.С.Смаилов, М.Н.Сарыбеков, О.С.Сәлімбаев, Е.Омар, Қ.А.Аймағамбетов, Л.К.Керимов т.б.), болашақ мамандарды дайындаудың теориясы мен практикасы (Б.К.Момынбаев, А.А.Саипов, М.Ә.Құдайқұлов, Қ.Қ.Жанпейісова, А.А.Бейсенбаева, А.А.Жолдасбеков, О.С.Сыздықов, Б.А.Тойлыбаев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Т.М.Әлсатов, Л.Байсерке, В.А.Ким т.б.), мұғалімдердің біліктілігін көтерудің жаңашылдығы (Ш.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, Б.А.Әлмұхамбетов, Е.Қозыбаев, Ә.К.Қағазбаева т.б.), қазақ этнопедагогикасының негізінде жеке тұлғаның жан-жақты дамуы теориялық-әдіснамалық тұрғыдан қарастырылуы (Қ.Б.Бөлеев, Ж.Асанов, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Р.Қ.Дүйсенбінова, Қ.Б.Жарықбаев Х.Шалғынбаева, Ә.Табылдиев т.б.), жеке тұлғаның креативтілік қабілетін дамыту және көркем өнер шығармашылығын жетілдірудің бағыттары (Б.Оспанова, Қ.Ералин, І.С.Сманов т.б.), зерттеулерінің маңыздылығы жоғары.
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл жеке тұлға қажет.
Жалпы орта білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың басты міндеттері мынадай мәселелерді анықтауды қамтыды: жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда пән сабақтарының дидактикалық мүмкіндіктерін; оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығының қалыптасуына әсер етіші факторлар мен дидактикалық шарттарын; оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық деңгейлерін; жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мазмұнын, әдістемелік бағыттарын; шығармашылық оқыту технологияларының мәні мен маңызын анықтау.
Сонымен, білім берудегі инновациялық процестерді жүзеге асырып, дамыту – бұл білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынаста баланы объект деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, оқу-тәрбие жұмысын осыған лайық өзгерістерге сай, қазіргі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты – міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, шығармашылық деңгейге жету.
Білім берудің адамға, тұлғаға бағытталуы, білім мазмұнының жариялылығы заман талабына сай білім беру мен ұлттық оқу-тәрбие процесінің гуманистік сипаты жаңаша оқытудың әдіснамалық негізі ретінде қызмет ете алады. Оқытудың мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін, одан туындайтын ұстанымдары мен шарттарын жүйелеу арқылы қазіргі ұлттық білім берудің философиялық тұғырнамасын, әдіснамалық және әдістемелік негіздерін жасауға болады, мұны ескермей мектептер мен білім беру мекемелеріндегі ұлттық идеяны көздейтін тұжырымдамалық тұтастықты қамтамасыз ету мүмкін емес.
Бүгінгі білім жүйесінде, Д. Дьюи атап өткендей, “Үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан Н. Коперниктің жаңалығына (күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғарланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі”.
Шығармашылық іс-әрекетке деген ынта-ықыласты оятуда мынадай оқыту қызметтерінің маңызы зор: оқудағы жетістікті қамтамасыз ету; оқыту формаларының түрлерін жетілдіру, оқу материалының мазмұнын оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес құру, білімді меңгерудің әдіс-тәсілдерін оңтайландыру, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану, мұғалім мен оқушының жағымды ықпалды әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық оқытуды кеңінен пайдалану т.б.
Тәжірибелік-әксперименттік жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін тұжырымдамасы, 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспары, типтік бағдарламаларға, оқулықтарға талдау жасай отырып, оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға байланысты мүмкіндіктер қарастырылды. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан дүниесінің дамуына жағдай жасау. Сондықтан Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық.
Зерттеу жұмыстары барысында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда білім берудің жаңашылдық сипатына сәйкес, білім мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, технологияларын, оған қатысушы субъектілердің бағытын, білімдік ортаны өзгерту арқылы ғана мүмкін болатындығына көз жетті. Оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруда мұғалімдерге, оқушыларға, студентерге, ата-аналарға арналған оқу құралдары мен әдістемелік әдебиеттер шығару; зерттеліп отырған мәселенің тұғырнамасына сәйкес, мектептерде және колледж, университеттерде ғылыми-семинарлар, мектептерде ата-аналарға арналған әңгіме-кеңестер ұйымдастыру және педагогтарға арналған арнайы курсты кеңінен пайдалану; оқушының шығармашылығын дамытуда сабақтан тыс шараларды, пәндік үйірмелер мен ғылыми қоғам жұмыстарын жандандыру; зерттеу проблемасына сәйкес, педагогтарымыз білім жетілдіру курстарында арнайы дайындықтан өткізіліп, ғылыми-әдістемелік жұмыстармен таныстыру; жеке тұлға шығармашылығын дамытуда электрондық оқулықтар мен бағдарламалар әзірлеу, т.б.
ХХІ ғасыр қоғам өмірінің әр түрлі саласында үнемі өзгеріп отырған маңызды ғаламдық процестермен сипатталады. Ол білім беру саласына да әсер етіп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруді талап етеді. Осыған орай, бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, өзін-өзі саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-тұлғалық бет-бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл мақсат-міндеттердің жүзеге асуы адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оқыту мен тәрбиені сабақтастықта, шығармашылық мақсат қоя отырып, арнайы оқыту процесін жүргізгенде мүмкін болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. 12 жылдық мектепте оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқу құралы. –Ақтөбе, 2006. –146 б.
2. Дарынды тұлға ілімі - өшпес мұра. Оқу құралы. –Ақтөбе, 2007. –180 б. (бірлестікте: Есекешова М.Д.).
3. Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың дидактикалық негіздері. Оқу құралы. –Ақтөбе, 2007. –191 б. (бірлестікте: Нұрмұханова Г.Е.).

Резюме
В этой статье рассматривается проблемы творческих интересов учащихся в старших классах.
Категория: Великие педагоги | Добавил: Унай (2015-01-13) | Автор: Каражигитова Унай E
Просмотров: 3704 | Комментарии: 3 | Теги: окушылар, мектеп, психология | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 6:14 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru