Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Школа, как она есть

"Жеке тұлғаны қалыптастыру жолындағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы"
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Казанка орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Коканова М.Ф.
Жеке тұлғаны қалыптастыру жолындағы ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың маңызы
«ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде оқушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалануы маңызды деп санаймын. Бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізуге ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
- Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
- Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
- Шығармашылық жұмыстар жасайды;
- Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
- Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
- Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады,өз
біліктілігін көтереді;
- Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
- Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;
- Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді .
Өз тәжірибемде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейлірінің көтерілуіне жағдай жасаймын, болашақта интернет олимпиадаларға қатыстырып, оқушылардың авторлық жұмыстарының сайттарда жариялаймын. Ғаламторда өзге әріптестеріммен тәжірибе алмаса отырып, өз біліктілігімді арттырамын.
Сабағымда АКТ қолдану арқылы төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім:
1. Оқушылар компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік алды.
3. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігін алды.
5.Қазақ тіліндегі сөздерді сауатты жазуға үйренді
Тіпті, нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетеді.
Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол. Ақпараттық - ақпарат, жаңалық, коммуникативтік – байланыс, қатынас деген ұғымды білдірсе, технология – іскерлік, шеберлік ұғымдарын береді.
Бір сөзбен «Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп ойлаймын. Осыған орай өзімнің мақсатым - оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік - жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту.
Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі: білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыруы, қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындауы, оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың қолданылу аясының кеңеюі, оқуға деген қызығушылық қарқынының азаюынан туындап отыр. Осы маңыздылықты басшылыққа ала отырып, АКТ - ның көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа, өз іс тәжірибемде мынадай бағыттарын ұсынар едім:
• Илюстративті көрнекіліктер дайындау,
• Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,
• Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру,
• Кез - келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу,
• Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.
•АКТ - ды оқыту үрдісінде қолдану оқу әрекетіндегі әрбір оқушының түрлі мақсаттарын, мотивтерін, қызығушылығын іске асыруға көмектеседі;
•АКТ - лар оқу әрекетіндегі оқушылардың өзіндік іске асыруын, өзіндік ұйымдастыру қабілетін, белсенділік, шығармашылық үшін жаңа мүмкіндіктер беретін өнімді ақпараттық оқыту өрісін құруға көмектеседі;
«Қазіргі заманда оқушыларға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа ақпараттық технологияны қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы зор. Себебі, ақпараттық технология ғана жаңа педагогиқалық технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыра алады. Бүгінгі күннің басты талабы-Қазақстан Республикасының білім стандартына сай оқушыға жан –жақты білім беру, яғни жеке тұлға бойында білім, дағды, құндылықтарды қалыптастыру. Білім беру жүйесінің өзекті мәселесі болып отырған «Өз бетімен дами алатын жеке тұлға қалыптастыру». Білуге құштар, білімді қажеттілікке айналдырған жеке тұлға қалыптастыру құралы –технологиялар. Ақпараттық технологиялар оқыту мақсатында жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Сондықтан тәжірибемде өз пәнімнің ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтарымды ақпараттық технологиялар негізінде өткіземін. Меніңше , тұлғаға өз бетімен білім алып дамуына қолайлы жағдай туғызылса, оқушының танымдық белсенділігі артады. Оқушы өз мүмкіндігіне жол ашып, жеке қабілетін дамытады.
Категория: Школа, как она есть | Добавил: завуч6965 (2015-01-21)
Просмотров: 1200 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 9:23 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru